Дәннің сұр көбелгі-Aеpameaanceps Schift. (Noctuidae-түн көбелектер тұқымдасы, Lepidoptera- қабыршақ қанаттылар отряды) Көбелектерінің алғы қанаттарының түсі қоңыр реңді аралас сұр не болмаса күңгірт сұр, ал артқы қанаттары сұр немесе ақшыл сұр болады. Жоғары жастағы жұлдызқұрттар құңгірт сұр, арқа жағынан бойлай жолақтар орналасады. Дене ұзындығы 25-35 мм. Жұлдызқұрттар топырақта қыстайды. Көктемде олар қуыршақтанады. Жазда маусым айының ортасына қарай көбелекке айналады және олардың ұшуы байқалады. Жұмыртқаларын масақшыларындағы гүлді қабыршақтарының астына салады. Дәннің сұр көбелектің өсімталдығы өте жоғары, қолайлы жағдайлар болғанда 2000-3000 дейін жұмыртқа салады. Жылына 1 ұрпақ беріп дамиды. Жұлдызқұрттар бидайды, қара бидайды, кейде арпаны зақымдайды. Төменгі жастағы жұлдызқұрттар дәннің ішінде қоректеніп, қабығын ғана қалдырады. Төрт жастан бастап олар ашық қоректенеді. Ашық қоректену барысында дәндерді сыртынан кеміріп тастайды. өнім жинағаннан кейін топыраққа түскен дәндермен қоректенеді. Бидайды қайталама себу және ұсынылған оңтайлы мерзімінен ерте себу, жылы қыс және тіршілік кезеңінде ылғалды ауа-райы дәннің сұр көбелегінің көбеюіне қолайлы жағдай туғызады. Күресу шаралары. Күзгі және көктемгі зерттеу көрсеткіші бойынша қажетті шешімдер қабылданады. Жұлдызқұрттардың қыстап шыққан санын 8-16 үлгілі алаңдарда (әр үлгі 0,25м2 ) топырақ тереңдігі 15 см дейін қазып, тығыздығын анықтайды. Тексеруде тіршілік қабілетін сақтаған 2-3 жұлдызқұрттар/м2 табылса, топырақты өңдеу қажет. Культиватор не болмаса тегершік құралдармен 6-8 см тереңдікке өңдейді.
Астықтың жолақ бүргесі-PhуllotretavittulaRedt. (Coleoptera-қатты қанатты лар отряды, Chrysomelidae- жапырақ жемірлері тұқымдасы). Ұсақ қоңыздар, дене ұзындығы 2 мм-дей, қара түсті, үстіңгі қанаттарында сары созылмалы жолақтар бар, артқы аяғы секіргіш. Дәрнәсілдері ақшыл-сұр, кеуде және анальдық қақпандары ақ, ұзындығы 4-5 мм. Ересек бүргелер жердің үстіңгі бетіндегі топырақ астында ағаш шоқтарында, межелерде, сайларда қыстайды. Топырақ жылысымен кодрен жапырақтары, күздік дақылдар және жабайы астық тұқымдастарымен қоректенеді. Жаздық бидайдың, арпаның, күздік қара бидайдың өскіндері шыға бастағаннан бастап, егістік жерлерге жаппай тарайды. Әсіресе мамыр айының І-ІІ онкүндігінде астық дақылдарының өскіндерінде қыстап шыққан қоңыздар көп болады. Қоңыздар жапырақ паренхимасымен кеміріп қоректенеді, осының нәтижесінде жапырақ кеуіп қалады. Зақымдар үшінші жапырақ пайда болғанға дейін өте қауіпті. Құрғақ ыстық ауа райы жағдайында зиянкестік күшейеді. Жапырақ беті 25-30 пайыздан артық зақымданса, өнім шығыны елеулі болады. Жылына 1 ұрпақ беріп дамиды. Солтүстік Қазақстан жағдайында жаппай жұмыртқа салу маусымның басында басталады. Жұмыртқаларын топырақтың үстіңгі қабатына салады. Екі жетіден кейін дернәсілдер пайда бола бастайды, олар топырақ арасындағы астық тұқымдастардың тамырларымен қоректенеді, бірақ айтарлықтай зақым келтірмейді. Топырақ астында қуыршақтанады. Жаңа ұрпақ қоңыздары маусымда пайда болады. Күресу шаралары. Себу уақытын қолайлы мерзімде өткізудің маңызы зор. Құрғақ ыстық ауа райы жағдайында мамыр айының І-ІІ онкүндігінде шыққан өскіндер үшін (үшінші жапыраққа дейін) қоңыздар өте қауіпті. Өсімдіктердегі қоңыздар санын 8-16 үлгілерде (әр үлгі 0,25 м2 ) есептеп, жапырақ бетінің зақымдануын анықтайды немесе энтомологиялық аулағышпен 10 жерде 10 рет сермеп қағып жүргізеді. Астықтың жолақ бүргесінің тығыздығы 300-400 қоңыз/м2 асса немесе жапырақ зақымдануы 25 пайыз көп болса, өскіндерге нақты айқын қауіп туады. Инсектицидтерді «Тізім...» тәртібі бойынша қолданады.