Керемет бастауыш мектеп-балабақша кешені берік Назым Берікқызы Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру


-сурет. Құзыретті құраушы компоненттер



бет14/20
Дата07.01.2022
өлшемі411,5 Kb.
#19609
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
1-сурет. Құзыретті құраушы компоненттер.

Осылайша, құзыреттілік өзіне үш аспектіні кіріктіреді: когнитивті (білім); операциялық (іс-әрекет тәсілдері және іс-әрекетті жүзеге асыруға дайындық); аксиологиялық (белгілі бір құндылықтардың болуы).

Осы аталған құзыретті құраушы үш сала болашақ педагог-психологтарды даярлау үрдісіне сапалы маманға қол жеткізу үшін басты бағдар беруші болып табылады.

Жоғарыда келтірілген ғалымдардың анықтамалары мен зерттеулерін сараптай келе, біз маманның кәсіби құзыреттілігі деген атаудың бастамасы маманның кәсіби даярлығы мағынасынан таралып, замануи өзгерістерге орай жаңа формациядағы білім саласына атауы өзгеріп, енгендігін аңғардық. Осыдан келетін түйін, педагогтың кәсіби құзыреттілігі деп біздің зерттеу мәселесінде педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігі, оның кәсіби даярлығын яғни диагностикалық даярлығымен тең дәрежедегі түсінік деп айта аламыз.

Зерттеуші А.Ж. Сапаргалиева педагог-психологты көмекші кәсіп маманы ретінде кәсіби даярлауды жетілдіруге арналған диссертациялық зерттеу жұмысында, педагог-психологты кәсіби даярлау мәселесі толық айқындалмағандығын және қазіргі күні оның ғылыми негіздерін анықтау талап етілетіндігін атап өтеді. Сонымен қоса оның зерттеуінде педагог-психологтың көмекші кәсіп маманы ретіндегі кәсіби қызметінің келесідей түрлерін бөліп қарастырады: психодиагностикалық, түзетуші-дамытушы, кеңес беруші, алдын алушы, бағалаушы, болжаушы, әдістемелік, басқарушы.

Зерттеушілер М.Р. Битянова, А.Г. Шмелев және т.б. психодиагностикалық қызметті жүзеге асыруда бірінші орынға мынадай кәсіби маңызды сапаларды қояды: психодиагностика негіздерін білу, психодиагностикалық жұмыс біліктері мен дағдылары (психологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу білігі мен дағдылары, психологиялық диагностика әдістері мен әдістемелерін меңгеру, мәліметтерді математикалық өңдеу, балаға, ұжымға психологиялық қорытынды жасау және т.б.), мәліметтерді баяндауда нақтылық, объективтілік, мәліметтерде өңдеуде асқан дәлдік .

Жоғарыда берілген тұжырымға сәйкес маманның кәсіби даярлығын мән мағынасы және қолдану аясы мен қызметі тұрғысынан кәсіби құзыреттілік атауымен тең дәрежеде қарастыруды оң шешім деп тапқан болатынбыз. Сол себепті болашақ педагог-психологтың диагностикалық даярлығын оның диагностикалы құзыреттілігі деп анықтап, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде зерттелу деңгейін қарастыратын боламыз.

Педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілінің мәні мен мазмұнын анықтау мақсатында «диагностикалық құзыреттілік» ұғымының бар анықтамаларына талдау жасалды. Бұл ұғым психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде жеткілікті кең қарастырылмағандығын, сонымен қоса қазірде «диагностикалық қызмет» бөлек ұғым ретінде жиі кездесетіндігін айта кетеміз (Кесте 1).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет