Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері



бет37/82
Дата21.12.2023
өлшемі208,94 Kb.
#141944
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   82
Байланысты:
Кешенді емтихан а арнал ан с РА тар топыра тану топыра профилі,

Бітелер: кәдімгі астық-Schizaphisgraminum Rond., үлкен астық –Sitobion avenae S. және арпа бітесі-Brachycolus noxius Mord. ( Aphidinea-отряд тармағы, Homoptera - отряды).
Кәдімгі астық бітенің қанатсыз партеногенетикалық ұрғашы бітелер ашық жасыл, арқасында жасыл жолақ, ұзындығы 1,2-2,2 мм. Шырынды түтікшелері цилиндр тәріздес құйрығынан екі есе артық. Арпа бітесі сарғыш жасыл түсті және кішкентай шырынды түтікшелері бар; ұзындыѓы 2-3 мм. Аталықтарында қанаттары болады. Жыл бойы 10 және одан да көп ұрпақ береді. Ұрықтанған жұмыртқалары күздік дақылдарының жапырақтарында, жабайы астықтарда қыстайды. Жұмыртқалардан негізгі аналықтар туады. Кейін қанатты біте таратушылар пайда болады, олар көп жылдық шөптерден және күздік дақылдардан жаздық дақылдардың егіндерге ұшып барып, мекендерін құрайды. Бітелер вегетация кезеңінде партеногенетикалық (ұрықтанбай) әдісімен көбейеді. Күзде аталықтары мен аналықтары пайда болады, олар көпжылдық шөптерден және күздік дақылдардан жаздық дақылдардың егіндеріне ұшып барып, шоғырларын құрайды. Бітелер вегетация кезеңінде ұрықтанбай көбейеді. Күзде аталықтары мен аналықтары пайда болады. Аналықтар ұрықтанған жұмыртқаларын топтап салады, жалпы саны 12 жұмыртқа. Астық тұқымдасқа жататын мәдени және жабайы өсімдіктер зақымданады. Дернәсілдер мен ересек бітелер жапырақтың, сабақтың, масақтың шырынын сорып зақымдайды. Зақымдалған жапырақтар түссізденеді, ширатылады, солады. Егер бітелер өсімдіктерді масақтану кезеңіне дейін мекендесе, масақтар пішінін өзгертеді, не болмаса өсімдік масақтанбайды. Ылғалды, жылы ауа-райы бітелердің сандық көбеюіне қолайлы. Күресу шаралары. Өсімдіктердің қалдықтарын жою, сыдыра жырту. Бітелердің егінді мекендеуінің санын 10 сабақтағы және масақтағы 10-16 үлгіде санайды. Егер егінде 10 біте/сабақта болса, 50 пайыздық мекендеу-шілік не болмаса 20-30 біте/масақта тұтас мекендегенде, инсектицидтерді қолдану қажет.
5 сұрақ Дәнді дақылдардың кеміргіш зиянкестері
дәннің сұр кӛбелегі, астықтың жолақ бүргесі, сабақ бүргелері, кәдімгі сүлікше қоңыз, астық қоңыздары, астықтың барылдақ қоңызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет