Кенжин жаксат болатович


-кесте. Қазақстанда кең тараған бизнестің артықшылықтары мен кемшіліктері



бет10/71
Дата25.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#45251
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   71
Байланысты:
кітап кәсіпкерлік общая

3-кесте. Қазақстанда кең тараған бизнестің артықшылықтары мен кемшіліктері



Ұйымдық-құқықтық формалар

Артықшылықтары

Кемшіліктері

ЖШС

- шағын кәсіпкерлік субъектісі мәртебесін алу мүмкіндігі – ал бұл тіркеудің қысқартылған мерзімдерін, тіркеу үшін алымның аздығын, оңайлатылған декларация қолдану мүмкіндігін және басқаларды білдіреді;
- неғұрлым қарапайым басқару, әдетте, басқару органдары қатысушыларынң жалпы жиналысы (жоғары орган) мен директор (атқарушы орган) болып табылады;
- қатысушылар жиналыстарын шақыру мен өткізудің қарапайым рәсімі;
-жарғылық капиталдың шағын ең төменгі мөлшері;
- қатысушылар саны бойынша шектеулердің жоқтығы.

- ЖШС-ға қатысушылар құрамы өзгерген кезде мемлекеттік қайта тіркеудің қажеттігі;
- қатысушы ЖШС мүлкіндегі үлесін сатуы кезінде бұл үлесті басқа қатысушылардың басымдықпен сатып алу құқығын сақтау қажет

Акционерлік қоғам

- меншік құқығының акцияларға өтуі заңды тұлғаны қайта тіркеуге алып келмейді;
- оларды орналастыру (сату) жолымен қосымша капитал тарту мүмкіндігі

- жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің жоғарылығы;
- тіркеудің неғұрлым күрделі рәсімі;
- акциялар эмиссиясы мен есептерді бағалы қағаздар жөніндегі комиссияда тіркеу қажеттігі;
- басқару органдарының неғұрлым күрделі құрылымы мен олардың жиналыстарын өткізу мен шешімдер қабылдаудың күрделі тәртібі

Жеке меншік кәсіпорын

- қарапайым және арзан ұйым;
- іс-әректтер еркіндігі;
-тиімді қызметке деген елеулі стимулдар

- қаржы ресурстарының шектелгендігі;
- толықтай қаржылық жауапкершілік

Ұжымдық кәсіпкерлік мекеме (фирма) құруда негізделеді немесе заң тілімен айтқанда заңды тұлғаны құрайды. Қ.Р. Азаматтық кодексі заңды тұлғалардың төмендегідей ұйымдық – құқықтық түрлерін қарастырады:



  • коммерциялық мекеме; толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын,

  • коммерциялық емес мекеме; қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, діни бірлестік, тұтынушылар кооперативі, одақ (құрылтай).

Табыс табатын іске келетін болсақ онда заңды тұлғаның коммерциялық түрін айтқан жөн. Заңды тұлғаның негізі – шағын кәсіпкерлік нысандары. (ШКН)

  • толық серіктестікті құру және ашу үшін кем дегенде екі азаматтың қатысуы керек және оның саны заңнамамен шектелмеген. Сондықтан қатысушылар саны құрушылардың өз еркінде және оның саны іскерлікке бөгет болмай, істің оңтайлы жүруіне байланысты болуы керек; Құрылтай құжаты болып мекеменің жарғысы мен құрылтай шарты жатады.

  • командиттік серіктестік (КС); Ону құру және ашу кем дегенде екі азаматтың қатысуы керек, және оның санында заңнамаларда шектеу жоқ, сондықтан қатысушылар (құрылтайшылар) саны құрушылардың өз еркінде. Бірақ толық серіктестікке қарағанда КС айырмашылығы бар ( ол командиттік деп аталғанына қарай немесе сенімділікке негізделген ) КС екі түрлі құрушы болады: толық серіктестіктер және салымшылар. Құру рәсіміне екі құжат керек: Жарғы және құрылтай шарты. Ол құжаттарға толық серіктестіктер мен салымшылар қол қояды.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) құру үшін бір және одан көп құрылтайшылар бола алады және оның саны шектелмейді;

  • ЖШС келесі бір құрылтайшысы бір адамнан тұратыншаруашылық серіктестік құра алмайды;

  • құрылтай құжаты бір адамнан құрылтайшысы бар серіктестікке жарғы болып табылады , ал екі немесе бірнеше адамнан құрылтайшы құрайтын серіктестікте жарғы және құрылтай шарты болып табылады.

  • құрылтайшылар серіктестік міндеттеріне тек қана қосқан салымдары шеңберінде ғана жауап береді; серіктестік құрылтайшысының үлесі басқа адамға берілуі құрылтай құжаттарында көрсетілсе ғана жүзеге асады. Ол үлесті бірінші кезекте осы серіктестіктің басқа құрылтайшысы иемденеді. Серіктестіктің ең аз жарғылық қоры 100 ең аз есептік көрсеткішке тең.

Қосымша жауапкершілікті серіктестік (ҚШС) пен ЖШС бірегейлік жақтары көп және олардың құқықтық жағдайы бір заң актісімен анықталады.
Серіктестік құрылтайшылары серіктестіктерінің міндеттемелері бойынша өздері жарғыға қосқан салымдарымен жауапты, немесе ол сома жетпегенде өздерінің дүние мүлкімен есебінен төлейді, сондықтан да ол қосымша жауапкершілікті серіктестік деп аталады.
Құрылтайшылардың біреуі банкроттыққа ұшыраса щның серіктестік алдындағы жауапкершілігін қалған құрылтайшылар өздерінің салымдары пропорциясында жауапталады, және де басқадай жауаптану жағдайы мүмкін, және де олар қрылтай құжаттарында көрсетілуі керек, ал басқа жағдайларда ҚЖС-ке ЖШС ережелері қолданылады.
Өндірістік кооператив (ӨК): бұл азаматтардың бірігіп кәсіппен айналысуы үшін құрылған ерікті ұйым; ӨК мүшелері өз еңбек үлестерімен және мүліктік үлестерін біріктіру арқылы қызмет атқарады; кооператив мүшелері екі адамнанкем болмауы керек , бірақ одан көп санына шектеме жоқ; мүліктік үлесі 3 мың теңгеден кем болмауы шарт, ал жарғы капиталының ең аз мөлшері көрсетілмеген, сондықтан жарғы мөлшерін көрсетпеседе болады, ал жарғы мөлшері кооператив мүшелерінің мүліктік үлесінің жиынтығы боып табылады, кооператив мүшелері оның міндеттемелері үшін қосқан мүліктік үлесі мөлшерінде ғана жауапты, не керек кезінде қосымша барлық дүние мүлкімен жауапты.

  • азамат кооператив өз жеке еңбек үлестерімен біріккендіктен қатарынан басқа кооперативке мүше бола алмайды.

  • кооперативтің басшылық құрылымы оның мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады, одан басқа басқару тетіктері: басқарма, төраға, бақылау кеңесі болуы мүмкі, кооператив мүшесі мүліктік үлесін басқа адамға беруіне болады, бұл шараны аралық есеп қорынындысы бойынша бекітілген қаржылық есептің негізінде жүзеге асыра алады. Кооператив мүшелері мүшелердің санының көптігіне және ноариалды бекітудің қиындығына байланысты құрылтай шарттын жасамай-ақ , жарғы бойынша оған қосымша ретінде тіркелген мүшелердің тізіміне сәйкес жұмыс істей алады. Бұл кәсіпкерлік ұйым формаларының әрқайсысына өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет