1.4.1 «Ақ» түс атауынан аналитикалық сөзжасам тәсілі арқылы туындаған күрделі тұлғалар және олардың мағыналары. Ақайрауық (<ақ+айрауық) зат есім - өсімдік атауы; Ақбайпақ(<ақ+байпақ) зат есім - індет ауруы; Ақбайтал (<ақ- байтал ) зат есім - ірі қара; Ақбақай (<ақ+бақай) зат есім - бапыш атауы; Ақбас(<ақ+бас) зат есім тұт ауруы; Ақбикеш (<ақ+бикеш) зат есім - тары атауы; Ақбозат (<ақ+боз+ ат) зат есім - жұлдыз атауы; Ақбекен (<ақ+бөкен) зат есім - ақ атауы; Бұл тәрізді мысалдар өте көп. Сөзжасам тәсілінің бұл түрі жаңа атау туындатуымен қатар бір тектес, өзара ұқсас заттар мен құбылыстардың мағынасын жіктеу қызметінде атқару.
1.4.2 «Қара түс атауынан аналитикалық сөзжасам тәсілі арқылы туындаған күрделі тұлғалар және олардың мағыналары. Қараандыз (<қара + андыз) зат есім - өсімдік турі;
Қарабай(<қара + бай) зат есім - құстың атауы;
Қарабайыр (<қара + байыр) 1) сын есім - малдың қарапайым тұқымы; 2) зат есім - өсімдік атауы;
Қарабие (<қара + бие) зат есім - ойын атауы
Қарабұға (<қара + бұға) зат есім - өсімдік атауы;
Бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Алайда солардың өзінен - ақ «ақ» және «қара» түр-түс атауларымен, біріншіден, аналитикалық тәсіл арқылы жаңа түсінік - үғымдарды білдіретін атаулардан өнімді жасалатындығын, екіншіден, тіліміздегі сан алуан сөздердің «ақ» және «қара» түс атауларымен тіркесу принциптері мен уәжділігі де күрделі құбылыс екенін аңғартады.
Қалай болғанда да, осы екі түс атауынан туындаған тіркестер мен күрделі сөздердің жалпы саны қазақ тілінде мыңнан асады. Бұлар өздерінің коммуникативтік белсенділігімен ерекшеленеді.