«Ак» және «қара» атауларының дамыған өрісін, даму шеңберінің кеңдігін көрсету үшін мысалы, 10 томдық ҚТТС-де берілген сипаттаманың өзі де жеткілікті. «Ақ» атауын сипаттауға ғана кітаптың 11 беті (I - том, 126 - 97 бб.) «қара» атауын сипаттауға - 24 беті (6 - том, 36 - 59 бб.) арналыпты. Бұлардан туындаған сөздердің жөні бір басқа. Оның себебі бұл атаулардың өздері де және олардың төңірегінен өсіп - өрбіген туынды тұлғалар мен әр түрлі тұрақты тіркестер бір дәуірдің емес, әр түрлі себептерге байланысты толассыз дамып келе жатқан әр дәуірдің жемісі болып саналады. Тіл байлығын сөз санымен ғана емес, сөз мағынасымен де айқындайтын болсақ, сол қайнар - көздердің біріне «ақ», «қара»атаулары негізінде өрбіп - өскен мағыналық бірліктер жатады деп атай аламыз.
Этнолингвистикалық тұрғыдан олардың бірнеше көздері мен танымдық сипаттарын, тіркестердің жасалу тәсілдері мен мотивтерін көрсетуге болады.
«Ақ»және «қара» атауларының кейбір өзіндік танымдық сипаты. «Ақ» және «қара» атауларының табиғат пен коғамдағы реалды бейне-сипатын, ұлттық таным тұрғысынан қалай түсініп, неменеге балап, не деп бағалай аламыз деген заңды сауалдарға берер жауаптар да жоқ емес. Жалпы халықтық таным тұрғысынан бейнелеп айтқанда олар төмендегідей:
«Ақ» - қазақтың ең қасиетті сүттің түсі;
«Ақ» - қара жер бетіне жаңа ғана жауған қардың түсі;
«Ақ» - айдын көлін аңсап, алыстан ұшып келген жыл құсы - аққудың түсі;
«Ақ» - қасиетті аналарымыз бен аруларымыздың басына сақалының түсі;
«Ақ» - көгілдір аспан әлемін шарлап ұшып, күн нұрымен шағылысып көрінетін қаз -бауыр бұлттың түсі;
«Ақ» - ел байлығы саналатын «ақ алтын» мақтаның түсі т.б.
«Қара»түсті де халык осы нысандарға балап сипаттайды:
«Қара» - жер астынан шығып, көп тіршілікке жарап жатқан байлығымыз мұнай түсі; кей жерлерде оны «қарамай» деп те атайды;
«Қара» - адамның адал қанын соратын сүлктің түсі;
«Қара» - қарқылдап ұшатын қара қарғаның түсі;