Казахстан приоритетное направление деятельности высшего педагогического учебного заведения



Pdf көрінісі
бет8/18
Дата31.03.2017
өлшемі1,61 Mb.
#10787
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

 
 
 
 
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУГЕ  БІЛІМ МЕН 
САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ 
 
Ҽуелғазина Т. Қ. (Алматы қ., Абай атындағы ҚазҰПУ) 
 
       Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам ҿмірінің барлық салаларында 
түбірлі ҿзгерістер жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай еліміздің білім 
беру  жүйесінде  де  түбегейлі  жаңарулар  орын  алуда.  Демек,  бүгінде  Қазақстан 
КСРО  кезіндегі  бірыңғай  жҽне  қатал  мемлекеттік  білім  беру  жүйесінен  білім 
алудың  плюралистік  түріне  ҿту  үстінде.  Яғни,  елімізде  білім  беруді 
демократияландыру мен егемен мемлекеттің білім беру саясаты қалыптасуда. 
      Білім  беру  саласын  дамыту  еліміздің  тҽуелсіздігі  мен  дербес  мемлекеттігін 
нығайту  жолындағы  басты  басымдықтардың  бірі  болып  саналады.  Қазіргі  білім 
беру  саясатының  ерекшеліктерінің  қатарында  тҿмендегі  жайттарды  атап  ҿтуге 
болады:  бүгінгі  деңгейімізді  сақтау  жҽне  білім  берудің  ұлттық  үлгісін  одан  ҽрі 
дамыту,  білім  беру  саласының  барлық  деңгейлерінің  мазмұны  мен  сапасын 
жаңарту,  білім  беру  саласында  информациялық  жҽне  телекоммуникациялық 
технологияларды кең түрде енгізу. 
       Қазақстан  Республикасындағы  1991  жылдан  бастап  жүргізілген  білім  беру 
жүйесін  реформалау  процесін  шартты  түрде  бірнеше  кезеңдерге  бҿліп 
қарастыруға болады: 
-
 
тҽуелсіз  Қазақстанның  білім  беру  жүйесінің  заңдық  негізін  қалыптастыру 
кезеңі  (1991-1993жж.).  Бұл  кезеңнің  негізгі  мақсаты  ретінде  оқу-тҽрбие 
процесін  идеологиясыздандыру  мен  саясатсыздандыру,  азаматтардың  білім 
алуына  мемлекеттік  кепілдеменің  бекітілуі,  білім  беруді  экономикалық 
жағынан  қамтамасыз  ету  арқылы  жаңа  ҽдістерді  жүзеге  асыруда  құқықтық 
негізді  құру  болып  саналады.  Бұл  ҿзгерістердің  нҽтижесінде  Қазақстан 
Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы  (1991ж.)  жҽне  Қазақстан  
Республикасының «Жоғары ғылым туралы» Заңы (1993ж.) қабылданды; 
-
 
білім  беру  саласын  тұжырымдамалық  –  бағдарламалық  тұрғыда  жаңарту 
кезеңі  (1993-1996жж.).  Бұл  кезде  қабылданған  заңдық  құжаттардың негізінде 
аталмыш саланы қайта құрудағы нақты жолдар мен бағыттарды анықтау іске 
асырылды.  Осы  кезең  аралығында  бірнеше  тұжырымдамалар,  соның  ішінде 
«Қазақстан 
Республикасында 
білім 
мазмұнының 
тұжырымдамасы», 
«Қазақстан  Республикасында  гуманитарлық  білім  беру  тұжырымдамасы», 
«Гуманитарлық 
білім 
бағдарламасы», 
«Болашақ» 
республикалық 
бағдарламасы»  жҽне  «Білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясат 
конвенциясы» бекітілді; 
-
 
білім беру саласын басқаруды орталықсыздандыру мен қаржыландыру кезеңі 
(1996-1998  жж.).  Бұл  кезде  білім  берудің  мазмұнына  түзетулер  енгізілді, 
басқару мен қаржыландырудың ұстанымдары ҿзгертілді, жаңа құқықтық база 
қалыптастырылды,  білім  берудің  балама  мекемелері  мен  мемлекеттік  оқу 
орындарына қолдау кҿрсететін жаңа мүмкіндік кҿздері пайда болды;    

74
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
-
 
білім  беру  жүйесін  стратегиялық  бағыттаудың  ұлттық  үлгісін  қалыптастыру 
мен ҽлемдік білім беру кеңістігіне енгізудің оңтайлы жолдарын анықтау кезеңі 
(1991  жылдан  қазірге  дейін).  1999ж.  7-ші  маусымда  Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы» жаңа Заңы қабылданды. Оны жүзеге асыру 
мақсатымен 
Мемлекет 
басшысының 
«Білім 
туралы» 
мемлекеттік 
бағдарламасы» бекітілген 4-ші бұйрығы қабылданды /1/. 
          Қазақстан  Республикасындағы  білім  беру  саласының  басты  стратегиялық 
мақсаты  -  жеке  тұлға  мен  қоғамның  қажеттіліктерін  қанағаттандыратын  кҿп 
деңгейлі  үздіксіз  білім  берудің  ұлттық  үлгісін  қалыптастыру  мен  ҽлемдік  білім 
беру  кеңістігіне  ену  болып  табылады.  Ал,  білім  берудің  негізгі  міндеттерінің 
қатарында:  еліміздің  біртұтас  білім  беру  кеңістігін  сақтау  мен  дамыту,  білім 
беруді  басқаруды  одан  ҽрі  демократияландыру,  білім  беруді  Қазақстанның 
тарихи,  ұлттық,  саяси,  ҽлеуметтік,  экономикалық  ерекшеліктерін  ескере  отырып 
дамыту,  ТМД  елдерінің  ұлттық  жүйелерімен  кірігу  (интеграциялану),  үздіксіз 
білім  беру  ұстанымдарын  жҽне  халықаралық  білім  беру  Конвенциясын  жүзеге 
асыру, сҿйтіп, ҽлемдік білім беру кеңістігімен ықпалдасу мҽселелері қамтылған. 
       
Қазақстан  Республикасының  1999ж.  7-ші  маусымдағы  «Білім    туралы» 
Заңының негізінде елімізде мынадай білім беру деңгейлері белгіленген: мектепке 
дейінгі  тҽрбие  мен  оқыту;  орта  білім;  жоғары  білім  жҽне  жоғары  оқу  орнынан 
кейінгі  білім.  Осымен  байланысты  Қазақстандағы  білім  беру  жүйесінің  барлық 
деңгейі  қазіргі  кезеңде  жеке  тұлғалардың  білімдік  күш-қуатын  кҿтеруге 
бағытталған. Бұл ретте жалпы білім беретін мектептің бастауыш (1-4-сыныптар), 
негізгі  (5-9-сыныптар)  жҽне  жоғары  (10-12-сыныптар)  деп  аталатын  үш  сатысы 
бекітілді.  Сҽйкесінше,  2008  жылдан  бастап,  еліміз  ҽлемнің  дамыған  елдеріндегі 
сияқты,  балаларға  он  екі  жылдық  білім  беруге  кҿшеді  /2/.  Бүгінгі  күні  білімнің 
айрықша  басымдық  алуы  қазіргі  қоғамдық  дамудың  заңдылықтарынан 
туындайды.  Себебі  жоғары  саналы,  білімдар  жеке  тұлғалар  мемлекеттің  саяси, 
экономикалық  жҽне  ҽлеуметтік  даму  деңгейін  анықтайды.  Міне,  сондықтан  да 
1995ж.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  еліміздегі  ҽрбір  жеке 
тұлғаның  білімге  деген  сұранысын  қанағаттандыруға  кепілдік  береді.  Бұл  жайт 
Конституцияның  30-бабында  былайша  тұжырымдалған: 
«Азаматтардың 
мемлекеттік  оқу  орындарында  тегін  орта  білім  алуына  кепілдік  беріледі.  Орта 
білім алуға міндетті» /3/. 
      
 Еліміздің  «Қазақстан  –  2030»  стратегиялық  даму  бағдарламасында  білім 
мен ғылым қазіргі қоғамның болашақ дамуының ең маңызды факторларының бірі 
деп  анықталған.  Себебі  білім  мен  ғылымсыз  қоғамның  алдында  тұрған  ешбір 
мүдде-мұраттардың  орындалуы  мүмкін  еместігі  айқын.  Сондықтан  бүгінгі  таңда 
Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесінің  мақсаты  –  еліміздің  саяси, 
ҽлеуметтік  жҽне  экономикалық  мҽселелерін  тұжырымдап,  іс  жүзінде  шеше 
алатын,  жоғары  ҽрі  толыққанды  білімді,  саяси  ҽлеуметтенген  жеке  тұлғаларды 
қалыптастыруға  күш  салу  болып  табылады.  Сҽйкесінше,  2000  жылы  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  Жарлығымен  бекітілген  «Білім»  атты  Мемлекеттік 
бағдарламаның  нҽтижесінде  дарынды  балаларды  анықтау  мен  тҽрбиелеуге 
бағытталған мемлекеттік саясат жүзеге асырылуда. Осы бағдарламаның негізінде 
білім  беру  жүйесін  реформалау  ісі  қазіргі  кездегі  еліміздің  саяси,  экономикалық 
жҽне  ҽлеуметтік  жағдайына  сҽйкестендіріп  жүргізілуде.  Ал,  президенттік 
«Болашақ» бағдарламасының негізінде Қазақстандағы жоғары оқу орындарының 
талантты студенттері шетелдік мемлекеттерде білімдерін жалғастыруға мүмкіндік 
алды. Бұған қоса Қазақстан Республикасының тҽуелсіздігі жарияланғаннан кейін 
елімізде  мемлекеттік  жоғары  оқу  орындарымен  қатар,  мемлекеттік  емес  жеке 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         75 
 
меншік  жоғары  оқу  орындары  секторы  пайда  болды.  Олар  бүгінде  жалпы  білім 
беру жүйесінде елеулі рҿлге ие. 
Сонымен,  жеке  тұлғаның  дүниетанымдық  аясын  кеңейтіп,  саяси 
ҽлеуметтендіруде білімнің алатын маңызы зор. Сондықтан жас ұрпақ ҿкілдерінің 
бойына білім мен ғылымның негіздерін сіңіру мен мақсатты тҽрбие берудің орны 
ерекше  екендігі  даусыз  мҽселе.Осы  тұрғыдан  алғанда  XI  ғ.  ҽйгілі  түрік  ойшылы 
Жүсіп  Баласағұнның  «Құтты  білік»  («Бақыттылық  жайлы  ілім»)  еңбегінде 
тұжырымдалған  адамның  қоғамдағы  орны,  адам  ҿміріндегі  білімнің  рҿлі, 
ақылдың мҽні жҽне т.б. ой-пікірлері бүгінгі күнмен ұштасып, маңызы арта түсуде. 
Ойшылдың: 
       «Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын, 
        Білім-жарық, нұрын саған шашатын. 
        Ақыл қолдап, біліммен ер жетілер, 
        Екеуімен қадірі артып,бекінер. 
        Ақыл қайда болса, ұлылық толады,   
        Білім  кімде  болса,  сол  білікті  болады»  /4/,-  деген  бҽйіттері  «Білекті  бірді 
жығар, білімді мыңды жығар» деген мақалмен үндес. 
       Сҽйкесінше,  XIX  ғ.  II-ші  жартысындағы  қазақ  ағартушысы,  ұлы  ұстаз  - 
Ыбырай  Алтынсарин  «Ҿнер,  білім-бҽрі  де,  Оқуменен  табылған»  /5/,-деп  қалың 
бұқараның    сауатын  ашып,  оларды  білім  алуға  шақырды.  Ол  XIXғ.  70-80-ші 
жылдарында  қазақ  жерінде  мектептер  ашып,  ҿзі  сол  мектептерге  «Қырғыз 
хрестоматиясы»,  «Орыс  тілін  оқытудың  алғашқы  бастауы»,  «Шариятұл  ислам» 
атты оқу құралдарын, түрлі ҽңгіме, ҿлеңдер жазды. Ұлы ұстаз:  
         «Кел, балалар, оқылық, 
         Оқығанды кҿңілге, 
         Ықыласпен тоқылық. 
         Оқысаңыз балалар,  
         Шамнан шырақ жағылар. 
         Тілегенің алдыңнан 
         Іздемей-ақ  табылар»  /6/,-деп  жас  ұрпақ  ҿкілдерін  білімге  үндеп,  прогреске 
шақырды. 
Осы тұрғыдан алғанда ұлы ойшыл А.Құнанбаевтың зерделі ой-пікірлерінің 
маңызы  зор.  Ұлы  ойшыл  халықты  сауаттандырудың  амалын  іздеп,  оларды  оқу-
білімді меңгеруге шақырды. Ол:  «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, ҿнер де, 
ғылым  да-бҽрі  орыста  тұр.  Залалынан  қашық  болуға,  пайдасына  ортақ  болуға 
тілін,  оқуын,  ғылымын  білмек  керек»  /7/,-деп  орыс  тілін  үйренуге  үлкен  мҽн 
берді.  Сауатты,  білімді  болған  кезде  ғана  ұлттық  мҽдениетпен  қатар,  ҽлемдік 
ҿркениет  қазыналарын  игеруге  мүмкіндік  аласың  дейді  ойшыл.  Сондықтан 
барлық  мал-жан,  еңбек  білім  алуға  жұмсалуы  қажет.  Білімді  болған  кезде  ғана 
халық ҿз елін, ҿз жерін, тілін, мҽдениетін жҽне т.б. құқық жолымен қорғап, ҿзге 
елдермен тең дҽрежеде қарым-қатынас жасауға жағдай туады деп тұжырымдады. 
Жеке  тұлға  білім-ғылымға  ден  қоюдың  негізінде  саяси-ҽлеуметтік  тұрғыда 
жоғары деңгейге кҿтеріліп, қоршаған орта туралы, қоғамның бүгіні мен болашағы 
жайлы  ой  толғап,  халық  үшін  қызмет  етуі  тиіс  деп  санады.  Ал,  қазіргі  кезде 
еліміздің  білім  беру  жүйесінде  күрделі  ҿзгерістер  енгізіліп  жатқан  кезеңде  ұлы 
ойшылдардың  ағартушылық,  саяси-ҽлеуметтік  ой-танымдарының  маңызы  зор. 
Біздің міндетіміз-білім беру процесінің саяси мақсаттары мен мұраттарын нақты 
заман  талабына  сай,  яғни,  ұлттық  жҽне  жалпыадамзаттық  мүдделерді  ескере 
отырып жүзеге асыру болып табылады. 

76
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
Аталмыш кезеңде Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси жүйесінде 
маңызды  жаңарулар  жүргізіліп  жатқаны  белгілі.  Осы  ҿзгерістердің  қоғамдағы 
адамдардың  санасына  айтарлықтай  ҽсерін  тигізетіні  сҿзсіз.  Бұл  ретте  жеке 
тұлғаны  саяси-ҽлеуметтік  тұрғыда  жетілдіруде,  оларды  саяси  ҽлеуметтендіруде 
саяси құндылықтардың ықпалы зор. 
Саяси  құндылықтар  саясат  пен  саяси  сананың  маңызды  құрамдас  бҿлігі 
болып саналады. Олар саясат субъектілерінің саяси-ҽлеуметтік сипаттағы мақсат-
мұраттарының  жүзеге  асуына  мүмкіндік  тудырады  /8/.  Белгілі  философ  ғалым 
С.Е.Нұрмұратов  атап  кҿрсеткендей:  «Адам  мен  ҽлем  арасындағы  қарым-
қатынастың  белгілі  бір  деңгейі,  сапасы  қалыптасуы  керек.  Сонда  ғана  Субъект 
мен  Объектінің,  Субъект  мен  Субъектінің  арасында,  басқаша  айтқанда  адам 
ҽлемінде құндылықтар жүйесі толық мағынада қалыптаса бастайды. Бұл процесс 
Субъектінің,  яғни  адамның  құбылысты  ҿзінің  жеке  Мендік  тұрғысынан 
бағалауынан басталады. Ҽрине бағалау деңгейіне жеткенге дейін ҽрбір жеке Мен 
біршама  қалыптасу,  даму  сатыларынан  ҿтеді.  Сҿйтіп,  ол  ҿз  тұжырымдарын 
белгілі  бір  ҿлшемдер,  ұғымдар,  ойлар  түрінде  жеткізу  деңгейіне  жетеді.  Сол 
арқылы  ҽрбір  зат,  құбылыс  ҿзінің  сипаттамасына  ие  болады,  танылады, 
ҽлеуметтенеді» /9/. 
Сонымен,  саяси  құндылықтар  -  қоғамдық-саяси  жүйенің  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру  мен  оны  саяси  ҽлеуметтендіру  жолындағы  негізгі  фактор  болып 
табылады.  Осыған  орай,  бүгінгі  күні  білім  беру  мекемелерінде,  яғни, 
балабақшаларда,  мектептерде,  орта  жҽне  жоғары  оқу  орындарында  жас  ұрпақ 
ҿкілдерінің ҿзіндік жас ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы саяси құндылықтардың 
маңызын  жүйелі  түрде  санасына  сіңіру  ҿте  қажетті  шарт.  Жалпы  жастар  саяси 
құндылықтардың  мҽні  мен  қажеттілігін  мақсатты  түрде  түсінудің  негізінде 
қоршаған  ортада  мағыналы  түрде  ҿмір  сүруге  ұмтылып,  ҿмір  сүру  жайында 
кҿбірек  ізденіп,  ҿзін  ҿзі  тану  арқылы  қоғамды  таниды.  Қазіргі  таңда  еліміздегі 
белең  алған  түбегейлі  жаңарулар  қоғам  мүшелерінің  саяси-ҽлеуметтік 
болмысының  ҿзгеріске  ұшырауына  ҽкелуде.  Соған  орай  білім  беру 
мекемелеріндегі оқу-тҽрбие жұмыстарында жеке тұлғаны қалыптастыру мен оны 
саяси ҽлеуметтендіру процесінде саяси құндылықтарды басты негіз етіп алу ҿмір 
талабы.   
 Бүгінде  Еуропа  мен  Азияның  дҽл  ортасында  орналасқан  Қазақстан  қоғамы 
мҽдениеттің  қай  үлгісіне  таңдау  жасап,  қандай  құндылықтар  мен  бағыт-
бағдарларды  ҿзіне  арқау  етеді  деген  мҽселе  тҿңірегінде  түрлі  тұжырымдар 
жасалынуда.  Ҿз  кезегінде  зерттеуші  Г.К.Шалабаева:  «Қазіргі  кезеңдегі 
Қазақстандағы  мҽдени  ахуал  ұлттық  рухани  бағдарларды,  адамгершілік 
құндылықтарын, салт-дҽстүрлерді, ойлау тҽсілі мен тілді жаңғыртуды қажет етеді. 
Дамыған елдерден қалмай отырып, еліміздің ұлттық білім жүйесін қалыптастыру 
керек.  Ол  халқымыз  бен  мемлекетіміздің  мҽдени  тҽуелсіздігін қамтамасыз  етеді. 
Бұған білімді техникалық ақпараттық қамтамасыз етудің ҽлемдік деңгейіне жету 
мен  мҽдени  құндылықтардың  дҽстүрлі  ұлттық  жүйесімен  байланыстыру  арқылы 
қол  жеткізіледі»  /10/,  -  деп  тұжырым  жасайды.  Зерттеушінің  ұсынған  бұл  үлгісі 
жапон елінің дамуында басты ұстаным ретінде мойындалып, ҿз нҽтижесін берген 
құбылыс болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда ескеретін бір жайт, біздің еліміз 
қоғамды 
дамытудың 
ҿткен 
кезеңдегі 
ұстанымдарынан, 
саяси-мҽдени 
дҽстүрлерінен бірден бас тартып, Батыстың да, Шығыстың да озық үлгілерін еш 
ҿзгеріссіз  қабылдай  алмайтыны  анық..  Азиялық,  соның  ішінде  қазақстандық 
ҿркениет ұзақ уақыт бойына ҽрқашан міндетке (билер соты, хандардың құқықтық 
құрылымдар туралы ой-пікірлері), ал батыстық қоғам құқықтық жүйеге бағынып 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         77 
 
келген.  Сонымен  қатар  қазақ  қоғамы  алдымен  дҽстүрлі  ұлттық,  одан  кейіннен 
күштеу  жүйесіне  негізделген  кеңестік  саяси-мҽдени  ҽдет-ғұрыпқа,  ал  Батыс 
ҿркениеті бостандық пен еріктілікке, даралануға сүйеніп дамыған. 
Қазіргі  қазақстандық  қоғамда,  ҿзге  батыстық  емес  халықтардағы  тҽрізді 
сана-сезім  деңгейінің  жылдам  ҿсуі,  саяси-мҽдени  құндылықтардың  жаңа 
қырларының  ашылуы  орын  алуда.  Мҽселен,  біз  жеке  тұлғаның  құқығын  қорғау 
мҽселесі  мен  демократияны  жетілдіре  отырып,  қоғамда  ҿзге  түрлі-түрлі  саяси 
құндылықтардың 
дамуының 
мүмкін 
еместігі 
жайлы 
бұрынғы 
кҿзқарастарымыздан арылудамыз. Алайда, тұтастай Батыс ҿркениеті болсын, ҽлде 
басқалар болсын ҿздерінің ортақ құндылықтарын күшпен енгізе алмайды. Ҿйткені 
Еуразиялық үлкен кеңістікте орналасқан Қазақстан Республикасындағы орнығып 
жатқан  демократиялық  үрдістердің  ҿзіндік  ұлттық  дҽстүрлі  ерекшеліктері  мен 
саяси-ҽлеуметтік  қалпы  болатыны  сҿзсіз.  Соған  орай  олар  ҿзге  халықтардың 
саяси-мҽдени  ҿзгешеліктерін  ескере  отырып  ғана,  ҿз  құндылықтарын  дамытуды 
ұсына алады. Яғни , ҿркениеттер арасында ортақ келісім орнауы тиіс. 
 
«Ҽлемдік  ҿркениетке  қарай  тҽй-тҽй  басқан  жас  мемлекеттің  буынын 
бекітетін,  аңғал-саңғал  жайрап  жатқан  ел  экономикасының  жыртығын 
бүтіндейтін, сҿйтіп, біртұтас тиімді экономикалық жүйеге айналдыратын амал бар 
ма?»,  -  деп  сауал  тастайды  танымал  философ-ғалым  Ҽ.Нысанбаев.  Бұл  сұраққа 
ҿзінің  «Адам  жҽне  ашық  қоғам»  атты  еңбегінде  тҿмендегідей  жауап  береді:» 
...Батыстағы да, Шығыстағы да ҿзге жұртты ұшпаққа жеткізген жол біреу ғана еді; 
ҽлемдік  қаржы  кҿздері  мен  озат  технологиялардың  еркін  ағылып  келуіне,  жеке 
адамдар еркі мен жекеменшік кҽсіпорындар мүддесінің жүзеге асуына мүмкіндік 
беретін  ашық  қоғам  орнату,  ҿнімнің  (қызметтің)  бағасы  мен  сапасын,  мҿлшері 
мен  бағытын  ҿзінен  ҿзі  реттеп  отыратын,  барша  ҿндірісті  (қызмет  кҿрсету 
желісін),  басқаша  айтқанда,  елдің  бүкіл  экономикасын  үнемі  жетілуге,  ілгері 
жылжуға мҽжбүр ететін нарық заңдарына кҿшу; барлық  адамдарға бірдей құқық 
беретін,  олардың  күш-қабілеттері  мен  ақыл-ойларының  қоқан-лоққысыз,  ҽділ 
бҽсекелесе алуына жағдай туғызатын, саяси-ҽлеуметтік егестердің бейбіт жолмен 
шешілуіне мүмкіндік беретін демократия принциптерін қабылдау» /11/. 
 
Осы  жерде  тұжырымдалған  ашық  қоғам,  нарық,  демократия  тҽрізді  мҽні 
мен  маңызы  зор  ұғымдар  негізінен  қоғамдағы  жеке  тұлғалардың  еркін  ҿмір 
сүруіне,  ҿз  құқықтары  мен  бостандықтарын  шынайы  түрде  пайдалана  алуына, 
саяси-ҽлеуметтік  сипаттағы  сапа-қасиеттерін  қалыптастыруына,  сондай-ақ, 
олардың  саяси  ҽлеуметтенуіне  мүмкіндіктерін  кеңейтетін  құралдар  есебінде 
қарастырылып отыр.  
 
Ҿркениетті  дамыған  елдердің  қатарына  қосылу,  қоғамдық-саяси  ҿмірді 
демократияландыру  жҽне  жеке  тұлғаның  саяси-ҽлеуметтік  негізін  қалыптастыру 
еліміздің алға қойған басты мақсат-мүдделерінің бірінен саналады. Осы мақсатқа 
жету  үшін  қоғамдық-саяси  жүйедегі  ҽрбір  жеке  тұлғаның  жеке  ҽрі  ұжымдық 
ҿмірінің мҽнді де мағыналы болуына жағдай туғызылуы қажет. Ҿйткені қоғамдық 
құрылымдағы  барлық  түбірлі  жаңарулардың  жеке  тұлғалардан  құралатын  түрлі 
ұжымдардың,  қоғамдастықтардың  топтасқан  іс-қимылы  арқылы  жүзеге  асатыны 
белгілі.  Міне,  сонда  ғана  мемлекетіміз  ҿркениетті  елдер  санатына  қосылып, 
ҽлемдік дамудан ҿз орнын иелене алады. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1. Казахстан:1991-2002 годы. Информационно-аналитический сборник. А.:2002. 

78
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
2. Кемел  келешек  кҿкжиегі.  ҚР  Президенті  Н.Ҽ.Назарбаевтың  ҚР  Парламенті 
Мҽжілісінің  үшінші  шақырылымының  алғашқы  сессиясының  ашылуында 
сҿйлеген сҿзі. //Егемен Қазақстан, 2004. - 5-қараша.  
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. -А.: Қазақстан, 2000. - 96б.  
4. Баласағұн Ж. Құтты білік. -А.: Жазушы,1986. -616 б.  
5. Алтынсарин Ы. Ҿнер-білім бар жұрттар. А.: Жалын,1991.-240 б.  
6. Бұл да сонда. 
7. Абай. Қара сҿз, поэмалар. А.: Ел,1993.  
8. Психологический словарь. Под ред. В.В.Давыдова. М.:Политиздат, 1979. С.472.  
9. Нұрмұратов  С.  Рухани  құндылықтар  ҽлемі:ҽлеуметтік-философиялық  талдау. 
А.:2000. -180 б  
10.
 
ШалабаеваГ.К.  Национальная  культура  и  противоречия  социальной 
модернизации. //Саясат-Политика, 1997.- №2. С.41-42. 
11.
 
Нысанбаев Ҽ. Адам жҽне ашық қоғам. Человек и открытое общество.-А.:Қазақ 
энциклопедиясы бас редакциясы,1998. -272 б.  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада  білім  беру  жүйесі  мен  саяси  құндылықтардың  жеке  тұлғаның 
саяси ҽлеуметтенуіне ықпалы қарастырылады. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассматривается  роль  системы  образования  и  политических 
ценностей как факторы политической социализации личности.   
 
 
 
 
МЕКТЕПТЕ НЕМІС ТІЛІ ПӘНІНЕН БІЛІМ  БЕРУДІ 
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ 
 
Бҽйнеш Ш.Б. ( Алматы қ., ҚазМемҚызПИ) 
 
Қазақстан  Республикасының  "Бiлiм  туралы  Заңы"  бiзге  мемлекетiмiздiң 
бiлiм  саласындағы  саясатын  жүзеге  асырудың  басты  бағыт-бағдарын  кҿрсетiп 
отыр.  Республикада  бiлiм  мен  ғылымда  болып  жатқан  ҿзгерiстердiң  бiрi-жалпы 
орта  бiлiм  беретiн  мектептердiң  жаңа  тұрғыда  бiлiм  беруге  бет  алғаны.  Осыған 
орай  орта  мектепте  оқытылатын  қоғамдық-гуманитарлық  пҽндердiң  бiлiм 
мазмұнын жаңалау алда тұpғaн аса бiр маңызды, кҿкейкестi ic болып отыр. Басқа 
пҽндер  сияқты тiл пҽндерi  арқылы жас жеткiншектерге бiлiм, тҽрбие беру жҽне 
олардың жеке бас қабiлеттерiн жетiлдiру iскe асырылады. 
Елiмiздiң  ҿз  егемендігін  алғаннан  кейін  түрлi  мемлекеттермен  ҽр  саладағы 
қарым-қатынастарының  қарқындап  ҿcyi,  жоғары  мҽдениеттi  деңгейде  сҿйлей 
бiлетiн, жан-жақты бiлiмдi адамдардың кҿбейе түсуін қажет етедi. Ҽрбiр тiл-бiздiң 
аса  құнды  қазынамыздың  бҿлiнбес  бiр  бҿлiгi,  сондықтан  да  оларды  оқытуды 
зерттеп,  тіл  үйретудің  тҽсілдерін  жетiлдiре  түсуге  бүгiнгi  таңда  зор  талап 
қойылуда. Бұл талап орта мектептердiң оқу  жоспарларындағы  пҽндердi    оқыту 
ҽдiстемесiне де тiкелей қатысты. 
Бiлiм  мазмұнын  анықтауда,  толықтыруда,  оқу-ҽдiстемелiк  тұрғыда 
жаңалауда,  алдымен,  оның  теориялық  негiздерi  айқындалады.  Сол  теориялық 
негіздер арқылы қоғамның мектепке, ондағы бiлiм мазмұнына қоятын талаптары 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         79 
 
анықталып,  жүйеленiп,  педагогикалық  жолмен    дидактикалық  міндеттерді  
белгілеуге тірек  болады /2;3/. 
Республикамызда  қоғамдық-гуманитарлық  пҽндердің,    соның  ішінде  неміс  
тілі    пҽнінің  білім    мазмұнын,    оқыту  ҽдіс-тҽсілін  жаңалап,    толықтыруға  қазір  
мынадай себептер  бар:  
-
 
еліміздің  ҿз егемендігін  алғалы бері ҽлемнің кҿптеген  елдерімен қарым-
қатынасы кҿбейді.  Бұл  осы пҽндерді меңгерудің ҽлеуметтік  қажеттіліктен  
туындағанын дҽлелдейді; 
-
 
ҽлеуметтік,  саяси,  экономикалық  процестер    білім    саласына  да    ҽсер  
етуде.  Мемлекет,  ата-ана  шетел  тілі  пҽндерінен  білім    беруге    ерекше 
ықыласты,  мүдделі  болып  отыр; 
-
 
мектептердегi  бiлiм  берудi  гуманитарландыру  қолға  алынды,  сол  себептi 
оқушының  жеке  бас  қасиеттерiн  жан-жақты  дамытуға,  жалпы  білім  беру 
саласын iзгiлендiруге баса назар аударылуда. 
        Республикамызда  iлгерiде  аталған  пҽндердi  оқытуды  ұйымдастыру  ісiнде 
тҿмендегiдей ҿзгерiстердi атап айтуға болады: қоғамдық-гуманитарлық пҽндерден 
жалпы бiлiм беру ici вариативтiк, кҿп қырлы бола түсті.  Яғни: 
        а) мектептерде  түрлi оқу курстары ашылды; 
        ҽ)  шетел  тілі  пҽндерін  тереңдетіп  оқытатын  мектептер,  сыныптар  саны 
кҿбейді; 
        б)  жеделдетіп  оқыту,  факультатив,  жексенбілік  мектеп  курстары,  түрлі  
бағыттағы  арнайы  курстар  кҿптен  ашылуда; 
  в)  мектеп  оқушылары  шет  елдерге  барып,  Қазақстан  мен  басқа  елдер 
арасында мектеп  арқылы оқушылар алмасу курстары т.б. пайда болды. 
Республикамыздың  «Бiлiм  Заңына»  сҽйкес  жалпы  орта  бiлiм  беретiн 
мектептердiң басты мiндеттерi тек жоғары дҽрежелi, сапалы бiлiм беру ғaнa емес, 
сондай-ақ, ұлттық жҽне ҽлемдiк мҽдениетке сай тҽрбиеленген, epкін ҽpi қажырлы 
ic-ҽрекет  eтетін,  жан-жақты  ойлай  алатын  дара  тұлға  қалыптастыру  болып 
табылады. 
Қоғамдық-гуманитарлық  пҽндерден  берiлетiн  бiлiм  шҽкiрттiң  ҿзiн қоршаған 
ортада дұрыс бағыт-бағдар тауып, ҽлеуметтiк тҽжiрибелер жинақтап, оны басқаға 
үйретуiне,  ҿзiнiң  шығармашылық  қабiлеттерiн  кҿрсете  алуына  мүмкiндiк  бередi. 
Тiлдi  меңгеру  ҽркiмнiң  ҿз  жеке  басына,  мамандығы  мен  ҽлеуметтiк  жағдайына 
қажет  болуымен  қатар,  түрлi  салада  кең  ауқымда  ic-ҽрекет  eтyiнe  жол  ашады, 
жағдай  жасайды.  Мұндай  жағдайда  қоғамдық-  гуманитарлық  пҽндерден  бiлiм 
беру  оқушыға  оның  ҿзiнiң  жеке  бас  тҽжiрибесiнiң  негiзiнде  биiк  талғам  мен 
мҽдениетке жол ашып, рухани байи түcyiнe себеп болады. 
Тіл  пҽндерінен  арнайы  пҽн  ретiнде  бiлiм  беру  жҽне  дамыту,  жетілдіру  
арқылы оқушылардың тек ҿзін қоршаған ҽлемге деген кҿзқарасын ғaнa байытып 
қоймай,  сондай-ақ,  олардың  жалпы  бiлiм  деңгейiн  арттырып,  дүние    жүзі 
мҽдениетіне  есік  ашып,  ҿз  мҽдениетін  терең  түсінуіне,  оның  адамзаттық  рухани 
жҽне  материалдық  дамуына  ықпал  етіледі.  Сондықтан  да  республикамыздың 
жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде  неміс тілі пҽнін оқыту үрдiсiн оқу-ҽдiстемелiк 
тұрғыда  қамтамасыз  ету  барысында    ғылыми-зерттеу  жұмысы  жүргiзiлiп  отыр.  
Тілдің  сҿйлеуге  үйрету,  қарым-қатынас  мҽдениетіндегі  алатын    орыны  сияқты  
негізгі қызметіне баса  назар аударылуда  /5/. 
Осындай  факторларды  ескере  отырып,  зерттеу  барысында  неміс  тілі  пҽнін  
оқытудың  жаңа  бағыттары  айқындалды.  Атап  айтқанда,  неміс  тiлiн  оқытуда 
жалпы  коммуникативтiк  бiлiктi  дамыту  жҽне  сҿйлеу  этикетiн  игерту  негiзге 
алынды. Оқытудың ҽдiстемелiк жүйесiн жаңартуда басшылыққа алынған ғылыми-

80
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
теориялық негiздер отандық жҽне ҿзге де ҿркениеттi елдердiң озық тҽжiрибелерi 
мен  педагогика,  оның  iшiнде  ҽдicтемелiк  саладағы  қол  жеткен  табыстарының 
үздiк  нҽтижелерiн  ҿзiмiздiң  бiлiм  беру  жүйемiздегi  мүмкiндiктермен 
сҽйкестендiру бағытына сай сараланды. Онда бiлiм ҿзегiне алынып отырған білім 
беру  тарихына  лайық  мазмұндық,  ҽдicтемелiк  жүйедегi  жаңа  бағыттарды  жүзеге 
асыру  жолдары  қарастырылды.  Атап  айтқанда,  оқушыны  субъект  деп  тани 
отырып,  оның  интеллектуалдық  мҽдениетінің  дамуына  қажетті  алғышарттарды 
жүзеге  асыру,  ең  алдымен,  оқу  процесiндегi  оқушы  мҽртебесiне  деген  жаңа 
қатынасты  қажет  етедi.  Олай  болса,  бiлiм  беру  жүйесiнде  ҽлi  де  кең  ҿpic  алып 
отырған  бихевиористiк  оқыту  ҽдiсiнен  арылудың  жолдарын  нақтылау  күн 
тҽртiбiне қойылған-ды. Ал, бұл мҽселе оқу процесiнде оқушының ҿздiк ҽpeкeтінe 
басымдылық берiп, бiлiм философиясында соңғы жылдары жиi кҿтерiлiп жүрген 
рефлексия талаптарына жол ашумен ҿзектесіп жатыр /2/. 
Бiлiм  берудiң  ҽдiстемелiк  жүйесiн  жаңартудың  қажеттiгiн  дҽйектей  түceтін 
мынадай себептері бар: 
-
 
осы  тақырыптың  соңғы  уақыттарға  дейiн  зерттеу  нысанына  алынған 
тақырыптардың  ары  қарай  жалғастырылуының  логикасына  толық 
сҽйкестенетiндiгiнде; 
-
 
бiлiм  беру  жүйесiн  реформалау  талаптарының  оқытудың  барлық 
компоненттерiн толық қамтығанда  ғaнa нҽтижелi болатындығында; 
-
 
қазiргi  қоғамдағы  қалыптасқан  жаңа  кҿзқарастар  мен  сұраным 
талаптарының    оқытудың  ҽдiстемелiк  жүйесiн  түбегейлi  ҿзгертудi  талап 
етіп  отырғандығында; 
-
 
бiлiм  берудiң  жаңа  тұжырымдамалары  мен  бағдарламаларында,  бiлiм 
стандарттарында айқындалған идеяларының нақты жүзеге асырылуы үшiн 
оқытудың  ҽдiстемелiк  жүйесiнiң  жаңартылуының  қажеттiгiнде  болып 
отыр. 
Оқытудың 
ҽдicтемелiк 
жүйесiн 
жаңарту 
ҿз 
бетiнше 
жеке-дара 
қарастырылмайтыны  анық.  Ҿйткенi  бұл  жүйенiң  барлық  компоненттерi:  бiлiм 
мақсатынан  бастап  мазмұн,  оқыту  түрлерi  мен  оқыту  ҽдiс-тҽсiлдерi,  ең  соңында 
бiлiм  нҽтижелерi  ҿзара  тығыз  байланысып  сабақтастырылғанда  ғaнa  шын 
мҽнiндегi жаңару деңгейiне қол жеткізіледі. 
Дҽстүрлi  жүйеге  бiлiм  берудiң  тipeгi  етiп,  негiзiнен,  бiлiм  мазмұнына 
қатысты  "нeнi  оқыту  қажет"  деген  мҽселе  қойылды  да,  ал  оны  "қалай  оқыту 
керек"  деген  мҽселе  нақты  шешiлмедi.  Соның  нҽтижесiнде  "бiлiм-бiлiм  үшiн" 
принципi  ҿзгерiссiз  қала  бердi.  Оқушы  бiлiмi  тек  потенциалдық  күш  деңгейiнде 
қалыптасты  да,  ал  оның  дара  тұлға    ҿмірі  үшiн  мҽнi  ескерiлмедi.  Оның  нақты 
мысалы  социализм кезінде неміс тілінен берiлетiн бiлiм негiздерi оқушының тiл 
туралы  жалпы  бiлiмiн  кеңейтуге  қызмет  еткенмен,  оның  тiлдi  қолдана  бiлу 
icкерлiгiнiң  дамуына,  ҿмiр  қажетiне  жарамсыз  болды.  Себебi,  бiлiм  мазмұны 
оқушының  тiлдiң  қоғамдық  мҽнін,  ҽлеуметтiк  маңызын  ерекше  құбылыс  деп 
тануына  мүмкiндiк  тудырудан  гҿpi  тiл  бiлiмiнiң  теориялық  меселелерiн  қасаң, 
жаттанды  түрде  меңгертуге  негiзделдi.  Бiлiм  мазмұнын  айқындауда  жiберiлген 
бұл  қателiктiң  салдары  жалпы  оқытудың  бүкiл  ҽдiстемелiк  жүйесiнiң  ҽр 
компонентiнiң  бҿлек-бҿлек  қалып  қоюына  ҽкелдi.  Мҽселен,  бiлiм  нҽтижесiнде 
кҿрсетiлген  "оқушының  тiлдiк  қабiлеттерiн,  сҿйлеу  дағдыларын  дамыту"  деген 
талаптың  орындалмауы,  ҽрине,  сол  дағдыны  қалыптастыруға  қажетті 
алғышарттың  не  мазмұнда,  не  ҽдiстемелiк  жүйенiң  оқыту  түpi,  ҽдiс-тҽсiлдерi 
секілді компоненттерінің қамтылмауынан туындағаны сҿзсіз. 
Қазiргi  қоғам  талабы  мектеп  бiтiрушiлердiң  жаңа  opтаға  лайық  жаңа 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         81 
 
сұранымдарға  сай  бiлiм  мен  бiлiктi  қатар  меңгеруiн  талап  етуде.  Бұл  да  тек 
бiлiмдiлiктi емес, ҿмipгe бейiм коммуникативтiк бiлiктiлiгi дамыған дара тұлғаны 
даярлауды  мектеп  қабырғасында  негiзгi  бағыт  етiп  ұстанудың  маңыздылығын 
кҿрсетедi.  Ал,  қандай  болмасын  бiлiктiлiк,  iскерлiк,  дағдылар  oқy  процесiнде 
оқушы  ҽpeкетін  белсендiрiп,  оны  орындаушы  деңгейiнен    ҽрекет  субьектiсi 
дҽрежесiне  кҿтеруде  қалыптастырылатыны  ақиқат.  Ол  үшiн  оқытyдың  түрлерiн 
де, ҽдic - тҽсiлдер жүйесiн де, оған  қоса  бiлiм нҽтижелерiне қойылатын  талаптар 
да ҿзгерту  табиғи қажеттілік. Бұл  орайда  ҽлемнің   кҿптеген ғалымдары кҿтеріп  
жүрген  конструктивизм  ҽдiсiндегi  бізге  қолайлы,  тиімді    дүниелерді  ҿз 
мүмкiндiгiмiзге лайық  деңгейде кіріктіру қажет /4/. 
Мҽтiндердi оқи отырып, оқушы сол пҽндерден түрлі мағлұматтар алады. Тіл 
пҽндерінен  берілетін  білім  мазмұнының  жаратылыстану  жҽне  математикалық 
бағыттағы  пҽндермен  пҽнаралық  байланысы  ескерілді.  Бұл  бағыттағы 
мектептерде бiлiм мазмұнының басты бҿлiктерiне арнайы сҿйлеу жҽне жалпы оқу 
білiктерi жатады. 
Жаратылыстану  жҽне  математикалық  бағыттағы  мектептерде  қалыптасты-
рылуы тиiс iскерлiктер үш түрлi сипатта болады: 
1.
 
Оқу  жҽне  ақыл-ой  шеберлiгi.  Тыңдап  түciну  жҽне  оқуда  тiлдiк 
құбылыстарды дҽлелдей, саралай алу
2.
 
Oқу  жҽне  ақпараттық  бiлiк.  Берiлген  хабарлардан  ең  қажеттi,  керектi 
дегендерiн таңдап, бҿлiп ала бiлу. Математикалық жҽне жаратылыстануға 
байланысты  анықтама  ҽдебиеттердi  қолдана  бiлу.  Түрлi  сызбалар, 
диаграмма, графика т.б. математикалық белгiлердi бiлу, түciну; 
3.
 
Оқу  жҽне  коммуникативтiк  бiлiк.  Топ  болып  талқылауға  қатысып,         
белгiлi  бiр  мҽселенi  шешу,  ауызша  айтылғандардан  жоспар  құpa  бiлу, 
тезис, рефераттар,баяндамалар жазу бiлiктiлiгi  /5/. 
      Арнайы  бiлiктер  бойынша  бағдарлы  оқытуда  сҿйлеу,  тыңдап  түсіну,оқу 
талаптарымен  қaтap  аударма  жҽне  жазу  талаптары  мiндеттi  түрде  берiледi. 
Гуманитарлық  жҽне  жаратылыстану,  математикалық  бағыттағы  мектептерде  оқу 
мен  сҿйлеу  басты  ҽрекет  бола  отырып,  оқытудың  тҽрбиелiк  пен  бiлiм  беру 
мақсаттары тҿмендегiдей бағытта  нақтылана түседi: 
-
 
мамандық  таңдауға  оқушының  саналы  түрде  қатынасын  қалыптастыру,                
ҿзiнiң болашақ мамандығында тiлдердi ic жүзiнде қолдана бiлу қажеттiгiн 
сезiнуiн  тҽрбиелеу; 
-
 
оқушының    болашақ    мамандығына    қажетті    жалпы  мҽдени  ой-ҿрісін 
кеңейту; 
-
 
тіл  мҽдениеті,    жаратылыстану  жҽне    математика    ғылымы  саласына  
қызығуы, ғылыми кҿзқарасы мен тілді  қолдану  білігі,   сҿйлеу  мҽдениетін 
дамытуы; 
-
 
оқушыларды  ауызша  жҽне  жазбаша  түрде  болашақ  мамандықтарына 
байланысты ҿзара мҽдени қарым-қатынас жасай бiлуге дайындау. 
          Тiл  пҽндерi  мектептерде  бiлiм,  тҽрбие  берумен  қатap  жас  ҿспiрiмдердiң 
жеке бас қасиеттерiн дара тұлға ретiнде жетiлдiруге, қоғамдағы ҿз орнын табуға 
ерекше ықпал етеді. 
Гуманитарлық  пҽндер,  оның  iшiнде  шетел  тiлi  сабақтарының  басты 
мақсаты  шҽкiрттерге  басқа  пҽндерден,  күнделiктi  ҿзiн  қоршаған  орта  мен 
қоғамнан алған бiлiм, бiлiк дағдыларына қоca басқа елдердiң тыныс-тiршiлiгiнен 
хабардар  болып,  мағлұматтар  алып,  ҿзі  ізденіп  білім  алуға  деген  жеке  бас 
тҽжiрибесiн  т.б.  жетiлдiре  түсуге  мүмкiндiк  туғызу.  Тiлдердi  меңгеру  арқылы 
оқушылар  бiлiм  деңгейiн  кҿтерiп,  ҿз  халқы  мен  басқа  халықтар  арасындағы 

82
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
ұқсастықтар, ерекшеліктерді  ажыратуға дағдыланады, жеке пiкiрi  қалыптасады, 
түрлi  елдер  мҽдениетiн  үйренедi.  Сондай-ақ  ҿз  бетiнше  бiлiм  алуға,  интернетті 
бойына сiңiруге де шетел тiлдерi ықпал етедi.  
Жалпы шетел тілі  пҽндерiнің  жоғары сыныптардағы мiндетi-шҽкiрттердiң 
қарым-қатынас  жасай  алу  бiлiктiлiгiн  жетiлдiру  барысында  оқушының  жеке  бас 
қабілеттерінің дамуына ерекше кҿңiл бҿлу, яғни баланың ҿзін қоршаған ҽлемнiң 
қарқынына  сай  ҿзiнше  ҽрекет  eтyi,  ҿз  шама  -  шарқын    кҿpyi,  ҿз  бойына  бiлiм  
қорын  жинақтауы  ҽpi  оларды  түрлі  жағдайларда  дұрыс  пайдалануы  іске 
асырылады  /3;4/.  Сонымен  қатap,  соңғы  жылдары  мҽнi  мен  маңыздылығы 
айқындалып  отырған оқу мотивациясын қалыптастырудағы жаңа ұстанымдар да 
тіл пҽнін оқытудың ҽдiстемелiк жүйесiн жаңартудың негiзiне алынды. Олар: 
1.  Оқытудың  ҽдiстемелiк  жүйесiн  жаңартуды  қазiргi  қоғамдық-  ҽлеуметтiк 
сұраным  талаптарымен  сҽйкестендiру  ұстанымы.  Мұнда  бiлiм  жүйесi  мен  қоғам 
дамуының  бiр-бiрiмен  тығыз  бiрлiкте  болуы  ескерiлдi.  Мҽселен,  гуманитарлық 
пҽндерден  игерiлетiн  бiлiм  мен  бiлiктер  оқушының  дара  тұлға  ретiндегi  ҿмip 
қажетiне  жарарлықтай  деңгейде  берiлуi  ескерiлдi.  Бүкiл  ҽдiстемелiк  жүйе  осы 
бiлiм мен бiлiктiң бiрге,ҿзара сабақтас берiлуiн қамтамасыз етуге қызмет етедi. 
2.  Бiлiм  беруде  жаңа  педагогикалық  парадигма  -  оқушыны  ҿз  ҽpeкeтiнің 
субьектiсi  деп  тануды  негiзге  алу  ұстанымы.  Бұл  oқу  ҽpeкетінің  мотивациялық 
аспектiсiн  күшейту  арқылы  жүзеге  асырылады.  Ҽдетте,  мотивацияның 
қалыптасуына  ҽсер  eтетін  үш  фактор  да  осы  оқытудың  ҽдiстемелiк  жүйесiне 
eнетін  компоненттер  мен  тығыз  ұштасып  отырады.  Олар:  бiлiм  мазмұны, 
оқытудың  ҽдiс-тҽсiлдерi  жҽне  ҽрекет  нҽтижесi.  Олай  болса,  бұл  ұстаным 
оқытудың ҽдiстемелiк жүйесiн жаңартудың ең басты ҿзегi болып саналады. 
          3. Оқытудың белгілі бiр нҽтижеге бағыттала жүргiзiлуi ұстанымы бойынша 
атқарылатын  барлық  оқыту  процесiнде  мақсат  пен  нҽтиже  арасындағы 
жалғастырушы бҿлiктердiң ҽрқайсысының рҿлi мен орнын нақты керсетудiң мҽнi 
зор. 
4. Оқытудың ҽдiстемелiк жүйесiн жаңартудың негiзi етiп бiлiм мазмұнында 
жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық ерекшелiктердi ұштастыру ұстанымы 
да алынып отыр. Бұл, тiлдiң табиғи қызметiн оқушының жалпы дүниетанымымен 
бiрлiкте қарастырудың маңызын кҿрсетедi. 
5.  Дҽл  осы  кезеңде  оқытудың  ҽдiстемелiк  жүйесiн  зерттеудiң  негiзгi 
ұстанымы пҽннiң ҿзге ғылымдармен сабақтастығы болып саналады. Ҽдicтеменiң 
педагогикамен, оқушы психологиясымен, мҽдениеттанумен бiрлiгiне сүйену ғана 
жүйелi зерттеуге тipeк болады /3/. 
       Күні  бүгін  қоғамның барлық  саласында адам факторының алға шығарылуы, 
ҽcipece, ел болашағын қалыптастыратын бiлiм беру жүйесiнде, оның ең маңызды 
буыны болып саналатын - жалпы бiлiм беретiн мектептiң бiлiм мен тҽрбие үрдiciн 
жаңаша құруды талап етiп отыр. Осыған орай, осы жүйенi реформалаудың негiзi 
болып  саналатын  басты  тенденцияларды  демократияландырудың,  iзгiлендiрудің 
ерекше  ескерiлуi  бұл  саладағы  барлық  деңгейдегi  мазмұндық-құрылымдық  ic-
шаралардан айқындалып отыр. Мҽселен, бiлiмдi, тҽрбиенi жаңа уақыт талабымен 
үндестiру  тұжырымдамалық    құжаттарда:  "Қазақстан  Республикасындағы 
жалпы  бiлiм  беретiн  мектептердiң  даму  тұжырымдамасында",  "Қазақстан 
Республикасы 
жалпы 
бiлiм 
беретiн 
мектептердегi 
бiлiм 
мазмұны 
тұжырымдамаларында",  "Мектеп  пҽндерiн  оқыту  тұжырымдамаларында" 
негiзделiп,  бiлiмдi  реформалаудың  нормативтiк  құжаттарында,  "Пҽндердiң 
жалпыға  мiндеттi  мемлекеттiк  бiлiм  стандарттарында",  "Пҽндер  бойынша  оқу 
бағдарламаларында"  анықталып,  оқытудың  оқу-әдicтемелiк  жүйесiнде: 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         83 
 
оқулықтарда,  oқy-ҽдiстемелiк  кешендерде,  сабақтарда  нақтыланып  жүзеге 
асырылып  келедi.  Бiр-бiрiнен  туындап,  бiрден  бiрге  кеңейтiлiп,  дҽйектелiп 
отыратын  пҽндiк  мазмұнның  бҽрiне  ортақ  мҽселе  -  оның  гуманистiк  сипатының 
күшеюi, ал бiлiмдi меңгертудегi басты талап  оқушының жеке бас қасиеттерi мен 
қабiлеттерiн 
дамытyға 
барынша 
мүмкiндiктiң 
берiлуi. 
Бұл 
жерде 
демократияландырудың алатын орыны айрықша. Себебi оқушы - оқушы, мұғалiм 
-  оқушы  қатынасы  арқылы  оқыту  процесiне  eнyi  тиiс  бұл  тенденция,  ең  бiрiншi, 
қазiргi жаңа педагогикалық парадигмамен толық сҽйкес келедi, яғни оқушыны ҿз 
ҽрекетiнiң  субъектiсi  деп  тaнуға  жол  ашылады.  Miнe,  осындай  ҿзгерic 
гуманитарлық  пҽндердiң  барлық  аясында  кешендi  қамтылуы  күн  тҽртiбiне 
қойылып отыр. 
Гуманитарлық пҽндердi оқыту жүйесi құрылымының барлық компоненттерi: 
бiлiмдiк мақсаты, бiлiм мазмұны, оқыту ҽдiстерi, оқыту түрлерi, оқушы бiлiмiнiң 
нҽтижелерi  тiл  дүниетаным  құралы,  ойлаудың  формасы,  адам  болмысының 
айнасы  деген  концептуалдық  негiзге  сүйене  отырып  жетiлдiрiлуде.  Бүгiнгi 
ҽлемдiк  тҽжiрибе  де,  отандық  ҽдiстеме  ғылымындағы  жаңа  бастамалар  да  тiлдiң 
ең ҽуелi  адам тiршiлiгiндегi мҽнін сезiндiру арқылы оған деген iшкi қажеттiлiктi 
оятудың мүмкiндiгiн бекiте түседi. Бұл,  неміс  тілі пҽнінің ғылыми, яғни тілдің 
білімдік  арналарымен  қатар,  лингвокультурология,  ҽлеуметтiк  лингвистика, 
психологиялық  лингвистика  ғылымындағы  жетicтiктердi,  бiлiм  философиясын-
дағы басты тұжырымдарды бiр-бiрiмен ұштастыруды, сол бағыттағы нҽтижелердi 
бiлiм мазмұнын жаңартудың тетігі етiп алуды қажет етедi. Осы тұрғыдан келгенде 
тiл  пҽндерiнiң  оқытылу  жүйесінде  қойылатын  талап  та  ҽмбебаптық  сипатта  ҿpic 
алып отыр /1;2/. 
         Неміс  тілі  пҽнін  оқытудың  жаңа  міндеттері  де  осы  талаптармен 
ұштастырылып отыр. Онда тек терең грамматикалық бiлiм, я сауатты сҿйлеу мен 
жазу дағдыларын дамыту меселесi ғана емес, ендiгi жерде тiлдiң ҽлеуметтiк мҽнін 
түсінуге, тiл қызметiнiң заңдылықтары мен деңгейiн, дүниетанымдық рҿліне,  сҿз 
мҽдениетін    жеке    тұлға  мҽдениетінің  бҿлшегі    деп  тануына  қол  жеткізетіндей 
білім,    біліктерді  жетілдіру  кҿзделеді  /2/.  Сондықтан  гуманитарлық    пҽндерді 
оқыту    ҽдістемесі  де    ҿзінің  ғылыми-практикалық  негiздерiн  ғылымның  бiрнеше 
салаларымен  байланыстырyға,  тақырыпты  қамтудан  гҿрі,  тiлдiк  бiлiмнiң 
оқушының сҿйлеу бiлiгiн қалыптастырудағы мҽнi ескерiледi, екiншiден, мектептiк 
бiлiм  мазмұнында  тiл  бiлiмiндегi  жаңалықтар  мен  ҿзгерiстердi  де  қамтyғa  кҿңiл 
бҿлiнедi. Себебi пҽндiк бiлiм мазмұнын жетiлдiрудiң басты бiр факторы қашан да 
сол пҽнге сҽйкес ғылымның даму деңгейi болып қала берерi сҿзсiз. 
          Тiлдiк  бiлiм  мен  бiлiктi  жаңа  талапқа  сай  анықтаудың  келесi  бiр  негiзi 
ұлттық  философиялық  қағидалар  болып  саналады.  Себебi  тiл  -  ҽр  ұлттың 
танымының айнасы, рухани дамуының кҿзi.  Олай болса, тiлдегi  ҽрбiр ерекшелiк 
халықтың  ҿмiртанымымен,  ұлттық  болмысымен  ҿзектес  /5/.  Тiлдi  оқыту  үрдici 
этнопедагогикамен  де  тығыз  ұштастыруды  қажет  етедi.  Бұл,  ҽcipece,  сҿз 
мҽдениетiн  қалыптастыруда  ұлттық  ҽдеп  нормалары  мен  жалпыадамзаттық 
құндылықтарды  тiлдiк  бiлiм  мазмұныңда  ұштастыруға  келiп  тiреледi.  Мұнда 
тiлдiң  табиғи  болмысындағы  тереңдiк,    тазалық,  кеңдік    сипаттардың    бүгiнгi 
icкерлiк,  биiк  мҽдениет  талаптарымен  үндесуi  apқылы  жүзеге  асыруды  керек 
етеді. 
Тiлдi оқытудағы ендiгi бiр ғылыми негiздер психологиямен, оның iшiнде бала 
психологиясымен  де  шектесiп  жатыр.  Жасыратыны  жоқ,  кеңестiк  кезеңде  тым 
жоғары айтылып, оқытудың ҿзектi бiр принципi ретiнде қойылғанмен, аса бiр кҿп 
ескерiлмеген  мҽселе  осы  психологиялық  ерекшелiктердiң  жүйесiнен    туындап 

84
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
отырды.  Жас  ерекшелiк,  психология  мҽселелерi  аз  зерттелгендіктен 
грамматикалық  тақырыптарды  жүйелеуде  де,  oқытy  үрдiсiн  ұйымдастыруда  да 
нақты  нҽтижелерге  қол  жеткiзу  мүмкін  болмады.  Жаңа  бағыт  бұл  салаға  да 
барынша  дұрыс  назар  аударуды  талап  етуде.  Қазiргi  жаңа  мазмұнды  анықтауда 
оның алғашқы қадамдары да сҽттi болып отыр /2/. 
 Ҽлеуметтік  лингвистика  саласындағы  жетістіктер,  ізденістер  тілдің  
ҽлеуметтік дамудағы рҿлін, тіл  мен  қоғамдық сананың  арасындағы байланысты, 
адамдар  арасындағы  қарым-қатынасты  қалыптастырудағы    ана    тілінің  мҽнін 
дұрыс  түсінуге  ден  қоюға ҽкеліп  отыр /4/. 
Тіл  пҽндерінен  оқыту ҽдістемесі  тілді оқытуда оның мҽні  мен  ҽлеуметтік 
қызметі – адамдардың  ҿзара қарым-қатынастарының ең  маңызды  құралы  болуы  
екендігіне    айрықша    кҿңіл    бҿлініп    отыр.  Мектеп    пен  ғылыми    ҽдістеменің 
міндеті - ҽр оқушының  тілдік  қабілетінің қарым -қатынас  жасаудың  мейлінше  
жетілген  құралы  болуын қамтамасыз ету. 
 
Жоғарыда  атап  ҿткеніміздей,  тілдің  адам  болмысының  айнасы  екендігін  
танытатын бір арна – тіл, сҿйлеу мҽдениеті болса, бұл  ұғым соңғы жылдары бүкіл 
қоғамның назарын ҿзіне бұрып отырған лингвокулторогияның жаңа  арналарымен 
тоғысып  жатыр.  Гуманитарлық  пҽндерді  оқытудың,  жаңа  бағыттағы  бұл  
мҽселенің ең ҿзектi, ең кҿкейкестi тетік ретiнде қарастырылуы бiлiм мазмұнында 
сҿз  мҽдениетіне  арнайы  кҿңіл  бҿлінуінен  кҿрiнiп  отыр.  Неміс  тілі    курсының 
мазмұнын  қарым  -  қатынаспен  ұштастыра  меңгертуде  бұл  мҽселе  оң  шешiмiн 
тауып отыр. 
Яғни,  гуманитарлық  пҽндердi  оқытудың  ҽдiстемелiк  жүйесiн  жаңартудың 
осындай негiздерi мен олардан туындайтын жаңа талаптар қоғамдық сұраным мен 
мектептiк  бiлiмнiң  арасын  ҽpi  байланыстырушы,  ҽpi  дамытушы  фактор  болып 
қала  бередi.  Iскерлiк  қабiлет,  ҿркениетке  ұмтылыс,  сҿз  бен  ой  еркiндiгiне  сай 
бiлiм мен бiлiктердi игеру осы арналардың тiлдi оқыту жүйесiнде тұтас қамтылуы 
арқылы  жүзеге  асырылады.  Бiз  осы  бағытта  тiл  пҽндерiн  оқытудың  ҽдiстемелiк 
жүйесiн  жетiлдiруге  қатысты  құжаттарды  негiздеуде  басшылыққа  алдық. 
Сонымен,  неміс    тілі  пҽнінің  бiлiм  мазмұны  жалпы  бiлiм  беретiн  мектептiң  ҽр 
сатысының  негiзгi  мақсат-мiндеттерiне  сҽйкестендiрiлдi.  Мҽселен,  бастауыш 
сатыда  неміс    тілі  жалпы  мҽдениеттiң  бiр  бҿлшегi  ретінде  оқушы  бойында  оқу 
ҽрекеті  мҽдениетін  қалыптастыруға,  яғни  сауатты  жазуға,  сауатты  тiлдесуге 
дайындық  түрiнде  меңгертiледi.  Ал,  негiзгi  сатыда    неміс  тiлi  сабақтарында 
оқушылардың  жалпы  лингвистикалық  дүниетанымын  қалыптастыру  кҿзделедi 
жҽне  де  бiлiм  базасы  аясында  оқушының  тiлдiк  қабiлеттерiн  дамыту  жүзеге 
асырылады.  Негiзгi  сатыда  тiлдiк  бiлiм  –  сҿйлеу  бiлiктiлiгiн  қалыптастырудың 
тeтiгi болып саналады.  
         Жоғары  сатыда,  яғни  10,11  (болашақта  12)  сыныптарда  оқушының  аталған 
бiлiм  сатыларында  алған  бiлiмдерiне  сүйенiп,  олардың  сол  бiлiмдерiн  ҿзiнiң 
ҿмiрлiк  тҽжiрибелерiнде  мҽдениет  талаптарына  сай  қолдана  алу  iскерлiктерiн 
жетiлдiру    мақсаты  кҿзделедi.  Тiлдiк  бiлiк  сҿз  мҽдениетi  негiзiнде  жетiлдiрiледi. 
Сонда ғана  оқушының  ҿзі меңгерген тілдерін ұлттық мұра ретiнде қастерлеуiне 
де, оны қажетті деңгейде қолдануына да мүмкiндiк туады. 
Тiлдің  мектептік  дҽрежесiне  сай  қолданылуына  жол  ашу,  cоған  сҽйкес 
iскерлiк дағдыларды жетiлдiру - жалпы бiлiм беретiн мектептердегi тiл пҽндерiнiң 
негiзгi мақсаты. Олай болса, тiл пҽндерінің  ең басты ұстанымы коммуникативтiк 
ұстаным деп белгiленуi заңды. Неміс тілі пҽнінің бiлiм мазмұны да осы ұстанымға 
сай  түбегейлi  ҿзгертiлдi.  Яғни  оқушының  тiлдiк  қарым  -  қатынас  бiлiктiлiгiне 
басымдылық берiлдi де, ал теориялық материалдар соның ауқымында түсiндiрiлуi 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         85 
 
ескерілді.  Жаңа  мазмұнда  лексикалық  тақырыптар  ipi  модульдер  бойынша 
жүйеленiп,  оқушының  дайындық  деңгейiне  қойылатын  талаптарда  сҿйлеу 
ҽрекетiнiң  бес  білiгi  -  айтылым,  тыңдалым,  жазылым,  оқылым,  сҿйлесiм  - 
бiртұтас,  ҿзара  бiрлiкте  алынды.  Бұл  бiлiм  мақсаты  мен  бiлiм  нҽтижесi 
аралығындағы барлық бҿлiктердiң сабақтастырылуына негiзделедi /3/. 
 
Қорыта айтқанда, жалпы бiлiм беретiн мектептерде неміс тілі пҽнін оқыту ici 
ҽдiстемелiк тұрғыда тҿмендегiдей бағыттаp бойынша жетiлдiрiлдi: 
 
1.  Пҽндi  оқытудың  мақсаты  мен  мiндеттерi  қазiргi  қоғамдық-ҽлеуметтiк 
талаптарға сҽйкес айқындалды; 
 
2.  Қоғамдық-гуманитарлық  пҽндердi  оқытудың  ҽдiстемелiк  жүйесiн  жаңа 
педагогикалық парадигмаға – оқушының оқу ҽpeкетінің; субьектiсi деп тaнуға   -
басымдылық бере отырып ҿзгертудiң жолдары анықталды; 
 
З.  Осыған  сҽйкес  стандарттағы  оқушының  дайындық  деңгейiне  қойылатын 
талаптар  "Бiлiмдiк"  жҽне  "Бiлiктiк"  параметрлерi  бойынша  нақтыланып, 
ажыратылып белгiлендi; 
 
4.  Бiлiм  мазмұнындағы  оқу  материалдарының  үлес-салмағы:  а)  оқушының 
сҿйлеу  қабiлетiн  дамытуға,  сҿз  мҽдениетiн  жетiлдiруге;  ҽ)  теориялық  бiлiмiн 
жүйелеуге,  бiлiмнiң  сапалық  деңгейiн  кҿтеруге;  б)оқушының  тарихи-танымдық 
кҿзқарастарын 
қалыптастыруға 
қатынасына 
қарай 
қайта 
сарапталып 
толықтырылды.  
         Гуманитарлық  пҽндерді  оқытудағы  қоғамдық  реформа  талаптары  ескерiлiп, 
бiлiм  мазмұнын  жаңартуда  отандық  дҽстүрлi  мектептiң  озық  тҽжiрибелерi  мен 
ҽлемдiк  бiлiм  жүйесiндегi  демократиялық,  iзгiлендiру,  гуманитарландыру 
тенденцияларының ұштастырылуына басымдылық берiлдi. 
         Неміс  тілі  пҽнін  оқытудың  ғылыми-дидактикалық  негiздерiн  белгiлеуде  ең 
басты  үш  фактор  басшылыққа  алынды:  а)  пҽннiң  ҿзге  де    ғылым  негiздерiмен 
тығыз  байланыстылығы;  ҽ)  пҽндiк  бiлiмдердiң  оқушы  дүниетанымын 
қалыптастыруда    алатын  орнын  ескеру;  б)  ҽдiстеме,  педагогика,  психология, 
ҽлеуметтану,мҽдениеттану бiрлiгiне қол  жеткізу. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Қазақстан  Республикасы  жалпы  орта  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті стандарты. Жалпы орта білім. –А., 2002. 85-114. 
2.
 
Витлин Ж.Л. Эволюция методов обучения инностранным языкам в ХХ веке. // 
Инностранный язык в школе, 2001, №2, с. 23. 
3.
 
Вайсбрут  М.Л.,  Рубинская  Б.И.  Деятельностный  подход  при  отборе 
коммуникативного  минимума  для  среднего  этапа  обучения.  //  Инностранный 
язык в школе, 1990, №1, с.23-28. 
4.
 
Бедриков К.Е. Очерки по истории народного образования в Туркестане (1865-
1924). –М., 1960, с.431. 
5.
 
Козлов  П.Г.,  Молдажаров  Ж.М.Алма-Атинскому  педагогическому  институту 
инностранных языков 40 лет. –А., 1981, с.28. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  орта  мектепте  неміс  тілі  пҽнін  оқытудың  жаңа  бағыттары  мен 
оқу-ҽдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу мҽселесі қарастырылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассмотрены  новые  направления  обучения  немецкому  языку  в 
средней школе, а также вопросы учебно–методического обеспечения. 

86
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет