Тақырып 6. Ғылыми-техникалық прогрестің экономикаға әсері (ҒТП) (1 сағат)
1 Ғылыми-техникалық прогресс
Оның жүзеге асуын үдету (ғылыми-техникалық циклді қысқарту негізінде және жаңа техникалар мен технологияларды енгізудің нәтижесінде) және өндірістің ұйымдастыруды үдету.
Ғылыми-техникалық прогресті басқарудың субъектілері:
Мемлекеттік орган;
Жеке және мемлекеттік кәсіпорындар
Салалық ұйымдар (жекеменшік коммерциялар)
Олардың деңгейі: ұлттық деңгейде, региондық, корпоративтік.
Электр энергетикасында - ғылыми зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, жобалық, құрылысты-монтаждық, жөндеу ұйымдары, машина құрау кәсіпорындары, энергетикалық компаниялар.
Ғылыми-техникалық прогресті басқарудың механизмі:
Негізгі қосалқы жүйелер кіреді:
жоспарлау (өзінің бағдарламасын жасау);
қаржыландыру;
ынталандыру;
информациялық қамтамасыз ету;
кадрларды дайындау;
құқықтық қамтамасыз ету.
Оның негізгі көрсеткіштері:
ғылымды көп қажет ететін сала;
техниканың жаңалануының интенсивтілігі;
энергетикалық қондырғылардың прогресивтілігі.
Ғылымды көп қажет ететін (энергетикада) ғылыми-техникалық жұмыстар инвестия үш салаға айналады. Интенсивтілігі негізгі қорлардың активті бөліктерінің жаңалану коэффициенті, не істен шығарылып тастау коэффициентін айтады.
Техника-экономика көрсеткіштері дегеніміз
жалғыз жеке қуаты;
шартты отынның меншікті шығыны;
қондырғының меншікті құны;
қызмет көрсету персоналының меншікті саны;
нормативтік (не жобаланған) қызмет көрсету мерзімі;
меншікті салмағы, алатын көлемі;
характеристикалары (реттеу диапазоны, азайту жылдамдылығы, іске қосылу).
Ғылыми-техникалық прогресс екі фактор әсерінен жүзеге асып отырады: рыноктық және мемлекеттік бағытталған (мақсатты) әсері.
Мемлекеттік бағыт ұзақ уақыттық, ұлттық мүддені қалайды (энергетикалық тәуелсіздік, экологиялық қауіпсіздік, жаңа ғылымды көп қамтамасыз ететін технологияларды енгізу).
Мемлекеттік ҒТП әсері:
тікелей және жанама реттеу әдістері болып бөлінеді. Тікелей реттеу мақсаты ұзақ уақыттық ҒТП экономика негізгі кілті экономикаларында (ядролық жаңармалы энергия, жаңа энергия түрлері, жаңа техникалар).
Тікелей ынталандыруға кіреді:
ғылыми зерттеу баға жасау және өндіріске енгізу,
ғылыми зерттеу институттарды қаржыландыру.
жеке кәсіпорындармен белгілі бір жұмыстарды орындау үшін келісімге отыру,
ғылыми зерттеу ақпараттың орталықтар құру
кадрларды дайындау.
Жанама ынталандыру мақсаты:
жаңа технологияларды енгізуді үдету;
жеке меншік фирмалардағы қаржыландыруды кеңейту;
ҒТП мен кәсіпорындар өнімі;
Оған кіреді:
мемлекеттік субсидия,льготтық қойылымдар;
жеңілдетілген несиелер;
бағалық жеңілдету (бағаны түсіру);
амортизациялық льготтар (жеңілдетілген амортизация);
салықтық жеңілдіктер.
Амортизациялық ынталандыру:
негізгі капиталды өндірістен шығарып тастау нормасын көтеру;
жеңілдетілген амортизация түрін қолдану.
Салықтық жеңілдіктер
Ніпрхн/100(G-H)-н/100*Коб
Ніпр - кәсіпорынның пайда үшін салынатын салығы (инвестиция жеңілдіктерін есепке алғанда);
хн - салық ставкасы заң бойынша,
G - өнімнің шығарылған көлемі, теңге (сол мерзімге);
H - толық шығындар;
н - инвестиция жеңілдіктің нормативі;
Коб - прогресивті жабдықтың құны.
Достарыңызбен бөлісу: |