Кіріспе І. Тарау «АҚ» ЖӘне «Қара» ТҮр-түс атауларының мағыналық ЖӘне тұЛҒалық дамуы


«Ақ» түс атауынан синтетикалық сөзжасам тәсілі арқылы туындаған



бет10/30
Дата12.04.2023
өлшемі167,25 Kb.
#81819
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
Байланысты:
dip -tur-tuske-baylanysty-toponimderdin-jetnolingvistikasy (1)

1.3.1 «Ақ» түс атауынан синтетикалық сөзжасам тәсілі арқылы туындаған тұлғалар және олардың мағыналары. Қазақ тілінде бұл топқа жататын етістіктер мен есім сөздерге мыналарды жатқызуға болады: ағар (<ақ+ар=) етістік. 1) ақ түске айналу; ағаранда =((<ақ+ар+аң+да) - «заттың ала көлеңкеде ақ, ақшыл болып (ағараңдап) елес беруі»; ағарт (ақ+ар+т) - 1) етістік «үй қабырғасын әктеп (ақ бормен) аппақ етіп бояу»; 2) ауыс. қалың жұртқа білім беру, санасын ояту, ағартушылық шараларын жүргізу»; ағартушы (ақ+ар+т+у+шы) - «халыққа білім беру ісімен шұғылданушы»; ақилан (ақ+и+лан) - ет. «көзін аларта қарау, жыны келіп, арқасы қозу»; ақшылтым (ақ+шыл+т+ым) - сын . «Ақ түсі аралас» т.б.
Міне, бір «ақ» түс атауынан туындаған осы тәрізді тұлғаларды әлі декелтіруге болады.
1.3.2 «Қара» түс атауынан синтетикалық сөзжасам тәсілі арқылы туындаған түлғалар және олардың мағыналары. «Қара» түс атауынан туындаған етістіктер мен есім сөздерге мыналарды жатқызуға болады: қарай (қара+ай) - ет. 1) «басқа түскен қара түске ауысу, алмасу»; 2) ауыс «алыстан қарауытып көріну». 3) ауыс. хат танып, білгенін ұмыту; қараңғы - сын, «күн нұры, жарық – сәуле түспейтін, ешнәрсе көрінбейтін сәт, түн іші»; қараша (қара+ша) - зат. 1)ауыс «қарапайым халық, ханның құзырындағы жұртшылық»; 2) «қара түсі басым, қарапайым көрінетін зат (қараша үй, қараша қаз)» қара+лы - сын. 1) «қимас адамы өліп, қасіретке душар болған, қаза тұтушы адам кейпі» т.б. осы сияқты ондаған тұлғалар.
1.4. «Ақ» және «қара» түр-түс атауларынан аналитикалық сөзжасам тәсілі арқылы туындаған тұлғалар және олардың мағыналары. «Ак» және «қара» түр-түс атауларынан синтетикальқ сөзжасам тәсілдері арқылы жасалған күрделі туынды тұлғалар аталған екі атаудың өздерінен ғана тарайтын болса, аналитикалық тәсілде бұл екі атау кептеген басқа сөздермен тіркеу арқылы жаңа мағына беретін мүмкіншілікке ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет