Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері



бет36/82
Дата21.12.2023
өлшемі208,94 Kb.
#141944
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   82
Бидай трипсі-Haplothripstritici Kurd.(Phloethripidae-тұқымдасы, Tubulifera -түтікше құйрықтылар отряд тармағы, Thysanoptera-шашақ канаттылар отряды). Ересек трипстердің денесі күңгірт қоңыр қара, ұзындығы 1,5-2 мм, түссіз шашақты қанаттары бар. Дернәсілдері ашық қызыл, ұзындығы 2 мм-ге дейін. Жылына 1 ұрпақ беріп дамиды. Дернәсілдері топырақтың үстіңгі қабатында, аңыздарда қыстайды. Ересек трипстер мамыр-маусымда ұшып шығады. Жаздық бидайдың түтіктену кезеңің аяғында - масақтану кезеңінің басында олардың саны әдәуір көбейеді. Жұмыртқаларын бір-бірлеп немесе топтап 3-5 данадан масақшалардың қабыршақтарына және масақ өзегіне салады. Жалпы, 20-25 жұмыртқа салады, 6-8 күннен кейін дернәсілдер пайда болады. Трипстердің көбеюіне жылы құрғақ ауа райы қолайлы болады. Дәннің ылғалдылығы 40 пайыздан аз болса, трипстер қоректенуін тоқтатып, қыстайтын жерлеріне кетеді. Трипс күздік және жаздық бидайларды, қара бидайды зақымдайды. Ересектері де дернәсілдері де зиян келтіреді. Ересек трипсілер сабақта, масақшаларының қабыршақтарында және жапырақтың қынабының шырынын сорып қоректенеді. Масақшалары өсуін тоқтатады. Дернәсілдері дәнмен қоректенеді, олардың әсерінен дән зақымдалады, солып салмағы азаяды, тұқымдық сапасы төмендейді. Күресу шаралары. Топырақты сыдыра жырту; ауыспалы егісті қолдану; бұршақ, жүгеріден кейін жаздық бидайды өндіру. Жүйелі әсерлі инсектицидтерді өсімдіктердің түтіктену кезеңінің аяғында-масақтану кезеңінің басында қолданғанда, трипсілерге қарсы ең жоғары нәтиже көрсетеді. Осы кезде жұмыртқа салатын ұрғашылар құрып, дернәсілдердің саны да аз болады. Әдетте инсектицидтерді қолдану басқа да зиянкестермен күресу кезеңдерімен бірдей болады (бітелер, бақашықтардың дернәсілдері, дән сұр көбелегінің жұлдызқұрттары және т.б.). Трипстерді тексергенде егістіктен 10 масақтан 10 үлгі алынады. Есептеу үшін масақшалардың қабыршақтарын ашады. Егер түтіктену мен масақтану кезеңінің басында егінде 8-10 трипстер бір сабақта, не болмаса 30 трипстер аулағыштың 10 қаққанында және бір масақта (дән толысу-сүттену пісу кезеңінде) дернәсілдердің саны 40-50 данадан асса, инсектицидтер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет