Керемет бастауыш мектеп-балабақша кешені берік Назым Берікқызы Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру



бет6/20
Дата07.01.2022
өлшемі411,5 Kb.
#19609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілінің мәні мен мазмұнын анықтау мақсатында «диагностикалық құзыреттілік» ұғымының бар анықтамаларына талдау жасалынды.

Зерттеу мәселесінің ғылымды қарастырылу жайы кәсіби педагогикалық және психологиялық іс-әрекетте диагностикалық құзыреттілікті қалыптастырудың түрлі аспектілері шетелдік зерттеушілердің жұмыстарында да көрініс тапқандығын көрсетті: J. Klug, S. Brude, А. Kelava, С. Spiel, B. Schmitz , Rorschach .

Жақын шетелдік ғалымдар: Е.П. Ивутина, А.В. Фурлетова , О.И. Дорофеева, Г.А. Рязанова, О.В. Вечканова, Л.Н. Титова , Н.В. Кутовая , Л.Ю. Александрова, О.М. Красноярдцева , В.Н. Косырев , О.В. Еремкина, Е.А. Михайлычев , Л.Н. Волошина, Г.Е. Воробьева, Н.Д. Лащенко, А.Н. Марина, Л.В. Покушалова, В.И. Долгова, В.К. Шаяхметова, Т.В. Куприянчик, В.В. Беликова т.б. да аталмыш мәселені зерттеудің теориялық негіздерін жасауға өз үлестерін қосты.

Зерттеу барысындағы талдаулар болашақ педагог - психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың әдіснамалық, технологиялық, дидактикалық, әдістемелік астарлары, білімдік үдерісті психологиялық-педагогикалық қамтамасыз ету және осы іс-әрекетті жүзеге асыратын мамандардың кәсіби дағдыларын дамыту мәселелеріне: Г.Ж. Лекерова, Р.Ж. Аубакирова, Г.С. Тұрсынгожинова, У.Б. Төлешова, Н.С. Жұбаназарова, П.Ш. Маханова, К.Ж. Төребаева, Н.О. Перепелкина, Е.П. Мутавчи, Н.А. Ермакова, М.Р. Битянова, А.Г. Шмелева, Н.И. Шевандрин, Б.А. Тұрғынбаева, Б.Т. Кенжебеков т.б. өз үлестерін қосқандығын көрсетті.

Талданған ғалымдардың еңбектері білім беру бағытындағы педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселелерін зерттеудің теориялық негіздерін құрайды.

Бұл ұғым психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде жеткілікті кең қарастырылмағандығын, сонымен қоса қазірде «диагностикалық қызмет» бөлек ұғым ретінде жиі кездесетіндігі анықталды.Ұғымды қолданудың көпфункциялылығы диагностикалық құзыреттілікті анықтауда педагог-психолог тұлғасының интегралды кешенді сипаты ретіндегі, кәсіби қызмет субъектісі ретіндегі міндеттерді қояды. Бірақ нақ осы сапада диагностикалық құзыреттілік дәстүрлі психологиялық- педагогикалық әдебиеттерде жеткілікті қарастырылмайды. Сәйкесінше, бұл ұғымның жалпы қабылданған түсіндірмесі жоқ, бұл оны тәжірибелік қызметте қолдануда және түрлі психологиялық-педагогикалық зерттеулерден алынған мәліметтерді салыстыруда белгілі бір қиындықтар туғызады. Дегенмен, бұл ұғымның теориялық мәнін зерделеуге мүмкіндік беретін қазіргі таңда алғышарттары қалыптасты деуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет