БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ТИІМДІ
ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Қоқымбаева Т. И. (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)
Бастауыш сыныптың озат мұғалімдері сабақтарында оқытудың тиімді
ҽдістерін қолдануға баса кҿңіл бҿледі. Білім беруде ҽдістерді дұрыс іріктеу үшін
оқыту ҽдістерінің теориясы мен тҽжірибесін жете білу қажет.
Оқыту әдісі - екі жақты процесс. Мұғалім баяндайды, ҽңгімелейді,
түсіндіреді, сонымен қатар заттарды немесе кҿрнекі құралдар мен техникалык
құралдарды кҿрсетеді, ал оқушылар тыңдайды, қызығады, қабылдайды,
бақылайды, ойланады жҽне т.б. таным ҽрекеттерін жасайды. Мұғалім оқыту ҽдісі
арқылы окушыларға білім беруде ҿзінің ic-ҽрекетін балалардың таным ҽрекетіне
басшылык етумен байланыстырады. Сонымен, оқыту ҽдісі дегеніміз - оқушыларға
білім беру жҽне оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп
жасайтын кызметі мен қарым-қатынасының тҽсіл-амалдары.
Сабақта берілетін оқу материалын оқушыларға жеткізу үшін ҽр түрлі оқыту
ҽдістерін қолданудың тиімділігін тҽжірибе кҿрсетіп отыр. Tіпті бip мазмұндағы
оқу материалын меңгерту түрлі ҽдістер арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Білім беру үрдісінде ең жиі қолданылатын оқыту ҽдісі - ол мұғалімнің
ауызша баяндауы. Сабақтың мазмұнын ашуда сҿздің кұдыреті күшті. Сондықтан
да сҿздік ҽдіс сабақтың түрлі кезеңдерінде ҽсіресе, жаңа материалды түсіндіру
барысында кеңінен орын алады. В.А.Сухомлинский баланың ойы мен тілін
дамытудағы сҿздің мҽніне тоқталып “СҾЗ - ең маңызды педагогикалық құрал,
оны еш нҽрсемен ауыстыра алмайсың. Бастауыш сыныптың мұғалімі - ең
алдымен тіл маманы” – деген.
Сҿздік ҽдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың
таным белсенділігін дамытуға (зейін, қабылдау, ойлау т.б. процестерін) байланыс-
ты ҽрекет жасайды. Мұғалім ҿзінің баяндауын басқа ҽдістердің тҽсілдерімен
ұштастырады (бақылау, ҽңгіме, жазбаша жҽне графикалық жұмыстар т.б.).
Мұғалім ҿзінің сҿзін кҿрнекі бейнелермен сабақтастырып, түрлі кҿрнекі
жҽне техникалық құралдарды кҿрсетеді, сонымен қатар кҿркем сҿзді де
пайдаланады. Мұғалімнің ауызша баяндауы барысында сұрақтардың анық жҽне
түсінікті болуы мҽтін мазмұнына байланысты түрлі жағдаяттар тудырып оны
оқушыларға шештіру баяндалатын материалдың ең маңызды жерлеріне
айырықша мҽн беру жҽне баяндаудың жүйелі, дҽлелді болуы сҿздік ҽдіске
қойылатын негізгі талаптардың бірі.
Мұғалімнің сҿзі ҽсерлі, тартымды, сенімді, сонымен қатар дауыс ырғағы мен
мимикасы бет-ҽлпет құбылысы мҽнерлі жҽне бай болуға тиіс.
«Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нҽрсені түсінбесе, онда
мұғалім шҽкірттерді кінҽламай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін ҿзін-ҿзі
кіналауы керек. Мұғалім балалармен сҿйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей,
сабырлықпен сҿйлеп, шұбалаңқы сҿздер мен керексіз терминдерді қолданбастан
42
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006
ҽрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіруі керек», - деген
Ы.Алтынсарин.
Тақырыпты оқыту барысында түрлі ҽдістерді қолданудың тиімділігін озат
мұғалімдердің іс-тҽжірибесі кҿрсетіп отыр. Мҽселен, үшінші сыныпта ана тілі мен
ҿтілген сабақтың ҽдістерін қарастырып кҿрейік.
Сабақтың тақырыбы: Абай жҽне табиғат. “Жаз” ҿлеңін оқыту.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға Абай туралы түсінік беру жҽне
“Жаз” ҿлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық ҽрекеті мен танымдық
белсенділігін тақырып мазмұнына қызығуын, жүйелі ойын, ойлау ҽрекетін
дамыту. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау.
Тәрбиелік: Тұған жерінің табиғатын сүюге эстетикалық талғамдылыққа
тҽрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.
Қолданатын әдістер: Сҿздік баяндау, ҽңгіме, оқулықпен жұмыс, түрлі бейнелі
кҿрнекілік. Абай портреті. Жаз мезгілінің суреті.
Сабақтың барысы:
І. Үй тапсырмасын тексеру, ҿткен материалды пысықтау ретінде сұрақ-
жауап тҽсілі арқылы жүзеге асады.
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жоспары:
а) Мұғалімнің кіріспе сҿзі;
ҽ) Мҽтінді мҽнерлеп оқу;
б) “Жаз” ҿлеңінің тақырыбы мен мазмұнын түсіндіру;
в) Сҿздік жұмыс;
г) Мҽнерлеп оқу;
ғ) Ҿздігінен жұмыс;
д) Сазгерлік ҿнер. Абайдың “Желсіз түнде жарық ай” ҽнін тыңдату;
е) Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау;
ж) Үйге тапсырма “Жаз” ҿлеңін жаттау жҽне “Желсіз түнде жарық ай”
ҽнінің сҿзін жаттап келу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.
Ауызша баяндау арқылы Абайдың ҿмірі мен шығармашылық ҿнері туралы
ҽңгімелеу,
2.
Мҽтінді мҽнерлеп оқытып ҽр шумақтың мҽнін талдау,
3.
Жаз ҿлеңінің тақырыбы мен оның мазмұнын түсіндіру жҽне оқушылардың
ұғымын байқау,
4.
Сҿздік жұмыс ҿлеңіндегі бейнелі кҿркемдегіш сҿздерді анықтау. Бұл
оқушылардың бақылауын зейінің байқауға мүмкіндік береді,
5.
Жаздың суретін кҿрсетіп осыған байланысты ҿлеңнің оқушылардың
бақылау қабілетін дамыту мақсаты мен мазмұнын талдау,
6.
Оқушылардың ҿздік жұмысын тақтада жазылған сұрақтарға мҽтін
қалыптастыру мақсатымен мазмұнынан жауап таптыру. Бұл оқушылардың
кітаппен жұмыс істеу қабілетін дамытады.
Дәптермен жұмыс. Ҿлең мазмұнынан жаңа сҿздерді атауларды тауып, дҽптерге
жаздыру оның мағынасын түсіндіру.
Күркіреп - ҿзеннің ағып жатқандағы дыбысы.
Шұрқырап – немесе кісінейді.
Шалғын – жайылым немесе қалың шҿп.
Жоны – арқасы.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы №4, 2006 43
Ықылдап – тойынғандықтың белгісі.
Бұлтылдап – ойнақтап.
Мәнерлеп оқу. Оқушылардың сҿз мҽнеріне, ҿлеңнің шумақтарына дыбыс екпіннің
қоя білу қабілеттеріне кҿңіл аудару.
ІІІ. Өздігінен жұмыс. “Абайтану” дҽптері бойынша Абай шығармаларының
атымен танысады. Тақтадағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап берді. Сұрақтар
мен тапсырмалар:
1. Жердің ҽсемдігін бейнелеген сҿздерді оқы,
2. Жылқының үнін қалай атайды?
3. Шҿптің биіктігін қандай сҿзбен бейнелеген?
4. Ат, айғыр, бие деген сҿздердің мағынасын айт,
5.
Құлын-тайдың ойнақтауын қалай ҽсерлеп жазған?
6.
Құстар дыбысын бейнелейтін сҿзді тап,
7.
Сазгерлік ҿнерге не жатады?
8.
Үй тапсырма. “Жаз” ҿлеңін жаттап келу, мҽнерлеп оқуға жаттығу.
Қорытынды: Бұл сабақта мұғалім тақырыптың мазмұнын ашуда бір емес, ҽр
түрлі ҽдістерді тиімді қолданып оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуда
ҿз шеберлігін кҿрсете алды.
ҼДЕБИЕТТЕР
1.
Рахметова С. Қазақ тілін оқыту ҽдістемесі. –А., 2003.
2.
Исабаев Ҽ. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. –А., 1983.
3.
Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. –А., 1993.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада оқыту ҽдістерін бастауыш мектептің оқыту процесінде тиімді
қолданудың дидақтикалық негіздері мен шарттары баяндалады.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются эффективные пути использования методов
обучения в начальных классах на основе опыта передовых учителей начальной
школы.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ
ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ
Рысқұлбекова А.Д. (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)
Жаңа бағдарламаға сҽйкес қазіргі дидактиканың талабы – сабақты
түрлендіріп жүргізу арқылы оқушылардың білімге қызығушылығын арттырып,
оларды ойландыру, ізгілендіру арқылы ҿз бетінше тиянақты білім алуға
дағдыландыру болып табылады. Ал бүгінгі ұстаздар қауымының алдында тұрған
маңызды істің бірі – оқушылардың оқуға деген ынта-жігерін күшейтіп, ақыл-ой
ҽрекетіндегі белсенділіктерін арттыру болып отыр.
Оқыту – екі жақты үрдіс болғандықтан, мұғалім ҿзінің ғана іс - ҽрекетін
ұйымдастырып, тек оның орындалуымен қанағаттанбай, оқушылардың да
танымдық ҽрекеті мен белсенділігін дамытуға ерекше кҿңіл аударуға тиіс. Мұның
44
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006
ҿзі оқыту мен бала дамуының заңдылықтары туралы ҿте күрделі психологиялық
педагогикалық мҽселе.
Ұлы педагогтар мен ғалымдар: Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, А.Дистерверг,
Д.Локк, И.П.Песталоцци, П.Я.Гальперин т.б. оқыту арқылы оқушылардың ойлау
қабілетін дамытуға баса назар аударған. Танымдық ҽрекет пен танымдық
белсенділіктің психологиялық негіздерін зерттеуге үлес қосқан ғалымдар:
Л.С.Выготский, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Элько-
нин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Мұқанов т.б.
Республикамызда
оқушылардың
оқу
ҽрекетін
белсендіру,
оны
ұйымдастыру, ҽдіс–тҽсілдерін жетілдіру барысында зерттеу жұмыстары
жүргізілуде (Т.Сабыров, Н.Айғабылов, Ж.А.Қараев, Г.К.Нұрғалиева, А.Е.Абылқа-
сымова, Ғ.М.Құсайынов т.б.). Жоғарыда аталған еңбектермен танысу барысында
бастауыш сынып оқушыларының ойлау белсенділігін қалай арттыруға болады?
Оны арттыруда қандай дидактикалық мүмкіндіктер ұйымдастыру қажет? Міне
осы сұрақтарға жауап іздеу біздің мақаламыздың мақсаты болып отыр.
Оқыту үрдісінде оқушылардың ойлау белсенділігін арттырудың маңызы
зор. Ҽсіресе, бастауыш сатыдағы кезең – оқушының оқу ҽрекетін
қалыптастырудың ҿте ыңғайлы кезеңі. Мұның нҽтижесінде ғылыми ұғымдар мен
түсініктерді меңгере отырып, оқушының психикалық қасиеттері қалыптасады.
В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша, балдырған кездегі ой еңбегін
ұйымдастырудағы шеберлік баланың мұғалімді ыждаhаттылықпен тыңдай
білуінде, ұмытпауында жҽне ойлана білуінде. Бұл пікірден баланың ойлау
қабілетін дамытуда бастауыш оқытудың ерекше екенін түсінуге болады.
Кҿптеген педагог, психологтардың зерттеу нҽтижелеріне қарағанда,
бастауыш сынып кезеңіндегі оқушының ой ҽрекетінің тҿмен болуы, оның
жоғарғы сыныптарға барғанда үлгермеушілігіне, сабақтың тҿмендеуіне ҽкеліп
соғатынын дҽлелдеген. Бұл мҽселені шешу – бастауыш оқытуда балалардың
ойлау қабілетін дамытуға, қызығушылығының тұрақты болуына, ойлау
ҽрекетіндегі түрлі тапсырмаларды шығармашылықпен орындауда ҿзіндік амал –
тҽсіл қодана білуіне мүмкіндіктер туғызу.
«Ойлау» ұғымына байланысты ғылыми, психологиялық, ҽлеуметтік
ҽдебиеттерге сүйенер болсақ, ҽр түрлі кҿзқарастың бар екені белгілі болды.
Мысалы, философтар: Д.Кішібеков, А.Қасабек, Ұ.Сыдықов, Ғ.Есімов; педагогтар:
Г.Селевко, Н.Данилов, М.Скаткин, Н.Хмель, А.Бейсенбаева, Т.Сабыров, т.б.
ойлау мҽселесін зерттей келе, ҿз анықтамаларын, түсініктемелерін ұсынады.
Ойлау - адам миы қызметінің нҽтижесі. Ойлау дегеніміз - сыртқы сезім
арқылы деректердің қабылданып алынуы жҽне оның адам миында ҿңделуі. Ойлау
барлық адамға тҽн. Кез - келген дені дұрыс, ақыл – есі бүтін адам ойлауға
қабілетті. Сондықтан мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің мҽнін терең түсініп,
оларды тұтас педагогикалық үрдісте дұрыс қолданып, оқушылардың ойлау
қабілетін дамытуға ҽсер ететін ҽдіс – тҽсілдерді қолдана білу.
Баланың ойлау қабілетін дамытуда оқытудың маңызы орасан зор. Мұғалім
балаларға білім беру, оқушының ой - ҿрісін кеңейту, тілін жетілдіру арқылы
ойлауын да дамытады. Бастауыш сыныптан бастап – ақ балаларды оқу
материалын түсініп жҽне игеріп қана қоймай, қызықтыратын мҽселелеріне
ҿздеріне жауап табуға үйрету қажет. Мұны балалар алғаш мұғалімнің кҿмегімен,
содан кейін ҿз бетінше орындайтын болады. Мұғалім алғашқы күннен бастап
шҽкіртін ойлай білуге үйретіп, сабақты түсіндіруге асықпай, оқушының ҿзінің
ойлауына мүмкіндік бергені жҿн /1/.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы №4, 2006 45
Оқыту үрдісінде оқушының «ойлау» қабілетімен қатар «белсенділігін»
дамыту педагогикада басымды бағыт болып есептеледі. Оқушылардың оқу
үрдісіндегі белсенділігі, ҿз бетінше білімді игеру дҽрежелері педагогика
зерттеулерінде жҽне мектеп тҽжірибесінде үнемі басты проблеманың бірі болып
қала береді. Ҿйткені мұғалім ҽрекеті оқушыларға негізделеді. Білім беру үрдісі
қай кезде де ҽрбір адамның жалпы дамуын кең ауқымда қамтамасыз ету шарт.
Сабақта мұғалім түсіндіріп, оқушылар тыңдап, сұрағанына жауап беріп, жоспар
бойынша оқу формасына қалыптасып алғанбыз. Бұл түрдегі сабақ, баланың
ойлануына, ой жүйесінің дамуына кҿп мүмкіндік бермейді.
Ҽлеуметтік тұрғыда адамның белсенділігі жҽне дербестігі оның еңбегінің
жемістігін айқындайды жҽне тапқырлығының мҽнін құрайды. Сондықтан
оқушыларда осы қасиеттің пайда болуын тудыру - ҽрбір ұстаздың негізгі
міндеттерінің бірі болып есептеледі.
Т.Шамова белсенділіктің маңызды рҿлін ескере отырып, оны жеке
дидактикалық категорияға бҿліп қарастырады. Шын мҽнінде саналылық пен
белсенділік принциптері ара қатынастарын алсақ, онда мақсатты белсенділік жете
түсінбеген емес, толық ұғынған жағдайда болады. Оқушылар белсенді болмаса
оқу үрдісіне толық қатыса алмайды /2/. Ендеше, белсенділік білім мақсаттарына
жетудің негізгі шарттарының бірі.
Белсенділік (лат. activus - ҽрекетшілік) – бұл психикалық кҿрініс, қарқынды
немесе бір ерекше ҽрекет жасауда кҿрінетін адам мінезінің бір қыры.
Бастауыш сынып оқушыларының ақыл – ой белсенділігін дамыту үшін
ҿтілетін материалдар оқушылардың жас ерекшелігіне сай болып, олардың
қызығуына, интеллектілік сезіміне ҽсер ететіндей етіп құрылуы жҿн. Ҿйткені
оқыту үрдісінің мазмұны мен ҽдіс – тҽсілдері оқушылардың жас жҽне даму
ерекшеліктеріне сай болған жағдайда ғана тиімді нҽтижелер береді.
Оқу–тҽрбие үрдісінде оқушылардың терең білім алуы, іскерлігінің артуы,
дағдысының шыныға түсуі – олардың оқу материалын түсіну арқылы ой
ұшқырлығын шыңдай түседі, алдына қойылған міндеттер мен мақсаттарын
орындауға ҿз бетінше ҽрекет жасайды. Сонымен бірге оқушыларда оқу
материалының мазмұнына байланысты жаңа қызығу, қиыншылықты жеңуге
бағытталған талпыну ҽрекеттері; түсініксіз нҽрселерді табу үшін жаңадан іздену
сияқты психологиялық қасиеттер пайда болады. Мұндай ҽрекеттер оқушылардың
ақыл–ой ҽрекетіндегі белсенділігін арттыра түседі.
Сондай–ақ, оқушылардың ақыл–ой ҽрекетіндегі белсенділігін арттыру
ҽрбір мұғалімнің терең теориялық біліміне, шығармашылық еңбегіне, ҽдіс–
тҽсілдерді қолданудағы шеберлігіне, оқу–тҽрбие үрдісіндегі шыңдалған
тҽрбиесіне байланысты.
Қазіргі оқу үрдісінде баланы жан–жақты дамытып, белсенділігін
арттыруда интерактивті оқытудың маңызы зор. Елімізде оқушылардың оқу
белсенділігін арттыруда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды
дамыту» деп аталатын білім жобасы енгізілуде. Бұл жоба халықаралық
мектептерде қолданылып, табысты нҽтижелер берген. Жобаны енгізуде Қазақстан
оқу ассоциациясы елімізде толық құқылы жҽне жалғыз ҿкілі болып табылады.
Дҽстүрлі оқытумен салыстырғанда бұл жобада оқушының белсенділігін
арттыруға үлкен кҿңіл бҿлінеді. Мысалы, дҽстүрлі оқытуда қызығушылықты ояту
кҿбінесе қалып кетіп жатса, интерактивті оқытуда қызығушылықты ояту фазасы
ұзақ, ҽрі мағыналы оқудың қажетті психологиялық негізін салады.
Интерактивті оқыту ҿзінің қызметіне байланысты үш фазадан тұрады.
Алғашқы фаза – қызығушылықты ояту оқушылар үшін сабаққа қатысудағы
46
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006
алғашқы қадам болып табылады. Осы алғашқы фазада оқушылар болашаққа кҿз
жүгіртіп, ұғынып жаңадан таныстырылған тақырыптарға зерттеу жүргізу үшін ҿз
алдарына мақсат қояды. Сонымен қатар оқушылардың жаңа идея мен
мҽліметтерді үйренуге жҽне оны ҿзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей
немесе сырттай белсенді болудың алғашқы қадамы іске асады.
Ал, мағынаны тану фазасында оқушылар жаңа мҽліметпен, идеямен
немесе жаңа мазмұнмен танысып, ҽрекет жасау іске асырылады. Бұл фазада
оқушының негізгі міндеті – мазмұнмен айналып, жаңа идеяның бұрынғы біліммен
байланысқандығы жҿнінде хабардар болу. Тиімді түрде білім алу үшін
оқушылардың сабаққа мақсаткерлікпен, ойлампаздықпен, ҿзінің түсінгенін
бақылай, жаңа ақпараттарға дұрыс жауап қайтара отырып жҽне оны белсенді
басқарумен қатысуы қажет.
Ой толғаныс – үйрену үрдісінің соңғы фазасы. Бұл кезде оқушылар алған
білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін ҿз сҿздерімен жеткізіп бере бастайды.
Бұл фаза саналы талқылаулалармен білімді тҽжірибеде қолдану, жаңа идеялармен
ұғымдарды жинақтаумен, мазмұн жҿніндегі ҿздерінің ашық ұсыныстарымен
немесе келесі бір зерттеуді басқаруға шақырумен айғақталады. Бұл – үйрену жеке
сипатқа ие болған сҽт. Осы аталған үш фазаның орындалуы кезінде оқушылар
тҿмендегідей ҽрекеттерді орындайды:
-
ой ҽрекетін белсенді ету;
-
талқылауға қатысу;
-
идеялар мен мҽліметерді біріктіру;
-
ойлаудың салдарын ойға түйіп, ҿз жауапкершілігіне алу.
Осы ҽрекеттерді орындау барысында оқушылар мынадай мҽселелерге қол
жеткізеді:
1)
берілген тапсырмаларды ҿз бетінше орындауға;
2)
балалардың ҿте белсенді болуы жҽне істегі ҿз жұмысына жауапты болуы;
3)
білімді дайын күйінде алмай, ҿзінің ізденісі арқылы түсінуге;
4)
сабақ мазмұны мен тапсырмалардың ойлау қызметіне бағытталуы.
Интерактивті оқытуда оқушылардың ойлау үрдісін, есте сақтау ерекшелігін,
ақпаратты қабылдай алу мүмкіндігін талдай отырып, қайсысы кейін қалғанын
кҿруге болады. Оқушының белсенділігін арттыру үшін мұғалім алдына мынандай
мақсат қояды: ойлау қызметіне мүмкіндік туғызу, балалардың ойлау қабілеттерін
дамыту.
Ойлау қызметі – бақылау мен тексеруге келмейтін күрделі процесс.
Мұндағы ең басты нҽрсе – жүйелілік пен бірізділік. Бұл ереже сақталмаса, іс -
ҽрекет толығымен орындалмай, оң нҽтиже шықпайды. Оқушының ойлау қабілетін
дамыту үшін мұғалім білім беру жүйесін жасап, оқу материалдарын қабылдау,
түсіну, ой толғау, бекіту жҽне іске асуын басқару керек / 3, 20-21б/.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлауы кҿбінесе кҿрнекі-амалдық,
нақты-образдық түрде болатындықтан, оқу үрдісінде ҽр түрлі кҿрнекіліктерді
қолдану сабақты түсінікті, ҽрі қызықты етеді. Кҿрнекілік арқылы балалар заттың
пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойланып, түсінеді. Сонымен қатар оқу
материалдарын, ҽсіресе, теориялық ережелерді есте жақсы сақтау жҽне жеңіл
ұғыну үшін қолданылады.
Оқушылардың білімді терең меңгеруі негізінен мына компоненттерден
тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту жҽне жүйелеу. Оқыту үрдісінде бұл
компоненттер бір-бірімен тығыз байланысты. Оқушы меңгеретін материалдың
қиындығына кезіккенде ғана ҿз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай
алады, осыдан кейін ол материалды толық игереді.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы №4, 2006 47
Мҽселелердің шешімін табу арқылы оқушылардың ойлау қабілеті
нығайып, тереңдей түседі. Сондықтан да оқытушы балаларға тек тыңдатып
қоймай, оларды ойландыратын түрлі ҽдістерді, ойындарды сабақта қолдана білуі
тиіс.Қорыта келгенде, оқушылардың ойлау белсенділігін арттырудың мынадай
дидактикалық мүмкіндіктерін атауға болады:
-
оқушының білімге деген қызығушылығын ояту;
-
берілген тапсырманың анық ,түсінікті болуы;
-
оқушылардың жас ерекшелігіне сай ҽдіс–тҽсілдерді тиімді қолдану;
-
оқушыны білімді ҿз бетінше меңгеруіне бағыт беру.
ҼДЕБИЕТТЕР
1.
Гоноболин Ф.И. Психология. – А.; Мектеп, 1976. 239с.
2.
Шамова Т.И.. Активизация учение школьников. – М.; Педагогика, 1979.-208с.
3.
Ҽрекеттегі RWCT философиясы мен ҽдістері. Ред. С. Мирсеитова, Ҽ.Іргебаева.
-А., 2004.-264 б.
4.
Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары.-А.,1978.
5.
Баширова Ж.Р., Тҿлешова Ұ.Б. Педагогикалық технологиялар арқылы
оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.- А., 2003.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада бастауыш сынып оқушыларының ойлау белсенділігін
интерактивті ҽдістер арқылы арттырудың дидактикалық мүмкіндіктері
қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассмотрены вопросы развития активного мышления и
дидактические вероятности через интерактивные методы обучения учеников
начальных классов.
МЕКТЕП АЛДЫ БАЛАЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Сайлауова Н.С. (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)
Қоғам мен табиғаттың ҿзара байланысы қазіргі замандағы басты
экологиялық мҽселелердің орталығы ретінде адам мҽселесімен тығыз
байланысты. Кҿп жылдар бойы адам баласы табиғат ресурстарына сарқылмас кҿз
ретінде қарап, табиғатқа ҽсерін мардымсыз деп санап келді.
“Адам-қоғам-табиғат” арасындағы сабақтастық жҽне соған байланысты
шешілетін мҽселе бүгінгі күні ҽлемдік ғылымда бірінші орында тұр.“Адам–қоғам-
табиғат” жүйесіндегі дағдарыс бұл адамзат ойының дағдарысы қарым-
қатынастың маңызды бағыты - бүкіл адамзаттың экологиялық мҽдениетін
қалыптастыру.
Адам табиғат туралы қазіргі таныс дҽрежесіне оңайлықпен жеткен жоқ.
Қазақтың кҿне түсінігі бойынша жер-адамзат, жан-жануар, ағаш-шҿптің, тау мен
тастың, ҿзен-судың анасы. Аспан-жарық,жылу беріп, жаңбыр жаудырып, жер
бетіндегі тіршіліктің ҿсіп-ҿнуіне күш-қуат беріп тұрған атасы болып есептелген.
48
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006
Сондықтан, ерте кездегі қазақтар кҿк тҽңірге, жер анаға жалынып-жалбарынып
табынған.
Қазақ халқы балаларға табиғат туралы ҿз білгенін үйретуді мақсат етіп, оны
ретті жерде жүзеге асырған. Табиғат адамның ақыл-ойы мен тҽрбиесінің
сарқылмас қайнар кҿзі екендігін кҿре білген. Бар ҿмір тіршілігі табиғатқа тҽуелді
болып, оның аясында тҿл баласы болып ҿскен ата-бабаларымыздың туған жерге,
табиғатына деген қарым-қатынасы халық педагогикасынан айқын кҿрініс тапқан.
Кҿпшілік жұрт, жалпы қауым ҿзін қоршаған ортаны, табиғат пен қоғамдағы
ҿзгерістерді, жеке адамның басындағы құбылыстарды түсінуге басқаларға
түсіндіруге ҽрекет жасап, ҿз танымын кеңейтіп отырған. Табиғат таным процесі
келесі ұрпаққа беріліп, ол ары қарай жалғасын тауып, жетіліп дамыған. Осы
кҿзқарас негізінде халық педагогикасы сияқты халық философиясы да болғанын,
ауыз ҽдебиетінің үздік үлгілерінен кҿрініс тапқанын атап айту керек. Бала сҽби
шақтан бастап- ақ халықтың бай мұрасын бойына сіңіріп ҿссе, табиғаттың сан
сырын, қоршаған ортаны қадірлеуге, қорғауға, сақтауға, ынтасы зор болатыны
белгілі. Ол халық педагогикасының яғни ҽдебиетінің ҽрбір саласы: ертегілер,
мақал-мҽтелдер, табиғат жайындағы жырлар мен жұмбақтар, жаңылтпаштардың
мҽн-мағынасын түсіндіріп, жаттатқызу барысында жүзеге асатыны белгілі.
Табиғаттың ҽсемдігін кҿріп, сезіне білу балалардың ҿмір тҽжірибесін
байытып, олардың эстетикалық талғамын дамытады. Туған жерге деген ыстық
шексіз сүйіспеншілігін күшейтеді. Ата-бабамыз мақал-мҽтелдер, шешендік
сҿздер, айтыстар, ертегілер, аңыздар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, тыйым
сҿздер арқылы ұл-қызын жаман ҽдеттен тиып, ең жақсы нышандарға үндеген.
Халық ұғымында табиғат деген сҿз Жер-ана, туған жер, атамакен сҿздері
түрінде кҿп айтылады. Осыған орай халық арасында нақыл, даналық сҿздер жиі
кездеседі. Адамгершіліктің үш сауабы: “Жолға ағаш еккен-сауап, шҿлге құдық
қазған-сауап, ҿзенге кҿпір салған сауап” деп ата-бабамыз табиғаттың жанашыры
болып, келер ұрпақты адамгершілікке тҽрбиелеп, осындай сауалдарды орындауды
үндейді. “Жері байдың елі бай”, “күте білсең, жер жомарт”, “жер-байлықтың
кҿзі”, “жер-ырыстың кіндігі”, “жерін қорлаған еліне симайды”, “жер-ана, ел-
бала”, “қара жер қарыз арқаламайды” т.б. Табиғаттың бар байлығы жермен
тікелей байланысты, содан ғана нҽр алады. Бұл табиғаттың құбылыстары,
заңдылықтары мен байлықтары бір-бірімен ҿзара байланысты, ҽрі олар бір-біріне
тҽуелді деген ұғымды білдіреді.
Халқымыздың ерекше қастерлеп, талай ғасырлар бойы аялы қамқорлық
жасап келген табиғат байлығының бір тобы- ҿсімдіктер ҽлемі. Ҿсімдік ҿссе-тамақ,
кисе киім, саялы баспана, күнделікті малыңа ҿріс, ҿзіңе қоныс болған. Осыған
орай, халқымыздың орай халқымыздың ҿсімдікті аялағандығын, оны кҿзінің
қарашығындай қорғай білгендігін халықтың ырымдары мен мақал-мҽтелдерінен
кҿруге болады. “Тау бұлағымен кҿрікті, бұлақ құрағымен кҿрікті”, “Атадан мал
қалғанша, тал қалсын”, “Бір тал ексең еңбегіңнің жанғаны, абзал адам ҿсірсең
басыңа бақ қонғаны”, “Бір тал кессең он тал ек”, “шҿпті жұлма, кҿктей соласың”,
“Ағаш ексең аялап, басыңа болар сая бақ”, “Мың шыбық шаншып ҿсірсең,
халқыңа олжа салғаның, ҿзіңе қорған салғаның”, “Орман кҿп болса, олжаң кҿп”,
деп табиғаттың кҿз тоймас ҽсемдігін, ну орман барда жер сұлу болатынын,
ағаштың тигізер пайдасын түсіндіріп, ҽсемдіктің белгісі, таза ауаның кепілі
екенін, табиғаттың сұлулығына мҽн беріп, күтіп баптауды міндеттейді. Осындай
нақыл сҿздерді табиғат жайында білім беруде бала тҽрбиесіне орында пайдалану
тҽрбиешінің басты міндетіне айналуы тиіс.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы №4, 2006 49
Қазақ халқы тіршілік үшін құстардың тигізер пайдасын ерте кезден-ақ
түсінген. Оларды қорғауға ерекше мҽн беріп, қамқорлық жасап отырған. Жақсы
жігіттерін қыранға, қыздарын аққуға, ҽншілерін бұлбұлға теңеген. Аққудың
айдын кҿлде жүзген сабырлы да ,кербез қимылы, оның кез-келген шалшық суда
кездесе бермейтін тазалығы, аса талғампаздығы халыққа ұнап, тҽкаппар құс
екенін түсініп, қастерлеген. Оны “Құс падишасы” деп атаған. Ол құстың бір-бірін
құрметтейдегі керемет мейірімділігі де халықтың назарынан тыс қалмай, оларды
махаббат пен татулықтың жыршысы ретінде дҽріптеген. Сондықтан ата-бабамыз
“Аққуды атпа”, “Құсқа тас атпа”, “Құстың ұясын бұзба”, “Құстың жұмыртқасын
жарма”, “Балапанды жҽбірлеме” деп құстарды қорғап, қадірлеп ҿткен. Бұндай
тыйым сҿздер табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланып, оны қорғау үшін еңбек
етуге жетелейді. Бұл біздің бала тҽрбиесін дұрыс жолға қоюымызға кҿмектеседі.
Қазақ халқының суды қадірлеу, сақтау жҿніндегі неше түрлі аталы сҿздері
мен тыйым сҿздері су кҿздерін келешек ұрпаққа таза ұстауды үйретуді мақсат
етіп қойған.
Суды таза ұстауды, оны қорғауды уағыздап отырған. Сондықтан “Бастау
суалса - бақыт суалады”, “Бастау тапталса - батпаққа айналады”, “Құлазыған
шҿл- жетім, құс қонбаған кҿл - жетім, сортаңға құйған сел - жетім”, “Ағын су -
ҿмір, тоқтау су - ҿлім”, “Су бар жерде ҿмір бар”, “Бұлақ кҿрсең кҿзін аш, құдық
кҿрсең шегенде - басына тал ек” мақал-мҽтелдерде философиялық терең ой,
тҽлім-тҽрбиелік бастау жатыр.
Халық тҽрбиесінде баланың ақыл-ойын дамытып, ой-ҿрісін кеңейту, тілін
ширату үшін жұмбақтар кеңінен қолданылған. Жұмбақтың қай түрі кездессе де,
кҿбіне оның бүккен сыры мен ішкі шешімі табиғаттың кҿрінісімен сипатталады.
“Бір нҽрсе кҿруге бар, ұстауға жоқ,
Жаз кҿркі кҿк шҽлідей шымылдық боп”
деген жұмбақтарда табиғаттағы сағымды кҿрінісін, ауаны ҽр түрлі ойнақы оймен
жеткізіп, оны ой елегінен ҿткізе отырып, шешімін табуды ұсынады.
Жұмбақтардың ересек адамдарға арналған түрі мен қатар балаларға олардың жас
ерекшеліктеріне лайықты түрлері бар, оны таңдап алу тҽрбиешінің шеберлігіне
байланысты жҽне табиғат обьектілерін кҿрсетіп оларға арналған жұмбақтар
жасыру, баланың ойлануына, ой қорытуына, қиялына кҿмектеседі. Мҽселен,
жануарларға арналған жұмбақтарда жасыратын жануарладың ең басты қасиеті, не
ерекше бір қимылы сипатталады,
“Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар”, (түйе).
“Екі айнасы бар, екі найзасы бар,
Тҿрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар” (сиыр).
Халық ертегіні тҽрбие құралы ретінде пайдаланған. Ҿмірдегі кездесетін
жаман ҽдеттерден, ең жағымсыз мінез-құлықтан, ұнамсыз істерден құтылу, оны
болдырмау туралы пікірлерін ертегілер арқылы жеткізген.
Ауыз ҽдебиетінің қай саласын алсақта, табиғатпен біте қайнасып, оны
адам мінез-құлқына сіңісті етіп табиғатқа терең сүйіспеншілікпен қарауға, оның
сырын түсіне білуге тҽрбиелейтіндігін байқаймыз. Адам баласының
халқымыздың ҿмір қуаты, оның ұлттық экологиялық мҽдениетінің негізі бола
отырып, ол ҽлемдік ҿркениетті экологиялық мҽдениеттің бүгінгі таңдағы жаңа
сапасын байытатын мазмұн болып табылады.
Ауыз ҽдебиеті ғасырлар бойы шыңдалып, сұрыпталып келеді. Табиғатты
аялау, қорғау мҽселелеріне арналған мақал-мҽтелдер, тыйым сҿздер, жұмбақтар,
50
Вестник Казахского государственного женского педагогического института №4 2006
ертегілер мен жаңылтпаштарды баланың жасына лайықтап таңдап алу балабақша
тҽрбиешілеріне байланысты. Бала ес білгеннен бастап үлкендерден естіген ҿнеге
ҿсиеттерінен сусындап ҿседі. Ҿмір салтымызға мҽн беруі, табиғатқа адамгершілік
қатынасын психологиялық, педагогикалық негізін ұлттық тұрғыдан қарауға
мүмкіндік беретіні анық.
ҼДЕБИЕТТЕР
1.
Нарымбетов Ҽ. Қазіргі поэзиядағы дҽстүр тұтастығы. Қазақ поэзиясының
дҽстүр ұласуы. –А., 1981.
2.
Тҿреқұлов Н.. Қазақтың 100 шешен биі. -А., 1996.
3.
Ысқақов С. Табиғатты қорғау дҽстүріміз. -А.,1973.
4.
Марғұлан Ҽ. Жұмбақтар. Қазақ ауыз ҽдебиетінің тарихы. 2 том. -А., 1960.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада
мектепалды
балаларының
экологиялық
мҽдениетін
қалыптастыруда ауыз ҽдебиетінің алатын орны қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассмотрена роль устной литературы в формировании
экологической культуры дошкольников.
Достарыңызбен бөлісу: |