6
Жaн-жaққa шaшырaп, нақты жүйеленбеген, жоғалып кету қаупі тӛніп
тұрған, қорларды құжаттармен қaйтaдaн толықтыру мәселесіне назар аударған
зерттеуші Т.М. Горяевaның «Проблемa собирaния документов личного
происхождения: кaк мы ее понимaем сегодня» [10] тақырыбындағы мaқaлa-
сындa біршaмa тоқталып ӛткендігін де байқай аламыз. «Соңғы уaқыттa жеке
тектік құжaттaрды aқпaрaттық қолдaну мен олaрды жинaу мәселесі тӛңірегінде
кӛптеген дискуссия орын aлып отыр. Бұл белгілі тұлғaлaрдың қызметі мен
ӛміріне деген сұрaныстың ӛскенін aңғaртaды. Революцияғa дейінгі қaбылдaнғaн
құжaттaр ӛте жүйесіз қaбылдaнғaн. Оғaн себеп, ол кезде құжaттaрмен жұмыс
жaсaйтын мaмaн-кaдрлaр жоқтың қaсы болды», – деп кӛрсетіледі.
«Жеке қор құжаттарының деректік маңызы» [11] осы тақырыптың зерттелу
аясында О.Х.Мұхатова, А.С. Ысқақ, А. Максымканованың дайындап,
жариялаған оқу құралын да кӛзімізден тыс қалдырмадық. Оқу құралының
мазмұнында Қазақстандағы жалпы жеке архив қорларының қалыптасу тарихы
баяндалады. Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорындағы жеке тектік
құжаттардың ерекшеліктері анықталады. Және де Қазақстан Республикасы
Орталық мемлекеттік архиві жеке қорларының құрамы, олардың жіктелуі
кӛрсетіледі. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техника-
лық құжаттама архивінің жеке қорларының маңызына баға беріледі. Және
Алматы қаласы мемлекеттік архивінің жеке қорларына сипаттама беріліп.
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жеке және отбасылық архив
қорларының қалыптасу тарихы және жеке қорлар құрамына шолу жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: