кіріспе бөлім ахж-10 коды (-тары)


ГДЖаутоТ-дан кейін рецидивтің/прогрессияның жоғары тәуекелінің критерийлері



бет12/26
Дата11.12.2023
өлшемі1,19 Mb.
#137479
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
Ересектерде Ходжкин лимфомасын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасы

ГДЖаутоТ-дан кейін рецидивтің/прогрессияның жоғары тәуекелінің критерийлері:



  • терапияның 1-желісіне төзімділік

  • терапияның 1-желісі аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде лимфоманың қайталануы немесе өршуі

  • ГДЖаутоТ-ға дейін рецидив кезінде экстранодальдық зақымданудың болуы

ГДЖаутоТ кейін рецидиві немесе рефрактері бар кХЛ пациенттеріне, сондай-ақ алдыңғы терапияның 2 немесе одан да көп желісінен кейін қайталанған ГДЖаутоТ үміткерлері еместерге Брентуксимаб ведотинмен монорежимде ем жүргізу ұсынылады [18].


ісіктің сезімталдығы расталғанда әрбір 4 циклды емдеу процесінде бақылауды жүзеге асыра отырып, кем дегенде 8, бірақ 16 циклден (енгізуден) артық емес терапия жүргізіледі. Емдеу аяқталғаннан кейін бақылау стандартты режимде жүзеге асырылады.

ГДЖаутоТ және брентуксимаб ведотиннен кейін рецидиві немесе рефрактерлігі бар кХЛ пациенттеріне ықтимал опциялардың бірі ретінде ниволумабпен ем жүргізу ұсынылады [19].


препаратпен емдеу прогрессияға немесе төзімсіз уыттылыққа дейін жүргізіледі. Препаратты тоқтату көрсеткіштері әрбір 6 ай сайын тексеру нәтижелері бойынша әрбір клиникалық жағдайда жеке талқыланады.

Жүйелік емнің 3 және одан да көп желісінен кейін рецидиві немесе рефрактерлігі бар кХЛ пациенттеріне ықтимал опциялардың бірі ретінде пембролизумабпен ем жүргізу ұсынылады [20].


препаратпен емдеу прогрессияға немесе төзімсіз уыттылыққа дейін жүргізіледі. Препаратты тоқтату көрсеткіштері әрбір 6 ай сайын тексеру нәтижелері бойынша әрбір клиникалық жағдайда жеке талқыланады.


Классикалық Ходжкин лимфомасының рефрактерлік/қайталанатын емдеу алгоритмі
2-сурет.


ХЛ және жүктілік
Клиникалық диагноз ХЛ диагностикасының стандартты гистологиялық және иммуногистохимиялық критерийлері негізінде белгіленеді [2]. Аурудың сатысын Ann Arbor жалпы жіктемесіне сәйкес анықтайды [3].
Жүктілік кезіндегі сатылаудың ерекшелігі рентгенологиялық емес шолу әдістерін - перифериялық лимфа түйіндерінің, іш қуысының және кіші жамбастың, көкірек қуысының УДЗ әдістерін қолдану болып табылады. Көрсеткіштер болған кезде (жоғарғы вена кавасының қысылу синдромы, ауа жолдарының, өңештің қысылу белгілері) МРТ жасалады [21]. Босанғаннан кейінгі кезеңде аурудың сатысы кеуде қуысы мен іш қуысының КТ-ны, билатеральды трепанобиопсияны пайдаланып, лимфомалар кезінде стандартты тексеру хаттамасы бойынша толық көлемде жүзеге асырылады.
Жүктілік кезінде ХЛ жүргізу жүктілік мерзімімен, аурудың сатысымен және ағымымен анықталады [22]
Ремиссияда жүктіліктің ХЛ-мен үйлесуі жүктілікті үзуге көрсеткіш емес [3]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет