Кіріспе дипломдық жұмысының жалпы сипаттамасы


Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата07.06.2023
өлшемі0,71 Mb.
#99332
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жалпы, осы ӛзіміздің Отан-
дық тарих ғылымымызда алғаш рет жеке қорлардың құрамындағы мемуарлық 
құжаттар арнайы зерттеліп отыр. Мемуарлық құжаттардың шығу тарихы, олар-
дың құрамы, теориялық методологиялық мәселелері алғаш рет қарастырылды. 
Диплом жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Диплом 
жұмысын жазу барысында ретіне орай хронологиялық жүйелеу, салыстырмалы 
тарихи және архивтік тәсілдер, сапалық және сандық зерттеулерді пайдалану, 
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің тәжірибесін талдау 
және ұсыныстар әзірлеу үшін салыстырмалы талдаулар жүргізіліп. Мемуарлық 
құжаттарды талдау барысында арнайы объективті, аналитикалық, салыстырма-
лы және де кешенді талдау тәсілдері пайдаланылды. 
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш 
тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



1 МЕМУАРЛЫҚ ҚҰЖАТТАР ҰҒЫМЫ 
 
 
1.1 Мемуарлық құжаттардың шығу тарихы 
Мемуар – француз тілінен тікелей аударғанда еске алу деген мағынаны 
білдіреді, яғни адамның ӛзі қатысқан, басынан ӛткен жайттарды естелік ретінде 
қағаз бетіне түсіруі. Мемуар жазу – ең кӛне және де ең танымал жанрлардың 
бірі. Онда оқиғаны естелік ретінде жазып қана қоймайды, сонымен қатар 
ӛмірдің кейбір маңызды сұрақтарын жеке тәжірибенің объективі арқылы 
қарастырады. 
Мемуарлардың пайда болу тарихына келер болсақ, ол белгілі адамдардың 
тарихта ӛз ізін қалдыруға ұмтылуымен тығыз байланысты. Бұл құжаттардың 
ғасырларға созылатын ұзақ және де бай тарихы бар. Сонымен мемуарлық 
құжаттардың шығу тарихына шолу жасап ӛтсек: 
Ежелгі дәуір: Ежелгі Египет, Месопотамия, Қытай секілді ӛркениеттердің 
басында адамдар ӛздерінің ӛмірлік оқиғалары, ойлары мен іздері туралы жазба-
лар қалдырды. Бұл құжаттар саз тақтайларға, папирусқа, тастарға және басқа да 
материалдарға жазылған. 
Орта ғасырлар: Орта ғасырларда ақсүйектер мен билеушілер арасында 
мемуарлық құжаттар кең таралды. Соғыс, саяси оқиғалар мен мәдени ӛмір 
арнайы естеліктер хроника, күнделік және ӛмірбаян түрінде жазылды. 
Қайта ӛрлеу кезеңі: Еуропадағы Қайта ӛрлеу дәуірінде жеке тарихқа, ӛзін-
ӛзі кӛрсетуге және эмоционалдық сфераға қызығушылық дамиды. Сол заман-
ның ұлы ойшылдары ӛздерінің ойларын, сезімдерін онымен қоса шығармашы-
лық процесін кӛрсететін хаттар мен күнделіктерді сақтауды бастаған. 
Жаңа уақыт: Жаңа уақыт кезеңінде мемуарлық құжаттар халық топтары 
арасында танымал бола бастады. Революциялар, соғыстар және де кӛтерілістер 
секілді аса маңызды тарихи оқиғалар қарапайым адамдардың естелік жазба-
ларына айналды. 
Мемуарлық алғашқы авторлардың бірі – Ксенофонт (біздің эраға дейінгі 
430-355 жылдары шамасында ӛмір сүрген) – «Анабасис» деген шығармасында 
ӛзі ӛмір сүрген кездегі, кӛзімен кӛрген тарихи оқиғаларды, замандасы Кир 
Младшийдің жүргізген соғыстарын суреттеп жазба ретінде қалдырған. Римнің 
императоры Гай Юлий Цезарь да (100-44ж.), кӛрші елдерге жасаған әскери 
жорықтарын естелік етіп жазған. Аталған авторлардың бұл хроникалық еңбек-
тері осы күнгі мемуарлардай болмағанымен жазылу стилі, ондағы кӛтерілген 
тарихи фактілердің молдығы жӛнінен, ӛз тұсында жаңа сипатты ерекшелігі 
болды. 
Мемуар жанрының отаны – Франция. Бұнда басқа елдерден әлдеқайда 
уақыт бұрын (XIII ғасыр) кӛптеген естеліктер жазылып, мемуарлар бір жаңа 
жанр боп қалыптасқан. Кейін мұндай жазбалар басқа елдерде де пайда болды 
[15]. 



Қазақстанда мемуарлық дереккӛздерінің шығу тарихы арнайы тарихи 
оқиғалармен және елдегі жазудың дамуымен тығыз байланысты. Қазақтар сан 
ғасырлар бойы басынан ӛткен оқиғалар мен жайттарды ауызша түрде ұрпақ-
тарына жеткізіп отырды. Дегенмен, Қазақстанда жазу дамып, сауаттылық 
кеңейе бастағанда адамдар ӛмірлік оқиғаларын қағаз бетіне түсірудің маңызды-
лығын түсіне бастады. 
Қазақстандағы алғашқы мемуарлық түріндегі құжаттардың бірінші 
нұсқалары 19 ғасырдың соңы – 20 ғасырдың басында, елімізде алғашқы 
қоғамдық-саяси қайта құрулар басталған кезде пайда болды. Бұл Қазақстан 
Ресей империясының құрамында болып, қарапайым халық басынан ӛткен ӛмір 
жолдары туралы әңгімелерін, естеліктерін жазуға, ойланып қағаз бетіне 
түсіруге бет бұрған кезі еді. Жалпы осы кезеңде Қазақстан жерінде алғашқы 
жазушылар мен журналистер де жазу жолындағы жұмыстарын бастаған еді. 
Кеңес Одағы тұсында қазақ жазушылары мен зиялылары ел ӛмірінің сан алуан 
тұстарын бейнелейтін естеліктер жазуды қолға алды. Тарихи маңызды 
оқиғалар, Ашаршылық жылдары, Сталиндік қуғын-сүргін және Ұлы Отан 
соғысы туралы естеліктер тарихилық және деректілік жағынан маңызды орынға 
ие болды. Олар тарихи оқиғалардың елдің есінде қалуына септігін тигізіп, 
келешек ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді. 
Кеңес ӛкіметі тұсында мемуарлық құжаттардың біршама ӛзгерістерге 
ұшырағандығын баса айта кету қажет. Ресей империясы мен Орта Азия елдерін 
аралау мүмкіндігіне ие болған кӛптеген жазушылар және де журналисттер 
ондағы ӛмір туралы ӛз жазбаларын қалдыра бастағанын білеміз. Осылайынша, 
революция және Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан ӛмірі туралы 
естеліктер пайда болып, қолданысқа енгізілген. Сонымен қатар, Кеңес Одағы 
кезінде мемуарларды белгілі жазушылар мен журналисттер ғана емес, 
қарапайым адамдардың да жазғандығын естен шығармағанымыз жӛн. Олардың 
кӛпшілігі КСРО ӛміріне, сол кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерге 
қатысты болды. 
1991 жылы Қазақстан Тәуелсіздігін алған сәттен бастап және елімізде 
азаматтық қоғамның нығаюымен мемуарларға деген қызығушылық одан сайын 
арта түсті. Кӛптеген қазақстандықтар ӛз ӛмірін, басынан кешкендерін, ӛткерген 
қиындықтарын жаза бастады. Бұл естеліктер Қазақстанның ұлттық-мәдени 
жағдайын бейнелейтін жеке әңгімелердің айғағы болды. 
Мемуарлық салада біздегі алғашқы туындылардың бірі ретінде Қазақстан 
Жазушылар Одағының негізін қалаушы С.С. Сейфулиннің «Тар жол, тайғақ 
кешуі» есімізге түседі. Замана суретін қамту шеңберінің молдығы жағынан бұл 
қазақ совет тарихындағы алғашқы кесек туынды болып отыр. Зерттеуші 
ғалымдар «Тар жол, тайғақ кешуді» әртүрлі атап жүр. Біреулері: мемуарлық 
роман десе, ендігі кезекте біреулері: тарихи-құжаттық мемуарлық роман деп, 
роман хроника, очерктер циклі деп те атайды. Бұл айтылғандардың арасында 
негізгі принципиалды айырмашылықтар болмағанымен, бірауыздан мойындал-
майтындай ортақ тоқтам да жоқ. «Тар жол, тайғақ кешу» елімізде социалистік 
құрылысты орнату жолындағы болған күрестің 3-4 жылдық мол оқиғасын 


10 
суреттейді. Кітап аса маңызды, күрмеулі кезеңде орын алған оқиғалардың 
тізбегінен құралады. Жазылу стильі де біркелкі емес. Оқиғаны автор кейбір 
жерлерінде жол очеркі, яғни жолаушының кӛрген-білгені етіп баяндаса, 
бірсыпыра жерлерінде кӛркем прозаны байқауымызға да болады. Солайынша, 
бұл шығармада жалпылай мемуарлық туындыларға тән – кӛркем очерк, 
публицистика, новелла, хаттар, күнделіктер, газет-журнал материалдарының 
тоғысқан жиынтығы бар [16]. 
«Тар жол, тайғақ кешу» – әртүрлі жанрлық белгілерді ӛзінің бір бойына 
жинақтаған, талдау ӛзегіне айналған туындылардың ішіндегі мейлінше синтез-
делген шығарма. Мәселен, Алашорда үкіметі мен оның мүшелеріне қатысты 
айтатын тұстарында архивтік құжаттар да, сонымен қоса газеттен алынған 
үзінділер де, эпистолярлық жанрдың туындылары да және ауызша сақталған 
жекеленген деректер де бар. Осы автор ӛз ойын таратып жеткізу үшін әр түрлі 
кӛздерден алынған фактілер мен мағлұматтарды молынан пайдалана отырып, 
ой қорытындысын жасауға бейімдеу келгендігін байқай аламыз. Бұл әрекеттер-
дің барлығы нағыз ғылыми әдістердің жүйесінен екендігіне ешкімнің дауы 
болмаса керек. 
Мемуарлық үлгіде жазылған құжаттардың мазмұны (фактілік негізі, 
мемуарлық сюжеті) тарихи деректермен дәлелденуі шарт болып табылады. 
Оқиғаның болған уақыты мен деректің жазылуы арасындағы арнайы уақыт 
алшақтығы ӛткеннің картинасын аяқталған сипатта беруге негіз болады. Ішкі 
құрылысы жағынан кӛбіне жүйелі болып келетіндігі байқалынады. Мазмұндық 
құрылымы деректілікке арқа сүйейді, сондықтан да ол деректі туынды болып 
табылады. Мемуарлық құжаттарда таза деректілік басым болып келеді, яғни 
онда цифрлар мен қатар деректер кӛп, бірақ автордың эмоциясына аз орын 
беріледі немесе мүлде берілмейді. 
Соңғы бір ғасырда дүниеге келген мемуарлық құжаттар саны аз емес. 
Олардың араларында Кеңес үкіметінің қалыптасу кезеңіндегі жазылған 
мемуарлардың маңызы жоғары екендігін атап ӛткеніміз жӛн. Және де олардың 
қатарына еліміздегі жазушылар, С. Мұқановтың «Ӛмір мектебі», Ғ. Мұстафин-
ның «Кӛз кӛрген» және де С. Кӛбеевтің «Орындалған арман» секілді еңбектерін 
жатқызуымызға болады. Аталған мемуарлардың оқиға желісінен тарихи-
қоғамдық күрделі ӛзгерістер, дүрбелеңдер кезіне дәлме-дәл келгендігін де 
есімізден шығармағанымыз абзалырақ. Бұл еңбектерде үлкен, маңызы зор 
мәселелер қозғалғандықтан, жазылу стильдері де күрделі болып келеді. Кеңес 
үкіметі тұсында жазылған еңбектерде зиялы тұлғалардың еркіндігі шектелініп 
және ӛз ойларын толық жеткізу барысы күрделі болып келген. Бертін келе
кеңестік идеология күшейген кезеңде жазылған мемуарларда қоғамдағы саяси 
жайттардың шынайы кӛрінісі жӛнді бейнеленбеген. Дегенмен, олар да ӛз 
кезеңіндегі тарихи оқиғаларды баяндау барысындағы маңызды дереккӛзі болып 
табылады. 
Мемуарлардың негізі – шынайы ӛмір, реалистік шындық. Себебі, оны жазу 
барысында деректілік бірінші орында тұрады. Мемуарлық құжаттардың 
қайсысын алсақ та, олар ақиқаттың ең астарлы, маңызды тұстарын жасырмай 


11 
кӛрсетеді. Мемуарды жазу қандай жазушыдан болмасын аса зор жауап-
кершілікті талап етеді. Нақтырақ айтар болсақ, халықтың, ұлттың ӛткеніне 
қатысты жағдайлар жайлы қалам қозғауда, шыншылдық деген дүниені естен 
шығармау қажет. Ӛйткені, мемуарды жазған сәтте автор тек ӛз ӛмірін емес, ӛзі 
ӛмір сүрген қоғамды да бейнелейді. 
Халқымыз тәуелсіздігін алғаннан кейін де мемуарлар аз жазылған жоқ. 
Атап ӛтер болсақ, қазақтың ұлы жазушылары Ә. Нұршайықов«Мен және менің 
замандастарым», Х. Әдібаев «Ӛмірдария», Ш. Мұратаза «Ай мен Айша» және 
де Қ. Жұмаділов «Таңғажайып дүние», Қ. Ысқақ «Келмес күндер елесі», М. 
Мағауиннің «Мен» деген туындылары қазақ мемуар дүниесінде үлкен орын 
алады. 
Мемуар – ғұмырнамалық шығарма. Ӛткеннің барлық оқиғаларына бүгін 
басқаша баға беруге тура келгендіктен, уақыты бар, денсаулығы дұрыс және 
ерінбеген қаламгер қазіргі уақытта тарихты егжей-тегжейлі қопаруға кірісіп 
кеткен. Мемуарлық құжаттардың тағы бір ерекшелігі, оның жанраралығында, 
себебі оқырманның бір бӛлігі оны жеке адамның басынан ӛткерген ӛмірі, 
қызықты оқиғалар ӛрісі ретінде қабылдайтын болса, екінші бӛлігі ол жақтағы 
ақпараттарды дереккӛз ретінде пайдаға асыруға, зерттеу жұмыстарында 
қолдануға тырысады. 
Мемуар субъективті дерек болып табылады. Кез келген жеке тұлға-ның 
арнайы бір шығармашылығының нәтижесіндегі жазбаша деректерде субъектив-
тілік бар болғанымен, мемуарларда ол ӛте басым болып кӛрінеді. Сондықтан да 
оларды ғылыми қолдану барысында түпнұсқалығын қатаң тексерістен ӛткізу 
қажет. Мемуарлар белгілі бір фактілер мен оқиғаларға автордың кӛзқарасын 
баяндайды. Олардың ӛзегінде әрқашан тұлға тұрады. Сол себепті де мемуарлар-
дың мазмұны, олардың құндылығы автордың ӛмір жолының маңыздылығына, 
оның ойлау дүниетанымына байланысты. 
Субъективтілік – мемуарлардың негізгі белгілерінің бірі. Мемуарлар 
автордың жеке естеліктері мен ӛз ӛмірі туралы әңгімелері болғандықтан, оның 
субъективті кӛзқарастарымен, эмоцияларымен, бағаларымен, әсерлерімен 
тығыз байланысты. 
Мемуаршы ӛткен оқиғалар мен адамдар туралы ӛзінің қабылдауы мен 
түсінігіне қарай айта алады. Ол ӛз сезімдерін, мотивацияларын, тәжірбиесін 
баса кӛрсете отырып, оқиғаларды субъективті, объективті түрде ұсына алады. 
Бұл әртүрлі авторлардың бір оқиғаны немесе қарым-қатынасты сипаттай 
отырып, әртүрлі түсіндірмелер мен қатар қорытындылар бере алатындығына 
дәлел бола алады. 
Мемуарлардың субъективтілігі автордың ӛз әңгімесіне қандай оқиғалар 
мен эпизодтарды қосып, қайсысын мәтіннен сырт қалдыру туралы шешімді ӛзі 
таңдауымен де байланысты. Ол ӛзінің мақсаттары, мүдделеріне байланысты 
болатын жайттарды тастап, белгілі бір мәселелерге назар аудара алады. Олар 
автордың жеке тәжірбиесі мен қабылдауын кӛрсетеді, бұл оның жеке басын 
және мәдени ортасын түсіну үшін құнды болуы мүмкін. Дегенмен, естеліктерді 


12 
оқығанда олардың субъективтік сипатын ескеріп, оқиғаларға бір ғана 
кӛзқарасты білдіретінін аңғарған жӛн. 
Тағы бір ескеруге тұрарлық факторлар, оқиғаның болған уақыты мен орны. 
Мемуарлар болған оқиғадан кейін демде жазылып шықпайды. Алайда, қысқа 
уақыт аралығында жазылған естеліктер сенімдірек, бірақ онда эмоция басым 
болып, объективті кӛзқарас аз мӛлшерде қолданылуы әбден мүмкін. Дәл осыған 
қарама-қарсы, уақыт ӛте келе жазылған естеліктерде есте сақтау қабілетіне 
байланысты кӛп дүниелер ұмыт қалса да, бағалау объективті түрде болуы 
мүмкін. Және де осындай жайттар мемуарлардың сенімді дерек болуына әсер 
етеді. 
Мемуардың негізі ретінде адамның жадын атасақ қателеспейтініміз белгілі. 
Оның ерекшелігі, жалпы тарихи оқиғалардың басқа да дереккӛздерде 
кездеспейтін аспектілерін кӛрсетуге қабілетті. Бірақ, жад бір нәрсені еске 
түсіріп, екінші маңыздырақ нәрсені ұмытып қалу қаупін де тудырады. Ондай 
ұмытшақтық туындаған сәтте басқалардың деректерін пайдалануға әбден 
болады. Ондай дереккӛздерді архивтік құжаттар, мерзімді басылым 
материалдары, ауызша куәгерлердің сӛздері, газет қиындылары және т.б. 
сенімді ақпарат кӛздері құрайды. Басқа дереккӛздерден алынған ақпараттарды 
да сенімділік жағынан тексерістен ӛткізуді естен шығармаған жӛн. 
Бүгінгі таңдағы ғылымда, орыс әдебиеттануында мемуарға берілетін 
анықтаманың бірі мынадай болып келеді: «Мемуары – воспоминания о 
прошлом, написанные людьми, принимавшими непосредственное участие в 
событиях, или современниками событий. Мемуары представляют собой особый 
жанр в литературе и имеют несколько разновидностей: автобиографии, путевые 
заметки, дневники» [17]. Осы уақыттан 21 жыл бұрын баспадан шыққан бұл 
энциклопедиядағы тұжырымның мағынасын әсте ескі деуге болмайды. 
Оқырмандар ғана емес, одан бӛлек зиялы қауымдар да мемуарларды тек 
атақты адамдар ғана жазуы керек деген пікірде екендігін білеміз. Бірақ, «Былое 
и думы» (Кӛргендер мен ойлар) мемуарлық романының ағылшын нұсқа-
сындағы алғысӛзінде А.И. Герцен мемуар жазу үшін танымал тұлға немесе 
мемлекет қайраткері, жазушы болу шарт емес. Елге айтары бар және де ол 
ойын ұғынықты түрде жеткізе алатын қабілеті болса жетіп жатыр деген пікір 
танытқан. 
Алайда, ӛзінің басынан ӛткерген жайттарды қоғамдық ӛмірімен тығыз 
байланыстыра, кӛркемдік бейнелеуді де ұмытпай жазу әр адамның қолынан 
келе бермейді. Сондықтан да, бұл туындыны тек тұлға ретінде дамып қалыптас-
қан, келешек ұрпаққа қалдырары бар қаламгерлер жаза алады дегіміз келеді. 
Кез-келген мемуарлық туындының қандай жанрда жазылғандығына 
қарамастан, ӛз заманының белгілі бір дәрежедегі шежіресі ретінде танымдық 
қызмет атқаратындығымен де бағалы екендігі белгілі. Мемуарларда кездесетін 
мәліметтердің дереккӛз ретіндегі рӛлін байқамау – оның жалпы тарихилығына 
күмәнмен қарау. Бұл жайлы «Қазақ әдебиеті тарихында» мынандай пікір 
жасалған: «Халық басынан кешкен тарихты бейнелеп берудің әдіс-тәсілдері 


13 
мол. Соның ішіндегі ең ӛнімдісі, мүмкіншілігі мол жолы – мемуарлық туынды-
лардан танылады» [18]. 
Мемуар – тарихи құжат. Себебі, мемуардың бойында тарихилық та, 
деректілік те бар, оның ерекшелігі де осында. Мемуар ұғымымен қатарласа 
жүретін деректілік сӛзін де естен шығармағанымыз жӛн. Оның ӛткен уақыт 
оқиғаларын дәл кӛз алдымызға келтіріп, бейнелеп беретін қасиеттері де ерекше. 
Оны жазу барысындағы адам есінде қалған нақты оқиғалардың, архив құжат-
тарының және де газет журнал беттеріндегі ақпараттардың қолданылуы 
мемуардың тарихи маңызын арттыра түседі. Жеке фактілер мен арнайы 
айғақтарсыз оның түпкі мән-мағынасы болмаса керек. Аталған ерекшеліктер-
ден туындайтын тағы да бір түйін – мемуарлық жанрдағы туындылардың 
бойында тек әдеби ғана емес, және де тарихилық белгілердің де бой 
кӛрсететіндігін естен шығармауымыз керек. 
Мемуарларда түрлі оқиғалар мен сюжеттерден бӛлек, тарихи деректер мен 
танымдық мағұлматтар да аз кездеспейді. Және де олардың біразы дерлік ресми 
дереккӛздерімен расталып та жатады. Мемуарда тек автордың жеке басына 
қатысты жағдаяттар ғана емес, қалың жұртшылыққа да ой салатындай қоғам-
дық жайттар да талқыға түседі, оның бұл ерекшелігі сапасын арттырарына 
толық сеніммен қарауымызға мүмкіндік береді. 
Мемуарларға тарихи дереккӛзі ретінде қарағанымызбен, онда әдебиет 
туындысына тән, соған жататын кӛркемдік бейнелердің болатындығын да 
жоққа шығара алмаймыз. Қандай мемуарды алып қарастырсақ та, онда адам 
есімдері, жер атаулары, оқиғалардың болған уақытысы, күні, жылы секілді 
ортақ дүниелер кездеседі. Оларды одан әрі оқырмағанға қызықты қылып 
жеткізу үшін де, кӛркем әдебиет компоненттері қажет. Осылардан келіп туын-
дайтын қорытынды, мемуарлық құжаттардың кӛркем шығарма туындысы да 
бола алатындығы. 
«Мемуары – повествования в форме записок от лица автора о реальных 
событиях прошлого, участником или очевидцем которых он был. По форме 
изложения, идучего, как правило, от первого лица, по отсутствию сюжетных 
приемов, по хроникальности и фактографичности изложения мемуары 
примыкают к дневнику...По материалу, его достоверности и отсутствию 
вымысла большниство мемуаров близка к исторической прозе, или научным 
биографиям, или документально-историческим очеркам» [19]. Орыс әдебиет-
танушысы Л.А. Левицкийдің бұл пікіріне қарағанда оқиғалары нақты жазылған 
мемуарлар күнделікке де, ғылыми ӛмірбаян мен деректі-тарихи очеркке де 
ұқсап кете береді екен. Бұның ӛзі мемуарлық құжаттардың кӛпқырлы болып 
келетіндігінің тағы да бір белгісі. 
Мемуарлық құжаттың формасы әрқилы болып келе береді. Ӛмірбаян біреу 
болғанымен де, оны жеткізудің сан-алуан жолдары бар. Мемуарға бастайтын 
ізденіс – жазушы ӛмірі мен оның қоғамдық құбылыстар және ӛзгерістермен 
бетпе-бет келуі. Алайда, жазушы бетпе-бет келіп отырған тақырыпты ӛмірлік 
материалға қарай саралап, содан келіп қана белгілі бір формада мемуар пайда 
болады. 


14 
Тараушаны қорыта айтар болсақ, тарихи жайттар мен ӛмір ӛткелдерін сол 
қалпында бейнелеу барысында ұлттық мәселелердің қоғам талқысына түсуі 
заңдылық. Сол тарихи мәселелерді қоғамға ұсынатын құралдардың бірі 
мемуарлық құжаттар болып табылады. Және де ол қызметін мемуарлық 
құжаттар ӛздеріне қажетті деңгейде жақсы алып шыға алады дегіміз келеді. 
Мемуарлық құжаттар ӛткен мен бүгіннің арасын жалғап жататын кӛпір іспеттес 
десек қателеспейміз. Және де сол ӛткенді білу арқылы да, біздің болашағымыз-
дың жарқын бола түсері айдан анық. Ӛткенге үңіліп, одан ӛзімізге қажетті ой 
түю үшін де осы мемуарлық құжаттар керек болып табылады. Байқағанымыз-
дай, мемуарлық құжаттардың берер пайда-сы, білімі мол. Сол білімді алуда, 
игеруде де бізге уақыт пен ізденіс қажет екендігі сӛзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет