Кенже Айгерім Ерланқызы 302-топ 2-ші аралық бақылау тапсырмасы Қазіргі балалар әдебиетінің даму үрдісі



Дата16.05.2022
өлшемі17,33 Kb.
#34662

Кенже Айгерім Ерланқызы 302-топ

2-ші аралық бақылау тапсырмасы

Қазіргі балалар әдебиетінің даму үрдісі

Қазақ балалар әдебиеті – әдебиет ғылымының әлі толық зерттеле қоймаған ерекше саласы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «еліміздің ертеңі жастардың қолында» демекші, қазіргі өсіп келе жатқан ұрпақ- Қазақстанымыздың болашағына жауапты тұлғалар. Ал оларды ата-аналары мен білім орындарынан басқа ұлттық тәрбиені ұлықтайтын көзі ашық, көкірегі ояу болуына септігін тигізетін тағы бір тарап болса, ол әрине – балалар әдебиеті қаламгерлері. Халықтық педагогика мен бүгінгі күнді ұштастырып, әлем әдебиеті шығармаларын жырларына арқау етіп, оны бүлдіршіндерге лайықтап жазып шығу өте қиын дүние. Бала танымына арнайылап, түсінуіне ауырлау келмес үшін де тер төгетіні тағы бар. Ересектерге арналған жыр-шумақтарынан гөрі айналасын енді танып жатқан бөбектердің психологиясына барлау жасау кез келген қаламгер қолынан келе бермейді. Осынау қиындығы мен қызығы қатар жүретін әдебиет саласының бүгінде зерттелуі кенжелеп қалғандығы рас. Сонау ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырда әдебиет жанашырларының бастамасымен бөлек сала ретінде қарастырыла бастаған балаларға арналған небір жауһар жырлармен толыға бастады. Кеңестік дәуірде үкіметтің сойылын соғар астыртын құралы ретінде жұмсалғанымен, тәуелсіздік алып еркін ел болғанымыз да балалар әдебиетіне өзгеріс енгізбей қоймады. Себебі, бұрын соңды рұқсат етілмеген діни тақырыптарға тосқауыл қойылмады. Сол себептен, жаңа бағытта жырлайтын, өзгеше кейіпкерлермен тәрбиелейтін жырлар көбейе бастады. Кеңес үкіметінің саясатын мақтап, идеология тұтқыны болған персонаждардың орнын ұлтын сүйетін, адамгершілік пен сүйіспеншілікті ту еткен жаңа кейіпкерлер басты. Бұл балалар әдебиетінің ескілік қалдығынан ажырап, жаңа белеске шығуы еді. Дегенмен, аталмыш үш кезеңнің ортақ тұсына көз жүгіртер болсақ, қазақ фольклорына сүйене отырып, ата-бабамыздың бала тәрбиелеу тәсілін басшылыққа алып отырғандығын байқай аламыз. Еліміздің бодандық қамытын шешіп, жеке ел болуы балалар әдебиетіне жаңа леп алып келді. Әдебиет қоры өткен кезеңдегі болжамдар мен зерттеулердің орнына жаңа бағытта жүргізілген зерттеу жұмыстарымен толығып жатты. Кеңес дәуірінде тақырыптарды қатаң талаппен тексергендей, әдебиеттану саласында да зерттеулер үкімет қалауына сай қарастырылғаны белгілі. Соның салдарынан әдебиеттің басты тақырыбы саналатын ұлт пайымы мен наным-сенімі, көзқарасы лайықты дәрежеде мән берілмеді. Аталмыш жағдай балалар әдебиетін де өз залалын тигізіп, шығармаларды Кеңес үкіметі көзімен сараптау қажеттілігі туды. Сыңаржақ пікірдің кесірінен қазақ балалар әдебиетіндегі ұлттық тамырымыз өткенімізбен байланыстырушы қазынамыз саналған салт-дәстүр, фольклор жанырындағы зерттеу жұмыстары кейінге ысырылып, ескерусіз қала берді. Сондықтан Кеңес дәуірінде жарық көрген ізденіс жұмыстарын жаңаша заманның көзқарасына сай, тәуелсіз мемлекеттің қаламын еркін көсілтетін қаламгерлері ретінде қайта қарастыру қажеттілігі туып отыр.

Балалар әдебиеті негізінен алар болсақ, толығымен әлі зерттеліп бітпеген сала болып табылады.Жалпылай алғанда Балалар әдебиетіне өз үлесін қосқан ақын жазушылар өте көп десем қателеспеймін. Олардың шығармалары бүгінде ұрпақтан ұрпаққа жетіп, бойымызды рухани құндылыққа байытып, өзімізді жан жақты дамуға үйретті. Қазақстанымыздың болашағына негізгі әрі жауапты тұлғалар әрине біз жастар. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін әдебиет саласының бүгінде зерттелуі баяулап қалғандығы рас.Сонау заманда ақын жырауларымыздың ойда жоқта шығарған өлең жырларының өзі адамды тәрбиеге баулып, шыңдап отырған.

Ал қазірше?

Жаңа бағытта жырлайтын, өзгеше кейіпкерлермен тәрбиелейтін жырлар қазірде көбейе бастады. Кеңес үкіметінің саясатын мақтап, идеология тұтқыны болған персонаждардың орнын ұлтын сүйетін, адамгершілік пен сүйіспеншілікті ту еткен жаңа кейіпкерлер орын басты деседе болады. Ондай жазушы жыраулар болашақ ұрпақты кез келген ортада өзін биік ұстауға, басшы болуға жігерлендіретіні рас. Балалар әдебиетінің бүгінгі айнасы атанған, дамуына өз үлесін қосып, құнды еңбектерімен оқырман көз қуанышына айналған балалар ақын-жазушылары да аз емес. Шәкен Күмісбай, Дәнеш Ахмет, Кеңес Оразұлы, Есей Жеңісұлы, Бағдат Мәжит, Толымбек, Әбдірайым, Арасанбай Естен, Сұлтан Қалиұлы, Байбота Қошым-Ноғай секілді қаламгерлер бүгінгі балалар әдебиетінің дамуына өз үлесін қосып, ауыз толтырып айтарлықтай еңбек сіңіруде.

Балалар әдебиеті – бағытталған аудиториясы мен айтар ойы өзгеше формада берілетін, кейіпкерлерінің де көзқарасы жалпы әдебиетке қарағанда бөлектеу келетін арнайы бір сала. Ата-бабамыздың мирасқорын тура жолға түсіріп, бар жақсы қасиетін бойға жиып өсуі үшін ертегі, қисса-дастандармен, мақал-мәтел, жұмбақтармен, түрлі ауыздан-ауызға тарап бүгінге дейін жеткен әңгімелермен тәрбиелеп отырған. Ондағы мақсат – күнделікті көріп жүрген батырлардан да басқа ерлік жасап елін қорғаған, бір елдің қорғаны болған небір атпал азаматтарды үлгі етіп, ұрпағының да соларға ұқсауына барын салған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет