Кіріспе дипломдық жұмысының жалпы сипаттамасы


   Мемуарлық құжаттардың құрамын талдау



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата07.06.2023
өлшемі0,71 Mb.
#99332
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1.2 
 Мемуарлық құжаттардың құрамын талдау 
 
Мемуар – жылдардың шежіресі, адам, уақыт, қоғам туралы тұтас бір 
толғау. Мемуарлар негізінде тарихтың айналымына баға беріледі. Орыс 
жазушы А.П. Чехов: «Орыстар ӛткеннің бәрін жақсы кӛреді, бүгінді жек кӛреді, 
болашақтан қорқады. Бірақтан сен қорқатын болашақ жек кӛретін бүгінге, оның 
жақсы кӛретіндері ӛткенге айналады», – деген. Мемуар адамдарды ӛткенмен 
қорқыту емес, керісінше, оларға болашақ үшін аяқты аңдатып бастыртып, 
сақтандыру [20]. 
Мемуарлық құжаттардың шығу тарихына кӛз жүгіртіп ӛттік, ендігі кезекте 
мемуарлық құжаттардың құрамы мен түрлеріне тоқталар болсақ. Мемуарлық 
құжаттардың түрлері ӛте кӛп. Оларды арнайы бір – бірінен айырып тұратын 
ӛзіндік белгілері бар.
Дүниежүзі әдебиетінде мемуарлар және естеліктер кеңінен таралған. Бұл 
еңбектер кӛпшілік жағдайда автордың әбден толыққан, марқайған кезінде 
жазылады. Онда жалпы авторлар ӛмірден кӛргендерін, не істеп, не қойғанын, 
түрлі қоғамдық оқиғаларға жеке басының қалай қарайтынын жұртшылық 
алдында ашып тастағысы келеді. Бірақтан да жазушы мұндай шығармада ӛзі 
туралы мәліметті қоғам ӛмірімен тығыз бірлікте алып суреттейді. Жазушы 
анық, дәл мәліметтерге сүйеніп басқа біреудің ӛмірін, атқарған қызметін 
баяндауы да мүмкін. Қазіргі кезде мемуар деп кӛбінесе автордың ӛзі жӛнінде, 
ал естелік деп нақтылы мәліметтер негізінде басқа біреу туралы жазғандары 
айтылып жүр. 
Бұл жанрлардың және бір айырмашылығы – онда жазылатын әртүрлі 
оқиғалар және де оларға қатынасатын адамдар ӛмірде қандай болса, нақ сол 
күйінде суреттелінеді. Бұл жағынан алғанда мемуарлар – тарих пәні оқулық-
тары мен кӛркем әдебиеттің аралығындағы дүние. Себебі, дәлдік жӛнінен 
тарихқа жақын болса, кейбір баяндау жағынан кӛркем әдебиетке жақын. 
Мемуарлардың ӛзіне тән ерекше бір стилі бар. Онда оқиғалар кӛбінде 
автордың баяндауы арқылы берілсе, ал естелікте күнделік, хаттар, газет-
журналдағы материалдар үзінді түрінде келтіріліп отырылады. 


15 
Мемуарлардағы суреттелетін құбылыстар қаншама дәл дегенімізбен, оған 
бірден-бір түпнұсқа ретінде қарауға болмайды. Ӛйткені авторлар, тап-тық кӛз-
қарасқа сай, болған құбылыстарды қате түсіндіруі, не ол туралы мардымды 
ешнәрсе айтпауы мүмкін. Мысалы, А.Д. Галахов (1807-1892) ӛзінің естелік-
терінде заманындағы ірі оқиғалардың бірі – 1825 жылғы декабристердің 
кӛтерілісін ешбір сӛз етпейді. Ал, А.И. Герцен «Былое и думыда» бұл 
кӛтеріліске айрықша тоқталып, кӛтеріліске қатысқандарды адамгершіліктері 
жоғары, мәдениетті адамдар етіп кӛрсетеді. 
Мемуарларда бәрі бірдей, ӛмірде қалай болса, тура дәл сол күйінде 
кӛшіріліп алынады деген ұғым тумауға тиіс. Оның түрліше себептері болады. 
Жоғарыда айтып ӛткеніміздей, естеліктің авторы да белгілі бір мәселелерді 
суреттегенде ол жӛніндегі материалдарды сұрыптап, тек маңызды дегендерін 
ғана алуы мүмкін. Осы ретте кейіпкерлердің ӛміріндегі кейбір сәттер қалып 
қояды. Мысалы, Стендаль ӛмірбаяндық кітабында ӛзінің аты-жӛнін Анри 
Брюлер деп жазған. Ғ.Мұстафин «Кӛз кӛргенде» ӛзін Сарбала деп атайды. Кей-
кейде жазушы персонаждарды басқаша атауға да мәжбүр болады. Айталық, 
А.И. Герцен «Былое и думы» мемуарының «Полярная звездада» басылған 
алғашқы нұсқасында кейбір кейіпкерлерді, оларға патша тарапынан қуғындау 
қаупі болмас үшін, атының не фамилиясының бас әріптерін ғана алған. 
Осы жерде жазушы Қ.Жұмаділовтің мынадай пікірі: «Мемуар – біздің 
әдебиетте кенже қалған жанр. Мұнда болған нәрсені бүкпей айту – басты шарт 
десек, оған кеңестік дәуірде екінің бірі тәуекел ете алған жоқ» [21] - , деген 
ойының босқа айтылмағанын кӛреміз. 
Мемуарлар жазылуына қарай хронологиялық және де ассоциативті түрлер-
ге бӛлінеді. Хронологиялық стильдерде жазушы ӛз ӛмірінде болған жағдайлар-
ды тізбектеп кӛрсетсе, оқиға бірінен кейін бірі дамып отырғанын байқайтын 
болсақ. Ассоциативті стильдерде мемуарларда сюжет құбылып, оқиғалар 
тізбегі бірден күтпеген бағытқа ӛзгеріп отырады. 
Мемуар жазудың ӛзінің бір стандарттық стилі бар болып келеді. Оны жазу 
барысында автор ең бірінші балалық шағынан бастап сӛз қозғап,одан ары қарай 
уақыт толқынымен жалғастырады. Бұған кӛптеген туындылар мысал бола 
алады. Оны ӛзгертіп жазудың қиындық тудыруы әбден мүмкін. Себебі адам 
ӛмірінің ӛзі ӛзгермейтін сондай сатылардан тұрады. Мысалы, атақты авто-
конструктор А.С. Яковлев «Ӛмір мұраты» деген мемуарын былай деп 
тұжырымдаған: «Мемуарлар авторы – мейлі ол мүсінші және қайта ӛркендету 
дәуірінің атақты бармағынан бал тамған зергер Бенвенуто Челлини болсын, 
біздің замандастарымыз – Алексей Алексеевич Игнатьев, жазушы Илья 
Эренбург болсын – осылардың бәрі де естеліктерді балалық шақтан бастайды, 
әлімсақтан бергі дәстүр солай. Ал кейбіреулері, тіптен кӛпшілік авторлар, 
оқырмандарды ӛзінің ата-тегі, ӛскен жерімен, отбасы-мен таныстыруды қажет 
деп табады. Естелік жазуды қолға алған екенмін, демек мен де сол дәстүрді 
бастаудан аулақ кете алмайтын шығармын» -, дейді [22]. Бұл айтылғандардың 
басқа да мемуарларға тән екендігін естен шығармағанымыз жӛн. 


16 
Кӛбінде жазушы бүкіл шығармашылық саналы ғұмырында ӛзі кӛрген, куә 
болған жағдайлар мен жайттарды, адам есімдері мен кӛңіл аударуға тұрарлық 
мәселелерді қойын дәптерлеріне жазып алып отырады. Сондай дәптерлер үлкен 
бір дүниені жазу барысында ӛзінің септігін тигізетіні сӛзсіз. Филология 
ғылымдарының докторы Г.Г. Елизаветина Д.В. Григорович мемуарлары туралы 
айта келіп: «Подобно многим писателям, Григорович как и другие прибегал к 
помощи своих записных книжек, когда работал над тем или же другим 
произведением. Так же эта мысль относится и к «Литературным воспоминани-
ям». В записных книжках, дневниках можно найти так же отдельные мысли и 
зарисовки, получившие законченность в воспоминаниях. В то же время 
записные книжки содержат материалы, в чем-то воспоминания и дополняю-
щие» [23], - деп жазған. Бұл жерден мемуар жазу барысында қойын кітапша-
ларының маңызы жоғары екендігін байқауымызға болады. 
Мемуарлық деректер жайлы ізденістер аз емес. Алғашқылардың бірі 
болып ол туралы М.Н. Черноморский зерттеп бастады, ол ӛзінің деректану 
жұмысында мемуарлар тобын тӛртке бӛліп кӛрсетеді:
- жеке мемуарлар, яғни авторлардың ӛмір жолдарының естеліктері; 
- автордың ӛзі қатысқан оқиғалардың естеліктері; 
- күнделіктер; 
- әдеби қолжазбалар. 
Одан бӛлек М.Н. Черноморский тарихи дереккӛз ретінде мемуарларды 
сыни талдаудың негізгі мәселелерін бӛліп кӛрсетті. Ол негізінен кеңестік кезең-
дегі естеліктерді зерттеді. Оның ұсынған критерийлері мен кейбір ӛзгерістері 
және де толықтырулары қазіргі деректануда қолданылады. Ол ең алдымен мына 
аспектілерді қарастыруды ұсынған: 
- естеліктердің жазылу уақыты мен шығу тегі; 
- жазылу формасы; 
- авторлығы; 
- жазу кӛздері; 
- толықтылық пен сенімділік [24]. 
Тағы да бір зерттеуші, А.А. Курносов естеліктердің кӛздерімен жұмыс 
жасағанда логикалық, текстологиялық және салыстырмалы зерттеу әдістерін 
пайдалануды ұсынады.
Мемуарлық құжаттар шежірелік зерттеулерде дереккӛз ретінде жиі 
пайдаланылады. Жиырмасыншы ғасыр соңындағы зерттеушілер «мемуар» 
терминін әртүрлі түсінеді. Кейбірі естеліктер мен күнделіктерді «мемуар» деген 
жалпы ұғыммен біріктірілген бір-бірімен байланысты шығармалардың екі тобы 
ретінде қарайды. Және де күнделік пен естелік ұғымдарына бӛлек мынадай 
анықтама береді: 
- Күнделік – адамның қатысуымен болған жағдайларды қарапайым үлгіде 
ұсынуы; 
- Естелік – мемуарлық мәдениеттің дамыған және күрделі түрі.
Зерттеушілердің екінші тобы күнделіктер мен естелік екеуі екі түрлі 
дереккӛз топтары деген пікірлерді ұстанады. Бұл дереккӛздердің нақты ара 


17 
жігін ажырату қиын. Пайда болғаннан бастап мемуарлар күнделіктермен және 
жеке хаттармен тығыз байланыста болды. Күнделіктер естеліктерді құрастыру-
ға негіз болып табылады, кейде керісінше мемуарлар күнделік жазбаларына 
айналады. 
Қазіргі деректануда жеке хаттар, күнделіктер және де мемуарларды бір 
топқа жіктеп, оларды жеке тектік дереккӛздері деген ортақ атаумен кӛрсетеді. 
Бұл ең оң шешім, себебі күнделіктер мен естеліктер оқиғаларды әртүрлі үлгіде 
кӛрсетеді.
Күнделік автордың жеке бастамасымен жазылған. Ол жақтарда 
оқиғаларды баяндау сол уақыт позициясында жүретіндігі белгілі. Естеліктерді 
құрастыру кезінде бастама әрқашан автордан бола бермейді. Ӛткен шақ туралы 
естеліктер бүгінгі позициядан жазылады. 
Естелік – мемуарлық құжаттардың бір түрі. Естелік — ӛмірде болған алып 
тұлғалар мен ӛткеніміздің ӛрнекті оқиғаларын кӛзімен кӛріп, куәгер болған 
жандардың сол ӛткен жайттарды есіне түсіріп, ӛз аттарынан баян қылуы. 
Дегенмен де естеліктерде ақпараттың нақты берілуі міндет емес. Ол автордың 
ақпаратты ӛз қабылдауы тұрғысынан да жазылады. Сонымен қатар, жазушы 
естеліктерде шындықтан алыстамай, оны оқырманға кӛркем түрде бейнелеп 
жеткізуге барынша тырысады. Естеліктерде жазушының ӛмірі мен 
шығармашылығы туралы ғана емес, оның отбасы, туыстары, достары, атқарған 
қызметтері, қызметтес әріптестері туралы мәліметтер де болуы мүмкін. 
Естеліктер жанрлық сипат тұрғысынан алғанда мемуардың күнделік, 
жолжазба нұсқаларына келеді. Жанрдың қалыпты формасы жоқ. Қазақ 
әдебиетінде бәріміз білетін С.Сейфуллин, М.Әуезов, секілді т.б. туралы 
замандастарының естеліктері бар. 
Естелік жанрының ӛзі бірнеше түрге бӛлінеді. Мысал келтіре кетсек, 
коллективтік естелік деген болады, оған біз Ұлы Отан соғысына, қоғамдық 
саяси қақтығыстарға, кӛтерілістерге және де т.б. ұлт жадында ӛшпес із қалдыр-
ған оқиғаларға белсенді қатысқан адамдардың бірігіп шығарған естеліктерін де 
жатқызуымызға болады. 
Естелік қазанаманы да естен шығармағанымыз жӛн, естеліктің бұл түрі 
ӛмірден ӛткен адамға арналып жазылады. Естелік қазанама дүниеден ӛткен 
адамның жақындары, туыстары, достары сол адамның жүріп ӛткен ӛмір жолын, 
атқарған игі істерін, артынан қалдырған асыл мұраларын дәріптеп, қалың 
жұртшылықтарға ол адамның қандай ерең тұлға болған-дығын, нақтылы түрде 
кӛрсету мақсатында жазылатын туынды. 
Естеліктерде автор ӛз есінде қалғандарын жазады, сондықтан да ол 
жақтарда қателер де аз кездеспейді. Айталық, болған оқиғалардың күні, айы, 
жылы, мезгілі қате берілуі мүмкін, бір адамның жасаған іс әрекеті басқа адамға 
ауыстырылып берілуі ғажап емес, бұдан басқа ұсақ қателер де кездесіп жатады. 
Естелік жазушы авторлар ондай кездерде сол уақытта жанында болған адамдар-
дың кӛмегіне немесе күнделіктеріне сенім артады. 
Заманхаттар – естеліктермен тығыз байланысты болып келеді. Олай дейтін 
себебіміз, заманхаттардың да жалпы негізін естеліктер құрайды. Сондықтан да 
әдебиеттерде олар синоним ретінде қолданылады. Дегенмен де екеуінің де 


18 
ӛзіндік бір ерекшеліктері бар. Мысалға алатын болсақ, Бауыржан Момышұлы-
ның «Москва үшін шайқасы», ӛзі тікелей қатысқан тарихи оқиға туралы жазған 
таза заманхаттық жанрға жатса, сол ӛз қайың атасы Бауыржан Момышұлына 
арнап жазған келіні Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндері» тек естелік қана 
болып табылады. 
Заманхаттар басқа да тарихи оқиғалармен қатар, мәдениет тарихын зерттеу 
жолындағы тамаша дерек кӛздері ретінде ұсынылады. Жазушылар мен 
режиссерлердің, суретшілер мен әртістердің естеліктері кӛркемдік бағыттар 
күресі, шығармашылықтың ауыр азабы тарихынан кӛп дүние айта алады. 
Әсіресе, ӛнер адамдары туралы заманхаттар мен естеліктерді арнайы зерттеген 
уақытта психологиялық факторларды ескерудің маңызы зор. Шығармашылық 
адамдарының заманхаттарын тарихи дерек ретінде деректанулық талдаудан 
ӛткізу және олардың ӛнер мен ӛмірдегі тұлғалық бейнелерін ашуға кӛмектесері 
күмәнсіз десек қателеспейміз. 
Күнделіктер – жазушының ӛз кӛзімен кӛрген және де қатысқан жайт-тарды 
баяндауға кӛмектесетін құралы. Күнделіктерде субъективтілік кӛп кездеседі. 
Онда авторлар ӛзінің замандастарына, болған оқиғаларға ашық пікірін білдіре 
алады. Күнделіктердегі деректер белгілі бір оқиғадан кейін бірден жазыла-
тындығы белгілі. Оны жазу барысында автордың жеке ӛмір кезеңдері 
қамтылады, адам онда ӛзіне маңызды жайттарды ғана тіркейді. Күнделікті кӛп 
жағдайларда жазушы ӛзі үшін жүргізетіні мәлім, уақыт ӛткеннен кейін оларды 
ӛз қалауымен, немесе жақындарының қалауымен баспадан кітап ретінде 
шығаруы мүмкін.
Жеке күнделіктер әдетте үш негізгі тақырыптық жолды 
қамтиды. Олар: 
- Күнделік авторы куә болған сыртқы оқиғалардың жазылуы және де 
суреттелуі: саяхат тәжірибесі, әртүрлі соқтығыстар мен оқиғалар, жайттар, 
әңгімелер, кездесулер және т.б. 
- Ішкі оқиғаларды сипаттау – келген идеялар, психикалық күйлер мен 
армандар, жақын адамдармен қарым-қатынас тәжірибесі және т.б. 
- Ӛзін ӛзгерту үшін тікелей ӛзіне жүгіну. Онда ӛзінің болашаққа деген 
мақсаттары, армандары жазылады. 
Күнделіктердің мемуарлардан айырмашылығы, күнделіктерде жазба 
жасалған уақытты кӛрсететін нақты күндер болады. Ол күнделікті тек қана 
ойлардың ғана емес және оқиғалардың уақыт арақатынасын айқындайтын 
дәлелге айналдыруына ықпал жасайды.
Сонымен қатар, күнделік бір жағынан автор куә болған белгілі бір тарихи 
құбылыстарды қайтадан жаңғыртудың маңызды кӛзі болса, екінші жағынан, 
күнделік авторының жеке тұлғалық образын қалпына келтіруге және де оның 
психикалық әлеміне үңілуге кӛмектеседі.
Күнделіктерге жақын дерек кӛздері ретінде танылатын қолжазбалық 
деректерге тоқталып ӛтсек. Қолжазбалар мен күнделіктердің ұқсастықтары кӛп, 
бір айырмашылығы қолжазбалар (хаттар) оқиға болып жатқан кезде жазылады. 
Сонымен қатар ол адамдардың бір бірімен қатынасу құралы болып табылады, 
сондықтан оның қызметі кеңірек болады. Қолжазбалар ауызша хабарламаның 


19 
орнын ауыстырады, бұл деректі жазу мақсатына қарай бӛлуге болады. Олар 
тӛмендегідей бӛлінеді: 
- Нақты мәселе бойынша ойлармен алмасуға мүмкіндік береді; 
- Қоғамдық мүдде және автордың кӛзқарасын білдіреді; 
- Автор биографиясын анықтауға кӛмек береді; 
- Еске түсіру сипаттамасын алуы мүмкін; 
- Мұра ретінде кӛрінуі мүмкін (мысалға, фашисттер лагеріне тұтқынға 
түскендердің хаттары). 
Қолжазбалар құнды тарихи дереккӛздері бола алады, себебі олардағы 
мәтіндер түпнұсқа күйінде келеді. Қолжазбаларда олар жасалған уақыттағы 
оқиғалар, әдет-ғұрыптар, мәдениет, саясат және де ӛмірдің басқа да аспектілері 
туралы мәліметтер болуы мүмкін. 
Зерттеушілердің пікірінше мемуарларға ұқсас құжаттардың тағы бір түрі 
ӛмірбаяндық құжаттары. Ӛмірбаяндар – жеке адамдардың ӛмірінің жолы 
хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте ол, оқуға түсу, 
жаңа қызметтерге орналасу кезінде жазылады. Онда азаматардың аты-жӛні, 
туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген 
оқу орындары және қызметі мен жұмыс тәжірбиесі туралы т.б. қосымша 
мәліметтер кӛрсетіледі. 
Тәжірбиеде ӛмірбаяндар үш түрлі болып жазылады. Бірі – адамның ӛз ӛмір 
жолы мен қызметі туралы баяндауы. Бұл кӛбінесе қызметке орналасу кезіндегі 
жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адамдар ӛзінің аты-жӛнін, 
туған күнін, толық кӛрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен де 
санамалап жазады. Ӛмірбаянның бұл түрі кӛбінесе ресми түрде жазылады
кӛлемі жағынан шағын болады. 
Екінші түрі – мемуарлар, яғни қоғам қайраткерлерінің ӛз ӛмірін қоғам 
ӛмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай ӛмірбаяндар кӛркем шығармаға 
жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол 
жеке адам ӛмірімен ғана емес, қоғам дамуынан да ақпарат береді. Оған мысал-
дар ретінде арнайы Қ. Байсейітовтың «Құштар кӛңіл» және де Ш.Жиенқұлова-
ның «Ӛмірім менің – ӛнерім» кітаптарын жатқызуымызға болады. 
Ӛмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің ӛмірі, 
шығармашылық, саяси, қоғамдық қызметтері ӛз тарапынан емес, басқа біреулер 
тарапынан баяндалады. Мәселен, жазушылар және де ақындар – А. Құнанбаев, 
Ш. Уәлиханов, А.С. Пушкин ӛмірлері туралы шығармалар осындай ӛмірбаян 
түрлеріне жатады. Сонымен қатар жазушы С. Мұқановтың «Аққан жұлдызы», 
М. Әуезовтің «Абай жолы» және т.б. 
Ӛмірбаяндар – тарихи-биографиялық элементтерден тұратын мәтіндік 
естеліктер. Ӛмірбаяндар да ӛткенмен байланысты.
Қазіргі уақыттарда бұл 
жазба деректерімен жұмыс істеудің арнайы әдістері әзірленген. Зерттеуші-
лердің кейбірі ӛмірбаянды мемуарлардан жеке алып қарастырады, бірақ екеуіне 
ортақ дүние кӛп. Ӛмірбаяндар автордың жеке бастамасымен ғана емес, кейбір 
сыртқы факторлардың әсерімен де жазылуы мүмкін. Олар кӛлемі жағынан 
естеліктерден гӛрі қысқаша, және де жеке тарихтағы ең маңызды бетбұрыс 


20 
кезеңдерін қамтиды. Естеліктер шындықтарды жалпы баяндай алады ӛмірбаян 
үшін жеке тұлғаның оқиғаның ортасында болуы міндетті. 
Зерттеушілердің де, тарихшылардың да арнайы мемуарлық дереккӛз-
дердің жіктелуі жӛнінде ортақ пікір жоқ. 
Қазіргі кезде мемуарлар зерттеу жұмыстарында қосымша емес, негізгі 
дереккӛз ретінде жиі қолданылуда. Мемуармен жұмысқа тек тарихшылар ғана 
емес, сондай-ақ филологтар, әлеуметтанушылар мен психологтар да қызығады. 
Осы пәндердің соңғы ғылыми жетістіктерін кешенді пайдалану мемуарлардың 
ақпараттық мүмкіндіктерін кеңейтеді, ӛткен ғасырлардағы авторларды жақсы 
түсінуге және мемуар кӛздерін талдау әдістемесін де жетілдіруге кӛмектеседі. 
Олай болса, мемуарлық құжат тарихи танымның ең маңызды кӛзі болып 
табылады. 
Мемуарлар – ӛткеннің тарихын, мәдениеттерін, қоғамын зерттеудің ӛзіндік 
кӛзі. Олар оқиғаларды ғана емес, сонымен бірге олардың автор-ларының 
эмоцияларын, сезімдері мен ойларын сипаттай отырып, күнделікті ӛмірді, әдет-
ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді және де сол кезеңдердің менталитетін білуге 
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемуарлар қазіргі қоғам үшін пайдалы болуы 
әбден мүмкін. Оларды оқу бүгінгі ӛмірімізді жақсырақ түсінуге, сондай-ақ 
ӛткен уақыттан қалған кейбір қателіктер мен теріс пікірлерден арылуға 
кӛмектеседі. 
Ақырында, мемуарлар мәдени мұраны сақтауда маңызды рӛл атқара 
алады. Олар қоғамның уақыт ӛте келе жоғалуы мүмкін болып табылатын кӛп-
теген аспектілеріне жарық түсіретін бірегей құжат. Сондықтан да олар білім 
мен мұра ретінде назар мен құрметке лайық. 
Мемуарлар әдеби үдерістерді, жазушылар ӛмірін зерттеудің маңызды 
дереккӛздері болып табылады. Оларда тек оқиғалар туралы естеліктер ғана 
емес, сонымен қатар ол жазушының кездескен адамдары, шығармашылық 
процестері туралы, оның шығармаларының қалай жасалғандығы туралы, белгі-
лі бір тарихи кезеңдегі ӛмірі жайлы әңгімелер де болуы мүмкін. 
Мемуарларды зерттегенде олардың контекстін – сыртқы жағдайларды 
және олар жасаған әлеуметтік-мәдени ортаны ескерген жӛн. Бұл автордың ниеті 
мен уәжін жақсырақ түсінуге, сондай-ақ оның жеке естеліктері мен тарихи 
оқиғалардың объективті шындығы арасындағы сәйкестікті орнатуға кӛмек-
теседі. 
Мемуарлардың ерекшеліктері ескеріліп, ғылыми сараптамалардан ӛткізіл-
се, тарихи зерттеулерге құнды материал бола алады. Олар ӛткеннің жанды 
бейнесін бере алады, оны сол кезеңдегі адамдардың кӛзімен кӛруге мүмкіндік 
береді, сонымен қатар сол кездегі әлеуметтік және де мәдени кӛзқарастар 
туралы қосымша ақпарат кӛздері болып табылады. 
Қазіргі таңда архив мекемелері ӛз сақтауындағы мемуарлық құжаттарға 
зер салып, оларды жинақтап, зерттеу үстінде. Әр құжаттан әртүрлі ақпараттар 
алынуда. Әр ақпараттың кішкентай болсын берері мол. Қандай ғылымды алсақ 
та, ол жақта ақпараттың үлкен, кішісі жоқ. Негізгі кӛңіл оның тек қана салма-


21 
ғында, маңыздылығында. Ол ақпарат үлкен болсын, кіші болсын, қандай білім-
ді ӛзінде жасырып жатыр, маңыздысы сол. 
Ізденіске жақын, жаңалықтарға әрдайым ашық тұратын қоғам үшін 
мемуарлық құжаттар әрдайым жаңа бір жаңалық, тарихтың біз білмейтін 
кӛптеген қырларын кӛрсетеді. Және де оларға ерекше бір тұлғаның пікірі 
негізінде қарауға мүмкіндік береді. Ал біздің білетініміз, әр адамның ӛзінше бір 
пайымы, ойы, ӛмірден түйгені бар. Дүниеде қанша адам болса, сонша пікір 
болады. Енді ойлансақ, сонда мемуарлық құжаттарда қаншама мәлімет бар. 
Бірақ, ол мәліметтердің бәріне аш қасқырша жапа тармағай бас салмай, аса 
үлкен ыждағаттылықпен, зеректікпен, қандай мәліметтер болса да, арнайы 
үлкен зерттеулерден, сыннан ӛткізіп барып қана оларды қолдану қажет. Тек 
сыннан ӛткен дүниелер ғана жеткілікті түрде ӛзінің нәтижесін беретіндігі ӛтірік 
емес. Кӛлемге алданбай, сол кішкентай дүние болсын оның берерін ойлау 
керек. Сонда ғана бізде ақпаратқа ашық, тек білсем, кӛрсем, үйренсем деп 
тұратын қоғам қалыптасады. 
Бірніші тарауды қорытындылар болсақ, мемуарлар тарихи деректер 
ретінде ерте кездерден пайда болып, уақыт ӛте келе мемуарларды жазу, оларға 
деген қызығушылық артып бастаған. Мемуарлардың кӛбі белгілі бір тарихи 
толқу болған сәттен кейін жазылып, жарық кӛрген. Сондай ел есінде қаларлық 
оқиғалардан кейін де пайда болғандығы да мемуарлық құжаттардың дерек 
ретіндегі дәрежесін кӛтереді. 
Мемуарлық құжаттардың түрлері таптырмас және қайталанбас дерек. 
Себебі онда құжаттардың сан алуан түрлері кездесіп жатады. Қандай тұрғыдан 
алып қарастырсақ та, мемуарлық құжаттардың жұртшылыққа берер пайдасы, 
кӛрсетер қызметі мол. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет