Керемет бастауыш мектеп-балабақша кешені берік Назым Берікқызы Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру



бет13/20
Дата07.01.2022
өлшемі411,5 Kb.
#19609
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс құрылымы нормативті сілтемелерден, анықтамалардан, қысқартулар мен белгілеулерден, кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Магистрлік диссератция 20 кесте, 3 сурет, 89 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұратын көлемі 109 бетті қамтитын қолжазба.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері.

Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін дамыту бағдарламасында тұлғаның толық қанды дамуы үшін жағдайының жасалуы және оның әлеуметтік ортада өз орнын табуы туралы баяндалып, кәсіби бағыттағы білім беру сапасын жоғарлатуға үлкен жол ашу керектігі туралы талап қойылады. Бұл жерде басты мақсат саналы оқушы тәрбиелеп,оның дара ерекшеліктерін қалыптастырып, жан дүниесін айқын біліп оқып-үйрену. Осы орайда педагог-психологтың диагностикалық қызметінің маңызы ерекше. Ол үшін жоғарғы оқу орындарында психологиялық-педагогикалық диагностикалық қызметтің оқу тәрбие үдерісінде қаншалықты маңызды екенін жете түсініп, оны іс жүзінде қолданудың нақты шаралары мен әдіс-тәсілдерін пайдалана алатындай диагностикалық құзыреттілігі қалыптасқан болашақ педагог-психолог мамандарды даярлау қажет.

"Құзырет", "құзыреттілік" ұғымдарына анықтамалар берілген және құзыреттілікті қалыптастыру бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліген. Ол жөнінде ҚР-да білім беру саласында басшылыққа алынатын нормативті құжатта анықтама беріліп көрсетілген. Соның бірі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 ж. 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Онда "Құзыреттер- студенттердің оқыту үрдісі кезінде алған білім,шеберлік және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті"- деп көрсетілген. Н.Ф.Ефремова пікірінше құзыреттілік бұл -көп жағдайда міндеттерді шешетін қабілеттілік ретінде қарастырылады, ал құзырет - осы қабілеттіліктерді қамтамасыз ететін мінез-құлық моделі. [107].

Көрсетілген анықтамаларды есепке ала отырып, біз «құзырет» терминінің келесідей түсініктемесі шығады: «құзырет – бұл білім алушы оқу барысында меңгеруі керек және соңғы нәтижесінде қандай да бір сала бойынша оның құзыреттілігін қалыптастыратын білім, білік, дағдылар жиынтығы». Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдасақ, құзыреттілік – бұл педагогтың кәсіби міндеттердің орындалуын, мақсатқа жетуді, нәтиже алуды қамтамасыз ететін әрекетті сапалы жүзеге асыру мүмкіндігі деген қорытынды жасаймыз.

Құзыреттерге негізделген білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыстардың жүргізілуіне сәйкес, "Құзырет дегенімізді қалай түсінеміз?", "Құзыреттің құраушылары қандай болуы мүмкін?",т.б. сұрақтардың туындағаны да белгілі. Жоғарыда келтірілген ғалымдардың анықтамаларына сәйкес біз құзырет ұғымының мәнін анықтадық. Нәтижесі ретінде білім беру бағдарламасының мазмұны мен құрылымын анықтауда зерттеуші ғалымдардың берген ортақ пікірлерінен туындаған құзыретті құраушы үш компонентті бөліп көрсеттеміз.

Зерттеулерге сәйкес құзырет үш құраушыдан тұрады:

1. Когнитивті (білімдік) сала;

2. Психомоторлы (іс-әрекеттік) сала;



3. Эмоционалды -құндылықтар (құндылық қатынастар) саласы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет