Кәсіпорынның сапа аймағындағы басшылығының саясаты


Кәсіпорын туралы жалпы мәлімет



бет2/21
Дата01.05.2023
өлшемі91,57 Kb.
#88706
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
1. Кәсіпорын туралы жалпы мәлімет
Жаңа шаруашылық жағдайында «Береке-ел» шығарылатын өнімдері «Кукси» макарон, Тараз қаласында орналасқан шару қожалығына қарасты макарон цехының мысалында жазылған.
1997 жылы өндірістік бірлестікке бөлінді. Солардың бірі «Береке-ел» шаруа қожалығы. Қазіргі кезде бұл кәсіпорын нан өнімдерімен қоса макарон өнімдерін де өндіреді. Осы дипломлық жұмыстың негізгі бөлімінде тақырыпқа сәйкес макарон сапасының қандай көрсеткіштерімен сипатталатындығын қарастырдық. Сондай сапа көрсеткіштерінің бірі, оның кептірілуіне байланысты болатын ылғалдылық болып табылады. Өз кезегінде макаронның кептірілуі кептіргіш жабдықтың температурасына тәуелді болады. Ең алдымен «Береке-ел» кәсіпорнына қарасты макарон цехының техника-экономикалық көрсеткіштерін қарастырамыз.
Макорон цехында «Кукси» макаронының ұзын, қысқа және штампталған макарон өнімдері шығарылады. Ұзын макарон өнімдерін шығару үшін өнімділігі 10 т/тәу., ал қысқа және штампталған макарон өнімдерін шығару үшін өнімділігі 12 т/тәу. Италиялық «Брайбанти» фирмасының автоматты желілері орналасқан. Макарон өнімдері – макарон ұны мен судан (кейде байыту және дәмдік қосымшалар қосылып) иленген және қалыптанған қамырды ылғалдығы 13% -ке дейін кептіру нәтижесінде алынған тағамдық дүмбіл. Макарон өнімдерінің негізгі артықшылықтары:

  • қасиеттері өзгермей ұзақ уақыт (бір жылдан артық) сақтауға бейім;

  • әртүрлі тағамдарды қарапайым әдіспен жылдам дайындауға болады

( қайнату ұзақтығы 3-20 мин.);

  • тағамдық құндылығы жоғары (100г құрғақ макарон өнімдерінен дайындалған тағам адам организміне тәулігіне қажетті ақуыздар мен көмірсулардың 10 %-ін құрайды);

  • негізгі органикалық заттарды (ақуыздар мен көмірсулар) адам организмі жеңіл қорытады.



1.1 Кәсіпорынның сапа аймағындағы басшылығының саясаты

Жалпы кәсіпорын макарон өнімдерінің сапасын жоғарылату үшін Қазақстан Республикасының тамақ өнеркәсібі саласындағы негізгі бағдарламаға сүйене отырып сапа саясатын жүргізуде.


Кәсіпорынның саяси сапалық аймағындағы негізгі мақсат - дайын өнімді тұтынушыларға Мемлекеттік стандартқа сай ережелерге сәйкес дайындап жеткізу болып табылады.
Осыған байланысты кәсіпорын өзінің негізгі өніміін сапалы және үлкен мөлшерде шығару үшін өз бағдарламаларын қажетті деңгейде дайындап бірнеше кезеңге бөлген.
Өнімнің сапасын басқару жүйелі бақылау арқылы іске асырылады. Жүйелі бақылауға сапа көрсеткіштеріінң бекітілген стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау және өнім сапасын қамтамасыз ететін шарттар мен факторларға мақсатты түрде әсер ету жатады.
Макарон өндірісінің негізгі кезеңдері:
Макарон өнімдерін шығару процесі келесі кезеңдерден тұрады:
-шикізаттарды қабылдау және сақтау;
-шикізаттарды өндіріске дайындау;
-макарон қамырын дайындау;
-қамырды қысып сығымдау, пресстеу (дымқыл өнімдерді қалыптау);
-дымқыл өнімдерді өңдеу;
-кептіру, ылғалдығын тұрақтандыру, суыту;
-өнімдерді сорттау және қораптау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет