Керемет бастауыш мектеп-балабақша кешені берік Назым Берікқызы Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру


-кесте – «Диагностикалық құзыреттілік» ұғымына берілген авторлардың анықтамасы



бет15/20
Дата07.01.2022
өлшемі411,5 Kb.
#19609
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
1-кесте – «Диагностикалық құзыреттілік» ұғымына берілген авторлардың анықтамасы

Автор

Ұғым

Ұғымның мәні

1

2

3

О.И. Дорофеева

Диагностикалық құзыреттілік

«Кәсіби педагогикалық қызметтің шынайы жағдайларында пайда болатын кәсіби мәселелер мен міндеттерді шешу үшін диагностикалық қызметті жүзеге асыруға педагогтың теориялық және

тәжірибелік даярлығының тұтастығы».



О.В. Вечканова, Л.Н. Титова

Диагностикалық құзыреттілік

Диагностикаға позитивті қатынас синтезінде көрінетін даярлық, тәжірибелік педагогикалық қызмет шарттарындағы білім алушылар мен ұжымды зерттеу барысында психологиялық- педагогикалық білім мен біліктерді қолдануы


Е.П. Ивутина

Диагностикалық құзыреттілік

Кәсіби қызметті меңгерудегі пайда болатын тұлғаның маңызды өзгеруі

Г.А. Рязанова

Диагностикалық құзыреттілік

Диагностикалық қызметтің барлық кезеңдеріндегі кәсіби қызметтің нысандары жайлы болашақ маманның терең және толық ақпарат алуы үдерісіндегі тұлғалық берік көзқарастары, сенімдері,

мақсаттары жүйесі



А.В. Фурлетова

Диагностикалық құзыреттілік

Диагностикалық қызметті жүзеге асыруға қажетті теориялық және тәжірибелік даярлықтың бірлігі: диагноз қоя білу, диагностикалық гипотез ұсыну, психологиялық-педагогикалық қызметтің шынайы жағдайларында пайда болатын мәселелер мен міндеттерді шешу, өз қызметіне үнемі мақсатты толықтырулар енгізу және т.б. тұратын тұлғаның

интегралдық сапалары



А.В. Сеничкина

Диагностикалық құзыреттілік

«Тұлғалық-саналы позитивті қатынасында көрінетін, білім берудің түрлі кезеңдерінде диагностикалық қызметке оның қабілеттілігі мен даярлығы, диагностикалық міндеттерді шешуге бағытталған терең, берік диагностикалық білім мен білігінің болуы»

Н.В. Кутовая

Диагностикалық құзыреттілік

Жеке диагностикалық қызметінде болашақ мұғалімнің психологиялық-педагогикалық білімі мен білігін қолдануға даярлығы және қол жеткізілгендер негізінде өзіндік диагностика жасау қабілеті

О.М Краснорядцева

Диагностикалық құзыреттілік

Өзіндік диагностикалық қызметте стратегия мен тактиканы таңдау мүмкіндігі

Л.Ю. Александрова

Диагностикалық құзыреттілік

Диагностикалық үдеріс логикасына сай ойлау мен тәжірибелік әрекеттердің және операциялардың жиынтығы, ол белгілі бір әдістер мен әдістемелерді қолдану арқылы балалар әрекеті мен тұлғаны тиміді зерттеуді қамтамасыз етеді

В.Н. Кoсырeв

Диагностикалық құзыреттілік

Дәрігердің диагностикалық міндеттерді тиімді шешу даярлығы мен мүмкіндігі. Құрылымдық қатынаста ол тұлғаның интегралдық сапасынан құралған және теория мен практиканың синтезі

негізінде қалыптасатын жеке құзыреттіліктер қатарынан тұрады



Кестеден көріп отырғанымыздай, зерттеушілердің «диагностикалық құзыреттілік» ұғымына көзқарастары бірыңғай емес, оны анықтау үшін жеткілікті деңгейдегі кең терминологиялық аппарат қолданылуы тиіс деген қорытынды жасауға болады. «Диагностикалық құзыреттілік» түсінігі әдетте жиі «педагогикалық және психологиялық диагностика» түсініктерімен синонимдес сипатталатындығы анықталды.

Бұл ретте «диагностикалық құзыреттілік» ұғымының түрлі әдеби дереккөздерде өзіндік жан-жақты жеткілікті талданбағандығын айта кету қажет. Анықталғандай ұғымды қолданудың көпфункциялылығы диагностикалық құзыреттілікті анықтауда педагог-психолог тұлғасының интегралды кешенді сипаты ретіндегі, кәсіби қызмет субъектісі ретіндегі міндеттерді қояды. Бірақ нақ осы сапада диагностикалық құзыреттілік дәстүрлі психологиялық- педагогикалық әдебиеттерде жеткілікті қарастырылмайды. Сәйкесінше, бұл ұғымның жалпы қабылданған түсіндірмесі жоқ, бұл оны тәжірибелік қызметте қолдануда және түрлі психологиялық-педагогикалық зерттеулерден алынған мәліметтерді салыстыруда белгілі бір қиындықтар туғызады. Дегенмен, бұл ұғымның теориялық мәнін зерделеуге мүмкіндік беретін қазіргі таңда алғышарттары қалыптасты деуге болады.

Болашақ педагог-психолог студенттердің диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі күрделі және көп аспектілі. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл мәселені ғылыми еңбектерде жеткілікті терең негіздеме алған құзыреттілік тәсіл тұжырымдамасы контекстінде қарастыру қажет.

Мұғалімнің педагогикалық даярлығы педагогикалық мінез-құлықтарын қалыптастыруға әсерін тигізеді. Олардың қалыптасуы:



  • педагогикалық құзыреттіліr негізін қандай деңгейде меңгергеніне;

  • педагогикалық құзыреттілікті толық қанды түсіну деңгейіне;

  • ерекше педагогикалық құзыреттілікке;

  • әр педагогтың жеке тұлғалық ерекше шығармашылық даралығына байланысты.

Сонымен педагогикалық кәсіп мағынасына ұстаздың қоғамдық функцияларының мақсаты мен мәселелерін адамтану проблемаларын түсінудегі рөлін анықтайтын жоғары дамыған парыздылық санасы, құзыреттілік нышаны енеді.

Білім берудің құзыреттілікті-бағдарланған парадигмасы жағдайында педагог-психологтарды даярлаудың маңызды мақсаты студенттердің тұлғалық сапаларын, сонымен қатар жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, ғылыми-зерттеушілік, ұйымдастырушылық- басқарушылық, тәжірибелік-аналитикалық, өндірістік-технологиялық және оқытушылық қызметте оларды жүзеге асыру дағдыларын дамыту болып саналады. Педагог-психолог жоғары оқу орнын аяқтай отырып өз пәніне қатысты тек біліммен ғана қамданып қоймай, сонымен бірге жеткілікті тұлғалық сапалар мен құзыреттіліктер жиынтығын меңгеруі қажет .

Осыдан талданған дереккөздер айғақтағандай, жоғарғы мектеп жүйесіндегі болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі өзекті болып табылатындығын және оның шешімін табу психологиялық-педагогикалық білімдерді кеңінен қолдануды талап ететіндігін аңғардық. Бұл үдерістің тиімділігін анықтайтын маңызды факторларға болашақ педагог- психологтарды оқуға және алдағы кәсіби қызметіне деген мотивациясы,білім сапасының, қажетті құндылықтық сенімдерінің, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, рефлексивті қабілеттері мен адекватты өзін-өзі бағалауының болуы кіреді.

Диагностикалық қызметті ұйымдастырудың заманауи көзқарастары тұрғысынан құзыретті маманды диагностикалық қызметті орындауға деген жоғары мотивациясы, ниеті және диагностикалық гипотезалар ұсына білуі, міндеттер қоя алуы, олардың шешілу барысын және нәтижесін талдай білуі, ақпаратпен жұмыс істей алуы ерекшелеп тұруы қажет. Жоғары мектептегі білім беру жағдайындағы болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде құзыреттілік тұғыр жүзеге асыру арқылы болашақ түлекті даярлау сапасы мәселесіне жаңаша келуге мүмкіндік береді. Осы тұста біз болашақ маманның диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық аспектілерін диагностикалық құзыреттіліктің болмыстың сипаттамасын құрайтын құзырет құраушы компоненттерді: 1. Когнитивті (білімдік); 2. Психомоторлы (іс-әрекеттік) ; 3. Эмоционалды -құндылықтардың (құндылық қатынастар) меңгерілу үрдісі мен жүзеге асыру кезеңдерін саралап,талдау арқылы түсіндіреміз.

Диагностикалық құзыреттіліктің психологиялық аспектілері: таным, қызығушылық, белсенділік, ынта, қабілет, қажеттілік сынды процестер жоғары сападағы оқу өнімін алу үшін маңызды әсер етуші факторлар қатарында екендігін аңғарамыз. Бұнда ең жоғары әсер ететін фактор ол оқудың мотивтері содан кейін оқуға қатысуы және соңында жалпы қабілеттері болып отыр. Осыдан біз болашақ маманды қалыптастыруда оның ең алдымен атқаратын жұмысына деген қызғушылығын, мотивін оятуымыз тиіс. Студент бойындағы оқу қажеттіліктерін қамсыздандырып, оның бойындағы қабілеттерін аша білуіміз керек. Тұрақты оқытуды қадағлап, оқу тапсырмаларын жүйелі орындауға шақыруымыз тиіс. Сонымен қатар тәжірибеде білімін қолдана алуына машықтандыруымыз дұрыс болады. Және де диагностикалық білімді жақсы қалыптастырушы орта, ЖОО-да арнайы мамандандырылған кабинеттер мен лабораториялық бөлімшелерді сапалы түрде ұйымдастыру қажет.

Біздің зерттеу жұмысының басты міндеттерінің бірі болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру моделін әзірлеу болып табылады. Атап айтқанда, ЖОО-да жалпы орта білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог мамандарға тиесілі мақсаты, міндеттері, білімі, іс-әрекет дағдылары мен құндылық қасиеттері болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың мінсіз нәтижесін құруда болып табылады.

Белгілі болғандай, модельдеу педагогикалық ғылымда ғылыми зерттеу әдістерінің бірі ретінде кеңінен қолданылады. Модельдеу әдісі эксперименттің педагогикалық түріне және логикалық құрылымдар мен ғылыми тораптарды құрастыруға сәйкес келеді. Жалпы, бұл көшірмелерді, педагогикалық материалдарды, құбылыстардың үлгілерін жасау процесі. Зерттелетін педагогикалық жүйенің схемалық бейнесінде қолданылады.

Педагог-психологтың кәсіби маңызды функцияларын табысты жүзеге асыру үшін тиісті білім мен дағды қажет. Білім, Дағдылар мен қабілеттер топтарын анықтау педагог-психолог қызметінің моделін анықтайды және келесі қадамды көрсетеді. Біз әзірлеген модельді құру негіздері-педагог-психологтарды диагностикалық құзыреттілікке даярлаудың әлеуметтік тәртібі. Зерттеудің алдыңғы бөлімдерінде ұсынылған қорытындылар болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісіне елеулі әсер етті. Жоғарыда айтылғандардың барлығы педагог-психологтардың кәсіби даярлығының маңыздылығын куәландырады, оның жалпы мақсаты тез өзгеретін ортада диагностикалық құзыреттілігі бар белсенді және тиімді кәсіби өмірге қабілетті маманды қалыптастыру болып табылады.

Ұсынылып отырған үлгі болашақ педагог-психологтарды диагностикалық құзыреттілікке жоғары деңгейде дайындау үдерісіне бағытталған педагогикалық жүйенің сипаты болып табылады. Модель болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру процесін сипаттайды, олардың көмегімен объектілер мен құбылыстардың өзара байланысы мен қарым-қатынасын көрсетеді, оның басты қызметі зерттелетін мәселенің мәнін ашуға мүмкіндік беру, оны құрылым ретінде түсіну болып табылады.

Біз қарастырып отырған модельге және әдіснамалық тұрғыда қойылатын талаптарға сүйене отырып, біз 2-суретте көрсетілген модельдің келесі құрылымын анықтадық.

Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың құрылған моделі келесі элементтердің жиынтығынан тұратын құрылымдық-функционалдық жүйені қамтиды:

мақсатты компонент -әлеуметтік тапсырыс пен мақсатты анықтайды, диагностикалық құзыреттіліктің ұстанымдарын, тұғырларын сипаттайды мазмұндық компонент –жоғарғы білім беру мазмұнын айқындап, білім беру барысында білімгерлердің игеретін пәндік курстар мазмұнын және педагогикалық тапсырмалар түрлерін көрсетеді ;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет