Кәсіпорынның сапа аймағындағы басшылығының саясаты


Ұнның құрамындағы желімтекті және сапасын анықтау



бет14/21
Дата01.05.2023
өлшемі91,57 Kb.
#88706
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
stud.kz-26208

Ұнның құрамындағы желімтекті және сапасын анықтау.
Таразыда массасы +- 0,1г дәлдікпен өлшенген 25г ұн үлгісін фарфор ыдысқа салып, оған температурасы 18+- 2ºС 13 мл су қосады да шпательмен араластырады. Ыдыс пен штапельге жабысып қалған қамыр бөлшектерін пышақпен сылып алып, негізгі қамырға қосады. Алынған қамырды қолмен жақсылап илеп домалақтап, фарфор ыдысқа қайта салады. Ыдысты бетін шынымен жауып, бөлме температурасында 20 минутке қалдырады. Содан соң ыдысқа 1-2 литр су құйып, оған қамырды салып, оны қолмен үздіксіз мыжғылау арқылы крахмал мен қабықша түйірлерін жуып тастайды. Суды тығыз жібек елегінен өткізу арқылы ондағы желімтек түйірлерін бөліп алып, оларды негізгі желімтек массасына қосады. Осылайша суды 3-4 рет ауыстырады.
Желімтектің толық бөлінгенін тексеру үшін таза су құйылған стаканға қамыр жуылған судың 2-3 тамшысын тамызу керек. Егер стакандағы су лайланбаса, желімтектің толық бөлінгені. Немесе желімтектен сығып алынған бір тамшы суға бір тамшы йод ерітіндісін (100 мл айдалған суға 0,2 г йодты калий және 0,1 йод қосады) қосу керек. Осыдан кейін судың көгілдір түске боянбауы желімтектің толық бөлінгенін көрсетеді.
Желімтектің толық бөлінгеніне көз жеткізген соң, оның массасына ±0,1г дәлдікпен өлшейді.
МЕМСТ 14849-93 талаптарына сай дымқыл желімтек мөлшерін келесі формуламен есептейді:
Ж = m1 / m2 * 100, (11)
мұнда m¹ - дымқыл желімтек массасы, г;
m ²- ұн үлгісінің массасы, г.
Желімтек сапасы МЕМСТ 14849-93 талаптарына сай келесі физикалық қасиеттерімен сипатталады: созылғыштығы және жұмсақтығы. Желімтектің созылғыштығы оның ұзындығы бойынша созылуға бейімділігін көрсетеді, ао жұмсақтығы оның созылғаннан кейін алғашқы қалпына келу мүмкіншілігін бағалайды.
Таза бөлінген желімтектің 4 граммдай түйірін өлшеп алып, оны саусақтармен езгілеп домалақтап, температурасы 18º С су құйылған стаканға салады.
Созылғыштығын анықтау үшін оны әр қолдың ұш саусағымен ұстап, милиметрлік сызғыштың үстінде бірқалыпты жылдамдықпен үзілгенге дейін созады (созу ұзақтығы 10 секунд). Сызғыш бойынша желімтектің үзілгенге дейін қанша созылғанын анықтайды.
Созылғыштығы бойынша желімтек келесі түрлерге бөлінеді: созылуы 10 см-ге дейін – қысқа, 10-20 см – орташа, 20 см – ден жоғары – ұзын Желімтектің жұмсақтығын анықтау үшін оның созылғыштығын анықтағаннан қалған бөлігін пайдаланады. Желімтек түйірін 1,5-2 см-ге созып, бос жібере салады. Оның бастапқы қалпына келу дәрежесіне байланысты келесі қорытындылар жасайды:
а) жұмсақтығы жақсы желімтек жеңіл созылады және бастапқы ұзындығы мен формасына толық қайта келеді.
б) жұмсақтығы қанағаттандырарлықсыз желімтек созылғаннан кейін бастапқы қалпына мүлдем келмейді, созған кезде де ауыр созылады, үзіліп те кетеді.
в)жұмсақтығы қанағаттанарлық желімтек жақсы және қанағаттанарлықсыз желімтектердің ортасында сипатының болады.
Желімтектің созылғыштығы мен жұмсақтығын қайтадан анықтау үшін ұнның жаңа сынамасын пайдалану қажет.
Ұнның күлділігін МЕМСТ 4-14849-93 бойынша анықтау үшін алдын ала фарфор ыдыстарын тұрақты массаға дейін кептіріп дайындайды.Ұнның 20-30 г мөлшерін өлшемдері 20*20 см шыны пластинаның үстіне жайып, осындай шынымен бетін жабады (ұн қабатының қалыңдығы 3-4мм болу керек). Содан соң жоғарғы шыныны алып тастап, ұн қабатының әр жерінен 1,5-2 г ұн алып, фарфор ыдыстарға салып, ±0,0001г дәлдікпен массасын өлшейді. Ұн салынған фарфор ыдыстарды муфель пешіне салып ұнның тек күлі қалғанға шейін күйдіреді. Содан соң оларды эксикаторды суытып, таразыға тартып массасын анықтайды.
Ұнның күлділгін келесі формуламен есептейді
К= ( а² – а¹)* 100/ (в²– в¹) (100 – W)100 = m¹*100 / m² (100 – Wү)*100 (12)
мұнда m ¹– күлдің массасы,г;
m ² ұн үлгісінің массасы, г;
W ұ- ұнның ылғалдығы, %.
Қатарынан жүргізілген екі анықтаулардың нәтижелерінің ауытқу ± 0, 025%-тнен аспауы керек.
МЕМСТ 14849-93 талаптарына сай 50 г ұнды зертханалық рассевте өзіне сәйкес електерден елеп өткізеді.Жоғарғы електердің нөмірлері төмен болады. Ұнды жоғарғы елекке салып, 10 минутей елеп, електердің кетімі мен төменгі електің өтімін бөлек өлшеп, олардың ұнның бастапқы массасына проценттік қатынасын анықтайды.
Массасы 1 кг-дай ұн сынамасын N056 сымнан тоқылған елек арқылы өткізіп, өтімін кенелегенін анықтау үшін, ал електе қалған бөлігін зиянкестермен бүлінуін анықтау үшін қолданады.
Ұнның кенелегенін анықтау үшін оның әр жерінен 20 граммдық бес үлгісін шыны бетіне бөлек- бөлек жайып, басқа шыны көмегімен тығыздайды, содан соң лупа арқылы қарап, ұнда кенелердің бар- жоғын анықтайды. Ұнның басқа зиянкестермен бүлінуі де осы әдіспен анықталады. Ұнның қышқылдығы оның қаншалықты ескіргенін сипаттайды. Қышқылдықты МЕМСТ 14849-93 талаптарына сай сумен шайқау әдісін қолданып анықтайды.
Сыйымдылығы 100-150 мл конусты колбаға 50мл айдалған( дистиллденген) су құйып, оған 5г ұн қосады. Осы қоспаны 3минуттай шайқап араластырып, оған 5 тамшы 1%-тік спиртті фенолфталеин ертіндісін тамызады.Содан соң осы ертіндіні 0,1Н күйдіргіш натр ертіндісімен титрлейді. Титрлеу процесі ертінді қызғылтым түске енгенше жүргізіледі.
Қышқылдықты келесі формуламен есептейді:
К = 100*N /10а = 2KN (13)
мұнда N-5 ұнда титрлеуге жұмсалған сілті мөлшері, мл;
А-ұн үлгісінің массасы, г;
К- 0,1Н сілтігі түзету коэффициенті;
10- 0,1Н ертіндіні 1Н-ға келтіру коэффициеті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет