кіріспе бөлім ахж-10 коды (-тары)



бет13/26
Дата11.12.2023
өлшемі1,19 Mb.
#137479
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
Ересектерде Ходжкин лимфомасын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасы

Жүктіліктің I триместрі
Кішкентай ісік массасымен, В-симптомдары жоқ, жүктілікті сақтауды қалайтын ХЛ ерте сатысымен пациенттерде бақылау кезінде 2-4 апта аралығымен байқауға болады.
В-симптомдарымен, ағзалар мен тіндер ісіктерінің қысылуынан немесе өсуінен болатын асқынулардың болуымен сипатталатын аурудың дамыған кезеңдері бар пациенттерде, яғни өмірлік маңызы бар жедел ПХТ басталған кезде жүктілікті тоқтату ұсынылады. [22]


Жүктіліктің II, IlI триместрлері
Шешім бастапқы тексеру және динамикалық бақылау негізінде 3 аптада 1 рет қабылданады.
Науқасты бақылау процесінде қолайлы клиникалық жағдай кезінде босанғаннан кейінгі кезеңге дейін емдеуді бастауды кейінге қалдыру мүмкіндігі бар. Емді бастауға шұғыл көрсетілімдер болған немесе туындаған кезде ұрық үшін елеулі жағымсыз әсерлерсіз АВVD бағдарламалары бойынша ПХТ жүргізілуі мүмкін [23].
Емдеудің шұғыл басталуының көрсеткіштері ісіктің жылдам өсуі, анық В-симптомдары, жоғарғы вена кавасының қысылу синдромы, плеврит, перикардит сияқты ауыр асқынулардың болуы немесе пайда болуы.
Терапия бағдарламасы мен курстардың саны әр жағдайда, жүктілік мерзімі мен алдағы босануға дейінгі кезеңді, ісік зақымдануының көлемін, интоксикация симптомдары мен асқынулардың болуын, сондай-ақ пациенттің соматикалық статусын ескере отырып, жеке анықталады. Емдеу кезінде Г-КСФ қолдану ұсынылмайды. [22]
Босану ана мен ұрықтағы миелотоксикалық цитопения кезеңімен сәйкес келмеуі үшін ПХТ жоспарланған босанудан 3 апта бұрын аяқталуы керек. Кейінгі емдеуді ескеріп, емізуден бас тарту қажет [3,22]
Босанғаннан кейінгі кезеңде емдеу тактикасы
Босанғаннан кейінгі кезеңде ПХТ жаңғырту немесе бастау диагностиканың сәулелік әдістерін қолдана отырып, аурудың толық сатысын орындағаннан кейін 3-4 аптадан кейін ұсынылады. Терапия бағдарламасы мен курстардың саны аурудың сатысына, ісіктің зақымдану көлеміне байланысты классикалық Ходжкин лимфомасын емдеу хаттамасына сәйкес анықталады [22]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет