Кәсіпорынның сапа аймағындағы басшылығының саясаты


Макарон өнімдеріне форма беру



бет7/21
Дата01.05.2023
өлшемі91,57 Kb.
#88706
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Макарон өнімдеріне форма беру.
Сығымдалған қамырды пресс матрицасының тесіктерінен пресстеп өткізіу арқылы макарон өнімдерінің формасы беріледі.
Матрица тесіктерінің формасына байланысты қамырдан әртүрлі макарон өнімдері пресстеліп шығады: ішпектері (вкладыш) бар тесіктер түтікше тәріздес өнімдер береді, ішпексіз тесіктер –жіп тәріздес өнімдер ,қимасы тікбұрышты тесіктер-таспа тәріздес өнімдер,т.б. Қысқа макарон өнімдерінің кейбір түрлері, мысалы, әшекейлі өнімдер пресстеліп шыққан қамыр жаймасын штамптау арқылы алынады.
Макарон қамырын матрица тесіктерінен пресстеп шығару жылдамдығы, яғни пресс өнімділігі қамырдың физика-механикалық қассиеттері мен пресстеу қысымына тікелей байланысты. Ал қамырдың созылғыштығы, біріншіден, оның ылғалдығы мен температурасына байланысты. Сондықтан, қамыр ылғалдығы өскен сайын пресс өнімділігі арта түседі. Пресстейтін шінектің айналу жиілігі тұрақты болған жағдайда,пресстеу жылдамдығы қамыр ылғалдығы одан ары өскен кезде илеу соңына ірі жентектелген қамыр пайда болып, ол шнек камерасының тесігінен ауыр өтеді. Оның үстіне қамыр шнекке және камера қабырғасына жабысып қалады- матрицаға қарай қамыр жүрісі азаяды, пресстеу қысымы төмендейді. Осы себептерге байланысты пресстеу жылдамдығы төмендейді.
Қамыр температурасы 70-75ºС –қа дейін өскен жағдайда пресстеу жылдамдығы да арта түседі, температурасының одан ары өсуі, керісінше пресстеу жылдамдығын төмендетеді.
Қамыр шнек камерсында матрицаға қарай жылжығанда, шнек пен камераның ішкі бетіне және қамыр бөлшектері бір-біріне үлкен үйкеліске ұшырайды. Себебі , матрица тесіктерінен шнек итерген қамырдың небәрі 20%-ы ғана өтеді , ал қалған қамыр бөлігі шнек камерасына қайта оралуға ұмтылды. Осы үйкеліс әсерінен қамыр температурасы шнек камерасында 10-20ºС-қа көтеріледі.
Макарон пресінің матрицалары тот баспайтын болаттан, латуннан ,қоладан жасалады. Ал матрица тесіктерін өткен қамыр болатқа жабысқақ болады, латунға орташа деңгейде жабысады. Оның үстіне, матрица тесіктерінің өңдеу дәлдігі төмен болған сайын,оған қамыр да жабысқақ келеді.Ал қамыр фторопласттан жасалған тесіктерге мүлде жабыспайды, сол себепті, пресстеліп шыққан өнімдердің сыртқы беті өте жылтыр болады. Осы жағдайларға байланысты соңғы кезде көбінесе тесіктері фторопласттан жасалған матрицалар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет