Казахстан приоритетное направление деятельности высшего педагогического учебного заведения



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата31.03.2017
өлшемі1,61 Mb.
#10787
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматриваются  вопросы  необходимости  освоения  новых 
технологий, способствующих саморазвитию и оптимизации учебного процесса. 
 
 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА 
КӨРНЕКІЛІК  ӘДІСТЕРДІ  ҚОЛДАНУ  
 
Жаспанова  Т. К. (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ) 
 
Теориялық математиканың нҽтижесін практика жүзінде қолдану шешілуге 
тиісті  мҽселе  есептің  жауабын  сан  түрінде  алуды  талап  етеді.  ХХ  ғасырдың  30 
жылдарынан  бастап  елімізде  бастауыш  оқыту  жүзеге  асырылды.  Бастауыш 
сыныпта  негізгі  пҽндердің  бірі  ретінде  -  арифметика  оқытылды.  Бұл  пҽн 
қарапайым  сандарды  үйрету  қосу-алу  амалына  негізделді.  ХХ  ғасырдың  60 
жылдарынан  бастап  педагог-ғалымдар  В.А.Сухомлинский  мен  жаңашыл  педагог 
В.Шаталов  бастауыш  сыныпқа  математика  пҽнін  енгізуді  ұсынды.  Мұндағы  ең 
басты мақсат - арифметиканы одан ҽрі теориялық негізде толықтыру. Екіншіден, 
математика ғылымының ойындар теориясы; кибернетика, информация теориясы, 
бағдарламалап  оқытудың  қарапайым  элементтерін  бастауыш  сыныптан  бастап 
үйрету жҽне теориялық негізде жүзеге асыру кҿзделген. 
Бастауыш  сынып  математикасы  Қазақстанда  “Есептеу  математикасы” 
негізінде  жүзеге  асырылды.  Мұның  негізін  қалыптастыруға  М.  Ҽмірбаев, 
Ҿ.М.Сұлтанғазин  ықтималдықтар  теориясы,  математикалық  лингвистика  -  Қ.Б. 
Бекетаев, математика тарихы - Ф.Д. Крамер, А.Кҿбесов, т.б.ғалымдар үлес қосты. 
Сондай-ақ,  математиканы  оқыту  ҽдістемесі  бойынша  зерттеулер  жүргізілді, 
бастауыш сыныпқа арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жазу қолға алынды. 
Қазақстанда  ХХ  ғасырдың  60-80  жылдарында  М.О.  Ысқақов,  Х.  Ибрашев,  М. 
Ҽмірбаев, Ш. Еркеқұлов, Б. Тҿлегенов сынды матиматик - ғалымдар қазақ тілінде 
оқулықтар  жазды,  оның  кейбір  салалары  бастауыш  сынып  математикасын 
қамтыды. 
Математика  гректің  mathematike  деген  сҿзінен  шыққан  білім,  ғылым  - 
деген  сҿз.  Математиканың  анықтамасын  Лобачевский,  «ақиқат  дүниенің  сандық 
қатынастары  мен  кеңістік  формалары  жайлы  ғылым»  -  деп  берген.  Осы  негізде 

32
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
математиканың ҽдістемесін зерттеген  ғалымдар  кҿрнекілік ҽдісін бірінші орынға 
қойды.  
Оқыту  ҽдістемесін    зерттеген    ғалымдар  бастауыш  сынып  математикасын 
оқытуда  қолданылатын  кҿрнекіліктің  үш  түрін  ұсынды,  олар:  демонстрация, 
иллюстрация, тҽжірибелік ҽдістер.  
Демонстрация  (кҿрсету)  оқушыларды  нақты  есептеуге  үйрету,  кҿрнекілік 
кҿрсету, процестер мен заттардың нысанасымен табиғи түрде таныстыру. Ҽдістің 
бұл  түрі  математикалық  теңдеулер  негізінде  есептеуге  арналған.  Сондай-ақ, 
заттың  ішкі  құрылысы  жҽне  сыртқы  кҿрінісімен  немесе  бірыңғай  заттардың 
орналасу жағдайымен байланыстыруды кҿздейді.  
Табиғи  математикалық  нысананы  кҿрсету  негізінен  сыртқы  кҿрінісінен 
басталады: кҿлемі, түсі, формасы, ҿзара байланысы, т.б. Келесі кезекте, оның ішкі 
құрылысы  немесе  жекелеген  құрылымы  кҿрсетіледі.  Заттың  үлгісі  (математи-
калық  моделі),  математикалық  туындылар  оқушылар  тарапынан  біртұтастықта 
қабылданады. 
Демонстрациялау  кҿбінесе  оқушыларды  практикалық  оқыту  ҽрекетімен 
ұйымдастырыла жүргізіледі. Демек, демонстрациялаудың табысты болуы бірнеше 
жағдайларға байланысты: 
-
 
кҿрсетіліп отырған нысана барлық оқушыларға жақсы кҿрінуі тиіс жҽне ол 
оқушының жас ерекшелігіне сҽйкес келуі ескеріледі; 
-
 
кҿрнекі  құралды  бақылау  барысында  ҽрбір  оқушы  мұғалімнің  нұсқауы 
бойынша жұмыс істеуі тиіс; 
-
 
оқу материалын түсіндіру кезінде кҿрсету жұмыстары жүргізіліп, соңынан 
нысана алынып тасталуы керек;  
-
 
кҿрсету  кезінде  математикалық  негізгі  құралдар  кҿрінісі  анық  ҽрі  ашық 
баяндалып, кейбіреуі тақтаға сызылып қойылады
-
 
оқушыларды  осылай  демонстрациялық  бақылау  жұмыстары  нҽтижесінде 
қорытынды жасай білуге дағдыландырады; 
-
 
кҿрсету  кезінде  мұғалімнің  ауызша  баяндауы  оқушылардың  бақылауын 
дамытуға  жҽне  математикалық  ұғымдарды  терең  түсінуге  мүмкіндік 
береді. 
Оқытуды  демонстрациялық  негізде  ұйымдастыру  оқушылардың  оқу 
материалын  жеңіл  ҽрі  терең  ұғынуына  мүмкіндік  туғызады,  олардың  ойлау 
ҽрекетін 
жандандырып, 
қосымша 
ақпараттар 
береді. 
Оқушылардың 
математикалық құбылысты жҽне танымдық процесті, ҿздері белсенділік  танытып 
оқып  үйренсе,  шын  мҽнінде  бұл  ҽдіс  нҽтижелі  болмақ.  Олар  тарапынан  мұндай 
қарым-қатынас  оқыту  процесінде  проблемалық  жҽне  ізденушілік  жағдайға 
итермелейді.  Сабақ  барысында  оқытудың  демонстрациялау  ҽдістерін  қолдануда 
кодоскоп,  музыкалық  орталық,  үнтаспа,  теледидар,  видиофильм  секілді 
техникалық құралдары қолданылады.  
Иллюстрация  -  демонстрация  ҽдісімен  тығыз  байланыста  болады.  Бұл 
ҽдісті  иллюстративті  құралдарды  (суреттер,  сызбалар,  портреттер,  модельдер) 
кҿрсету  қолданылады.  Иллюстрация  ҽдісінің  нҽтежиелі  болуы  мұғалімнің  бұл 
ҽдісті қаншалықты меңгергеніне байланысты.  
Мектеп тҽжірибесі кҿрсеткендей сыныпқа иллюстрациялы материалды жиі 
қолдану  математикалық  нақтылық  пен  дҽлдікке  үйретеді.  Сондықтан,  кҿрнекі 
құралдарды  пайдаланудың  дидактикалық  қолданысын  жҽне  таным  процесінде 
олардың  рҿлін  алдын-ала  жақсылап  ойластырып  алу  қажет.  Бұған  қосымша 
мұғалім  кҿрнекі  құралдың  математикалық  кҿлемін,  білімділік  мазмұнын, 
математикалық ықпал теориясына сҽйкестігін ескеруі қажет. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         33 
 
Бұл ҽдістің ішінде ең басты рҿл атқаратыны - бақылау әдісі. Ол барлық оқу 
пҽндерінің ішінде математикалық нақтылау, пысықтау, кҿрсету ҽдістерінің негізі 
болып  есептеледі.  Сондай-ақ,  мұны  бастауыш  сыныптың  барлық  пҽндеріне 
қолданады.  Бақылау  ҽдісін  математикада  қолданудың  тиімділігі  мынадай 
тҽсілдерге байланысты: 
-
 
байқаудың мақсатын анықтау (математикалық түбірін негіздеу жҽне есептеу 
мҽтінін түсіну); 
-
 
қабылдайтын математикалық құбылыс пен жүйенің негізін түсіндіру; 
-
 
математикалық  жүйені  топтастырып,  қорытындылар  мен  тұжырымдар 
жасау. 
Математикалық бейнелердің ерекшеліктеріне байланысты бақылау ҽдісінің 
негізгі  түрлері:  математикалық  бақылау,  лабораториялық  бақылау,  техникалық 
бақылау, оқушылардың ҿздігінен дербес бақылауы. 
Оқушылардың  ойлау,  зерттеу,  үйрену  дағдыларын  арттырудың  күшті 
құралы  математикалық  бақылау екендігін Н.И.Лобачевский атап кҿрсеткен. 
Математикада, оның ішінде бастауыш математикасында бақылау ҿткізудің 
негізгі ҽдістемелік талаптары тҿмендегілер: 
1) кҿрсетілген заттың ҽртүрлі қасиеттерін, ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін,  кҿру, 
есту  иіс  т.б.  сезім  мүшелерін  қатыстыру  арқылы  зерттеуге,  бағыт  берудің 
маңызы зор. Бақылау тек кҿру т.б.  сезім мүшелерінің жұмысымен ғана емес, 
ол адамның ойлау, ҽрекетімен тығыз байланысты. Яғни, есепке, математикаға 
бейім  баланың  педагогикалық  жҽне  физиологиялық  ойлау  ерекшелігіне 
тікелей байланысты шешіледі; 
2)  мұғалім  бақылауда  оқушыға  талдау  мен  жинақтау  арқылы  заттардың  негізгі 
қасиеттерін  таныстыру,  ажырату,  қорытындылау  сияқты  ойлау  процестерін 
қолдануға басшылық етуі қажет. 
3)  мұғалім  бастауыш  сынып  оқушыларының  жас  ерекшеліктеріне  сҽйкес 
оқушылардың  бақылауын  ұйымдастыру  үшін  ең  алдымен  бақылаудың 
мақсатын, байқайтын заттың мҿлшерін (математикалық  ҿлшемі  мен теңдігін) 
немесе кҿлемін анықтап, жоспарын жасап беруі керек. 
Тәжірибелік немесе математикалық есептеу техникасын жетілдіру әдісі. 
Математикалық  есептеу  техникасын  жетілдіру  ҽдісі  жиі  қолданылады.  Оған 
тҽжірибелік ҽдіс кҿмекке келеді, толықтырады. Ең бастысы, бұл ҽдіс оқушының, 
ҽсіресе, математикадан алған алғашқы бастауыш негіздегі  теориялық  білімдерін, 
біліктілігі  мен  дағдыларын  тереңдету  жҽне  жетілдіре  түсу  мақсатында  олардың 
математикалық жҽне практикалық жұмыстарының маңызы ерекше. 
Оқытудың  негізгі  дҽстүрлі  ҽдістерімен  қатар  бастауыш  сыныптың 
педагогикалық жҽне психологиялық ерекшеліктерін, оның математикалық негізде 
техникалық ҽдістермен үйлестірілуі  мұғалімнен үлкен педагогикалық шеберлікті 
талап етеді.  
Математикалық  есептеу  техникасын  жетілдіру  ҽдісі  -  бастауыш  сынып 
математикасында жиі қолданылады. Олар біріншіден, математикалық  қарапайым 
санаудан,  теңдеулер  құрастыру  деңгейіне  дейін  кҿтеру.  Екіншіден,  сандық 
бҿлшектерді күрделендіру. Педагогикадағы қарапайымнан күрделіге кҿшу тҽсілін 
қолдану.  Техникалық  құралдардың  қарапайым,  жай  нұсқаулары  арқылы 
оқушылардың  математикалық  есептеу,  ҿлшеу,  санау,  кҿбейту,  т.б.  амалдарын 
үйрену, оны қолдана білу. Үшіншіден, тҽжірибе жасағанда сыныптағы оқушылар 
ҽртүрлі бейімділік кҿрсетеді. Мұғалім олардың ҽрқайсысының жұмыс тҽжірибесін 
жинақтайды.  Сондай-ақ,  математикалық    қаблеттерін  ұдайы  жетілдіріп  отыру 
қажет. 

34
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
Педагогикалық  шеберлік  тұрғысынан  қарағанда,  математикадағы 
тҽжірибелік  ҽдісті  мынадай  тҿрт  кезеңде  немесе  бағытта  ҿткізеді  -  дайындау, 
ҿткізу, қорыту кезеңі жҽне алдағы ҽдістерді қабылдау немесе нұсқау дҽрежесі. 
Дайындау  кезеңінде  оның  мақсаты  белгіленеді,  жоспары  жасалады  жҽне 
оқушыларды  кажетті  аспаптармен,  реактивтермен,  басқа  да  оқу  құралдарымен, 
жұмыс  істеу  принциптерімен  таныстырады.  Ҿткізу  барысында  мұғалім  ҽр 
оқушының  қойған  тҽжірибесін  мұқият  бақылайды  жҽне  қажет  болған  жағдайда 
оларға кҿмектеседі. 
Қорыту  кезеңін  бірнеше  тҽсілмен  ҿткізуге  болады.  Алайда  тҽжірибелік 
ҽдістің  бұл  үш  кезеңі  болашақ  бесінші  сыныпқа  дайындық  түрінде  тҿртіншісі 
эксперименттік  сыныпта  ҿткізіледі.  Бұл  сатылы  кезеңде,  біріншіден  ҽр  оқушы 
ҿзінің  орындаған  жұмысын  хабарлайды.  Екіншіден,  ұжымдық  түрде  орындаған 
жұмыстың  нҽтижесі  туралы  ҽңгіме  ҿткізеді.  Үшіншіден,  тҽжірибелік  ҽдістің 
нақты  қорытындысын  мұғалімнің  ҿзі  анықтап,  оқушылар  орындаған 
жұмыстардың нҽтижесін қорытып баяндайды. 
Тҽжірибелік ҽдістің ішінде жиі қолданылатыны - жаттығу ҽдісі. Бастауыш 
сынып үшін ең пайдалысы осы ҽдіс болып табылады. Қазақ мектептеріндегі  бұл 
ҽдісті  академик  О.Жҽутіков  еңгізді.  Тҽжірибе  кҿрсеткеніндей,  бұл  ҽдіс 
оқушыларда  біліктер  мен  дағдыларды  қалыптастырады.  Оқу  барысында 
техникалық  ережелер  мен  қағидаларды  қайта  пысықтап,  тиянақты  меңгеру 
жаттығу  арқылы  орындалады.  Сондықтан  бұл  ҽдісті  бастауыштың  барлық 
пҽндеріне қолдануға болады. Мысалы, есеп сабағында (математика) жазбаша есеп 
шығару, тіл сабақтарында диктант жазу, грамматика жҽне фонетика жұмыстарын 
орындау,  т.б.  Сондай-ақ,  сурет  салу,  сызбалар  сызу,  диаграммалар  құру, 
математикалық сызбалар сызу, т.б. жатады. 
Бастауыш  сыныптың  жас  ерекшелігіне  байланысты  жаттығу  ҽдісінің 
артықшылығы  оқушының  ҿздігінен  орындау  белсендігін  арттырады.  Ҿзіндік 
жұмыстар  математикалық  есептер  құрастыру  арқылы  жиі  орындылады.  Бұл 
математиканың негізгі түрі болып саналады, мұны ғалымдар ҽр пҽнде қолданатын 
болғандықтан жазбаша жаттығу деп атаған. 
Математикада  пайдалы  ҽдістің  бірі  ауызша  баяндау.  Біріншіден, 
математиканың  ережелері  мен  қағидаларын  жатқа  айта  білу.  Екіншісі  - 
математикалық  ережелердің  мазмұнын  ауызекі  баяндау.  Үшінші,  қолданбалы 
математиканың кейбір теориялық қағидаларын жатқа айту. 
Математикада  қолданылатын  ҽдістер  -  математикалық  процестердің 
барлық  кезеңдерінде  оқытудың  түрлі  мақсат,  міндеттерін  орындау  барысында 
оқушылардың  таным  ҽрекетін  арттыруға  бағытталады.  Сондықтан,  математика-
дағы  таным  ҽрекетінің  белсенділігін  арттыруға  септігін  тигізетін  ҽдістерге 
айрықша назар аудару қажет. 
Бастауыш  сыныпта  математикаға,  оның  ҽрбір  тақырыбына  сҽйкес,  оқыту 
ҽдісін  мұғалімнің  таңдап  алуы  мынадай  белгілі  шарттарға  байланысты  болып 
келеді: 
-
 
оқыту ҽдісін, оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас жҽне таным 
ҽрекетінің ерекшелігіне сай қолдану; 
-
 
қолда  бар  нақтылы  кҿрнекі  жҽне  техника  құралдарын,  кабинет 
жабдықтарын ескеру; 
-
 
мұғалімнің  педагогикалық  шеберлігі  мен  іс-тҽжірибесінің  шығармашы-
лық  сипатына,  оның  шеберлігіне  тікелей  байланысты  шараларды  іске 
асыру; 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         35 
 
-
 
тҽжірибе  кҿрсеткеніндей,  математика  пҽнінің  бастауыш  сыныптағы 
нҽтижелі болуы, мақсаттың жүзеге асуына байланысты. Мұғалім қандай 
тақырып ҿтсе де, ең алдымен, оның мақсатын анықтауы тиіс.  
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1. Ҽбенбаев С.Ш.,. Құдиярова А.М, Ҽбиев Ж.Ҽ.  Педагогика.  -А., 2003.  
2. Нысанбаев Ҽ. Математика жҽне дүние тану.  -А.,1973. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  бастауыш  сынып  математикасын  оқытуда  кҿрнекілікті 
пайдаланудың  демонстрация,  иллюстрация,  тҽжірибелік  ҽдістері  қарастырылған. 
Математикада  қолданылатын  ҽдістер  -  математикалық  процестердің  барлық 
кезеңдерінде  оқытудың  түрлі  мақсат,  міндеттерін  орындау  барысында 
оқушылардың таным ҽрекетін арттыруға бағытталғаны кҿрсетілген.  
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  показана  необходимость  применения  на  уроках  математики 
начальной  школы  таких  методов  обучения  как  демонстрация  и  иллюстрация, 
которые  способствует  развитию  познавательной  деятельности  и  усвояемости 
материала. 
 
 
 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ 
БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 
      
Жиенбаева С.Н.  (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ) 
 
          Егемен  елімізде  табандылықпен  жылжу  саясаты  қоғамымыздың  барлық 
саласында  түбегейлі  ҿзгерістер  енгізіп  жаңа  талаптар  қойылып  отыр.    Соның  
ішінде  болашақ  ұрпаққа  ҽлемдік  деңгейде  білім  беру  мақсатына  орай  білім 
мазмұнына  жаңаша  қарау  басты  міндеттердің  бірі.  Қазіргі  кезде  елімізде  білім 
берудің  жаңа  жүйесінің  жасалынуы,  оның  парадигмасының  ҿзгеруі,  білім 
мазмұны  мен  ҽдіс-тҽсілдерінің  жаңаруы  бҽсекелестікке  қабілеті  мол, 
шығармашылық  бағытта  еңбектенетін,  ой  қабілетімен  ерекшеленетін  азаматты 
тҽрбиелеуді  кҿздейді.  12-жылдық  білім  берудегі  ҿзгешеліктердің  бірі  баланың 
мектепке 6 жастан қабылданып, технологиялық білім беруді бастауыш мектептен 
бастау  болып  табылады.  Бұның  ҿзі  ғылыми-техникалық  прогрестің  даму 
бағытындағы,  ғылым  мен  технологияның  жаңа  сапалық  деңгейге  кҿтерілуінде 
ҿмір сүре алатын жҽне соны жасайтын ұрпақ дайындауды кҿрсетеді.  
     
Философиялық,  психологиялық,  педагогикалық  теорияларды  талдай  келе, 
«Технология»  ұғымы  кҿп  қырлы  екендігі  анықталды.  Ағылшын  тілінен 
аударғанда «техника», ал грек тілінде «шебер немесе шебер туралы ғылым» деген 
мағынаны  білдіреді.  Философиялық  тұрғыдан  «қозғалыс,  дамуға  бағытталған, 
жаңа  сапалық  деңгейге  ҿту,  адамның  ҽрекеті»  деп  түсіндіріледі.  Сол  сияқты 
ҽдебиеттерде  технологияның  механикалық,  физикалық,  химиялық,  биологиялық, 
ҽлеуметтік,  геологиялық,  планетарлық,  ақпарттық,  педагогикалық  жҽне  басқа 
түрлері кездеседі. 

36
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
    
В.П.Беспальконың  пікірінше,  кез  келген  ҽрекет  не  технология,  не  ҿнер 
болуы  мүмкін,  «Ҿнер  интуицияға,  ал  технология  ғылымға  негізделеді.  Барлығы 
ҿнерден  басталып,  технологиямен  аяқталады»  деп  тұжырымдаған.  С.А.Смирнов 
технологияның  ҿндірістік  жҽне  ҽлеуметтік  түрлерін  бҿліп  кҿрсеткен.  Автордың 
пікірінше,  ҿндірістік  технологияға  табиғи  шикізат  ҿнімдерін қайта  ҿңдеу  немесе 
одан дайын ҿнімдер алу, ҿндірістік технологияны «материалды, шикізатты ҿңдеу, 
дайындау, қасиетін, формасын ҿзгерту ҽдістерінің жиынтығы, оның ҿндіріс ҿнімін 
шығару үрдісінде жүзеге асуы» жатады. 
      
Ҽлеуметтік  технологияға  бастапқы  жҽне  соңғы  нҽтижесін  адамның  бір 
немесе  бірнеше  қасиеттерін  ҿзгерту  жатады.  Педагогикалық  ҽдебиеттерде 
технологияға бірнеше анықтамалар берілген. 
       
Технология – бұл  егжей-тегжейі ойластырылған бірлескен педагогикалық 
ҽрекет,  мұғалім  мен  оқушы  үшін  толық  жабдықталған  оқу  үрдісін  жобалау, 
ұйымдастыру  жҽне  ҿткізу  моделі  (В.М.Монахов).  Педагогикалық  технология  – 
бұл  жоспарланған  оқу  нҽтижесіне  жету  үрдісін  сипаттау  (И.П.Волков). 
Педагогикалық  технология  –  педагогикалық  мақсатқа  жетуде  қолданылатын 
барлық жеке тұлғалық, инструментальдық жҽне ҽдіснамалық құралдардың жұмыс 
істеу  реті  жҽне  жүйелі  жиынтығы  (М.В.Кларин).  Педагогикалық  технология  –  
бұл 
тҽжірибеде 
жүзеге 
асатын 
педагогикалық 
жүйелердің 
жобасы 
(В.П.Беспалько).  В.М.Казакевич  технологияны  жабдықтар,  құрал-саймандарға, 
техникалық  білім,  дағдымен  сҽйкестендірілген  ҽдістер  жиынтығы  деп  анықтама 
берген. Дегенмен, В.Д.Смирновтың зерттеуінде технология ұғымының кҿп қырлы 
екендігі  ҽдіснамалық  тұрғыдан  түсіндіріліп,  ғылым  ретінде    алмасу  жҽне  қайта 
жасау құралы, қоғам, ҿндіріс жҽне адам дамуының кҿрсеткіші ретінде, таным кҿзі 
ретінде,  білімді  жинақтау  жҽне  талдау,  индукция  жҽне  дедукция,  теория  мен 
тҽжірибе,  тұрмыс  пен  сананың  бірлігін  қамтамасыз  етеді,  мҽдени  ұғым  ретінде 
материалдық  жҽне  рухани  мҽдениеттің  бірлігі  ретінде  түсіндіріледі.  Автор 
осыларды  негізге  ала  отырып,  бірнеше  аспектілерін  бҿлген:  ҽлеуметтік 
(технология жҽне қоғам), антропологиялық (технология жҽне адам), экологиялық 
(технология-табиғат),  мҽдениетану  (технология  жҽне  мҽдениет).    В.Д.Смирнов 
технология ұғымын зерттей келе, тҿмендегідей үш топқа топтастырды: 
1.
 
Материалдық  ҿндіріс  технологиясы,  оған  энергетикалық  технология, 
металлургиялық технология, құрылыс технологиясы,т.б.; 
2.
 
Ҿндірістік емес технологияға педагогикалық технология, ғылыми зерттеуді 
жүргізу  технологиясы,  медициналық  технология,  сауда  технологиясы, 
тұрмыс  технологиясы,  кҿркем  жҽне  ақпараттық  қызмет  жасау 
технологиясы жҽне т.б.; 
3.
 
Тіршіліктегі  түрлі  технологияға  танымдық  ҽрекет  технологиясы,  еңбек 
ҽрекеті  технологиясы,  кҿркемдік  жҽне  техникалық  шығармашылық 
технологиясы,  қарым-қатынас  технологиясы,  ойын  ҽрекет  технологиясы, 
ақпараттық технологиясын жатқызған.  
      В.С.Степина,  П.С.Гуревич,  Д.Б.Крылов,  т.б.  авторлар  технологияның 
құрылымы  мен  жүзеге  асу  механизмі  адамның  тарихи  дамуымен  жҽне 
мҽдениетімен  тығыз  байланысты  екендігін  айтқан.  Бүгінгі  қоғамның  ҽлеуметтік-
экономикалық  дамуы,  жаһандану  мҽселелері,  ҿркениетті  елдер  қатарына  қосылу 
қарсаңында,  жаңа  мҽдениетті  енгізуді  талап  етіп  отыр.  Атап  айтсақ,  адамның 
табиғатқа,  қоғамдық-тарихи,  мҽдени,  экономикалық,  технологиялық  ҿркендеуге 
қатынасының  ҿзгеруі,  технологиялық  мҽдениетін  қалыптастырады.  Бұл  жҿнінде 
ғалым  П.С.Гуревич  технологиялық  мҽдениет  жалпы  адам  мҽдениетінің  басты 
аймағы,  жоғары  технологиялық  қоғамның  феномені,  адамның  қабілеті, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         37 
 
шығармашылық  күшін,  білім,  білігін  іске  асырып,  технологиялық  ҽлемді  игеруі 
деп  түйіндеген.  Аталған  ғалымдардың  теориясын  негізге  ала  отырып,  бастауыш 
сыныптан  бастап,  технология  пҽнінен  бастапқы  технологиялық  білім  беріп, 
технологиялық  мҽдениетін  қалыптастыру  кҿзделеді.  Оқыту  үрдісінде  бастауыш 
сынып оқушыларын технологиялық мҽдениеттің ҽлемдік құндылықтарына тарту, 
қоршаған  ортаны  зерттеу  тҽсілдерімен  таныстыру,  еңбекте  шығармашылық 
деңгейде  білім  жҽне  біліктілігін  қолдану,  жеке  тұлғаның  моральдық-этикалық 
сапаларын  қалыптастыру,  мамандық  таңдауға  қызығушылығын  ояту  жүзеге 
асады. 
          
Адамзат  қоғамының  дамуының  барлық  кезеңінде    жас  ұрпақты  еңбекке 
дайындау  негізгі  ҽлеуметтік-педагогикалық  мҽселелердің  қатарында  жетекші 
орын алып келеді. Еңбекке баулу ҿз мүддесі жҽне болашақ қоғам үшін еңбектене 
білетін,  ойлау  дҽрежесі  биік,  еңбекқор,  іскер,  дамыған  адам  даярлау  мақсатына 
бағытталады.  Адамның  адам  болып  қалыптасуындағы  еңбектің  маңызын 
ескерсек, баланы еңбекке баулудың қаншалықты құндылығын түсіну қиын емес. 
      
 Еңбекке  баулудың  отандық  жҽне  шетелдік  педагогикалық  тҽжірибесін 
талдай  келе  еңбек  баланың  үйлесімді  дамуын  қамтамасыз  ететін  орасан  зор 
алғышарт  екендігін  тұжырымдаймыз.  Бұл  проблеманың  мазмұндық  жҽне 
процессуалдық 
аспектісі 
қоғамның 
ҽлеуметтік-саяси, 
экономикалық, 
технологиялық  даму  деңгейіне  жҽне  психологиялық-педагогикалық  білім 
аймағына да байланысты.  
       
 Педагогика  теориясы  мен  практикасында  1884  жылдан  бастап  жас 
ұрпақты  ҿздігімен  еңбектену  ҽрекетіне  дайындауды  жалпы  білім  беретін 
мекемеде  еңбекке  баулу  арқылы  шешу  ұйғарылған.  1886  жылы  Швециялық 
мектеп  директоры  Сант-Илер  «Қол  еңбегін  оқыту  негіздері»  атты  еңбек  жазды. 
Ресейде  1901  жылы  «Қол  еңбегі  мен  сызу  пҽндерін  оқыту»  деп  аталатын 
бағдарлама ұсынылып, онда жас ұрпақты еңбекке дайындау, кҽсіби бағдар берілуі 
керектігі кҿрсетілген. 
     
Елімізде  тұңғыш  рет  Ы.Алтынсарин  1887-1888  жылдары  орыс-қазақ 
мектебін  алғаш  ашқанда  сабақты  еңбекке  баулудан  бастаған.  1881  жылы 
Н.И.Ильминскийге жазған хатында «Сізде қол ҿнерін, бау-бақша, огород істерін,  
мал шаруашылығын жҽне егіншілік кҽсібін үйретуге арналған практикалық жеңіл 
оқу құралы жоқ па?» - деп сұрауынан-ақ қалам ұстап, сауатын аша бастаған қазақ 
баласының  еңбек  дағдыларын  меңгеріп,  ҿнермен  белгілі  бір  кҽсіппен 
шұғылдануын  армандағанын  кҿреміз.  1882  жылы  Торғай  облысындағы  оқу 
жұмысының  жайы  туралы  есебінде:  «Қарапайым  халықтың  тұрмысына  қажетті, 
киім  тігу,  киім  пішу,  шҽлі,  түбіт  шарқат  тоқу,  жіп  шалу  жҽне  қазақтардың 
қолында кҿп болатын жүн, қылшық секілді материалдардан ҿрмек тоқу, киіз басу 
жҽне  тақыр  кілемдер  тоқу  сияқты  ҽйелдер  істейтін  жұмыстар  үйретіледі»  -  деп 
жазған. Дегенмен, еңбекке баулудың оқытылуының ҿзіндік тарихы бар. 
     
Кеңес  үкіметінің  алғашқы  кезеңдерінде  болашақ  ұрпақты  еңбекке  баулу 
К.Д.Ушинский,  П.П.Блонский,  С.Т.Шацкий,  В.А.Сухомлинский,  К.Ю.Цирюля, 
И.А.Стебута,  П.А.Кропоткин,  А.С.Макаренконың  гумманистік  идеяларының 
негізінде дамыды.   Кіші  мектеп  оқушыларын  еңбекке  баулу  мҽселесі 
И.Я.Рожнева,  Е.П.Тонконова,  С.Ф.Трифонова,  И.Г.Майорова,  И.П.Фрейтаг, 
М.И.Гусакова  еңбектерінде  теориялық  тұрғыдан  негізі  қаланып,  мазмұны 
анықталған.  Л.П.Заречная,  А.В.Леонтьев,  В.Д.Симоненко,  Д.А.Махотиннің 
зерттеулерінде  еңбекке баулудың барлық тарихи, ҽлеуметтік-экономикалық даму 
тенденциялары анықталып, тҿрт кезеңге бҿліп кҿрсетілген.  

38
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
     
 Бірінші  кезеңі  -  революцияға  дейінгі  жҽне  1917  жылдары  мектепте 
еңбекке  баулу  арнаулы  пҽн  ретінде  жүргізілген,  бұл  экономикадағы  қолҿнер 
жұмысшы кадрлардың қажеттілігінен туындаған. Бұл кезеңде «қол еңбегі» ( К.Ю. 
Цироль)  ұғымының  енуіне  байланысты  болып,  оқу  шеберханасында 
материалдарды  ҿңдеп  практикалық  сабақ  түрінде  ҿткізілді.    Пҽннің  мазмұнына 
қолҿнер  түрлеріне  бағытталған  (ағаш  ҿңдеу,  етікші,  т.б)  еңбектер  енді  жҽне 
матералдарды кҿркем ҿңдеу, қол еңбегі, ауыл шарауашылық еңбектері қамтылды. 
Қол  еңбегіне  үйрету  үлгіге  қарап  бұйымдар  дайындаудан  басталды.  Мұндағы 
педагогикалық  мақсат  оқушылардың  қол  еңбегі  арқылы  жалпы  еңбек  жҽне 
арнаулы білім, білік, дағдыларын қалыптастыруды кҿздеді. 
Бірте-бірте  қол  еңбегіне  баулу  ҽдістемесі  қалыптасып,  1915  жылы  типтік 
бағдарламасы  қабылданып,  онда  тек  ұйымдастырылу  ғана  емес,  ҽдістемелік 
жағынан  кҿрсетілді.  Онда  сабақта  практикалық  сабақтан  басқа  «түсіндіру» 
сабақтары  жүргізілуі  керектігі  айтылды.  Мұғалім  тақтаға  жасалатын  бұйымның 
сызбасын кҿрсетіп, орындау жүйелігін, жолдарын  жҽне құрал-саймандарды қалай 
қолдануды түсіндіреді. 
Екінші  кезең  -  1918-1937  жылдардағы  тарихи,  саяси,  экономикалық  , 
ҽлеуметтік  ҿзгерістерге  байланысты  еңбекке  баулудың  мазмұнында  ҿзгерістер 
болды. Сол кездегі экономиканы тез қалпына келтіру жҽне ҿндірістің тез дамуы, 
социалистік 
қоғамның 
құрылу 
жүйесіне 
қарай 
мектепте 
оқытудың 
политехникалық  принципі  енгізілді.  Еңбекке  баулудың  басты  мақсаты:  ҿндіріс 
саласының қажеттілігіне қарай түрлі еңбектің негізінде оқушыларды ҽлеуметтік-
еңбекке бейімдеуге бағытталды. 
     
1919  жылы  қол  еңбегі  бойынша  бағдарлама  жарияланып,ол  «Ҿнегелі  қол 
еңбегі  бағдарламасы»  деп  аталды.  1925-1927  жылдары  қайта  ҿңделіп,  ол  «Қол 
еңбегі  бағдарламасы»  деген  атпен  шықты.  Оқушыларды  ғылыми  принцип 
негізінде  материалдармен  жҽне  құрал-саймандармен  таныстыру,  ең  маңызды 
ҿндіріс  салаларымен  таныстыру,  индустрияландырудағы  еңбекке  саналық 
кҿзқарасын  тҽрбиелеу  кҿзделді.  Оқыту  мазмұны  ағаш  жҽне  металл  ҿңдеу, 
электормонтаж жасау, түптеу жұмыстары, үй шаруашылығы, ауыл шаруашылығы 
кешенді  бағдарламасы  жҽне  жобасы  бойынша    жүргізілді.  Бұл  оқыту  мазмұны 
1932-1933  оқу  жылдарына  дейін  орындалып  кейінгі  бағдарламаларда  еңбектің 
политехникалық  жағы  күшейтілді.  Бірақ  1930  жылдары  маманданған  кадрларды 
дайындау  қажеттілігіне  байланысты  еңбекке  баулу  пҽнінің  практикалық  жағына 
ерекше  мҽн  беру  мен  мектепте  ғылыми  білімді  күшейту  қажеттілігінің 
арасындағы  қарам-қайшылықтың  тууы,  еңбекке  баулу  пҽнін  алып  тастады. 
Елімізде  1922  жылы  халық  ағарту  комиссариаты  мектептегі  оқу  жоспарына 
еңбекке баулуды арнаулы пҽн ретінде екі сағаттан оқу жоспарына енгізді. 
Үшінші  кезең  -  1952-1990  жылдар  арасында  қоғамдық  ҿндіріске  жаппай 
жұмысшы  күші  қажеттлігіне  қарай  мектепте  білім  беру  мазмұнына  пҽн  ретінде 
қайта  енгізілді.  Тек  1954-1955  оқу  жылынан  бастап,  еңбекке  баулу  бастауыш 
сыныптан  бастап  пҽн  ретінде  қосылды.  Пҽннің  мазмұнында  қол  еңбегі  қағаз, 
қатырма  қағаз,  матамен  жұмыс,  ағашпен,  металмен  қарапайым  жұмыстар, 
құрастыру,  электортехника  негіздері  үйретілді.  Бұл  кезең  оқушыларды  жалпы 
еңбекке  дайындауды  күшейтумен  сипатталып,  кҽсіби  бағдарын  қалыптастыруға 
оның ішінде бейіндік алпыс бағытта жүргізіліп, кҽсіби оқытуға дейінгі жұмыстар 
жүргізілуімен ерекшеленеді. 
       
 Тҿртінші  кезең  -1993  жылдан  бүгінгі  күнгі  тҽуелсіз  елдердің  қатарына 
қосылып,  нарықтық  экономика  жҽне  технологиялық  революция  қарсаңын 
қамтиды.    Қазақстанда  1997  жылы  «Еңбекке  баулу»  1-4  сыныптарға  арналған 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         39 
 
жаңа буын оқулығы, оқу-ҽдістемелік кешен тұңғыш рет жарыққа шықты. Еңбекке 
баулу  оқулығының  теориялық  негізін  жасауға  П.Р.Атутов,  В.Д.Симоненко, 
Ю.Л.Хотунцев, О.С.Сатқанов, С.Қаңтарбаевтың зерттеулері басшылыққа алынды. 
     
Жаңа  буын  оқулығының  ерекшелігі:  кҿп  деңгейлілігі,  кешенді  құрылуы 
жҽне  дамыта  оқыту  технологиясына  негізделіп,  ұлттық  еңбек  сипаттары 
қамтылған. Осы кезеңде «технологиялық білім», «технологиялық мҽдениет» жаңа 
ұғымдарының  шығуына  байланысты  еңбекке  баулу  «Технология»  деп  аталып 
отыр.    1998  жылы  «Технология»  пҽнінің  орта  білім  стандарты  жазылып,  2002 
жылы  толықтырылу  енгізілді.  Стандарт  мазмұнында  оқушылардың  дайындық 
деңгейіне қойылатын талаптар кҿрсетілген. 
       
12-жылдық  жалпы  білім  беру  тұжырымдамасында  «Технология»  1-
сыныптан  бастап  жүргізіліп,  мазмұны  тҿмендегідей  негізгі  міндеттерді  шешуге 
бағытталады: 
-
 
оқушыларға  технологиялық  білім  жҽне  біліктілік  негізінде  технологиялық 
құзырлылық  қалыптастырып,  жасампаз  жҽне  түрлендіре  алатын  ҽрекеттің 
негізі қаланады; 
-
 
оқушыларда  ішкі  қажеттілігін  жҽне  үрдіске,  оның  нҽтижесіне  құрметін 
қалыптастыру; 
-
 
оқушыларды түрлі кҽсіби ҽрекеттермен таныстыру жҽне ҿзін кҽсіби тұрғыда 
анықтауын жағдай жасау; 
-
 
оқушыларда  еңбек,  графикалық,  кҽсіпкер,  экологиялық,  ақпараттық, 
этикалық, эстетикалық мҽдениеті қалыптасады
-
 
оқушыларды  ҿзін-ҿзі  таратушы,  ҿзін-ҿзі  таныту  жҽне  ҽлеуметтендіру 
мүмкіндігімен қамтамасыз ету.  
      
Шетел  тҽжірибесінде  Ұлыбританияда,  Францияда,  АҚШ,  Австралиядағы 
жалпы  білім  беру  жүйесінде  технологиялық  білім  беру  бҿлек  “Технология”пҽні 
ретінде  жүргізіледі.  Гонконг,  Сингапур,  Оңтүстік  Корея,  Тайванда  бастауыш 
мектеп  оқушыларына  міндетті,  ал  жоғары  сынып  оқушыларына  таңдаулы  пҽн 
болып  саналады.  Оның  мазмұны  жобалау  процесіне,  ақпараттық  технологияға, 
ақыл-ой  күшін  талап  ететін  проблемалық  тапсырмаларды  шешкізіп,  ҿндірістік 
процестер қамтылады. 
      
Ғалым  М.Б.Павлов  салыстырмалы  талдау  барысында  Австралия, 
Ұлыбритания,  АҚШ,  Ресейдің  технологиялық  білім  берудегі  ҿзіндік  бағыттарын 
анықтаған.  Ресейдегі  білім  беру  бағыттарының  сипаты:  топқа  бағдарлану; 
делдалдық  жҽне  тұтастық;  білімдегі  энциклопедизм,  кең  кҿлемді  білім; 
моральдық  сұрақтар  жоғары  интеллектуалдық  деңгейде  кҿзқараспен  келу; 
ғылыми  зерттеулерге  теориялық  тұрғыдан  қарау  қамтылады.  Англиядағы  білім 
беру бағыттары: баланың даралығына ізгілендіру тұрғыда бағдарлану, жеке дара 
қажеттілігіне  қарай    терең  білім,  кҽсіптендіру;  моральдық  сапалар:  парызына 
сенім,  қайырымдылық,  басқаның  пікірін  ескере  білу  қабілеті,  ҽрекетке  сүйену 
қамтылады.  
    
Біздің  елімізде    1998  жылдан  бері  “Технология  ”  пҽнінен  орта  білім  беру  
міндеттері,  мазмұны  жетілдірілді.  Еңбектің  ҽлеуметтік-экономикалық  мҽнін, 
қоғам  мен  жеке  адамның  дамуындағы  орнын    түсіндіру,  еңбек  адамы  ҿндіруші 
еңбектің иесі екендігін үйрету арқылы еңбекке қабілетін, біліктілікке, шеберлікке 
баулу  кҿзделген.  Жоғарыдағы  шетел  жҽне  еліміздегі  технологиялық  білім 
берудегі  теориялар  мен  тҽжірибелерді  саралай  келе,  мынадай  дҽстүрлі  еңбекке 
баулудағы  кемшіліктер  жіберілмеу  керек  деп  есептейміз.  Мҽселен,  бастауыш 
сыныпта жҽне басқа сатыларында: 

40
 
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006 
 
-
 
оқытуда  оқушылардың  тек  орындаушы  қызметін  атқарып,    шығармашылық 
жҽне  жобалау  қызметтерін  дамытуға,  бағдарлану  жҽне  бақылау-бағалау 
ҽрекеттеріне мҽн берілмеуі; 
-
 
еңбекке  баулу  мазмұнында  оқушылардың  жеке  қызығуын,  икемділігін, 
қажеттілігін ескермеу, пҽнге деген мотивациясының тҿмендеуі; 
-
 
еңбекке баулу мазмұнындағы ҽлеуметтік тҽжірибенің аздығы, оқушылардың 
ҽлемдік технологиялық мҽдениет құндылықтарына қатысын тоқтатады; 
-
 
еңбекке  баулудың  дҽстүрлі  ұйымдастыру  формасы,  ҽдіс-тҽсілдері 
оқушыларға  зерттеу,  жобалау,  шығармашылық  ҽрекеттеріне  белсене 
араласуына  тежеу  болды.  Дегенмен,  еңбекке  баулудың  кҿп  жылдық 
тҽжірибесі  оқушыларды  еңбекке  сүйгіштікке,  еңбекке  дұрыс  қатынасын 
тҽрбиелеуде,  ҽртүрлі  материалдарды  ҿңдеуде  практикалық  біліктілік  пен 
дағды  қалыптастыруда,  политехникалық  кҿзқарасын  кеңейтуде  жҽне 
мамандық ҽлеміне түсініктеме беруде маңызы ерекше.  
Міне,  осы  жетістіктерге  сүйене  отырып,  бастауыш  сыныптан  бастап 
технологиялық  білім  беруді  жаңа  сапалық  мазмұнда  қайта  құруға  болады. 
Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 
тұжырымдамасында “Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі оқытудың мазмұны 
фактологиялық  күйінде  қалып  отыр,  пҽндік  тҽсілге  негізделген  мемлекеттік 
стандарттар  моральдық  тұрғыдан  ескірген.  Мектепте  оқушының  ҿмірлік  жолын, 
мүдделері  мен  болашаған  таңдауға  нақты  дҽлелдемелер  бермейді...  Орта  білім 
берудің мақсаты - жылдам ҿзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең 
білімнің,  кҽсіби  дағдылардың  негізінде  еркін  бағдарлай  білуге,  ҿзін-ҿзі  іске 
асыруға,  ҿзін-ҿзі  дамытуға,  ҿздігімен  дұрыс  адамгершілік  тұрғыда  шешім 
қабылдай  білуге  қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру”,-  делінген.  Сондықтан 
бастауыш мектептен  енгізіліп отырған “Технология” пҽнінің мазмұнына жаңаша 
кҿзқараспен  қарауды  талап  етеді.  Соңғы  психологиялық-педагогикалық 
ҽдебиеттерді негізге ала отырып, мынадай бағыттарды: 
-
 
білім мазмұнының кҿлемі баланың психологиялық жҽне дене дамуына жҽне 
шамасына сай келуі; 
-
 
бастауыш  білім  беру  сатысындағы  балалардың  жас  ерекшелігі  даму 
заңдылықтарына, ерекшелігіне, мүмкіндігіне сай келуі; 
-
 
білім беру жҽне тҽрбиелеу мазмұны жеке тұлғаға бағдарлана жүргізілуі; 
-
 
білім беру нҽтижесі ҿмір сұраныстарына сҽйкес келуі; 
-
 
оқу-танымдық,  коммуникативтік,  практикалық,  шығармашылық  ҽрекеттік 
сипатта жүргізілу арқылы білік, дағдыны меңгерту
-
 
пҽнаралық байланыспен білім беруді кешенді жүргізу; 
-
 
білім  берудің  мектепке  дейінгі  сатысынан  жоғары  сатыға  дейін 
сабақтастықпен  жүргізуді  басшылыққа  алғанда  технологиялық  білім  беруді 
оңтайлы жүзе асыруды қамтамасыз етеді. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Концепция развития образования в РК до 2015. -Астана, 2004. 
2.
 
Кенжебеков Б., Құтпанбаев Ҽ. “Технология” пҽнін оқыту тұжырымдамасы. // 
Қазақстан мектебі.– 1999. №6. 30-34 б. 
3.
 
Атутов П.Р. Технология и современное образование. //Педагогика.– 1996. №2. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  бүгінгі  таңдағы  технология  пҽнінің  бастауыш  мектептен  бастап 
жүргізілу қажеттілігі, оның қалыптасу тарихы ашылған 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы  №4, 2006         41 
 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается  вопрос  необходимости  изучения  предмета 
технология в начальном классе общеобразовательной школы. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет