БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУДА "ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН
ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ" ТЕХНОЛОГИЯСЫН
ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Сейдуалиева А.Н. (
Алматы қ., ҚазМемҚызПИ )
Бүгінгі таңда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қоюда.
Себебі, ХХІ ғасыр білімді, іскер, жан-жақты дамыған, ҿз ісіне жҽне ҿзгенің ісіне
ҽділ баға бере алатын, ҿзіне сенімді азамат тҽрбиелеуді талап етіп отыр.
Ҿркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгеру, дүниежүзілік білім
кеңістігіне шығу мҽселесін шешу қолға алына бастады. Осыған орай ҽр студентке
белгілі кҿлемде білім дағдыларын меңгертумен бірге оларды шығармашылық
бағытта, жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты мақсаты. Ҽсіресе, жоғарғы оқу
орындарында болашақ кҽсіби педагог мамандарын даярлау мақсатында
студенттерге сабақ барысында жаңа технологияның ҽдіс-тҽсілдерін қолданудың
маңызы ҿте зор.
Болашақ мұғалімдерді даярлау қай уақытта болмасын ең ҿзекті мҽселелер
қатарына кіретіні белгілі жҽйт. Себебі, қоғамның ҽлеуметтік–экономикалық
міндеттері заманына сай ҿзгерістерге ұшырап, ҿскелең ұрпақты соған лайықтап
ҿмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім
мазмұнының тұжырымдамасында: «қазіргі кезеңде білім берудегі негізгі мақсат –
жан-жақты білімді, ҿмір сүруге икемді, іскер, ҿзіндік ой толғамы бар,
адамгершілігі жоғары, қабілетті жанды қалыптастыру. Республикадағы
ҽлеуметтік-экономикалық құрылымның ҿзгеруі білім беру мазмұнында
жаңалықтар енгізуді қажет етеді» - делінген.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы №4, 2006 51
ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесі қандай болуы керек деген мҽселе
ҽркімді де толғандырары сҿзсіз. Білім беру ісінің барлық саласына жаңаша
кҿзқарас, жаңаша қарым-қатынас, (білім мазмұнын жетілдіру, жаңа базистік оқу
жоспарына кҿшу, жаңа буын оқулықтары мен оқу-ҽдістемелік кешендерге кҿшу,
т.б.) ұлттық менталитет, жаңаша ойлау қалыптасуда. Сондықтан оқытудың жаңа
технологиялары қолданылуда. Жаңа оқыту технологиясы бойынша материалдар
сипаттамалы түрде емес, шынайы проблема негізінде берілуі тиіс.
Жаңа технологияны сабақ барысында белсенді түрде жете қолданып,
студент зердесіне жеткізуде оларға берілетін біркелкілігі мен біртұтастығының
сақталуында, білім меңгеру деңгейінің кеңеюіне жаңа технологияның маңызы
зор. Соның бірі –"Оқу мен Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту"
технологиясы. Бұл технологияның тиімділігі – студенттің ойлауын дамытып,
танымдық белсенділіктерін арттырады. Сонымен бірге ҿз пікірін жеке, жұпта,
топта тұжырымдап айтуға еркін сҿйлеуге, ҿзіне сенімді болуға, пікір айтуға, пікір
таластыруға, жолдастарының ойын тыңдауға, жауаптарды бағалай білуге кҿп
ҽсерін тигізеді. Сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегияларын қолдану
ҽсіресе, табиғатынан тұйық, ҿз ойын еркін жеткізе алмайтын, ҿздеріне
сенімсіздеу студенттерге пайдасы шексіз. Студент ҿз ойын сын тұрғысынан
дҽлелдеуге тырысады. Бұл бағдарламаның ҿзіндік ерекшелігі мен ережелері бар.
Ерекшелігі - сабақтың барысы үш кезеңнен тұрады: қызығушылықты ояту
кезеңі, мағынаны ажырату кезеңі, ой-толғаныс.
Ережелері: кешікпей келу, бір-бірінің пікірін мұқият тыңдау, қол кҿтеріп сҿйлеу,
мұғалімнің тапсырмасын бұлжытпай орындау, сабаққа белсенді қатысу, бір-
бірімен тҽжірибе алмасу.
Қорыта келгенде сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегияларын
қолдану барысында студент бойында мынадай қасиеттер қалыптасады.
Жан-жақты ізденушілігі
жетіледі
білім, іскерлік дағдыны жауапкершілік
қалыптастыру
ақыл-ойы қарым-қатынас
дамиды
жолдастарын
шығармашылығы
тыңдайды
дамиды
тіл байлығы жетіледі
Осы бағытта "Бейнелеу ҿнерін оқытудың ҽдістемесі" пҽнінен ҿткізген
сабақ жоспарының үлгісін ұсынамыз.
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу ҿнерінің түрлері мен жанрлары
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Студенттің бейнелеу ҿнері жайында түсініктерін
кеңейтіп, бейнелеу ҿнері мен жанрлары туралы білімдерін жетілдіру. Бейнелеу
түрлері мен жанрларына жеке тоқталып, сипаттама беру.
Сын тұрғысынан
ойлау (СТО)
52
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006
Күтілетін нәтиже:
а)оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы
студенттерге тақырыпты меңгерту;
ҽ)тақырып бойынша танымдық тапсырмалар беру, ҿз ойларын тұжырымдауға,
жеке топта жұмыс жасауға дағдыландыру;
б)студенттердің ойлау, талдау, анализ жасау сияқты қасиеттерін қалыпастыру;
Сабақта қолданылатын әдістер: үш кезеңін қолдану: қызығушылықты ояту,
мағынаны ажырату, ой толғаныс,"Бес жолды ҿлең" INSERT түртіп алу ҽдісі т.б.
Сабаққа керекті құралдар: ватман қағаз, маркер, ҽр түрлі жанрдағы суреттер т.б.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту. Студенттердің қызығушылығын ояту үшін олардың
жалпы бейнелеу ҿнері туралы туралы не білетіндерін анықтау мақсатында
жазбаша сұрақтар мен тапсырмалар беру.
1.
Ҿнер дегеніміз не?
2.
Ҿнердің қандай түрлерін білесің?
3.
Бейнелеу ҿнерінің түрлерін ата
4.
Мүсін, сҽулет, сҽндік қолданбалы ҿнері туралы не білесің?
5.
Берілген сұрақтар тҿңірегінде кҿршіңнің не білетінін анықта.
Тақтаны пайдаланып, студенттер ҿз ойларын қорытады (тақтаға ҿнер
туралы білетіндерін жазады).
ІІ. Мағынаны ажырату. Мағынаны ажырату кезеңінде студент жаңа ақпаратпен
танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Ҿз бетімен
жұмыс жасап, белсенділік танытады. Бұл кезеңде INSERT түртіп алу ҽдісі
қолданылады (қалам арқылы оқығандарына белгі қояды).
Белгілер: V –білемін, + -жаңа білім, ? – күмҽн туғызады.
ІІІ. Топпен жұмыс. Студенттер 5 топқа бҿлінеді.
1-топ. Сызба арқылы кескіндеменің түрлеріне талдау жасалады. Пайдаланатын
материалдарына қарай кескіндеменің түрлері; кескіндеменің орындалу тҽсілене
қарай бҿлінуі. Кескіндеме жанрлары: пейзаж, натюрморт, тұрмыстық жанр,
тарихи жанр, батальдық жанр, анималистік жанр, мифологиялық жанр.
2 топ. Сызба арқылы мүсін ҿнерін талдауға кіріседі. Мүсін ҿнерінің түрлері, оның
орындалу тҽсіліне қарай бірнеше түрге бҿлінуі
3-топ. Сызба арқылы графиканың түрлеріне талдау жасайды.
Пайдаланылатын материалдардың
түрлеріне қарай кескіндеме
Орындалу тҽсіліне, бояу
түрлеріне қарай кескіндеме
Мүсін ҿнері
Мүсін ҿнері орындалу тҽсіліне,
ауқымды ерекшелігіне байланысты
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы №4, 2006 53
4 – топ. Сызба арқылы сҽулет ҿнерін талдайды. Ҽлемнің жеті кереметі; ҿзінің
атқаратын қызметіне қарай сҽулет ҿнерінің бірнеше түрге бҿлінуі; Қазақстанның
ежелгі қалалары.
5 – топ. Сызба арқылы сҽндік қолданбалы ҿнерді талдау. Қолҿнердің жасалу,
қолдану тҽсіліне, ерекшелігіне байланысты бірнеше түрге бҿлінуі; қазақтың ою-
ҿрнектерінің жіктелуі;
ІV . Сабақты қорыту.
а) студенттердің меңгерген ұғымын анықтап, қосымша сұрақтарына жауап беру;
ҽ) ой-толғаныс кезеңінде студенттер меңгерген ұғымдарын саралап, ой елегінен
ҿткізеді;
б) студенттер тақырыпқа байланысты ойларын қорытып, оны "Бес жолды ҿлең"
ҽдісі бойынша мазмұнына сыйғызуға тырысады.
Ҽдісті қолдану барысында ҽр студентің ҿз шығармашылығын кҿрсетуге
мүмкіндік жасалады.
V . Студенттердің өздік жұмысы.
1.
Қазақстанның бейнелеу ҿнері жайында конспекті жазу;
2.
Кесте толтыру (бейнелеу ҿнерінің түрлері мен жанрлары)
VІ. Бағалау. Студенттің ҿздік жұмысын орындағаны үшін - 80 пайыз; кестені
толтырғаны үшін -20 пайыз; берілген екі тапсырмада орындалса -100 пайыз;
Сабақтың осы жобада ҿтуі студенттердің еркін сҿйлеп, ойларын ашық
жеткізулеріне, сыншыл кҿзқарастарға тҿтеп берулеріне мүмкіндік тудырады. "Оқу
мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" технологиясының
стратегияларын сабақ барысында қолдану олардың сын тұрғысынан ойлау
Ҿзінің атқаратын қызметіне қарай
сҽулет ҿнерінің бірнеше түрге бҿлінуі
Графика
түрлері
54
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006
қабілетін дамытуға, ҿз беттерінше жҽне топ болып жұмыс істеу арқылы
ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тҽрбиелейді.
ҼДЕБИЕТТЕР
1.Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының
тұжырымдамасы. – А., Республикалық баспа кабинеті. 1995.
2.Тұрғанбаев Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. – А., 2000.
3.Қабдықайырұлы Қ., Монахов В.М., Оразбекова Л.Н., Ҽлдібаева Т.Ҽ. Оқытудың
педагогикалық жаңа технологиясы. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім
академиясының Республикалық баспа кабінеті. -А.,1999.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада "Оқу мен Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту"
технологиясының ҽдіс-тҽсілдері қолданылған бейнелеу ҿнерін оқыту пҽнінен
сабақ жоспары берілген.
РЕЗЮМЕ
В статье говорится о технологии критического мышления и о его развитии
через письмо и чтение, а также приводятся поурочные планы уроков
изобразительного искусства.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы №4, 2006 55
ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА, БІЛІМ БЕРУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА
ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТIК ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕП
ОҚУШЫЛАРЫНА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДIҢ ҒЫЛЫМИ-
ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Иманбаева С.Т., Қалиев С.Қ., Таубаева Ш.Т. (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)
Елімізде бейбітшілік пен ұлтаралық бірлік, ішкі жҽне сыртқы саясат
мҽселелері, соның ішінде ұлтаралық мҽдениетті қалыптастыру мен патриоттық
тҽрбие беру мҽселесі негізгі орын алады. Сондықтан да, біздің алдымызда тұрған
негізгі міндет ұлттық мҽдениет пен ҽлемдік ҿркениетті ҿзара сабақтастыра
отырып бүгінгі ХХІ ғасыр ағымына лайықты тұлға қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің ұлттық моделі ҽлемдік білім
кеңістігінде болып отырған ҿзгерістерге сҽйкес, 1997 жылы ЮНЕСКО ұсынған
білім берудің Халықаралық стандарттық классификациясына сҽйкес жасалды.
«Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасына жҽне «Білім туралы» Заңына
сҽйкес мемлекеттік білім беру жүйесінің құрылымы, білім берудің мазмұны
айқындалды. Бүгінгі ҽлемдегі жаһандандыру үрдісінде жастарды жалпы
адамзаттық құндылықтармен қаруландыратын Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ҽ.Назарбаевтың Қазақстан халқына ҽр жылдары жолдаған
жолдаулары, «Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тҽрбиелеу
жҿніндегі мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасы мектеп
оқушыларына патриоттық тҽрбие берудің тұжырымдамасы», т.б. құжаттар негізгі
орын алады.
Н.Назарбаевтың
Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бiрлiгiнде
атты еңбегiнде ұлт iшiндегi бiрлiктi нығайту, отансүйгiштiкке тҽрбиелеу,
азаматтық келiсiм ахуалын жасау мҽселелерiне тоқталып,
Бiздiң тағы бiр аса
маңызды идеологиялық мiндетiмiз - Қазақстандық Отансүйгiштiкке тҽрбиелеу,
ҽрбiр азаматтың ҿзiн-ҿзi айқын билеуiн қалыптастыру. Шынайы Отансүйгiштiктi,
нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың ҿзiн саяси тұрғыдан айқын
сезiнуiн, ҿз Отанын саналы түрде таңдауын кҿздейдi
,- делiнген.
Кҿп ұлтты Қазақстан халқы үшiн Отансүйгiштiк сезiмiнiң рухани саладағы
тату-тҽттi тiрлiгі, азаматтық келiсiмге ғана емес, мемлекеттiң материалдық негiзiн
нығайтуға да тiкелей ықпалы бар. Отансүйгiштiк рух - қазақ елiнiң ҽлемдiк
ҿркениеттi елдер кҿшiне қосылып, дүние жүзiлiк қауымдастықтан лайықты орын
алуына мүмкiндiк беретiн бiрден-бiр күш.
Қазiргi кезде республикамыздың егемендiгi мен бейбiтшiлiгiн сақтауда
жастарды Қазақстандық патриотизм арқылы Отансүйгiштiкке баулуға үлкен мҽн
берiлiп
отырғандығы
үкiметтiң
қаулы-қарарларында,
ғылыми-зерттеу
жұмыстарында жҽне күнделiктi басылым беттерiнде айқын аңғарылады.
Философиялық тұрғыда патриотизм - адамгершiлiк жҽне саяси принцип,
сезiм, оның мазмұны – Отанға сүйiспеншiлiк, оған адалдық, оның ҿткенi мен
қазiргiсiне деген мақтаныш, Отан мүддесiн қорғауға құлшыныс. Патриотизм –
адамның мыңдаған жылдар бойы бекiген ең терең сезiмдерiнiң бiрi“.
Педагогикалық тұрғыда “Патриотизм ҽдетте Отанға сүйiспеншiлiк деп
аталатын, нақты бiр ҽрекет бейнесiнде жҽне қоғамдық сезiмдердiң күрделi
жиынтығында кҿрiнiс беретiн, балаларының Отан-анаға деген кҿзқарасын
сипаттайтын қоғамдық жҽне адамгершiлiк принцип“
56
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006
Психологиялық тұрғыда
Патриотизм тұлғаның бойында - Отанға деген
сүйiспеншiлiк, бойындағы күш қуаты мен бiлiмiн Отан игiлiгi мен мүддесiне
жұмсау, туған жерiн, ана тiлiн, елдiң ҽдет-ғұрпы мен дҽстүрiн құрмет тұту.
Жоғарыда берiлген анықтамаларды саралай келе ҽр кезеңде де патриотизм
ұғымы Отанға деген сүйiспеншiлiк тұрғысынан қарастырылады. ХХІ ғасырдағы
жаһандандыру процесi бүкiл ҽлем халықтарын бiрiктiру арқылы ҿркениеттiлiктi
сақтап қалу барысында бар күш жiгерiн жұмсап отырған тұста патриотизм
ұғымы кең тұрғыда тек Отанға деген сүйiспеншiлiк емес, ҽлемдiк тұрғыда
қарастыруды қазiргi қоғамдағы жҽне ҽлемдегi даму үрдiсi талап етедi. Бүгiнгi
жаһандану процесi тұрғысынан алатын болсақ “ патриотизм ұғымы халықтар
мен ұлттардың ҿз Отанына, мемлекетiне деген сүйiспеншiлiгiмен қатар, ҽлемдiк
дамудың тыныштығы мен бейбiтшiлiгiн сақтау үшiн барлық күш жiгерiн
жұмсау”-деген мағынаны бiлдiредi.
Қазiргi таңда “ұлттық патриотизм”, “қазақ патриотизмi” және
“Қазақстандық патриотизм” ұғымдары қолданылады.
Ұлттық патриотизм ұғымына ҽр түрлi кҿзқарас бар. Ұлттық патриотизмдi
жекеленген, оқшауланған ұғым деп қабылдауға тырысады. Жоқ, ұлт бар жерде,
ұлттық патриотизм бар. Қазақ халқының жер бетiнен жойылмай сақталуы да ата-
бабаларымыздың ұлттық рухының жоғары болуында десек артық айтпаған болар
едiк, яғни бұл тарихи шындық.
Ұлт дегенiмiз – адамдардың тарихи қалыптасқан ҽлеуметтiк-этникалық,
қауымдық бiрлестiгiнiң жоғары түрi. Ұлт болып қалыптасу үшiн оның құрамына
кiрген адамдар тобының материалдық, территориялық жҽне экономикалық
жағдайлары, тiлi мен ҽдебиетiнiң, ҽлеуметтiк хал-ахуалының, мiнез-құлқының сол
ұлтқа тҽн кейбiр этникалық ерекшелiгiнiң ортақтығы болып табылады.
Ұлттық патриотизм дегенiмiз – елi мен жерi, халқының бостандығы жҽне
мемлекет ретiнде жер бетiнде сақталуы үшiн, ұлт намысын жоғары дҽрежеде
ұстау. Ұлттық патриотизмдi қазақ патриотизмi деп те қарастыруымызға
болады. Ұлттық патриотизм - ұлт бостандығы, елi мен жерiнiң тҽуелсiздiгi,
бiлiм мен ғылым, мҽдениет, спортта ҽлем сатыларының биiк шыңынан кҿрiнуi
негiзгi ұстаным болып табылады.
Қазiргi таңда елiмiз ҿзiнiң тҽуелсiздiгiн алуымен ҽлемдiк жаһандандыру
үрдiсiнен орын алып отыр. Қазақстан бiлiм беру жүйесiнiң Болон декларациясына
сҽйкес ҽлемдiк бiлiм кеңiстiгiне кiруi, экономикалық еркiн аймаққа мүше болуға
ұмтылысы жас ұрпақты тҽрбиелеуде бiздiң алдымызға үлкен маңызды
мiндеттердi жүктейдi. Қазақтанның қарқынды дамуы, ҽлемдiк кеңiстiкте танылуы
патриоттық тҽрбие мҽселесiн тек мемлекеттiк тұрғыда ғана емес, ҽлемдiк тұрғыда
бейбiтшiлiк пен тыныштықты сақтауға бағыттау тұрғысында iске асырмақ.
Қазақстандық патриотизм ҽлемдiк тыныштық пен бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi
бiр тұғыры деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының алғашқылардың бiрi
болып ядролық қарудан бас тартуы, сынақ алаңдарын жабуы бұл ҽлемдiк
бейбiтшiлiктi сақтауға жасаған негiзгi қадам болып табылады.
Қазақстандық патриотизм - Қазақстанды мекендейтiн барлық ұлт пен
ұлыстардың, халықтардың Қазақстан мемлекетiнің ҽлемдiк биiктен кҿрiнуі үшiн
бiлiм, мҽдениет, экономика, ҽлеуметтiк тұрғыда дамуына жағдай жасай отырып,
елiмiздегi бейбiтшiлiк, бiрлiк пен тҽуелсiздiктi сақтау үшiн барлық күш жiгерiн
жұмсауы. Дегенмен, кҿптеген баспасҿз беттерiнде Қазақстандық патриоизм
ұғымы кешегi “кеңестiк патриоизм“ ұғымына пара-пар деп бағалау да бар. Бұл
жерде екi ұғымға тҽн идеология екi басқа. Кеңестiк дҽуiрде бiр орталыққа
бағындырылған, бiр ғана саясаттандырылған идеология болды.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы №4, 2006 57
Қазақстан кҿп партиялы мемлекеттер қатарына жатады. Яғни, кҿп
партиялық бар жерде бiр ғана идеология болуы мүмкiн емес. Ҽр партияның
ҿзiндiк идеологиясы бар. Барлық партиялардың бағдарламалары мен
тұжырымдамаларында негiзгi мiндеттердiң бiрi болып - Қазақстандық
патриотизмдi қалыптастыру, ұлттық экономиканы дамытуға ҿз үлестерiн қосу деп
атап кҿрсетіледі.
Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тҽрбиелеу жҿніндегі
мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстандық патриотизм - ҽрбір азаматтың ҿз
Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну,
барлық отандастардың ұлты мен конфессиясына қарамастан жете құрметтеу,
олардың салтын, дҽстүрін, тарихымен мҽдениетін құрметтеу, мемлекеттік
рҽміздеріне, мемлекеттік тілге құрметпен қарау. Туған жерге деген махабаты,
Қазақстанды барлық азаматтардың біріңғай Отаны ретінде қабылдауы» деп
түсіндіреді.
Расында да, Қазақстандық патриотизм кҿп ұлтты Қазақстан үшiн бiрлiк
пен елдiктi сақтай отырып, демократияландырылған, ҽлемдiк ҿркениеттен орын
алу идеологиясы негiзгi дiңгек болып табылады. Бұл жерде ел президентiнiң
тұжырымы бойынша “Қазақстандағы ұлтаралық жарастықты негiзгi атамекеннiң
иесi - қазақ халқы ҿз мойнына алуы керек. Ҿйткенi халқымыз ұлтаралық
жарастықты, сыртқы дүниемен ҿзара тиiмдi ынтымақтастықта жүзеге асыра алса
ғана ҿзiнiң ҿркениеттi мемлекетiне ие бола алады”,- деп қазақстандық
патриотизмдi қалыптастырудың негiзгi тiрегi қазақ халқына үлкен үмiт артады.
ХХІ ғасыр ұрпағын тҽрбиелеуде ұлттық мҽдениет пен ҿркениеттiк даму
үрдiсiн ҿзара сабақтастыра отырып тұлғаның бойындағы патриоттық
құндылықтарды
қалыптастыруымыз
керек.
Құндылық
деген
ұғым
философиядағы, қоғамтанудағы жҽне педагогикадағы негiзгi құбылыстардың бiрi
болып табылады. Мҽселен, философияда құндылық қоршаған дүниедегi
объектiлердiң ҽлеуметтiк ерекшелiктерiн, олардың адам мен қоғам үшiн,
қоғамдық ҿмiр мен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мҽнiн
(игiлiк, жақсылық пен жаманшылық, ҽсем жҽне кҿрiксiздiк) түсiндiру үшiн
қолданылады.
Мҽдени-тарихи тҽжiрибе дҽлелдегендей жалпыҽлемдiк құндылық болып
саналатын: қайырымдылық, сүйiспеншiлiк, еркiндiлiк дегендер педагогикада
адамгершiлiк ҿлшемдердiң кҿрсеткiшi болып табылады. Тҽрбиенiң негiзi болып
саналатын жалпыәлемдiк құндылықтардың бiрi – тҽрбиенiң басқа адамға деген
қажеттiлiгi, басқа адамдарды сүйе бiлуi. Ҽр адамның тағдыры ҽрқашан ҽлемдiк
дүниемен, адамдармен, ұжыммен байланысты. Сондықтан демократияландыру,
адамның құқығы мен бостандығын сақтау жағдайларында ұжымдағы қарым-
қатынас мҽселелерi бұл күнде ерекше маңызға ие болуда.
Жалпы тұлғаның бойындағы адамгершiлiк құндылық - адамдар
арасындағы бiр-бiрiне деген түсiнушiлiк, iзгiлiк, мейрiмдiлiк, шыншылдық,
кiшiпейiлдiлiк қатынас арқылы кҿрiнiс беретiн адамның бойындағы рухани
қасиеттердiң жиынтығы. Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықты
айқындауда жоғарыда патриотизмге берiлген анықтамаларға жҽне құндылық,
адамгершiлiк құндылық ұғымдарын философия, педагогика ғылымы тұрғысынан
саралайтын болсақ, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық дегенiмiз -
қоғамдағы iзгiлiк қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейрiмдiлiктi,
ұлтаралық мҽдениеттi ұлттық тілді дамыту, елi мен туған жерiн, Отанын сүю,
мемлекеттiң тҽуелсiздiгi мен бейбiтшiлiн сақтау үшiн күресу.
58
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006
Философияның бiр бағыты экзистенциализм қағидасы бойынша – тұлға
яғни адам ҽлемдегi ең негiзгi құндылық деп қарастырылады. Адам адамгершiлiк
құндылықтарды таратушы дегендi бiлдiредi. Ҽрбiр адам ҿзiнiң “менiн” айқындай
бiлуi керек, соны ҿмiрде қолдануы қажет. Ҿмiр, табиғат жҽне адамның iшкi
дүниесi үлкен күш. Ол адамды дамытуға, оның қоғамдық ҿмiрге қатынасын
қалыптастыруда негiзгi орын алады.
Осы тұрғыдан алып қарағанда патриотизм - тұлғаның бойындағы сапалық
белгi. Патриоттық құндылықтар негiзiнен патриоттық сезiм, патриоттық таным,
патриоттық сана, патриоттық болмыс, т.б. қамтиды. Психологиялық тұрғыда
патриоттық құндылықтар сапаға айналып, iс-ҽрекет (тұлғаның “менi”)
тұрғысынан кҿрiнiс беруi қажет. Кҿп ұлтты Қазақстан халқы үшiн ҽр адамның
бойындағы патриоттық құндылықты қалыптастыру негiзгi мiндет болып
саналады.
Жаңа ҽлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тҽрбие
беруде адамгершiлiк, құқықтық, экономикалық жҽне азаматтық тҽрбие беру жан-
жақты қарастыруды қажет етедi. Кҿпұлтты Қазақстан үшiн патриоттық тҽрбие -
ұлттық құндылық пен ҿркениеттiк құндылықтарды жалғастырушы алтын кҿпiр
болып табылады.
Жаңа ҽлеуметтік даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тҽрбие
берудің ғылыми-теориялық жҽне практикалық негіздерін айқындай отырып
патриоттық тҽрбие берудің тұжырымдамасы жасалып, сол негізде тҽжірибелік-
эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Тұжырымдаманың мақсаты: Жаңа
ҽлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тҽрбие берудiң
жүйесiн айқындай отырып, ұлтаралық мҽдениеттi, елiмiздiң бейбiтшiлiгi мен
егемендiгiн сақтауға, экономикасын дамытуға үлес қосатын тұлғаны
қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасының мiндеттерi:
-
тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтардың негiзiн құрайтын
кҿзқарастарды, ұлттық тілге, ұлттық салт-дҽстүр жҽне тарихи мұраларға деген
сүйiспеншiлiк сезiмдерiн қалыптастыру;
-
Қазақстан Республикасы ата заңын құрметтеу жҽне мемлекеттiк заңдарды
орындау, қоғамдық қатынастарда заңдардың орындалуын нақты iске асырып,
бойына сiңiру;
-
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк нышандары – Елтаңба, Ту, Қазақстан
Республикасы Ҽн ұранына деген құрметтi жҽне оған деген мақтаныш сезiмдi
қалыптастыру;
-
ұлтаралық мҽдениеттi дамытуға жҽне оны қоғамдық қатынастар барысында
тұлғаның негiзгi қасиетiне айналдыру, дiн аралық қатынастар бойынша
түсiнушiлiк;
-
халықтар арасындағы сүйiспеншiлiк пен достықты қалыптастыруға ықпал ету;
-
Қазақстан Республикасының бейбiтшiлiгi мен тұтастығын, Отанның
экономикалық жҽне экологиялық байлығын дамытуға, оны қорғауға ҽр қашан
дайын болу;
-
мектеп оқушыларына патриоттық тҽрбие берудiң жүйесiн негiздей отырып,
ұлттық жҽне ҽлемдiк бiлiм нҽрiнен сусындаған ғылыми-техникалық прогресс
кҿшiне iлесе алатын патриоттық құндылықтары қалыптасқан тұлғаны
қалыптастыру.
Мектеп оқушыларына патроиттық тҽрбие беру субъект-объект-субъект
тұрғысынан қарастыра отырып, ҽртүрлi ҽлеуметтiк жағдайларда конституциялық
жҽне құқықтық нормаларды қадағалау, саясат, патриоттық идеяларды насихаттау,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы №4, 2006 59
санада Отан алдындағы парыз, сүйiспеншiлiк, адалдық, мақтаныш сезiмiн
қалыптастыру негiзiнде iске асырылу керек.
Патриоттық тәрбие берудiң негiзгi ұстанымдары:
-
жүйелi-ұйымдастыру тұрғысынан мектеп, ата-ана жҽне ҽлеуметтiк ортаны
ҿзара сабақтастыра отырып, мақсатты түрде оқушыларға патриоттық
тҽрбие берудi ұйымдастыру;
-
оқушылардың жас жҽне дара ерекшелiктерiн ескере отырып, патриоттық
тҽрбие берудiң формалары мен ҽдiстерiн нақты пайдалана бiлу;
-
аймақтық ерекшелiктердi ескеру ұстанымы, туған елге, жерге, ауылға,
қалаға, т.б. сүйiспеншiлiгi арқылы, ұлттық жҽне Қазақстандық, ҽлемдiк
патриотизмдi қалыптастыру;
-
кешендi тұрғыда ықпал ету ұстанымы, ұлттық, ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасқан патриоттық, ҽлеуметтiк құндылықтарды, тҽжiрибелердi жүйелi
түрде пайдалану;
-
белсендiлiк ұстанымы, Қазақстан Республикасының ұстап отырған
бағытына сҽйкес, оқушылардың патриоттық кҿзқарастарын қалыптастыру.
Жоғарыдағы ұстанымдар бiр-бiрiмен ҿзара байланыста, бiрлiкте iске
асырылады. Жалпы патриоттық тҽрбие берудiң алғашқы негiзi отбасында
басталып, мектепке дейiнгi мекемелер, бастауыш мектеп, орта мектеп, қоғамдық-
ҽлеуметтiк орта, мұғалiмдер мен тҽрбиешiлер, ҽртүрлi қоғамдық ұйымдар,
мектептен тыс мекемелерде жалғасын табады.
Патриоттық тәрбиенiң негiзгi мәселелерi және даму жолдарына
тоқталатын болсақ, кҿпұлтты Қазақстан халықтары үшiн жаңа ҽлеуметтiк даму
жҽне ҽлемдiк интеграциялық үрдiс жағдайында патриоттық тҽрбие берудiң
кешендi жүйесi қарастырылмаған. Патриоттық тҽрбие беру мҽселесi негiзiнен
мемлекеттiк дҽрежеде айқындалып, шешiлетiн iргелi мҽселе. Республикада
ұлтаралық, ұлттық мҽдениет, мҽдени мұра мҽселелерiн шешуге байланысты
кҿптеген құжаттар бар. Дегенмен, тiкелей патриоттық тҽрбие мҽселесiн шешуге
арналған бағдарламалар, тұжырымдамалар жоқтығы жұмысты жандандыруға керi
ҽсерiн тигiзедi.
Кҿпұлтты Қазақстан халықтары үшiн жаңа ҽлеуметтiк даму жағдайында
патриоттық тҽрбие берудiң қажеттiлiгi жҽне оның бүгiнгi күн тұрғысынан жүйелi
зерттелмеуi; ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлттық патриотизм мен бүгiнгi
қоғамдағы патриоттық тҽрбиенiң ҿзара сабақтастығының болмауы; мектепте,
мектептен тыс мекемелерде оқушыларға патриоттық тҽрбие беруге байланысты
жүйеленген ғылыми ҽдiстеменiң жоқтығы бұл мҽселенi теориялық жҽне
практикалық тұрғыда жан-жақты қарастыруды қажет етедi. Ол үшiн мемлекеттiк
тұрғыдағы тҿмендегiдей құжаттар қажет:
1.
Қазақстан Республикасы азаматтарына патриоттық тҽрбие берудiң
тұжырымдамасы;
2.
Патриоттық тҽрбиенi iске асыруға байланысты мемлекеттiк тұрғыда
бағдарламасын бекіту;
3.
Республика азаматтарына патриоттық тҽрбие берудiң ҽдiстемесi, ғылыми
ұсыныстар.
Мектеп
оқушыларына патриоттық тәрбие беру – Қазақстан
Республикасы саясатының негiзгi бiр бағыты болып табылады.
Қазақстан мемлекетiнiң тҽуелсiз мемлекет болып жариялануы жҽне
Бiрiккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы жас қазақ мемлекетiнiң
алдына үлкен мақсаттар мен мiндеттер жүктедi. Қазақ елiнiң тҽуелсiздiгi мен
егемендiгiн сақтап қалу ҽрбiр саналы азаматтың iсiне айналды.
60
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006
Патриоттық тҽрбие адамгершiлiк тҽрбиенiң құрамдас бiр бҿлiгi болып
табылады. Патриоттық тәрбие – Отанға деген сүйiспеншiлiк пен
жауаптылықты, тұлғаның туған ҿлкеге, табиғатқа деген сүйiспеншiлiк сезiмiн
қалыптастыру, Отанының басына қиыншылық туғанда ойланбастан қорғауға
дайын тұру тұрғысынан қарастырылады. Ол қазақ халқының ҿткен ғасырдағы
жауынгерлiк дҽстүрлерiн марапаттау негiзiнде iске асырылады. Патриоттық
тҽрбие адамгершiлiк тҽрбиенiң негiзгi бiр бағыты болып саналса, ал, патриоттық
тҽрбие беру саласына - ҽскери, ҽскери-патриоттық, ерлiк, жауынгерлiк,
ұлтаралық қатынас, интернационалдық тҽрбие беру жатады. Егер тҽрбие
бағыттарын ҿзара сабақтастыра, жүйелi түрде тұлғаның жас жҽне дара
ерекшелiктерiне сҽйкес ұйымдастыра бiлсек бүгiнгi ХХI ғасыр жаһандандыру
заман талаптарына сай тұлғаны қалыптастыруға мүмкiндiк бар деп толық айта
аламыз.
Патриоттық тәрбиенiң негiзгi бағыттары:
әскери тәрбие - ҽскери тҽрбие жұмысында жауынгердi, офицерлердi
жоғарғы саяси саналық, ҿз Отанына шексiз берiлгендiк рухында баулу, жүктелген
мiндеттi тыңғылықты орындауға, адалдыққа, қырағылыққа, соғыс қимылдарына
ҽзiр тұруға, ҽскери қызметте батыл да табанды болуға тҽрбиелеу;
әскери патриоттық тәрбие – жастардың Отан қорғауға ҽзiрлiгiн
нығайтып, патриоттық сана-сезiмiн қалыптастыратын тҽрбиенiң бiр саласы.
Ҽскери патриоттық тҽрбие арқылы жастар елiмiздiң ҿткендегi жауынгерлiк
тарихымен таныса отырып, Отанымыздың намысын, бостандығын, тҽуелсiздiгiн
қорғауға үйренiп, қарулы күштердiң даңқты жауынгерлiк дҽстүрлерiн алға
апаруға даярлығын қалыптастыра отырып, Отан сүйгiштiкке тҽрбиелеу;
интернационалдық тәрбие – (лат.inter - между, natio - парыз) - қазiргi
заман жастарының халықтар достығы жҽне басқа ұлттар еңбекшiлерiне деген
құрмет сезiмiн дамытып, қалыптастыратын үздiксiз тҽрбиенiң басты салаларының
бiрi;
ерлiк тәрбиесi - ата-бабаларымыздың жауынгерлiк дҽстүрi негiзiнде
оқушылардың ерiк-жiгерiн, табандылық, батылдық қасиеттерiмен бiрге ұлттық
сана, парыз, намысты қалыптастыра отырып, отансүйгiштiкке тҽрбиелеу. Бүгiнгi
күн тұрғысынан алып қарайтын болсақ, егемен елiмiздiң бейбiтшiлiгi мен бiрлiгiн
сақтайтын жас ұрпақтың санасына жастайынан ата-бабаларымыз негiзiн салған
ерлiк рухты ендiру.
Кҿне түркiлер, кҿшпендiлер тарихына, халқымыздың ерлiк жҽне
жауынгерлiк дҽстүрiне шолу жасағанда ерлiк қасиеттiң ҽрбiр жауынгерге тҽн
болғанын кҿремiз. Ҽрбiр жауынгерден батылдық, табандылық қасиеттердi талап
еткен.
жауынгерлiк тәрбие - қазақ халқының кҿшпелi тiршiлiгiне байланысты –
тұтас қазақ қолының жауынгерлiк сипаттағы ҽзiрлiгiн үзбей ұстауы, елiн, жерiн,
тҽуелсiздiгiн үнемi қорғауына дайын тұруды қамтамасыз ету. Қазiр ҽскери тҽрбие
мағынасында берiледi.
Қазiргi таңда, патриотизмнiң мазмұнын анықтау үшiн ұлттық
құндылықтарды бүкiл адамзаттық құндылықтармен ұштастыру негiзгi кҿкейкестi
мҽселе болып табылады.
Елiмiздiң тҽуелсiздiк алуы, ҽлемдiк дҽрежеде танылуы Қазақстан
Республикасының, ҽсiресе қазақ халқының алдына үлкен мiндеттердi жүктейдi.
Олар, тҽуелсiздiгiмiздiң берiк болуы, қоғамдағы бейбiтшiлiк пен ұлтаралық
келiсiм, экономикамыздың, бiлiм мен мҽдениетiмiздiң қарқынды дамуы.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы №4, 2006 61
ХХI ғасыр жастарын патриоттық рухта тҽрбиелеуде бiз жоғарыда
кҿрсетiлген тҽрбие бағыттарын ҿзара сабақтастыра отырып, жүйелi түрде бүгiнгi
үздiксiз бiлiм беру жүйесiне енгiзу арқылы егемен елiмiздiң бейбiтшiлiгi мен
тҽуелсiздiгiн қорғайтын азамат тҽрбиелей аламыз.
Патриоттық тәрбиенi ұйымдастырудың негiздерi Қазақстан Республикасы
Бiлiм жҽне ғылым министрлiгi ұсынған “Тәлiм-тәрбие тұжырымдамасында”
қазақ халқының жауынгерлiк жҽне ерлiк тарихын, ұрпаққа ерлiктiң ҿшпес үлгiсiн
қалдырған қас батырлардың ҿмiр-ҿнегесiмен таныстыру; ҿз жерiн, елiн қорғай
алатын елжанды, ұлттық намысы мол жiгерлi азаматтар тҽрбиелеу”,- деп ғасырлар
бойы қалыптасқан ұлттық ерекшелiктер, салт-дҽстүрлердi бүгiнгi ұрпақ
тҽрбиесiне пайдалануға аса мҽн бередi.
Қазақстан
Республикасы
ҽскери
доктринасы
жҽне
құрылыс
тұжырымдамасына жауынгерлiк жҽне ерлiк тҽрбие мҽселесiне аса мҽн берiп,
“Ұлттық негiздегi бағдарлама қажет” деп атап кҿрсетiлуi ҿмiр талабынан
туындаған тiлек. Яғни, алдымызда тұрған негiзгi мiндет – егемендi елiмiздiң
тұтастығын, бейбiтшiлiгiн сақтайтын ұрпақты, ҽсiресе ұлттық ұландарды
тҽрбиелеу. Яғни, оқушылардың бойындағы патриотизмдi қалыптастыру негiздерi
- отбасы, қоршаған орта, тарих, тұлғаның салауатты ҿмiр салты, мемлекет, т.б.
негiзгi орын алады. Тұлғаның бойындағы патриотизмдi қалыптастыратын
микрофакторлар, макрофакторлар, мегафакторлар, мезофакторларды ҿзара
кiрiктiру арқылы жағдай тудыра отырып патриот тұлғаны қалыптастыруға
болады. Патриотизмдi қалыптастыруда философияның негiзгi ҽлемдiк жалпы,
жалпы, айрықша, бiрегей тұрғысынан қарастыру кҿзделедi.
Ұлы Абай “адамның адамшылығы-ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана,
жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады“ - деген тұжырымы, микрофакторлар,
макрофакторлар, мегафакторлар, мезофакторлардың патриоттық құндылықтарды
қалыптастыруда негiзгi орын алары сҿзсiз.
Кҿрсетiлген ҽр факторлардағы ҽлеуметтiк жағдайлар оқушының бойындағы
патриотизмдi қалыптастыруға мүмкiндiк жасауы керек. Педагогика жҽне
психология ғылымдары тұрғысынан: патриотизм; мiнез-құлық; патриоттық
тҽрбие; патриоттық сезiм; патриоттық сана; тарихи сана; ұлттық мұрат (идея);
ұлттық идеология; ұлттық сана; географиялық сана; мораль; патриоттық кҿзқарас;
тағылым; iзгiлiк; менталитет, ұлттық парыз, мақтаныш, намыс, сезiм, сана, т.б.
құндылықтар ұлттық идеяның негiзгi кҿрiнiсi сияқты iс-ҽрекеттер мен қасиеттердi
оқушылардың бойына сiңiре бiлуiмiз керек.
Елiмiздегi бейбiтшiлiк пен ұлтаралық бiрлiк, iшкi жҽне сыртқы саясат
мҽселелерi, соның iшiнде ұлтаралық мҽдениеттi қалыптастыру мен патриоттық
тҽрбие беру мҽселесi негiзгi орын алады. Сондықтанда, бiздiң алдымызда тұрған
негiзгi мiндет ұлттық мҽдениет пен ҽлемдiк ҿркениеттi ҿзара сабақтастыра,
кiрiктiре отырып бүгiнгi ХХI ғасыр ағымына лайықты тұлға қалыптастыру. ХХI
ғасыр ағымына лайықты тұлға - ҿз ана тiлiн бiлетiн, басқа тiлдi құрметтейтiн,
тарихи зердесi жоғары, ұлттық салт-дҽстүрден нҽр алған, ҽлемдiк ғылыми-
техникалық прогресс кҿшiне iлесе алатын адам.
Қазақтандағы бiрлiк пен татулық ел президентiнiң ұстанып отырған негiзi
идеологиялық саясаты нҽтижесiнде iске асып отыр деп толық айта аламыз. Бұл
нҽтижеге елiмiздiң тҽуелсiздiгi мен ҽлемдiк бейбiтшiлiк пен ұлттаралық келiсiмдi
дамытуымыздың арқасында жеттiк.
“Түркi халқы – батыр халық. Түркi халқы – арыстан ер халық” дегендей,
түркi жұртының ұлттық ерлiк дҽстүрi негiзiнде оқушы жастардың бойында
патриоттық сезiмдi қалыптастыру ерекше орын алады. Оқушыларға патриоттық
62
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006
тҽрбие берудегi негiзгi мiндеттерге қоршаған ортаға деген сүйiспеншiлiк,
мемлекеттiк рҽмiздерге (Ҽнұран, Мемлекеттiк ту, Ел таңба) зор құрметпен қарау,
мақтаныш сезiмдi ұялату, қоғамға деген рухани-мҽдени қатынас, елiмiздiң
тҽуелсiздiгi мен бiрлiгiн сақтау, Қазақстан кҿпұлтты мемлекет екенiн негiзге ала
келе бүгiнгi қоғам мүшелерiнiң Қазақстандық патриоттық сезiмiн қалыптастыру.
Қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру жүйесiне –отбасы, мемлекеттiк
мекемелер, бiлiм беру мекемелерi, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар, ҽртүрлi
жоспарланған патриоттық шаралар, т.б. құрайды.
Көпұлтты Қазақстан үшiн жаһандандыру кезенiңде Қазақстандық
патриотизмдi қалыптастырудың негiзгi бағыттары қазақ халқы ғасырлар бойы
атадан-балаға мирас болып отырған елi мен жерiн кҿзiнiң қарашағындай сақтап
ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап отырған. Қандай қиыншылық замандада “малым
арымның садақасы“ деген қағиданы ҿмiрлiк ұстанымына айналдырып, ерлiк туын
жоғары ұстаған. Бүгiнгi ұрпаққа аманаттаған елi мен жерiнiң тҽуелсiзiдiгiн
сақтауда ерен ерлiкпен iстер атқарып отырған тарихи оқиғалар мен үкiметтiң
қаулы-қарарларында, ел президентiнiң халыққа жыл сайынға жолдауынан жҽне
тарихи еңбектерiнен айқын байқаймыз.
Кҿпұлтты Қазақстан үшiн Қазақстандық патриотизмдi қалыптастырудың
негiзiгi бағыттары Ел Президентi Н.Ҽ.Назарбаевтың Қазақстан халқына ҽр жылғы
жолдауларында орын алған. Н.Ҽ.Назарбаевтың 2004 жылғы халыққа жолдауында
“Бiз бiрлесе отырып, еркiн экономика мен ерiктi ұлт жасақтау жолында алға
жылжуымызға қажеттi берiк негiз қаладық. Қазақстан бүгiн ҽлемнiң ең серпiндi
дамып келе жатқан елдерiнiң бiрiнен саналады, бұл да барша жұрт таныған
ақиқат. Елiмiздiң экономикалық жҽне саяси дамуындағы түбегейлi жаңа кезең,
Қазақстанды одан ҽрi жаңарту мен демократияландыру – бiздiң күн тҽртiбiмiздегi
мҽселе осындай”-деп атап кҿрсеткен.
Егер тарихи дамуға зер салатын болсақ бiздiң мемлекетiмiзде тiлге, дiнге,
салт-дҽстүрлерге, тарихқа демократиялық тұрғыда ұлы бабаларымыз салып
кеткен ҽдiлдiк пен шыншылдық негiзде iске асырып отыр. Расында да кҿп
жағдайда, бiздiң даму бағытымыз ұлттық менталитетiмiздегi негiзi кенпейiлдiлiк,
бауырмашылық қасиеттер бiрiншi кезекте тұрғаны кҿптеген басылымдар жҽне
ҽртүрлi ұлттардың Ассамблеясының есептерiнен айқын байқауға болады.
“Бiздiң туымыз - тҽуелсiздiк, тiлегiмiз - бейбiтшiлiк, тыныштық. Осы мақсат
жолында Қазақстандағы барлық ұлт ҿкiлдерiнiң бiр кiсiнiң баласындай, бiр
қолдың саласындай күш бiрiктiруiне мүдделiмiз”, - деп Президенттiң халыққа
жолдаған үндеуi елiмiздiң елдiгi мен бiрлiгiн сақтауға ат салысып отырған кҿп
ұлтты елiмiз үшiн негiзгi мұрат болып табылады.
Бiздiң бүгiнгi алдымызда тұрған негiзгi мiндет - Ел Президентi атап
кҿрсеткендей “Республикадағы қазiргi ұлтаралық жарасым ахуалын кҿздiң
қарашығындай сақтай бiлу - барлық ұлттың, ҽрбiр азаматтың ең жауапты мiндетi.
Қазақстандағы ұлтаралық жарастықтың негiзгi ұйтқысы болу мiндетiн алдымен
осы атамекеннiң иесi - қазақ халқы ҿз мойнынан алуы керек. ҿйткенi халқымыз
ұлтаралық жарастықты, сыртқы дүниемен ҿзара тиiмдi ынтымақтастықты жүзеге
асыра алса ғана ҿзiнiң ҿркениеттi мемлекетiне ие бола алады, - деген сҿзi арқылы
қазақ халқының атадан-балаға мирас болып келген рухани-имандылық қасиеттерi
бүгiнгi жаһандандыру заманында қазақ елiнiң ҿркениеттi елдер қатарында
болуына негiзгi тiрек болары сҿзсiз деп сенiм артады.
Кҿпұлтты Қазақстан үшiн Қазақстандық патриотизмдi қалыптастырудың
негiзгi бағыттары:
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы №4, 2006 63
бiрiншi, ұлттық экономиканың дамуы, қалыптасуы мен оның халыққа
қызмет етуi;
екiншi, Қазақстанды мекендейтiн халықтардың еркiн дамуы, тiлi, дiнi,
мҽдениетi, ҽдет-ғұрпы, т.б. жҽне Мемлекетке атын берген ұлттың тiлiн, дiнiн
құрметтеу мен сол елдi Отаным деп тану, тҽуелсiздiгi мен егемендiгiн сақтауға
бiр адамдай ат салысу, елiмiздiң рҽмiздерiне құрметпен қарау;
үшiншi, елiмiздегi жҽне ҿңiрдегi бекем тұрақтылықты нығайтуға; ҿңiрлiк
жҽне халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
төртiншi, ХХI ғасырдағы ҽлемдiк ҿркениеттен орын алу үшiн бiлiм мен
мҽдениеттi дамыту;
бесiншi, республикада мекендейтiн халықтардың рухани құндылықтарын
жетiлдiру (фестивальдар мен ұлттық мҽдениет үлгiлерiнiң кҿрмелерiн,
олимпиадаларды ҿткiзудi дҽстүрге айналдыру, радио, телемарафондар ҿткiзу,
ұлттық мҽдениет пен спорт түрлерiн насихаттаудың бағдарламаларын жасау,т.б.);
алтыншы, республикалық, алыс жҽне жақын шет елдердегi медиабiлiм
берудi тұлғанының мҽдени құндылықтарын қалыптастыруға бейiмдеу.
Кҿпұлтты Қазақстан халқының отансүйгiштiк қасиетiн қалыптастыратын –
азаматтық келiсiм, ұлттық бiрлiк. Қазақстанды мекендейтiн ҽрбiр ұлт ҿзiнiң
мемлекет алдындағы мiндетi қоғамдық байлықты, яғни мемлекеттiң материалдық
базасын нығайту, ҿмiрдегi тату-тҽттi тiрлiктi, азаматтық келiсiмдi нығайта
отырып ұлттық бiрлiктi сақтау, егемен елiмiздiң тҽуелсiздiгiн сақтау ұлттық
келiсiм, iшкi үндесiм - барша халқымыздың ынтымағы мен ара
жарасымдылығында болып отыр.
Жаңа ҽлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тҽрбие
беру тұжырымдамасының іске асуы Қазақстан Республикасы “Бiлiм туралы”
Заңы, Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейiн бiлiм берудi дамыту
бағдарламасы жҽне Қазақстан Республикасы тҽлiм-тҽрбие тұжырымдамасын
орындалуына ҿзiндiк септiгiн тигiзедi.
Тұжырымдаманың теориялық негiзi мен практикалық ұсыныстары
патриоттық тҽрбиенi ұйымдастыруға жҽне бүгiнгi егемен елiмiздiң тҽуелсiздiгiн
қорғайтын азамат тҽрбиелеуге негiз болады.
ҼДЕБИЕТТЕР
1.
Назарбаев Н.Ҽ. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде.
Алматы: Қазақстан. 1993.-33 бет.
2.
Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тҽрбиелеу жҿніндегі
мемлекеттік бағдарламасы. /Альянс. № 3,4 /2005. 5-11 б.
3.
Қазақстан Республикасы мектеп оқушыларына патриоттық тҽрбие берудің
тұжырымдамасы (Құрастырушылар: С.Т.Иманбаева, С.Қ.Қалиев, Ш.Т.Таубае-
ва). Алматы. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты. 2005. 23-бет.
ТҮЙІНДЕМЕ
Жаңа ҽлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тҽрбие
берудiң тұжырымдамасында патриоттық тҽрбие берудiң жүйесiн айқындай
отырып, ұлтаралық мҽдениеттi, елiмiздiң бейбiтшiлiгi мен егемендiгiн сақтауға,
экономикасын дамытуға үлес қосатын тұлғаны қалыптастыру кҿзделеді.
РЕЗЮМЕ
В статье предлагается концепция патриотического воспитания школьников
в новых социально-экономических условиях в свете Посланий Президента РК.
64
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006
Достарыңызбен бөлісу: |