Кенжин жаксат болатович


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет11/71
Дата25.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#45251
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Кәсіпкерлік дегеніміз не, оның ерекшеліктері қандай?

  2. Кәсіпкерлікке қажет экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайларды талдаңыз және олар Қазақстанда іске аса ма?

  3. Кәсіпкерліктің қандай түрлері бар?

  4. Кәсіпкерліктің қандай ұйымдастыру формалары бар және олар немен ерекшеленеді?

  5. Қазақстанда кәсіпкерлік істің қандай ерекшеліктері бар?



Тақырып 3. Кәсіпкерлік іс-қызметті жоспарлау

Кәсіпкерлік іс-қызметті жоспарлауды өзара байланысты шешімдер кешенін алдын ала қабылдау үдерісі ретінде қарастыру қажет.


Жоспарлау – бұл кәсіпорынның экономикалық жүйесінің болашақ жай-күйін анықтайтын жоспарларды әзірлеу мен тәжірибеде жүзеге асыруды білдіретін іс-қызмет.
Кәсіпорын тұрғысынан қарағанда, макроэкономикалық деңгейде, жоспарлау – бұл микроэкономика субъектілерінің саналы, жігерлі шешімдеріне негізделген іс-әрекеттерді жүзеге асыру әдісі.
Фирма іс-қызметін жоспарлаудың екі нысаны бар:

  1. Нарықта фирма іс-қызметін жоспарлау;

  2. Фирмаішілік жоспарлау.

Әдетте, жоспарлаудың бұл аспектілері өзара байланысты.
Фирманың контрагенттермен қарым-қатынасы нарықта кездейсоқ және бір ретті сипатқа ие болмай тұрақты және ұзақ уақыт болған жағдайда ғана жоспарлау тиімді болатынын атап өткен жөн.
Кәсіпорын іс-қызметін жоспарлау мүмкіндік береді:

  • қойылған мақсаттарға қол жеткізу бойынша қабылданатын шараларды үйлестіруге;

  • өздерінің мақсаттарын және оларға қол жеткізу жолдарын нақтырақ анықтауға басқарушыларды итермелеуге;

  • әрі қарай бақылау үшін қажетті фирма іс-қызметінің көрсеткіштерін анықтауға;

  • кәсіпорынды нарықтық конъюнктураның күтпеген өзгерістеріне дайындауға;

  • фирманың барлық менеджерлерінің міндеттері мен жауапкершіліктерін нақты белгілеуге.

Қазіргі нарықтық қатынастар «жоспарлау» түсінігіне өздерінің өзгерістерін енгізіп қана қоймай, сонымен қатар жоспарлаудың қағидаларын, мақсаттарын, әдістерін және түрлерін нақтылайды.
Барлық басқарушылық іс-қызмет сияқты жоспарлау да белгілі бір қағидаларға негізделуі тиіс. Жоспарлау жүйесінің құрылымы мен мазмұнын, жоспарлы үдерістің сипатын келесі қағидалар анықтайды:

  1. Үздіксіздік. Үнемі жоспарлау қажет және мақсаттар мен жағдайдың өзгеруі мүмкін болғандықтан жоспарларды түзетіп отыру керке;

  2. Үйлестіру және интеграция. Үйлестіру бір деңгейдегі барлық ұйымдық бірліктердің өзара әрекетін қамтиды, ал интеграция түрлі деңгейдегі бірліктер арасындағы әрекеттердің келісімділігі үшін қажет;

  3. Жүйелілік. Кәсіпорын сыртқы ортада кешен түрінде есепке алынуы тиіс;

  4. Ғылымилық. Жоспарлауда ғылыми әдістерді қолдану қажет.

Әрбір бизнесмен өзінің әрекетін бастай отыра оны жақын болашақта не күтіп тұрғанын нақты елестете алуы тиіс: оның қаржылық, материалдық, еңбек және интеллектуалдық ресурстарға деген қажеттілігі қандай болады; оларды қандай көздерден алуға болады; сонымен қатар фирма жұмысы үдерісінде ресурстарды пайдалану тиімділігін нақты есептей алуы керек.
Егер өз іс-қызметін нақты және тиімді жоспарламаса, мақсатты нарықтардың жай-күйі, ондағы бәсекелестердің орналасуы туралы, сонымен бірге өзінің жеке болашағы мен мүмкіндіктері туралы ақпаратты үнемі жинақтап, талдап етіп отырмаса кәсіпкерлер табысқа жете алмайды.
Соңғы жылдары кәсіпкерлік құрылымдардың шаруашылық өміріне «бизнес жоспар» ұғымы қарқынмен енуде. Мұндай құжат, әдетте, сыртқы қаржыландыру көздерін, инвестицияларды тарту үшін дайындалады: кредитордан қарызға алынған қаржылық қаражаттарды (банктік және басқа несиелерді, облигациялық қарыздарды); инвестордың тартылған қаржылық қаражаттарын (акцияларды, пай және басқа да салымдарды сатудан); бюджеттік инвестициялық қаржы бөлу. Бизнес жоспардың басқа да қызметі бар – фирманың барлық шаруашылық іс-қызметін жоспарлау. Дұрысында бір бизнес жоспар аталған екі қызметті қатар атқаруы тиіс, бірақ тәжірибеде сыртқы қаржыландыруға бағытталған бизнес жоспар мен ішкі пайдалану үшін жасалған бизнес жоспардың мазмұндары бойынша да, құрылымы бойынша да едәуір айырмашылықтары бар.
Бизнес жоспар - бұл фирма туралы, оның тауары туралы, өндірісі, өткізу нарықтары, маркетингі, операцияларды ұйымдастыру мен олардың тиімділігі туралы мәліметтерді қамтитын, фирманың әрекеттерін, бизнес-опеарцияларын жүзеге асыру жоспары.
Бизнес жоспарды әзірлеудің мақсаты – фирманың шаруашылық қызметін нарық қажеттіліктері мен қажетті ресурстарды иелену мүмкіндіктеріне сәйкес жақын және алыс болашаққа жоспарлау.
Бизнес жоспардың міндеттері:

  • фирманың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттарын, оларға жету стратегиялары мен тактикасын белгілеу;

  • фирма іс-қызметінің нақты бағыттарын, мақсатты нарықтарды және осы нарықтардағы фирманың орнын анықтау;

  • ассортиментті таңдау және фирманың тұтынушыларға ұсынатын тауарлары мен қызметтерінің көрсеткіштерін анықтау;

  • өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалау;

  • нарықты зерттеу, сатуды ынталандыру, баға белгілеу және т.с.с. маркетингтік шараларды анықтау;

  • фирманың қаржылық жағдайын және қолда бар қаржылық және материалдық ресурстардың қойыған мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндіктеріне сәйкестігін бағалау.

Бизнес жоспар келесі негізгі қызметтерді атқарады:

  • кәсіпкерге белгілі бір мерзімдегі іс-қызметтің нақты нәтижелерін бағалауға көмектесетін құрал болып табылады;

  • болашаққа бизнесті жүргізу тұжырымдамасын әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін;

  • қаржылық ресурстарды тарту құралы болып табылады;

  • кәсіпорын стратегиясын жүзеге асыру құралы болып табылады.

Осылайша, бизнес жоспар кәсіпорын іс-қызметінің мүмкіндіктерін талдауға және басым мақсаттарды таңдауды негіздеуге, яғни фирманың қызмет ету стратегиясын анықтауға мүмкіндік береді.
Нарықтық жағдайға және құрастыру мақсатына байланысты бизнес жоспарлар әр түрлі болуы мүмкін. Олар әр түрлі модификацияда әзірленеді:

  • бизнес-линия бойынша (өнім, қызметтер, техникалық шешімдер);

  • тұтас кәсіпорын бойынша (жаңа немесе бұрыннан бар кәсіпорын).

Бизнес жоспар кәсіпорынды дамытуға да, оны қаржылық сауықтыруға да бағытталуы мүмкін. Сонымен қатар тұтас кәсіпорынның іс-қызметі де немесе оның жекелеген бөлімшелерінің қызметі де жоспарлануы мүмкін.
Бизнес жоспар келесі ұсыныстарды есепке ала отырып дайындалуы тиіс:

  1. Қысқалығы – бизнес жоспардың әрбір бөлімі бойынша ең бастыларын баяндау;

  2. Баяндау мен түсінудегі қол жетімділік – бизнес жоспар адамдардың кең ауқымына түсінікті болуы тиіс;

  3. Техникалық терминдердің көп болмауы;

  4. Сенім ұялататын, серіктестердің қызығушылықтарын оятатын;

  5. Белгіленген стандарттарға сәйкестік – бизнес жоспар оны құрастыру әдістемесі тұрғысынан ыңғайлы болуы керек.

Едәуір күрделі құжат болып табылатын бизнес жоспардың құрылымы үлкен мәнге ие. Бизнес жоспардың бөлімдері кәсіпорын іс-қызметінің барлық аспектілерін қамтуы тиіс. Бизнес жоспарлар бір бірінен сыртқы түрі бойынша ерекшеленуі мүмкін болғанымен олардың бөлімдерінің құрамы өзгеріссіз қалады.
Бизнес жоспар үшін келесі көрсеткіштер мен кіріс ақпараттарының нысандары міндетті болып табылады:

  1. Инвестициялық шығындар;

  2. Өндіріс пен өткізу бағдарламасы;

  3. Жұмысшылардың орташа саны;

  4. Ағымдағы шығындар:

  • Материалдық шығындар;

  • Еңбек ақы шығындары және әлеуметтік мұқтаждықтар;

  • Қондырғылар мен көлік құралдарын жөндеу;

  • Әкімшілік шығындар;

  • Өнімді өткізу шығындары;

  1. Өнім түрлері бойынша жалпы шығындардың құрылымы;

  2. Айналым капиталына қажеттілік;

  3. Қаржыландыру көздері – акционерлік капитал; несиелер және басқалары.

Әдетте, бизнес жоспар келесі бөлімдерден тұрады:

  1. Тұжырымдама, шолу, резюме;

  2. Қазіргі жағдай және кәсіпорын туралы қысқаша ақпарат;

  3. Бизнес объектісінің сипаттамасы;

  4. Нарықты зерттеу, талдау;

  5. Ұйымдастырушылық жоспар;

  6. Өндіріс жоспары;

  7. Маркетинг жоспары;

  8. Әлеуетті тәуекелдер;

  9. Қаржылық жоспар;

  10. Қосымшалар.

Бизнес жоспарды әзірлеу титул бетін дайындаудан басталады, онда бұл құжаттың қайда, қашан және кіммен құрастырылғаны туралы ақпарат қамтылуы тиіс. Мұнда сонымен қатар бизнес жоспарда баяндалған идеяны нақты және қысқаша бейнелейтін жобаның атауы көрсетіледі.
Титул бетінен кейін бизнес жоспардың құрылымы берілуі керек. Бұл бөлімдердің немесе параграфтардың номенклатурасы.
Бизнес жоспардың негізгі бөлімдерінің мазмұны:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет