Кәсіпорынның сапа аймағындағы басшылығының саясаты


Дымқыл макарон өнімдерін өңдеу және ауамен үрлеу



бет9/21
Дата01.05.2023
өлшемі91,57 Kb.
#88706
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
stud.kz-26208

Дымқыл макарон өнімдерін өңдеу және ауамен үрлеу.
Пресстеліп шыққан дымқыл макарон өнімдерін өңдеу мақсаты - өнімдерді
кептіруге дайындау. Пресстеліп шыққан дымқыл макарон өнімдері – жеңіл деформацияланатын созылғыш материал. Сондықтан кесу процесін жеңілдету үшін және өнімдердің бір-біріне жабысып қалуын болдырмау мақсатымен оларды матрица тесіктерінен шыққан мезетте ауамен үрлейді. Нәтижесінде өнімдердің сыртқы қабаты кеуіп, транспортерларда (қысқа макарон өнімдері) немесе кассеталарда (макарондар) кептірген кезде олар бір-біріне жабыспайтын болады, сонымен қатар бастундарға (ұзын өнімдерді іліп кептіру) жабыспайды. Макарон өнімдерін цех ауасымен, яғни температурасы шамамен 25ºС және салыстырмалы ылғалдылығы 2-3%-ке төмендейді.
Кесу және жайғастыру. Ауамен өңделген макарон өнімдері кескіш механизм көмегімен қажетті ұзындыққа кесіледі және кептіру үшін кептіру беттеріне орналастырады (қысқа өнімдер және ұзын өнімдер «Бассано» фирмасының желілерінде), немесе лотокты кассеталарда кептіргенде), немесе бастундарға ілінеді ( ұзын макарон өнімдер).
Қысқа макарон өнімдерін екі әдіспен кеседі: пышақ матрица бетімен сырғиды немесе матрицадан белгілі бір қашықтықта кеседі. Әшекейлі макарон өнімдері әруақта бірінші әдіспен кесіледі, ал құс қауырсындар екінші әдіспен. Қысқа вермишель мен кеспелерді екі әдіспен де кесуғе болады, екінші әдіспен кескенде өнімдер түзулігі жоғары болады.
Көп жағдайда қысқа макарон өнімдері конвейрлі бу кептіргіштерінде кептіріледі. Таспа бетіндегі өнім қалыңдығы ассортиментке байланыста 2-5 см болады. Өнім қалыңдығы таспа жылдамдығымен реттеледі. Өнімдер бір-біріне жабысып қалмас үшін жоғары таспада өнім қалыңдығы ең аз шамада болуы керек.
Макарондарды кассеталарда кептірген жағжайда дымқыл өнімдер салынған кассеталар кептіргіш шкафқа бірінің үстіне бірі қойылады. Сондықтан өнімдер біркелкі кеуіп, сапасы жақсы болу үшін макарондар кассетада біркелкі және толық орналасқаны жөн. Егер кассета толмаған болса, кептіргіш ауа макарон түтікшелері арқылы емес, бос кеңістіктен өтіп кетеді. Бұл өнімдердің біркелкі кеппеуіне әкеліп соғады. Матрица тесіктерінен өнімдер екі қатармен шығып, бастундарға ілінеді. Өнімдер өз массаның әсерінен созылып кетпес үшін олардың диаметрі 5,5 мм-ден аспауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет