Кіріспе дешті-Қыпшақтың батыр ұлы Бейбарыс



бет10/33
Дата17.02.2022
өлшемі273,5 Kb.
#25775
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
Мәжіліс әмірі – басты міндеті сұлтан мәжілістерін өткізу. Бұл мансапты бір әмір иеленіп, сұлтан дәрігерімен байланыс ұстап отырған.

Амир Силах - қару-жарақ әмірі. Сұлтан қару-жарақтарының иесі, қару-жарақ қоймасы – силаххананың меңгерушісі. Басшылығында жүз қарушы жұмыс істеген.

Амир аху - сұлтанның ат қорасын ұстаушы. Қарамағында үш таблхана әмірлері және саны шектеусіз жасағы болады.

Амир дауадар – “дәуіт ұстаушы” деген сөзді білдіреді. Сұлтан кеңсесінің меңгерушісі. Сұлтанға келген хат-хабарды ұсыну, жалпы істер бойынша мәлімет беру, сұлтан жарлықтары мен хат-хабарларын тиісті тараптарға бағыттау қызметтерін атқарады.

Әмір Хусамуддин Лашын Айтемири Бейбарыстың бас дауадары болған. Ол асқан ақылды, білім мен тәжірибеге бай данышпан болды.



Жандар – сұлтанды күзету қызметінің басшысы. Ірі әмірлер мансабы. Әмірлерді белгілі бір ісі бойынша есеп беруге шақыру не сұлтан әмірі бойынша бір әмірді өлтіру істері жандардың мойнында болған. Сұлтан сапарға шыққанда күндіз-түні айналасында күзет жүргізетін болған, яғни қазіргі заманның оққағары.

Жашангир – парсыдан “дәм алуыш” деп аударылады. Улап өлтіру әрекетінің алдын-алмақ ниетінде сұлтан алдына тартылатын тамақ пен сусындарды одан бұрын дәмін татып көреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет