Кіріспе дипломдық жұмысының жалпы сипаттамасы


  3 ЖЕКЕ ТЕКТІК ҚОРЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ МЕМУАРЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата07.06.2023
өлшемі0,71 Mb.
#99332
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
 


38 
3 ЖЕКЕ ТЕКТІК ҚОРЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ МЕМУАРЛЫҚ 
ҚҰЖАТТАРДЫ 
ЕСЕПКЕ 
АЛУ 
НЕГІЗДЕРІ 
ЖӘНЕ 
ҒЫЛЫМИ 
ЖАРИЯЛАУ 
 
 
3.1 Мемуарлық дереккөздерді сақтау бірліктеріне қалыптастыру, 
есепке алу негіздері 
Архивтік құжаттарды жинақтау, сақтау, есепке алу, пайдалану жайлы 
Қазақстан Республикасының арнайы архив құжаттарына қатысты болатын 
заңдарында, нормативтік құқықтық актілерінде бекітілген. Жалпы олардың 
мақсаты мемлекеттік архив мекемелеріндегі құжаттармен жұмыс істеу тәртібін 
ретке келтіру. Оларға тӛмендегілер жатады: 
- «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының 
1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I Заңы [12]. 
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 576 қаулысымен бекітілген «Ұлттық архив қорының құжаттарын және 
басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік 
архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары» [35]. 
- «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, 
құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану 
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 
31 қазандағы № 703 қаулысы [36]. 
Жалпы, Қазақстан Республикасында арнайы Жеке тектік қорлардың 
құрамындағы құжаттармен жұмыс жасауға арналған арнайы қаулылар, 
нұсқаулықтар жоқ. Мысалға, кӛршілес Ресей Федерацясында ВНИИДАД 
ұсынған «Методические рекомендации по комплектованию, описанию, учету и 
использованию документов личного происхождения в государственных
муниципальных архивах» [37] атты әдістемелік нұсқаулығы бар. Біздің еліміз-
дегі архив мекемелері де кӛршілес елдердегідей жеке тектік қор құжаттарымен 
жұмысты реттейтін нұсқаулықтарды да қажет етеді. Мемлекеттік архивтер 
жоғарыда аталып ӛткен заңдар мен қаулылардағы құжаттарды жүйелеудің, 
олармен жұмыс істеу ережелерін жеке тектік қор құжаттарына да қолдануда. 
Дегенмен де жеке текті қор құжаттарының ерекшеліктері және сәйкесінше 
олармен жұмыс істеуді ұйымдастыру әдістері күрделі, сондықтан да оларға 
арнайы әдістемелік нұсқаулық қажет. 
Жеке текті қор құжаттарымен жұмыстарды істеуге арналған арнайы 
әдістемелік нұсқаулықты құрастырып, басып шығару архив ісіндегі алдыңғы 
қатарлы мәселелердің бірі. Әдістемелік нұсқаулықта жеке текті құжаттармен 
жұмыс істеудің барлық кезеңдері қамтылып, және де олардың арнайы 
сипаттамаларына байланысты құжаттардың құндылығын тексеру әдістемесі, 
жеке тектік құжаттардың санаттарын айқындау мәселелері толық ашылуы 
қажет.
Сонымен қатар, 
мемлекеттік архивті жеке текті құжаттармен толықтыру 
жұмыстары кӛрсетіліп, оларға ғылыми сипаттама, каталогтау, архивтік 


39 
анықтамалықтарды жасау бойынша жұмыстардың қалай жүретіні, жеке қор 
құжаттарын мемлекеттік есепке алудың және де олардың сақталуын 
қамтамасыз ету жӛніндегі жұмыстардың, ол құжаттарды пайдалану ерекшелік-
тері айқындалуы керек. 
Жеке текті құжаттар – жеке тұлғалардың арнайы қызметі мен ӛмірі 
барысында қалыптасатын және жасалған, олардың жеке меншігі болып табыла-
тын құжаттар. Жеке текті құжаттардың мемлекеттік архивтерде олармен 
жұмысты ұйымдастыруға айтарлықтай әсерін беретін бірқатар ерекшеліктері 
бар.
Жеке текті құжаттар жеке тұлғаның бастамасы, ниеті бойынша туындайды, 
оның жеке меншігі болып табылады және егер ӛзінің сипаты бойынша оның 
әрекетінің объектісі болса, авторлық құқық нормаларына сәйкес қорғалуға 
жатады. 
Жеке текті құжаттардың мәтіндерінде ақпаратты орналастыру заңды-
лықтары жоқ. Құжаттардың кейбір түрлерінің мазмұны (хаттар, естеліктер, 
күнделіктер және т.б.) ерікті. Құжаттардың кӛп ӛлшемді мазмұны бар. 
Мазмұнының ӛзі де құжатты жасаушының таптық, мемлекеттік, ұлттық, 
әлеуметтік, мәдени қатыстылығына, сондай-ақ оның жеке басының жеке 
қасиеттеріне байланысты терең тұлғалық сипатқа ие болып келеді.
Жеке архив 
құжаттарының құрамын меншік иесінің шығармашылық мүдделерінің сипатын, 
оның ӛмірбаянын, отбасылық, достық және де қызметтік байланыстарын біле 
отырып, белгілі бір ықтималдық дәрежесімен ғана болжауға болады. 
Жеке тектік құжаттарды мемлекеттік архивтерге ӛткізгенге дейін ресімдеу, 
сақтау мәселелерін нормативтік реттеудің болмауына байланысты жеке текті 
құжаттар белгілі бір белгілері бойынша ерекшеленеді. 
Олар жалпы алуан түрлілігімен сипатталады (естеліктер, мемуарлар, 
күнделіктер, жеке хаттар, ғылыми жұмыстар, әртүрлі жанрлардағы 
шығармашылық жұмыстар, соның ішінде жұмыс материалдары, эскиздер, 
шығармалардың әртүрлі нұсқалары және т.б.). Әр түрлі құжаттардың ӛзара 
бірігуі, аралас типтегі құжаттардың (хат-күнделік, хат-ӛлең, т.б.) қалыптасуы 
жиі байқалады. 
Құжат мазмұнының маңыздылығын, ең алдымен, күнделіктерді, хаттарды, 
дәптерлерді, сұхбаттарды таңдау кезінде ескеру қажет, олардың мазмұны 
эмоционалдық байлығымен, оларды жасаушының жеке басының кӛрінісімен 
сипатталады. Құжат мазмұнының маңыздылық критерийі құжатта қамтылған 
фактілердің, мәліметтердің ақпараттық маңыздылығы ретінде жеке текті 
құжаттардың құндылығын тексеру кезінде тек туынды болып табылмайтын 
құжаттарға қатысты (ӛмірбаяндық, хаттар, күнделіктер, мемуарлар, т.б.) 
шектеулі қолданылады. Бұл құжаттардың мазмұнының маңыздылығын оның 
әлеуметтік-психологиялық қанықтығы тұрғысынан да бағалауымыз керек: 
құжаттар ешқандай құнды фактілерді кӛрсетпей-ақ, қоғамның белгілі бір 
әлеуметтік тобының ойы мен кӛңіл-күйін айқын кӛрсете алады және де 
осылайша деректік кӛздері ретіндегі құндылығын байқатады. 
Жеке тектік қор құжаттарының құндылығының критерийлері мыналар 
болып табылады: 


40 
- құжат авторының шығармашылық және қоғамдық қызметінің маңызы; 
- құжаттың жасалу уақыты мен орны; 
-құжат мазмұнының маңыздылығы, оның ақпараттық, идеялық және 
кӛркемдік, ғылыми құндылығы; 
- құжаттың сыртқы белгілері; 
- басқа құжаттармен қарым-қатынастары. 
Құжаттық қатынастар (қорішілік және қор аралық) келесі нысанда болуы 
мүмкін, оларға мына жайттар жатады: 
- ақпараттың қайталануы 
- толықтырулар. 
Ақпараттың қайталануы шығармашылық құжаттарға қатысты түрде 
қайталанатын, нұсқасы, жарияланған болуы мүмкін. Алайда, жарияланған 
қолжазбаларды, кӛшірмелерді, құжаттардың артық нұсқаларын қордан жою 
жеке шыққан қор санатын ескере отырып жүзеге асырылады. 
Қосымша құжаттар ақпаратты толықтыратын, ақпаратты растайтын, 
ақпараттарды теріске шығаратын сипаттарда болуы мүмкін. Хат, мысалы, 
мемуардағы фактілерді растауы немесе жоққа шығаруы мүмкін. Теміржол 
билеті, визит карточкасы сапар фактісін, кездесу, танысу мүмкіндігін және т.б 
растауы мүмкін. 
Әрбір қор жасаушылардың құжаттарының ерекшелігіне және кейбір 
жағынан әмбебаптығына қарамастан, архив жұмысының барысында жеке текті 
құжаттарды ретке келтіру бойынша бірыңғай жүйелеу әзірленеді, ол келесідей 
кӛрініс табады: 
- ӛмірбаянына қатысты құжаттар; 
- жеке құжаттар; 
- іскерлік құжаттар; 
- қоғамдық қызметі туралы құжаттар; 
- марапаттау құжаттары; 
- шығармашылығына қатысты құжаттар; 
- хаттар; 
- қор құрушының әр түрлі адамдарға арналған хаттары
- қор құрушыға арналған хаттар; 
- іскерлік хаттар; 
- қор құрушы жайлы әртүрлі тұлғалардың арнау жазулары; 
- қызықтыратын тақырыптар бойынша жинаған материалдар; 
- қор құраушы жайлы материалдар. 
Ұсынылған жүйелеу түрі түпкілікті емес. Себебі ол қорларда құжат-
тардың жекеленген түрлерінің болмауы немесе басқа түрдегі құжаттардың 
болуы кезінде ӛзгеруі мүмкін.
Жоғарыдағыдай құжаттарды жүйелеуде мемуар-
лық құжаттар қор құрушының шығармашылығына қатысты құжаттарда немесе 
қор құрушы жайлы материалдарда кездесуі мүмкін. 
Қор құрушының шығармашылық қызметiнiң құжаттарына қор жасаушы-
ның қызметтері түрiне қарай оның шығармашылығы және қоғамдық қызметтерi 
нәтижесiнде жасалған құжаттар жатады: 


41 
- кӛркем шығармалар (роман, повесть, поэма және т.б.); 
- ғылыми жұмыстар (диссертациялар, монографиялар және де ғылыми 
зерттеулер, эсселер, әдістемелік әзірлемелер т.б.); 
- мақалалар, сұхбаттар, телерадио бағдарламалары мәтіндері; 
- лекциялар, баяндамалар, баяндамалар мәтіндері; 
- әр түрлі авторлардың жұмысы жайлы қор құраушының пікірлері; 
- жазба дәптерлер, күнделіктер. 
Қор иесі туралы құжаттарға ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында 
жарияланған мақалалар, еске алу туралы құжаттар, естеліктер және оның 
шығармаларына шолулар, оған арналған ӛлеңдер мен басқа да шығармалар, 
қызметі туралы шолулар, кӛңіл айту хаттары жатады. 
Құжаттарды ретке келтіру жұмыстарының маңызды кезеңі іс атауларын 
құрастыру болып табылады. Істердің тақырыптары дұрыс және де толық, бірақ 
сонымен бірге ең қысқа нысанда ондағы құжаттарды кӛрсетуі керек. Бірнеше 
құжаттарды біріктіретін істердің тақырыптарын дұрыс құрастыруға ерекше 
назар аудару керек. 
Құжаттардың негізгі деректемелері істің тақырыбына жазылады: автор-
лары (бар болса), тақырыптары, құжаттың түрі, кӛшіру тәсілі. Жазба дәптерлер, 
блокноттар, күнделіктері бар істердің тақырыптарында олардың мазмұны 
қысқаша түрде ашылады. Мысалы: Ә.Т. Әлімжанов «Балалық, студенттік 
жылдардағы естеліктері». Қолжазба. 
Мемуарлық құжаттарда осы жазба дәптерлер мен күнделіктер секілді 
сипатталады. 
Жеке тектік қорлардағы құжаттарды кез келген архивтік мекемеге қорға 
енгізу қағидалары болады. Себебі, құжаттарды жеке тектік қорға енгізу үшін 
белгілі бір ережелік нормативтік қағидалардан ӛтуі тиіс. Ережелерге сай 
құжаттар ғана жеке тектік құжаттар қорларына енгізіледі. Мысал ретінде ҚР 
Президенттік Архивіндегі жеке тектік мемуарлық құжаттардағы арнайы 
мәліметтер мен дереккӛздердің архив қорларына енгізілу қағидалары арнайы 
нормативтік нормаларға сай болғандықтан кейін ғана қорға енгізілу жұмыстары 
жасалынады. Архив қорлары мен архивтік тақырыптардың ұйымдастырылып 
қосылған түрлері мен архивтік топтамалардың тарихилық тұрғыдан логикалық 
байланыстарын біріктіре отырып ұйымдастырылады.Бірнеше түрдегі жеке 
тектік қор немесе басқа да қорларды ұйымдастыру барысында мемлекеттік, 
республикалық, қалалық, облыстық, аудандық дәрежелерде құралатын және де 
пайда болатын құжаттардың ұйымдастырылу жұмыстары заңды немесе жеке 
тұлғалардың арнайы қор құрушылық қызметтерінде пайда болатын негізгі 
құжаттардың барлық түрлерінің жиынтығын және оның құжаттық түрдегі 
қорларын құрастырады. 
Әр түрдегі жеке тектік бір немесе бірнеше кӛп құжаттардың сипаты 
бойынша біріктірілетін кейбір құжаттарының жинағы архивтік топтамаларды 
құрастырады. Қазақстан Республикасы Президенті Архивіндегі мемуарлық 
құжаттардың басым кӛпшілігі жеке қорларда және сонымен қатар белгілі бір 
тұлғалардың жеке бас құжаттарына жауап бере отыратын бірнеше тұрғыдағы 


42 
мысалы, арыздар мен шағымдардың құрастырылуы арқылы сондай құжаттар 
Қазақстан Республикасы Президенті Архивіндегі жеке тектік қорлар 
қағидаларына енгізіледі. Азаматтардың ӛтініші мен естеліктері, яғни 
мемуарлардың және сондай мемуарларға ұқсас болатын ӛмірбаяндар 
жинақтарын толықтыру дереккӛздерінің қорларында сақталады. Қазіргі 
заманғы ережелермен салыстыра алғанда арнайы қорға енгізілетін құжаттар 
соңғы уақыттарда оқиға болып ӛткеннен кейін жасалына отырып, олардың 
сипаттау мӛлшерлері бірқатар факторлармен тура келе отырып, құжаттар қорға 
алынады. Сондай арнайы тұрғыдағы факторлармен ғана сәйкес келетін 
құжаттардың түрлері жеке тектік қорларға жиналады. Алайда, мемуарларға 
ұқсас құрастырылатын ӛмірбаяндар жанрдың белгілі бір заңдық тұрғыларына 
бағынатын түпнұсқалық формада жасалған құжаттар қорға алынады. Мұндай 
белгілі тақырыптар мен дерек-кӛздермен кӛрсетілетін құжаттар түрлерінің 
барлығының ӛзіндік бір ерекшелігі бар дереккӛз болып табылады. Осындай 
тиісінше құжаттар – құжатты жинақтардың тізімдеріне қосылу жағдайларында 
авторлардың назарына түсуі де кездейсоқтық емес. 
Қазақстан Республикасының архивтеріндегі мемуарлық құжаттарды есепке 
алу еліміздегі архив істерін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық 
актілерге сәйкес жүзеге асырылады. Мемуарлық құжаттарды да есепке алу 
нақты архив пен оның саясатына байланысты әр түрлі болуы мүмкін 
екеніндігін ескерген жӛн. 
Қазақстан Республикасының Президенті Архивінде мемуарлық құжат-
тарды есепке алудың негізгі принциптері әдетте келесі аспектілерді қамтиды: 
- Қабылдау және тіркеу: Архивке тапсырылған мемуарлар шығу тегі мен 
мазмұнын кӛрсете отырып қабылданады. Архив қызметкерлері әрбір 
құжаттарды тіркеп, оған бірегей нӛмір беріп, тиісті құжаттаманы толтырады. 
- Жіктелуі және жүйеленуі: Мемуарлар белгіленген бір ережелер мен 
стандарттарға сәйкес жіктеледі және жүйеленеді. Болашақта табуды және қол 
жеткізуді жеңілдету үшін олар арнайы белгілі бір тақырыптарға немесе 
санаттарға тағайындалуы мүмкін. 
- Сипаттама және түгендеу: Әрбір мемуарлар оның атауы, авторы, 
жасалған күні және мазмұны сияқты негізгі сипаттамаларымен сипатталуы 
керек. Сипаттама құжаттарды іздеуді және сәйкестендіруді тиімдірек ету үшін 
аннотацияларды, рефераттарды немесе кілт сӛздерді қамтуы мүмкін. 
- Қолжетімділік шектеулері және құпиялылық: Мемуарлық құжаттарда 
құпия ақпараттар немесе жеке деректер болған жағдайларда, оларды қарауға 
және де олармен жұмыс жасауға шектеулер қойылуы аса мүмкін. Бұған жеке 
деректерді қорғау туралы заңнама немесе архивтік құжаттардың жекелеген 
санаттарына шектеулі қолжетімділік шарттарын сақтайтын талаптары себеп 
болуы мүмкін. 
- Рұқсат беру: Қажетті шарттарды ескере отырып, қор құрушылардың 
рұқсатымен, мемуарлар архивтің принциптері мен талаптарына сәйкес 
зерттеушілерге, ғалымдарға, журналистерге немесе басқа да мүдделі тұлға-


43 
ларға қолжетімді болуы мүмкін. Әдетте, рұқсат беру сұраныс бойынша және 
белгілі бір шектеулерге ұшырауы мүмкін. 
- Сақтау: Мемуарлар бірегей дереккӛз болып табылады және олардың 
сақталуы жағынан ерекше назар аударуды қажет етеді. Архивтерде бұл 
құжаттарды физикалық және химиялық жойылудан сақтау және қорғау 
шараларын қабылдауы керек. 
Қорыта келе, Қазақстан Республикасының архивтерінде мемуарлық 
құжаттарды есепке алудың нақты ережелері мен тәртіптері нақты архив 
мекемесіне де байланысты әртүрлі болулары мүмкін. Әрбір жеке қордың 
құжаттары саны мен түрі бойынша әртүрлі болғандықтан, оларды ретке келтіру 
жұмыстарын қатаң бекіту де дұрыс болмайды және де ол жұмыс-тар ерікті 
сипатта болуы да мүмкін. Архив қызметкерлерінің негізгі міндеттері архивтік 
құжаттарды олардың мазмұнын тізімдемеде барынша толық түрде 
кӛрсететіндей етіп ұйымдастыру да және осылайша олардың пайдаланушы-
ларға іздеуін жеңілдету болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет