51
Ресми тарихтағы олқылықтарды толтыру: Мемуарлар тарихи архивтер мен
ресми құжаттарды қосымша ақпарат беру және тарихтың назардан тыс қалған
немесе ұмытылған аспектілерін ашу арқылы толықтыра алады. Олар фактілерді
нақтылауға, түсінбеушіліктерді жоюға немесе тіпті тарихи оқиғалардың
дәстүрлі түсіндірмелерін қайта қарауға себепші болады.
Мәдени мұра: Мемуарлар мәдени құндылыққа ие,
себебі олар белгілі бір
уақыт пен жердің жеке және ұжымдық ерекшеліктерін, дәстүрлерін,
құндылықтарын және әдет-ғұрыптарын кӛрсетеді. Олар мәдени мұраны
сақтауға үлес қосып, болашақ ұрпаққа ӛз тарихы мен болмысын жақсырақ
түсінуге кӛмектеседі.
Мемуарлық құжаттар адамдарға, әсіресе жас ұрпаққа шабыт кӛзі бола
алады. Жеке әңгімелер мен жетістіктер арқылы естеліктер мотивацияның,
ынталандырудың және оқу тәжірибесінің күшті кӛзі бола алады.
Олай болса, архивтердегі мемуарлық құжаттар
тарих пен мәдениетті
сақтауда, зерттеуде, түсінуде маңызды рӛл атқарады. Олар ӛткенге бірегей кӛз-
қарас береді және де біздің ұжымдық жадымызды, қоғамымызды қалып-
тастырған оқиғаларды түсінуді байытады.
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің тәжірибесін талдау
негізінде жеке текті қорлардағы мемуарлық құжаттарды жинақтау, есепке алу
және басып шығаруға арналған диплом жұмысын қорытындылай келе, бірнеше
негізгі аспектілерді атап ӛтуге болады.
Біріншіден, ұлттың мәдени мұрасы
мен тарихи жадының маңызды
элементі ретінде мемуарлық дереккӛздердің маңыздылығын ұмыт қалдыр-
мағанымыз жӛн. Оқиғаларға тікелей қатысушылардың кӛзімен сонау ӛткенге
қайталанбас кӛзқараспен қарауға мүмкіндік беретін естеліктер мен жеке қор
құжаттары зерттеушілер үшін құнды.
Екіншіден, ҚР Президенті Архивінің мемуарлық құжаттарды жинақ-тау
мен есепке алудағы рӛлін ерекше атау қажет. Архив тәжірибесін талдау жеке
тектік қорлармен де жұмысты арнайы ұйымдастырудың тиімді әдістері мен
тәсілдерін
анықтауға, сондай-ақ олардың сақталуын және зерттеуге
қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қорытындыда баса назар аударатын үшінші аспект – мемуарлық дерек-
кӛздерді басып шығарудың маңыздылығы. Басылым еліміздің тарихы мен
мәдениетін танымал етуге үлес қоса отырып, жеке қор құжаттарының мазмұны
мен құндылығын қалың жұртшылыққа ашуға мүмкіндік береді. Жаңа
зерттеушілерді тартуға, еліміздің тарихын зерттеуге қызығушылықты арттыру-
ға кӛмектеседі.
ҚР Президенті Архивінің тәжірибесін талдау оң тәжірибелерді анықтауға,
мемуарлық құжаттармен, жеке қорлармен жұмысты ұйымдастыруды одан әрі
жетілдіру бойынша ұсыныстарды анықтауға мүмкіндік берді.
Мемуарлық
құжаттар тарихи жадты нығайтуға, ғылыми зерттеулерді ілгерілетуге және
ұлттың ӛткені туралы түсінікті кеңейтуге кӛмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: