«Қара» - Африка т.б. құрлықтарда жасайтын қара нәсіл негрлердің (зәңгерлердің) түрі т.б.
«Ақ» және «қара» атауларының жай және тұрақты тіркес құрамында анықтауыш, не анықталушылық қызметін атқаруларына байланысты да өзіндік ерекшеліктері байқалады. Яғни «ақ» атауы анықтауыш қызметінде (препозитив түрінде) көбірек қолданылса (мысалы: ақ боз, ақ сұр, ақ сары, ақ шабдар, ақ қол, ақ таңдақ т.б.), «қара»атауы, керісінше, анықтаушы (постпозитив түрінде) қызметінде көбірек қолданылады. Мысалы, дипломдық жұмыста бір ғана «қара» атауының 35 анықтауыш сөзбен тіркесуі келтіріледі: боз қара, ботқа қара, қою қара, қошқыл қара, мейіз қара, мойыл қара, мақпал қара, мөлдір қара, түм қара, шой қара, шойын қара, шымқай қара, сүлік қара т.б.
Айта кету керек, кейбір адам аттары да осы үлгі бойынша жасалғанын көреміз: Шойқара; Салғара, Мауқара, Дәуқара, Қойшығарат.б.
Бұл екі топтың алдыңғысына жататын тіркестер «қара» атауының өзіне тән неше түлі реңктерін білдірсе, екіншісінде «адам» «қарапайым жүрген пенде» мағынасында қолданылып тұр.
«Ақ» және «қара» атауларыныц фразеологиялық тіркестерде қолданысы.Жалпы түр-түс атауларының, соның ішінде әсіресе «ақ» және «қара» атауларының тілдегі негізгі өмірі белгілі бір мәтіндік қоршауда өтетіні айқын. Оның басты себебі бұл атауларының тілдегі тұрақты атқаратын грамматиткалық қызметі сын есім болуында. Міне, соның нәтижесінде көптеген анықтауышты тіркестер (определительно-атрибутивные сочетания) даму барысында тұрақтылыққа ие болып, штампқа айналады. «Ақ» және «қара» атаулары тұрақты тіркестердің құрамындағы бір элемент ретінде олардың бойына өзіндік бояу, реңк-нақыш болып жарасып, мән-мағынасына әсем де астарлы, эмоционалды-экспрессивті сипат беріп, олардың көркемдік, бейнелік деңгейін көтеріле түседі.
Түр-түс атаулары қатысуымен жасалған фразеологизмдер массивінен, мәселен: -дай// -дей// -тай// -тей тұлғасындағы салыстырма-теңеу тіркестері назар аударады: ақ шаңқан, боз үй, көмірдей қара сақа аршыған жұмыртқадай ақ жүзді, қара құрттай қаптау т.д. Қазақ тіліндегі фразеологизмдер қорының ауқымды бөлігін түр-түс атауларының, соның ішінде «ақ», «қара» атауларының қатысуымен жасалған және әр салаға қатысты фразеологизмдер кұрайды. Мысалы: ақ-қарасына, қарамау; ақ тер, қара тер болу; ақ шұнақ шал; ақ езулеу; ертеден қара кешке дейін; қазыққа қара айналдыру; қара үздіру, қара қасқа кедей; жүрегі қараю; қара жаяу т.б.
Дипломдық жұмыста осы тәрізді фразеологизмдер біразына этнолингвистикалық талдау жасалынып, олардың қалыптасу мотивтері (уәждері) сипатталады. Солардың біреуін келтірейік. «Ақ» йық фразеологиялық тіркесі екі түрлі жағдайда: құсбегі, саяткерлердің лексиконында және адамға қатысты қолданылады: Алтайдағы ақ йығы, Алатаудың ақ йығы - 1) «екі топшысының ұшар басында екі ақ жолағы бар текті қыран бүркіт»; 2) ауыспалы «алғыр да өжет, біртума талантты ( ақын, күйші, жазушы, әнші, күйші) адамға қатысты анықтама» (мысалы: Мұқағали - қазақтың ақиық ақыны) т.б.
Осындағы ақиық ақын тұрақты тіркесінің пайда болу мотиві қыран кұстың сыртқы сипатына, тектілігіне байланысты деуге болады.
Дипломдық жұмыста осы тәрізді ондаған фразеологизмдерге (қарадай түңілу, қара шағым, қара тоқал, қара қасқа кедей, қазығына қара айналдыру, ақ жолды аттау, т.б.) этнолингвистикалық талдау жасалынады.
1.3.1.«Ақ» және «қара» атауларының мақал-мәтелдер құрамында қолданалуы. Бұл түр-түс атауларының лексикалық байлығымыздьң көне де байырғы элементтері екендігін көрсететін деректердің біріне олардың мақал-мәтелдер құрамында кең түрде қолданылуы жатады. Біздің жинақтаған материалымызда мұндай мақал-мәтелдер жүздеп саналады және оларда түр-түс атаулары өзіндік мән мағынасы бар ұйытқы элементтердің қатарында қолданылады. Мысалы: п Қазаннан қара нәрсе асап - асап, қарның тояды, Қардан ақ нәрсе жоқ - ұстасаң қолың тоңады (Мақал) - ауыс. «түр әлпетіне қарасаң, көңілін толады, іс-әрекетіне қарасаң, қарның ашады». Жауды қара шақырады, «батыр» атақ, барақта қалады (Мақал). Мұның мәні қарсыласқан қалың қолды қаншама батыр болса да, бір адам қайтара алмайды. Бұл шайқаста абырой-атақ жеңіске жеткен калың қолға емес, әдетте, оған қолбасшылык еткен батырдың атына айтылып, сол марапатталады дегенді аңғартып тұр. Мақалдағы «қара» сөзі — қарапайым жұрттан тұратын қалың қол т.б.
«Ақ» және «қара» атауларының қазақ жұмбақтары мен басқа да тұрақы тіркестердің кұрамында қолданылуы. Жүмбақтар да мақал-мәтелдер сияқты, халық даналығына жатады. Біз қарастырып отырған түр-түс атауларының бір ерекшелігі - олар жұмбақ құрамында көбіне - көп ауыспалы мағынасында қолданылып, белгілі бір зат пен құбылыстың баламасы болып тұрады. Мысалдар: