Кіріспе дипломдық жұмысының жалпы сипаттамасы


Зерттеудің деректік негізі



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата07.06.2023
өлшемі0,71 Mb.
#99332
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Анель последний вариант

Зерттеудің деректік негізі. Ғылыми жұмыстың деректік негізін архив ісі 
саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, мемлекеттік стандарттар және де 
құжаттармен жұмыс жасауға қатысты нұсқаулықтар құрайды. Дипломдық 
жұмысты жазу барысында бірнеше дереккӛздер кеңінен пайдаланылды: 
- «Ұлттық 
архив 
қоры 
және 
архивтер 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы №326-1 Заңы [12]; 
- «Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 
жылғы 16 қарашадағы №349 Бұйрығы [13]; 
- «Методические рекомендации по работе с документами личного 
происхождения» [14]. 
Сонымен қатар №223, №68, №179 жеке қорлармен жұмыс нәтижесінде
тақырыпқа қатысты құжаттар талданып, сарапталынды. 
Дипломдық жұмысының нысаны. Дипломдық жұмыстың нысаны 
ретінде Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жеке тектік қорлар 
құрамындағы мемуарлық құжаттар алынды. 
Дипломдық жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының 
мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жеке тектік қор-
ларындағы мемуарлық құжаттарды жинақтау, есепке алу және де жариялау 
тәжірибесін талдау. Зерттеу аталған жұмыстардың проблемалары мен тиімді 
тәсілдерін анықтауға бағытталған және оларды пайдалану бойынша 
практикалық ұсыныстарды ұсынады. 



Осы дипломдық жұмыстың алдына қойған мақсатына сай тӛмендегідей 
міндеттер жүктеліп отыр: 
– Архивтердегі мемуарлық құжаттарды жинақтау, есепке алу және де 
жариялаудың теориялық негіздерін зерттеу; 
– Жеке тектік қорлардың маңыздылығын сонымен қоса, олардың тарихи 
зерттеулердегі рӛлін қарастыру; 
– Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің мемуарлық құжат-тарды 
жинақтау, есепке алу және жариялау тәжірибесіне талдау жүргізу; 
– Жеке тектік қорлар құрамындағы мемуарлық құжаттармен жұмысты 
жақсарту бойынша практикалық ұсыныстар беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет