93
нәрлі және басқа да заттардың жоғалуы азаяды,
тағамдар
пішіндерін жақсы сақтап қалады. Бумен пісіру арнайы
буқазанда, шкафта, бу конвектоматта жҥзеге асырылады. Себет
пен тор тҥрінде ішпек салынған кәдімгі кәстрӛл
қолдануға
болады. Ішпек пен кәстрӛлдің тҥбіндегі қашықтық 4 ... 5 см
болуы тиіс. Суды тек осы кеңістікке қҧяды, ішпектің тҥбіне
дейін жетпеуі керек, қайнатқаннан кейін ішпекке кӛкӛністерді
салып, қақпағын жауып пісіреді.
Буда ыстық және суық тағамдар ҥшін қабығымен және
қабықсыз картоп пен сәбізді пісіреді. Тазартылған картопты
пісірмес бҧрын тҧз салады.
Пісірген кезде суды кӛп қҧймаған
және аз уақытқа қойған
дҧрыс. Ол ҥшін тҧз қосылып, қайнатылған суға орналастырады
(қызылша, сәбіз, жасыл бҧршақ, кӛкӛністің дәмін бҧзбау ҥшін
тҧз салынбаған суда пісіріледі). 1 л суға 10 гр тҧз салады.
Картоп пен тамырлы жемістерді пісірген кезде, су деңгейі 1
... 1,5 см-ден аспауы тиіс. Бӛрікгҥл мен спаржа, жасыл бҧршақ,
бадана, саумалдық судың кӛп мӛлшерінде (1 кг-ға 3 ... 4 л су)
пісіріп, тҥсі ӛзгеріп кетпеу ҥшін ыдыстың қақпағын ашып
қояды.
Пісірілген бӛрікгҥл мен спаржаны, гҥлді қырыққабатты
қайнатпада сақтайды.
Тоңазытылған кӛкӛністер
жібітілмей пісіріледі, кептірілген
кӛкӛністерді алдын ала жібітіп қояды.
Достарыңызбен бөлісу: