4. ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТҮРІ КӨРСЕТІЛГЕН ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТКІШТЕР:
4.1 Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін көрсеткіштер:
1. Химиотерапия, таргеттік терапия және емдеудің өзге де түрлері курстарын өткізу
2. Лимфа түйінінің биопсиясын/экстранодальды түзілуді немесе трепанобиопсияны жүргізу
3. Аутологиялық гемопоэздік дің жасушаларын жұмылдыруды жүргізу
4. Гемопоэздік дің жасушаларын аутологиялық/аллогендік трансплантатауды жүргізу
4.2 Шұғыл ауруханаға жатқызу көрсеткіштері:
1. Соматикалық ауыр пациент (ECOG≥3 ұпай):
Ісік интоксикациясы, қысу синдромы
Алмастырушы терапияны қажет ететін ауыр анемиялық/геморрагиялық синдром
Негізгі аурудың салдарынан көп ағзалық жеткіліксіздік
2. Фебрильді нейтропения
5. СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ**:
5.1 Пациентті бақылау картасы, пациентті бағдарлау (сұлбалар, алгоритмдер);
18-60 жастағы пациенттерде кХЛ терапияның бірінші желісі
ПЭТ/КТ-мен расталған ерте сатыларда кХЛ верификацияланған бастапқы пациенттерге қолайлы болжаммен ABVD сұлбасы бойынша полихимиотерапияның 2-4 курсы (ПХТ) жүргізіледі [8]
ПЭТ/КТ-оң (Deauville шкаласы бойынша 4-5 ұпай) ерте сатыдағы кХЛ верификацияланған пациенттерге ABVD 2 курсынан кейін терапияны күшейту – BEACOPP-эскалацияланған сұлба бойынша қосымша ХТ 2-4 циклын жүргізу ұсынылады [9]
Абсолютті лимфоцитопения 0,6×109/л төмен болмаған кезде МПИ 0-2-мен интоксикация симптомдарынсыз кХЛ таралған сатылары бар бастапқы пациенттерге ABVD сұлбасы бойынша ПХТ ұсынылады [9]
ABVD циклдерінің саны емдеу жауабына байланысты (2-4 циклден кейінгі бағалау). 2 және/немесе 4 циклдан кейін толық ремиссияға (ТР) жеткен кезде 6 цикл жиынтығы ұсынылады [9]
Ем басталғанға дейін ПЭТ/КТ, 2 ABVD циклынан кейін ПЭТ/КТ-позитивті (Deauville шкаласы бойынша 4-5 балл) орындаған кХЛ таралған сатылары бар пациенттерде BEACOPP - эскалирленген (4-6 цикл) немесе BEACOPP-14-6 циклды терапияны күшейту ұсынылады [10,11]
ВEACOPP-эскалирленген, BEACOPP-14 режимдерімен ем алатын пациенттерге терапияның келесі курсын талап етілетін мерзімде жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін Г-КСФ тағайындау қажет [10]
* Г-КСФ енгізу лейкоциттер санына қарамастан 9-шы тәулікте (винкристин енгізгеннен кейін 1 тәуліктен кейін) басталады және нейтрофилдер деңгейі 1×109/л-ден астам және тромбоциттер деңгейі 100×109/л-ден астам қалпына келгенге дейін жалғасады, бірақ құлау шыңы өткен жағдайда ғана.
Иммуногистохимиялық (CD30+) расталған, бірақ 1-ші желінің ХТ қарқынды бағдарламаларын жүргізу немесе жалғастыру мүмкін емес немесе блеомицинді қолдану кезінде пульмониттің даму қаупі жоғары кХЛ бар пациенттерге 1-ші желінің ем нұсқасы ретінде Брентуксимаб ведотиннің ХТ-мен біріктірілуі AVD-режим BV-AVD сұлбасы бойынша ұсынылуы мүмкін [11].
Емнің 1-ші желісі ретінде BV-AVD режимін алатын кХЛ бар пациенттерге ХТ 1-ші циклынан бастап Г-КСФ нейтропениясының бастапқы профилактикасы ұсынылады [12,13].
* нейтропенияның профилактикасын 1-ші күннен бастап BV+AVD сұлбасы бойынша химиялық препараттарды әр енгізгеннен кейін 5-ші күннен кешіктірмей бастау керек
Достарыңызбен бөлісу: |