Кіріспе дипломдық жұмысының жалпы сипаттамасы


Мемуарлық құжаттарды ғылыми жариялау және пайдалану



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата07.06.2023
өлшемі0,71 Mb.
#99332
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
3.2 Мемуарлық құжаттарды ғылыми жариялау және пайдалану 
мәселелері 
Тарихты және ондағы орнымызды жақсырақ түсінуге кӛмектесу үшін 
мемуарлық құжаттарды сақтау және болашақ ұрпаққа қолжетімді ету маңызды. 
Осыған орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы 
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» [38] мақаласында арнайы «Туған жер» 
бағдарламасын қолға алуды және де ӛлкенің жүз тұлғасының еліне сіңірген 
еңбегін зерттеуді алдыға тартты. Сонымен қатар Елбасымыз «Ұлы даланың 
жеті қыры» [39] атты бағдарламалық мақаласында тарихи сананы жаңғырту 
бағыттарында бірнеше жобаларды ұсынған болатын. Біріншіден, «Ежелгі дәуір-
ден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік 
архивтер дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» [40] 
жеті жылдық бағдарламасын жасау қажеттілігін» алдыға тартқан болатын. 
Жалпы бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар 
мен мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетел-
дік ірі архивтерімен ӛзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, із-
деу-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне баса мән беру керектігін ескертті. ... Архив 
деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың 
жұртқа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа 
кӛшіру қажет», - деп кӛрсетті. Архивті жеке және ұжымдық жадтың тұғырлы 
бір элементі тұрғысынан қарастыратын болсақ, шетелдік және отандық архив-
тердің жеке қорларын зерттеп, аса құндыларын электронды нұсқаға аударып, 
насихаттау, пайдаланудың маңыздылығына кӛз жеткізуге болады. 
Тарихта ӛз елінің мүддесін жеке басының қамынан жоғары қойған 
тұлғалар санаулы. Осыған орай тарихи тұлғаларды анықтау, олардың елге 
сіңірген еңбектеріне баға беру мәселесі туындады. Сол себепті де Елбасы 


44 
екіншіден, «Ұлы даланың ұлы есімдерін» анықтау және оқу-ағарту ісіне қосу 
міндетін қойды. Архив қорларында Ұлы Даланың Ұлы есіміне лайық 
тұлғалардың ғұмыры мен қызметін айғақтайтын дәйектер сақтаулы тұр. 
Дегенмен олардың бірі туралы жиі айтылса, екіншілері жӛнінде айтыла да, 
жазыла да бермейді. Осы тұрғыдан келгенде отандық архивтердегі жеке қор 
құжаттары арқылы жекелеген мемлекет, қоғам, мәдениет және ӛнер қайраткер-
лері, еңбек ерлері, саяси күрескерлердің, т.б. ӛмірі мен қызметін зерделеу ӛзекті 
бола түседі. 
Белгілі журналист-жазушы С.М. Байжановтың айтуынша: «Жазушы 
күнделігінің біз үшін құндылығы неде? Ең әуелі ӛмірдің ең бедерлі, мағыналы 
дейтін тұстарын қысқа да болса, қағазға түсіріп, күнделік жазып жүру дағды-
сы...» [41]. 
Күнделік жазу дәстүрі қазақ зиялылары арасында біршама кеңінен 
таралған. Мемуарлық еңбектерден дәуір тынысы мен жеке тұлғаның кӛз-
қарасын анықтап, тағдырлар тоғысындағы оқиғалардың сан қырына куә болу 
мүмкіндігі туындайды. 
Жеке тұлғалардың ӛмірі мен қоғамдық-саяси қызметін сарапқа салуға 
мүмкіндік беретін естелік әңгімелер мен күнделіктерді, эпистолярлық мұраны 
жариялау жұмыстары елімізде біршама жақсы қолға алынған. Елбасының қоры 
І. Омаровтың хат алмасуын жинақ етіп шығарды. Кеңестік дәуірдің 40–80 
жылдарындағы билік тұтқасын ұстаған белгілі қайрат-керлермен қатар, 
журналист-жазушылардың, мемлекет қайраткерлерінің ел ертеңі үшін атқарған 
қызметімен қатар күнделікті ӛмірін, тыныс-тіршілігінен хабардар ететін 
жинақтары бар. Маңызды деректер ретіндегі Ғ. Мүсіреповтің, Ф. Ғабитованың 
күнделіктері, қойын кітапшаларындағы күнделікті жазбалары үзінді түрде 
баспа бетін кӛрді. Отбасы мүшелерінің қолдауымен жеке қайраткерлер жӛнінде 
естелік әңгімелер жинақталып, қазіргі таңда олардың қатарлары молайып, жеке 
баспаханалар арқылы жарыққа шығарылып, мемлекеттік тапсырыс түрінде де 
кеңінен насихатталып отыр. Бұлардың қатарына Қ. Шәріпов, Ж. Шәймерденов, 
Ш. Шаяхметов, М. Есенәлиев және т.б. туралы естеліктер топтастырылған 
басылымдарды қосуға болады. 
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мемлекеттік сақтауға 
алынған мемлекет, қоғам және саяси қайраткерлері Ә. Әлібеков, Ә. Әлімжанов, 
Х. Бақауовтың, Г. Бельгердің, Ш. Жәнібековтің, С. Жандосовтың, С. Жиенбаев, 
М. Есенәлиев, Р. Шамжанова және т.б. құжатты жинақтарын жариялап, 
тұлғатану саласында ӛзіндік орны бар дереккӛздерді ғылыми айналымға қосты. 
2006 жылы ҚР Президенті Архивінің Құжаттарды ғылыми жариялау бӛлімінің 
арнайы ұйымдастыруымен «Хасен Ӛзденбаев: Азамат, аудармашы, журналист» 
тақырыбымен естеліктер жинағы жарыққа шықты. 
Республикалық «Ӛнегелі ӛмір» сериялық кітап редакциясы Қазақстан 
Республикасы Президентінің Архиві, басқа да архив мекемелері сияқты, тарихи 
естеліктің – ӛткен мен бүгінгі күннің бірегей құжаттарын сақтауды жүзеге 
асырады . Бұл ретте архивтік ақпараттың кӛлемін ғана емес, оның ӛткенді 


45 
ғылыми тануға, ел дамуының практикалық міндеттеріне айрықша 
маңыздылығын ескеру қажет. 
Архив жұмысының құрамдас бӛлігі – кӛрмелер ұйымдастыру және баспа 
қызметі арқылы тарихи мұраны насихаттау. Тәуелсіздік жылдарында ҚР 
Президентінің Архивінде ғылыми-танымдық мақсаттарда белсенді пайдаланыл-
ған бірнеше ондаған деректі жинақтар дайындалып, жарыққа шығарылды, олар 
жұртшылықтың оң бағасын алды. Бұл құжаттар мен материалдар жинағы 
ұлттық элитаның кӛрнекті ӛкілдеріне арналған басылымдар сериясын әлі де 
жалғастыруда. 
ҚР Президентінің Архиві дайындаған кӛптеген тұлғалар жайлы құжатты 
жинақтар жарық кӛрген болатын. Бұндай ғылыми жарияланымдар кӛпшілік 
зерттеушілерді қуантарлығы сӛзсіз. Олар тек зерттеушілерге ғана емес, сол 
жеке тұлғалардың ӛміріне қызығушылық танытқан оқырмандар үшін де 
қолжетімді болуы қажет. Себебі бәріміз білетіндей, жеке қор құжаттарын 
қарастыру, оларға қол жеткізу ӛте кӛп жұмысты талап етеді. Ол үшін қор 
құрушыдан немесе оның отбасы мүшелерінен арнайы рұқсат алу қажет. Ал 
осындай ҚР Президенті Архивінің басып шығарып жатқан құжаттар жинақтары 
тек қолжетімділігімен ғана емес, еліміздің ӛркендеуі жолында ӛз үлесін қосқан 
ірі тұлғалардың ӛмір жолымен, ӛткенімен таныс-тыру барысындағы бірден бір 
таптырмас құрал болары сӛзсіз. Сол құжат жинақтарының бір екеуіне шолу 
жасап ӛтсек. 
«Тарихшы және оның заманы» [42] атты құжаттар мен материалдар жина-
ғы басып шығарылған. Ол құжаттар жинағы – Манаш Қабашұлы (1931–2002) 
Қозыбаевқа арналған. Оның тағдыры кӛп жағынан соғысқа дейінгі зиялы 
қауымдарды алмастырып, қайта құру, одан кейін тәуелсіз мемлекет құру 
үдерісіне белсене араласқан зиялыларға тән. Сонымен бірге оның ұлттық 
гуманитарлық ғылымдарды ұйымдастыру барысындағы мәртебелік ұстанымы
Қазақстан тарихының түйінді мәселелерін түсінуге, қоғамның идеялық-
адамгершілік жаңғыруына әсер еткен жаңа идеологиялық құрылымдар мен 
ілеспе құжаттық материалды игеруге тікелей қатысуы ХХ ғасырдың 90 жыл-
дарындағы 
қоғамтанушы 
ғалымдардың 
талпыныстарын, 
ізденістерін, 
практикалық істерін кӛрсетуге мүмкіндік береді. Бұл шын мәнінде тарих 
ғылымына және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің алғашқы он жылдығы-
на қызығушылық танытатындар үшін пайдалы құрал, тарихнаманың жеке 
тұлғадағы дамуының ӛзіндік кӛрінісі. 
Атақты тарихшы және қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық Ғылым академия-
сының мүшесі (академик) ӛмірбаянындағы негізгі белестерді атайық. 
Жинақ бес бӛлімнен тұрады, онда бұрын жарияланған және алғаш рет 
ғылыми айналымға енгізілген М.Қ. Қозыбаевтың жеке қорындағы 130 құжат 
пен материалдар (фотосуреттерді қоспағанда, олардың кӛпшілігі архив қорында 
сақталған) бар. 
Бірінші бӛлім М.Қ. Қозыбаевтың ӛмірбаянына арналған құжаттар, мұнда 
тарихшының ӛмірлік университеттері мен ғылыми қызметі туралы құжаттары 
енгізілген. 


46 
Қоғамдық-ғылыми қызметтің құжаттары атты екінші бӛлімінде Қазақстан 
тарихшыларының қызмет аясының кеңеюі, олардың ғылымның осы саласының 
алдында тұрған жаңа міндеттерді түсінуі туралы деректері келтірілген. 
Сұхбаттары, кӛпшілікке үндеу, мақалалары туралы үшінші бӛлімінде 
негізінен 90-жылдардағы тарихи қауымның кәсіби мүдделері мен істерінің 
палитрасы, зиялы қауымның азаматтық ұстанымы мен идеялық-адамгершілік 
ізденістері баяндалады, М.Қ. Қозыбаев және оның замандас-тары билікпен 
байланыс арналарын кӛрсетеді. 
ХХ ғасырдың тарихшылары туралы естеліктер мен очерктер топ-
тастырылан тӛртінші бӛлімінде Қазақстанның кӛрнекті тарихшыларының 
еңбектеріне сипаттама ғана емес, Манаш Қабашұлының ұстаздары және де 
әріптестері туралы тікелей естеліктері, тарих ғылымындағы ахуал да қамтыл-
ған. Құрастырушылар мұнда ғалымның Қазақ КСР тарихын жасауға тікелей 
атсалысқан, проза шебері Ілияс Есенберлин, мемлекет қайраткерлері Ілияс 
Омарұлы Омаров пен Мұхамеджан Әбдіхалықов туралы толғауларын қосуды 
дұрыс деп тапқан. 
Замандастар естелігі атты қорытынды бӛлімінде академик Қозыбаев тура-
лы бағалаушылық сипаттағы естеліктер топтастырылған. Қорытынды сӛзінде 
Қазақстан тарихшыларының ұрпақтар сабақтастығы туралы «Жұлдызым 
менің» естеліктер кітабынан үзінді берілген. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұстаздық етіп, ғылым 
жолында талмай еңбектенген, ұлтына бергені мен берері мол ғалымдардың 
ғибратты ғұмырын насихаттау мақсатында «Ӛнегелі ӛмір» атты сериялық кітап-
тың республикалық масштабқа шыққанына біраз уақыт болды. Әр шығарылым-
ында әртүрлі тұлғалар жайында толғаныстар туындайды. Соның бірі және 
бірегейі 1950-1970 жылдары Қазақстандағы маңызды қоғамдық-саяси, мәдени, 
оқу-ағарту саласына ӛзіндік үлес қосқан мемлекет қайраткері Тоқтағали 
Жангелдинге арналған [43]. 
Тоқтағали Жангелдиннің қаламынан арнайы түрде «Сын сағатында», 
«Партизан күнделігі», «Сәкен Сейфуллин», «Партизан жорықтары» сынды 
туындылар жарық кӛрген. Тоқтағали Жангелдиннің ӛмірі мен қоғамдық-саяси 
қызметтерін айғақтайтын архив құжаттарымен бірге еңбек еткен әріптестері
тәрбиесін кӛріп, қамқорлығын сезінген шәкірттерінің, соңында қалған ұрпағы-
ның естелік әңгімелері енгізілген. 
ҚР Президенті Архивіне сақтауға алынған белгілі ғалым, мемлекет 
қайраткері, партизан-жазушы Тоқтағали Жангелдиннің жеке қорында негізінен 
қызметтік, ӛмірбаяндық құжаттары мен фотосуреттері бар болып табылады. 
100 жылдығын салтанатты ӛткізу барысында жеке қордың құрамын толықтыру 
жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Т. Жангелдиннің ұлы Ерлен Жангелдиннің 
тапсыруымен бұрын еш жерде арнайы жариялан-баған 1965-1971 жылдар 
аралығындағы күнделік жазбалары, партизандық кезеңінде жүргізген күнделік 
дәптері түпнұсқа күйінде қабылданған. 
«Партия қызметкерінің күнделігі» құнды дерек болы табылады, оның 
құндылығы Т. Жангелдиннің қызметі барысында күн сайын қабылдауына 


47 
келген 1960-1970 жылдардағы белгілі ақындар, жазушылар, суретшілер, әнші-
лер, күйшілермен етене жақын аралсақандықтан, олардың ӛнері мен шығарма-
шылығы, жеке ӛмірінің кейбір қырларын кӛрсетіп жазғандығы. 
Шашыраңқы түрінде жинақталған жазбаларда М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ж. 
Саин, С. Сейфуллин, С. Мәуленов, Қ. Аманжолов ,А. Жұбанов Қ. Жандарбеков, 
Ә. Мәмбетов, Ғ. Жұбанова секілді ӛнер иелері, олардың шығармалары туралы 
сыни пікірлер, түрлі оқиғалар кӛркем түрде сипатталынған. 
Т.Жангелдин ӛз заманының азаматы ретінде ӛзі ӛмір сүрген ғасырдың 
барлық саяси кезеңдерінен ӛткен тұлға. Оның ӛмірі мен мемлекеттік, қоғамдық 
қызметі Қазақстанның коммунистік биліктің қол астында ӛткізген кезеңіне тура 
келеді. Беларусь топырағында ӛткізген партизандық ӛмірі туралы «Партизан 
күнделігі» (1961), «Сын сағатында» (1981), «Час испытаний» (1984) атты 
күнделік жазбалар негізінде дайындалған кӛркем шығармалар жинағымен қатар 
С. Покровскиймен бірлесіп «Казахстан в период Великой Отечественной войны 
Советского Союза 1941-1945гг.» тақырыбымен 1967 ж. Ұлы Отан соғысындағы 
партизандық қозғалысқа қатысқан қазақстандықтар туралы құжаттар мен 
материалдар жинақтарын жарыққа шығарды. 
Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Т.Жангелдиннің жеке 
қоры 2000 жылы 29 ақпандағы келісімшарт негізінде жасақталып, оның 
қызметтік, ӛмірбаяндық, ғылыми-шығармашылық құжаттары жинақталған 
істер мемлекеттік сақтауға алынған. 
Жинаққа Т.Жангелдиннің 1965-1972 жылдар аралығында жазған күнделік 
жазбасынан үзінділер, туыстарының және отбасы мүшелерінің жазған естелік 
әңгімелері, ӛмірінің кейбір кезеңдерін қамтитын суреттері мен ӛмірбаяндық 
құжаттары енгізілген. 
Т.Жангелдиннің күнделік жазбалары 1965 жылғы 8қаңтар мен 1972 жылғы 
12 қаңтар аралығын қамтиды. Күнделік жалпы кӛлемі жағынан 1210 парақты 
құрайды, Т.Жангелдин ӛзі нӛмірлеген. Оның кейбір парақтары жоғалып кеткен, 
кей беттеріндегі жазбалар оқылмастай болып сызылып тасталған. Қойын кітап-
шасының бос парақтарына, үлкен жазу дәптерінің парақтарына жасыл және кӛк 
түсті авторучкамен, парақтың екі жағы толтырыла жазылған. Түптелмеген. 
Шашыраңқы күйде. Бұрын еш жерде жарияланбаған. 
Сонымен қоса Герольд Карлович Бельгердің 80 жылдығына, Әлиасқар 
Меңдиярұлы Әлібековтің 120 жылдығына арналған құжаттар жинақтары да 
жарық кӛрген. Әр қайсысына жеке тоқталып ӛтер болсақ. 
Герольд Карлович Бельгердің 80 жылдығына орай жарық кӛрген құжаттар 
жинағында ҚР Президентінің Архивінде сақтауға берілген Г.К. Бельгердің жеке 
қорындағы құжаттар мен фотосуреттер жарияланған. Жинаққа енген құжаттар 
жазушы, аудармашы, публицист және қоғам қайраткерінің бай жеке мұрасының 
елеусіз бӛлігі болып табылады, оларда жалпы Г.К. Бельгердің ӛмірбаянындағы 
негізгі мәліметтер, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін, оны тек елімізде ғана 
емес, алыс шет елдерде насихаттауын кӛрсетеді. Ол – мемуарист, оның 
күнделігі «Вольные строки», бастапқы атауы «Плетение чепухи» үлкен 
басылымы туралы аңыздар бар [44]. 


48 
Оның жеке қорынан барлығы 80 құжат (40 құжат, 40 фотосурет) табылған. 
Олардың кейбіреулері үзінді түрінде берілген, ӛйткені жинақтың мазмұнына 
қатысы жоқ немесе басқа тұлғаларға қатысты құжаттардың бӛліктері жариялан-
байды. 
Жинақтың бірінші бӛлімі Герольд Карлович Бельгердің ӛмірбаянына 
арналған құжаттардан тұрады. Екінші бӛлімінде – қоғамдық қызмет құжаттары-
нан, мақалалар мен сұхбаттар бар. Фотосуреттер бірінші және екінші бӛлімдер-
ден кейін орналастырылған. 
Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына белсене қатысқан сонымен қоса 
репрессияға ұшырағандарды еске ала отырып, ҚР Президентінің Архиві Кеңес 
дәуіріндегі белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Әлиасқар Меңдиярұлы 
Әлібековтің 120 жылдық мерейтойға арналған құжаттар жинағын дайындауға 
бастамашы болған. Жинақты дайындау ҚР Президентінің Архивіне тапсырыл-
ған жеке тұлға Ә.М. Әлібековтің жеке қорындағы құжаттар негізінде жүзеге 
асырылған [45]. 
Бұл жинақта кӛптеген құжаттар бірінші рет жарияланған. Кітапта 
Әлиасқар Меңдиярұлының ӛмірі мен шығармашылығындағы негізгі оқиғалар 
мен сәттерді растайтын барлығы 48 мәтіндік құжат пен 16 фотосурет жария-
ланған. 
Жоғарыда аталған құжат жинақтарының бәрін басып шығару барысында 
ҚР Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 349 
Бұйрығы бойынша ҚР Әділет министрлігінде 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 
7342 тіркелген «Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағида-
ларын бекіту туралы» аясында жүзеге асады[13]. 
Құжаттарды басып шығару жарияланатын деректердің мақсатты бағыты-
мен, міндеттерімен, сипатымен, соған сәйкес археографиялық, полиграфиялық 
дайындық әдістерімен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер басылымдарды типіне, 
түріне және нысанына қарай бӛлуге, сонымен бірге құжаттарды басып 
шығарудың тәсілдерін таңдауға негіз болады. 
Құжаттарды жариялау үшін іріктеу жұмыстары жүргізіледі. Іріктеудің 
методологиялық негізі бар, олар: 
- Тарихилық; 
- Кешендік; 
- Жанжақытылық; 
- Турашылдық. 
Басылымды дайындау кезінде құжаттарды жариялау үшін іріктеу 
мақсатында ғылыми және тәжірибелік құндылығына деректанулық талдау 
жүргізіледі. Яғни түпнұсқалығын анықтау, уақытын, орнын, шығу жағдай-ын 
және сыртқы ерекшеліктерін, оның ішінде техникалық, құжаттардың 
авторлығын, мәтіндердің шығу жағдайын, дұрыстығын, толықтығын, 
кӛрнекілігін, ғылыми маңыздылығын, ақпарат дерегіндегі жаңалықтарын, 
сақталу дәрежелері мен құжаттың мәтінін қайта жаңғырту әдістері 
қолданылады. Жүргізілген талдаудың негізінде нақты басылымның тақырыбы 
мен міндеттеріне байланысты құжаттарды іріктеу ӛлшеміне сәйкестілігі 


49 
анықталады, жинақтағы әрбір құжатты пайдалану туралы мәселе (толық немесе 
үзінділерді жариялау, ғылыми-анықтамалық аппаратта пайдалану) шешіледі. 
Құжаттарды іріктеу кезең-кезеңімен жүреді. 
Жеке тұлғаның құжаттарын жариялау басылым мақсатына байланысты, 
бұл тұлғаның (оның ішінде ӛзінің қатысуымен дайындалған материалдар) 
қызметтері мен ӛмірі туралы табылған қор қатыстылығына байланысты барлық 
құжаттар немесе бұл тұлғаның ӛмірі мен қызметінің қандай да бір қырын 
сипаттайтын құжаттардың бӛлігі қосылады. 
Жеке тұлғаның барлық құжаттарын жариялау, табылған құжаттардың 
(баспа және қолжазба түрінде) ғылыми-сыни зерттелуіне, бірінші кезекте 
олардың белгісіне, яғни авторлығына, уақытына және жазылған орнына 
негізделеді. Іріктеу жинақтағы табылған құжаттарды пайдалану мүмкіндігін 
анықтауға алып келеді. 
Құжаттардың бір бӛлігі ғана жарияланған жағдайда, басылымның алға 
қойған мақсатына байланысты, тұлғаның ӛмірі мен қызметінің қырын кӛрсету 
үшін, оларды іріктеу маңыздылығымен анықталады. 
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Жеке тектік қорлар 
басқармасының бас сарапшысы Ә.Т. Сүлейменованың «Тұлғалар туралы 
құжатты жинақтарды жеке тектік қорлар негізінде дайындау жӛніндегі жадуал» 
[7] нұсқаулығын да естен шығармауымыз қажет. Онда құжаттарды іздеп табу, 
жарияланымға іріктеу, жалпы тұлғаның құжаттарын басылымға беру кезіндегі 
іріктеу жұмыстары туралы мәселелерді алға тартқан. 
Қорыта келе, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінде жеке тектік 
қорлардың құрамындағы мемуарлық құжаттарды ғылыми жариялау жақсы 
қарқында дамыған. Байқағанымыздай, кӛптеген тұлғаларға арналған құжаттар 
жинақтары да жарық кӛрген. Әлі де болсын, осы іс тоқатамай, жалғасын табуы 
қажет. 
Құжатты жинақтардан басқа Архивтегі Жеке тектік қорлар басқарма 
қызметкерлері БАҚ-да, ғылыми басылымдарда жариялау үшін мақалалар мен 
жарияланымдардың шағын түрлерін дайындаумен айналысады, халықаралық, 
республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференциялардың, семинарлардың 
жұмыстарына белсене қатысады. 
Басқармада жеке тектік қорлар, тұлғалар жӛніндегі деректердің үш 
электрондық базасы құрылған. Осы және басқа да қызметтерінің бағыттары 
бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің келешегі кемелді. 
Толықтыру кӛздерінің аясы тұрақты түрде кеңейіп келеді, архивтің алдында 
үлкен міндеттер тұр. 
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Қазақстанның саяси 
тарихы жӛніндегі құжаттарының аса үлкен қоймасы ғана емес, сонымен қоса 
мемлекеттік архивтер мен ғылыми мекемелер арасында, тарихи білім және 
ӛткенді шолатын құжаттық ақпараттардың маңызды орталығы ретінде елеулі 
орын алады. 


50 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет