Тұжырымдама, шолу, резюме. Бұл жоспарланған бизнес туралы қысқартылған, тез оқылатын ақпараттық шолу және кәсіпорын өз ісін бастай отырып немесе әрекет етуші бизнесті дамыта отырып алдына қойған мақсаттары туралы ақпарат. Тұжырымдама мәні бойынша бизнес жоспардың қысқартылған нұсқасы болып табылады.
Резюмеде келесі негізгі сәттер бейнеленуі тиіс:
бизнес үшін мүмкіндіктер; бизнестің тартымдылығы;
қажетті қаржылық ресурстар (меншікті немесе қарызға алынған);
жобаның өтеу мерзімі;
қарыз қаражаттарын қайтарудың мүмкін мерзімі;
инвестициялау шарттары;
күтілетін пайда және оны бөлу.
Тұжырымдаманы баяндау тәртібі жеткілікті еркін болып табылады, бірақ оны ұсынылатын бизнестің басты мақсатынан бастау қажет. Бизнестің тұжырымдамасы (резюме) бизнес жоспарды жазудың ең соңында дайындалады, бірақ бизнес жоспардың басында тұрады.
Қазіргі жағдай және кәсіпорын туралы қысқаша ақпарат. Қазіргі уақыттағы жағдайды сипаттайтын және кәсіпорын туралы қысқаша ақпарат беретін бөлімде келесі сәттер баяндалады:
бизнес жоспар бойынша идеяның пайда болуына ықпал еткен басты оқиғалар;
менеджерлердің алдында тұрған басты жағдайлар мен мәселелер;
нарықтағы жағдай және қол жетуге тиісті жағдай.
Әрі қарай кәсіпорын туралы негізгі ақпарат қысқартылған нысанда келтіріледі – құрылған уақыты, ұйымдық-құқықтық нысаны, құрылтайшылар, заңды мекен-жайы және т.с.с.
Бизнес объектісінің сипаттамасы. Бұл бөлімде бизнес жоспардың бағытын атап өту керек (өнімді, жұмысты, қызметтерді, жаңа кәсіпорын құру, әрекет етуші кәсіпорынды дамыту, қаржылық сауықтыру). Сонымен қатар мұнда тауардың тұтынушылар үшін маңыздылығын, оның ерекшелігін атап өту қажет. Оған қоса өнімнің функционалды мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін сипаттаған жөн болады. Бөлімнің соңында ұсынылатын бизнестің табысқа жетуін анықтауға тиіс маңызды факторлар сипатталады.