процессуалдық компонент –диагностикалық құзыреттіліктің қалыптасу кезеңдерін, диагностикалық құзыреттіліктің құрылымын (құрылымын, әдістерін, құралдарын және диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыру үдерісінің әдістемелік қамтамасыз етілуін) көрсетеді;
бағалаушылық компонент- нәтиже, диагностикалық құзыреттіліктің компоненттерінің көрсеткіштері мен диагностикалық құзыреттіліктің өлшемдерін сипаттайды, оның бағаларының деңгейлерін береді.
2-суретте көрсетілген теориялық моделді жүзеге асыру үшін біздер бірқатар педагогикалық шарттар орындалуы керек деп білеміз
Педагогикалық шарттарға байланысты зерттеу жұмыстарын зерттеу негізінде біз келесі шарттар кешенін анықтадық:
1. Әдіснамалық – Болашақ педагог-психолог мамандардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруды (ЖОО-да) жүзеге үшін оқу материалдарын іріктеу принциптері;
2. Теориялық – Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісіне сәйкес оқу материалдарының жүйеленуі;
3. Дидактикалық – Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру технологиясының жасалынуы;
4. Әдістемелік – Болашақ педагог-психологтардың диагностикалау қызметтерін жүзеге асыру әдістері мен тәсілдері;
5. Практикалық – Болашақ педагог-психологтардың диагностикалау жұмыстарының мазмұны мен құралдарын тәжірибелік жұмыстар арқылы қамтамасыз етілуі.
Сурет 2- Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру моделі.
Достарыңызбен бөлісу: |