Кәсіпорынның сапа аймағындағы басшылығының саясаты


Пресстеу процесінің реологиялық негізі



бет8/21
Дата01.05.2023
өлшемі91,57 Kb.
#88706
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Пресстеу процесінің реологиялық негізі.
Макарон қамыры реологиялық жағынан серпімді – созылғыш аққыш денеге жатады. Заттарды агрегатты қалпына байланысты қатты, сұйық және газ деп бөледі. Ал кейбір заттар қатты болып есептелгенімен, сұйық заттарға сай қасиеттер көрсетеді. Мысалы, қамыр бір ыдыста тұрса, белгілі бір уақытта оның тесігінен ағып кетеді. Сондықтан макарон қамырын пресстеген кезде оның аққыштық қасиеті көрінеді, ал дымқыл өнімдердің өз формасын өзгертпей сақтауы – қатты дененің қасиеті. Қамырдың реологиялық сипаттамасын оның деформациясы, кернеуі және олардың уақыт бойынша өзгеруі арасындағы байланыс арқылы көрсетуге болады. Мұндай байланысты реологиялық теңдеу деп атайды.
τ = G γ (4)
мұнда G – жылу деформациясы кезіндегі серпімділік модулі, Па;
τ – жанама кернеу, Па
γ – бұрыштық деформация немесе жылжубұрышы, рад.
Қамырдың аққыштығы Шведов – Бингам формуласымен анықталады:
η = π – πкр / ζ (5)
мұнда π, – нақты және шектік кернеу, Па;
ζ - деформация жылдамдығы, с.
Сонымен, пресстелген қамырдаң реологиялық қасиеттері, яғни оның серпімділік, пластикалық және беріктік қасиеттерінің қатынасы бірнеше факторлармен анықталады.
Қамырды вакуумм аппаратымен өңдеу.
Қамырды вакууммен өңдеу тиімділігі: дымқыл макарон өнімдерінің реологиялық сипаттамасы жақсарады, дайын өнімнің сырт көрінісі жақсарады және беріктігі артады.
Вакууммда өңдеудің екі варианты бар: пресстің шнекті камерасында немесе қамыр илеу кезінде вакуумда жұргізу. Барлық сұйық және қатты заттар газдар мен буларды сіңіруге бейім екені белгілі. Бұл құбылыс сорбция деп аталады. Газдар мен буларды сіңірудің бірнеше түрі бар: дене бетінің сіңіруі адсорбция, қамыр ингредиенттерінараластыру кезінде механикалық сіңіру.
Пресстелген қамырды вакуумдеу тиімсіз, оның үстіне ауа шығатын тесік тез арада қамырмен бітеліп қалады. Ауаны илеу кезінде жентектелген қамырдан сорып алу тиімдірек болады. Бұл жағдайда вакуумның қамырға әсер ету ұзақтығы 5 минуттан кем болмау керек. Өеінішке орай Б6-ЛМГ, Б6-ЛМВ, тиалиялық «Брайбанти» фирмасының автоматтандырылған желілердің пресстерінде қамырды вакуумдеу соңғы илеу қорытындысында 1 минуттай жүргізіледі. Франциялық «Бассано» фирмасының автоматтандырылған желісінің пресінде вакуумдеу тиімділігі жоғары. Пресстелген қамырдағы ауа мөлшерін келесі коэффициентпен бағалайды:
Ка = 0,7 Vа / Vс * 100% (6)
мұндағы Vа – қамыр сынамасындағы ауа көлемі, мл;
Vс – сынама көлемі, мл;
0,7 – түзету коэффициенті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет