Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл біліміндегі «түр-түс әлемі» зерттеуге қатысты , кейін толықтырылып басылған Ә.Қайдар т.б. авторлардың еңбектерінің орны ерекше. Бұл тақырыптың негізгі мәселелері де осы еңбектерде қарастырылған. Алайда, ұлттық болмыс және ұлттық таным тығыз байланысты. Бұл күрделі де кешенді құбылыстың түйінді бір – мәселесі. Осы екі атауды бөліп алып,арнайы зерттеуді қажет етеді. Атап айтқанда, қазақ тіліндегі тур-түс атауларын тек тілдік тұрғындан ғана емес, этнолингвистикалық тұрғыдан да қарастыруға, «ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сәйкес, ана тілі ұлттық болмысымызды тануға байланысты өзекті мәселеге жатады. Адамзат ғұмыр кешіп отырған барша дүниені «Адам», «Қоғам», «Табиғат» деп, белгілі шарттылықпен үлкен үш салаға бөліп қарау - ғылымда қалыптасқан жүйе. Түр-түс құбылысының атқаратын қызметін, оның мән-мағыналарын, калыптасқан атауларын осы жүйеде қарастыру өте тиімді. Мұның өзі жалпы түр-түс атауларына, соның ішінде, әсіресе «ақ» және «қара» түстеріне жүктелген қызметтің ауқымы соншама зор және алуан түрлі екенін сипаттайды. Олардың ішіндегі негізгі ұғымдар мен түсініктер рухани және материалдық мәдениетіміздің ең өзекті салаларына жатады. Сондықтан да болар, салт-сана, әдет-ғұрып, заттар мен құбылыстарды іштей жіктеп - жіліктеп, танып - білуде де, нарқын айыруда да тілшілер қауымы түр-түс әлеміне жиі жүгінеді. Бұл құбылыстың көріністерін сан-алуан өнер саласынан да байқауға болады. Халықтық ұғым - түсініктер мен өмір - тіршіліктің өзіндік қыр-сырын түсініп, құндылықтарын бағалауда да түр-түс әлемінің аңғартар мағұлұматы мол, қызметі зор.
Демек, түр-түске байланысты атауларының қалыптасуы мен мағына–мәнінің дамуын, қолданыс аясының ауқымын қарастырып, оларды жан-жақты айқыштай түсүдің тілдік теорияға қатысы бар, ғылыми сипатқа ие құбылысқа жатады..
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.Жұмыстың жалпы мақсаты түр-түс әлеміне тән атаулар ішінен қолданыс аясы кең, мағыналық реңктері мол, денотаттық мәнінен де коннотаттық мәні басым әр түстің атауларының жеке-дара түрінде де, тіркес құрамында тұрып та атқаратын қызметіне арнайы тоқталып, қолданыс дәстүрі мен сөзжасам тәсілдерін айқындау, сол арқылы олардың лексикалық қордан алатын орны мен ұлттық тарихи – мәдени тұрғыдан этнолингвистикалық табиғатын танып - білу. Бұл мақсатты орындау үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай нақтылы міндеттер қойылады:
түр-түс әлеміне қатысты бас-аяғы әлі жинақталып болмаған, тіл корының қойнауларынан түгел теріліп алынбаған лексикалық қордан әр түстің атауларын, солардан туындаған тіркес түріндегі атауларын және тұрақты тіркестер құрамындағы қолданысын жүйелеп көрсету;
Түр-түс атауларының қолданылуы барысында негізгі лексикалық мағыналарынан өрбіген қосымша мағыналарының пайда болу себептері мен уәжділігін (мотивациясын) көрсету;
түр-түс атауларының мағыналарына сәйкес тілімізді көптеп кездесетін және жұптаса қолданылатын контрастивті (қарама - қарсылы) тіркестердің этнолингвистикалық табиғатын зерделеу;
-Қазақ тіліндегі түр-түс атауларын 3 сала - «Адам», «Қоғам», «Табиғат» - бойынша жіктеп, осы салалардағы нақтылы құбылыстар мен заттарға қатысты қолданысына қарай оларды лексика-семантикалық және тақырыптық топтарға бөліп қарастыру;
Түр-түстердің түбірлерінен синтетикалық, аналитикалық және семантикалық тәсілдер арқылы туындаған тұлғалардың жасалуын саралау;
тұрақты тіркестердің (фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар т.б.) құрамындағы түр-түстер атауларының мағынасын талдап, қолданыс жиілігін ауыс мағынасынан анықтау;
- топонимдердің этнолингвистикалық атауларын және олардың қатысуымен жасалған тіркестердің басқа тілге аударылуын лингвомәдениеттанымдық негізде қарап, заңдылығын анықтау т.б.