Кіріспе І. Тарау «АҚ» ЖӘне «Қара» ТҮр-түс атауларының мағыналық ЖӘне тұЛҒалық дамуы



бет23/30
Дата12.04.2023
өлшемі167,25 Kb.
#81819
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Ақбастауды -жергілікті жұрт „Әулие бастау“ деп те атайды. Бұрын осы бастаудың басына Бірлік ауылының тұрғындары жиылып көктемде тасаттық ( құдай тамақ) беретін болған.
Ақбастау кезінеде төменгі жағындағы егінді бау-бақшаны сол сияқты Бірлік ауылын суландырған. Бастау суы Бірлік, Шақпақ ауылдарының ортасынан ағып өтіп Шақпақ өзеніне қосылады.
Бұлақтың „Ақбастау“ аталуы оның ешқандай сындық сипатқа байланысты емес, өйткені оның төңіредінде ақ сынымен ерекшеленетін белгі жоқ, оның этимологиясы „ тұнық бастау“ мәніндегі гидронимдік атау.
Жуалы жерінде Ақсай аталатын өзен бар. Түркия, Қырғыз, Әзірбайжан халықтарында „Ақсу“ сөзі сай тұлғалары „чай“ түрінде келеді де ол „өзен“ (су) мәнін береді. Ал „ақ“ сөзі тау жыныстарының ақ түстілігіне байланысты я болмаса, К:К. Юдахин айтқандай „шалғынды жота“ мәнінде болуы мүмкін“-деп көрсетеді. ( Юдахин К.К. Киргизского –русски словарь. Изд. Советская энциклопедия. Москва 1965,226 стр.)
Қорыта айтқанда, Ақсай сөзі „ақ“ және „сай“ компоненттерінен құралған атау.
Ақ түске байланысты тағы бір осы өңірдегі Ақтасты елді-мекені. Ел аузында „Ақтасты әулие“ аталатын бұл тарихи жер қазіргі Рысбек батыр ауылының шығысында 2,5 - 3 шақырымдай жердегі қыратта орналасқан.
Бұл жердің „Ақтасты“ аталатын себебі, өзінің тіке мағынасында ақ және тас компоненттерінен құралған атау. Ол жерде үйдің орнындай үйілген ақ тастар бар, атау сол үйілген ақ тастарға байланысты қойылған.
Бұл атаулардағы ақтардың барлығы өң мен түс мәнінде қолданылған деп кесіп айтуға келмейді. Сөз жоқ, Ақсай, Ақтасты сынды атаулар құрамындағы ақ – түстік мағынада жұмсалған. Ал мөлдір сулардың бастау алар жерінде өскен бұталарға, әлем бойлап, тұнығына теңге тасталатын Ақбастау сынды гидроним құрамындағы ақ халық арасында “киелілік” ұғымын береді.
Е. Қойшыбаевтың пікірінше: Ақтөбе, Ақдөң сияқты топонимдердегі ақ – “шөп”, “шөпті” мағыналарын білдіреді. Ғалымның бұл пікірімен келіспеуге болмайды. Себебі, аймақ топонимиясында ұшырасатын Ақжаулау, Ақтүбек, Ақтеріскей атаулары “атты жер” түсінігін беріп тұр. Е. Керімбаевтің: “Байқап қарасақ Ақсулар тау биіктеріндегі мұз, қардан басталып ағатын өзендер” деген ойы ақ компонентінің тағы бір сипатын танытып тұр. Сонымен, аймақ топ жүйесіндегі ақ компонентті атаулар құрамындағы ақ сөзі негізінен, төмендегідей ұғым түсініктерді танытады:
1) түс; 2) “шөпті”, “отты”; 3) “киелі”; 4) “ағын”, “ағынды” .
Ақ сыңарымен келетін топонимдер түрлі семантикалық мәнге ие болғаны жөнінде зерттеуші Б.М. Тілеубердиев былай дейді: “Біздің байқауымызша, объектінің қандай түрін немесе типін атауына қарай ақ әр түрлі мағынаны білдіреді. Мәселен, көшпенді малшылар топырақты төбелер, үстірттер тәрізді орфографиялық объектілерді түр-түсіне қарай атаған. Мәселен, бетеге мен басқа шөптердің кейбір түрлері ақшыл түсті болған. Ашық (ақ) түсті шөп түрлерінің төбенің өз түсімен өзара байланысы “ақ” сөзінің семантикасы “шөп”, “шөптесінмен” ауысуына мүмкіндік берген, сондықтан да Ақтөбе, Ақдөң – бұлар “шөпті” төбе болады.
Сонымен, көптеген географиялық атауларға арқау болған, түр мен түсті білдіретін сөздер тек түсті ғана білдіріп қоймай, сонымен бірге қазақ халқының рухани жан-дүниесін танытатын семантикалық таңбалар. Түр-түске халық ерекше мән беріп отырған, оларға байланысты туындаған топонимиялық аңыздар қазақ рухани болмысының өзгеше бір көрінісі іспетті.
Аймақтық топонимдерді зерделеуге арналған еңбектерде қара, қоңыр, қызыл, сары т.б. компонентті жер-су атаулары қарастырылған. Сол еңбектерде, топонимдерде аталған, түсті білдіретін сөздер түстен басқа да мәнге ие екендігі көрсетілген, яғни түр-түсті меңзейтін жер-су атаулары түрлі халықтық ұғым-түсініктерден хабардар етеді. Жамбыл облысындағы түске байланысты топонимдердің семантикасын қарастыру барысында географиялық атаулардағы “қара” компоненттерінің бірнеше семантикалық мәндерін анықтаған: 1) жер асты суларынан нәр алатын өзен ұғымы; 2) белгілі бір объектінің екінші бір объектімен салыстырғанда, үлкен көлемді екендігін білдіруі; 3) “қалың”, “ну” ұғымы; 4) биіктік атаулары;
5) “көп” ұғымы; 6) тура мағынасында, яғни түстік мәнде қолданылуы .
Қарабастау атауындағы „қара“ сөзі судың түсіне қатысты атау емес. „Қара“ ұғымы ежелден –ақ „мөлдір су“, сусын мағынасын береді. „Қара суға зар болдық“, „Бір ұрттам қара су көз көрім жерге апарады“- деген халқымыздың сөз тіркестері бар.
Көне түркі тіл топонимдерін зерттеушілердің дәлелдеуінше қарасу- үлкен өзен емес, жер астынан сайлардан шығып жатқан қайнар су. Қарабастау атауындағы „қара“ сөзін түркі тілдес халықтар „жер“ мәнінде қолданған. Сондағы мағынасы „жер-су“ деген ұғымды білдіреді. Е. Қойшыбаев бұл жөнінде: „ Адам мен мал шоғырланған жер мәніндегі атау“ – деп көрсетеді.
( Қазақстанның жер-су атауларының сөздігі. Алматы: Мектеп 1986, 150 бет)
Қорыта келгенде бастаудың және елді мекеннің атауы „ қара“ және „бастау“ деген комоненттерден құралған атау. Сонымен қатар Қаражол Б. Момышұлы ауылының 5 шақырым, ал Қайрат елді-мекенінен 3 шақырым жердегі ескі жолдың арнасы „Қаражол“ аталады. Бұл жолдың Қаражол аталуына тоқталатын болсақ, қазақта „ қара жол“ деген сөз тіркесі көп қолданылуы мұндағы „қара“ сөзі жолдың түстік сын есімнің сипаты емес, үлкен жол деген мағынаны беретін этимология.
Жуалы ауаданына қарасты Шыңбұлақ елді мекенінің солтүстік шығыс жағында Үлкен Қоңыр төбенің жанындағы жота „қара мұрын“ деп аталады.
Жотаның „Қарамұрын“ деп аталуы ол жотаның орналасуын дөңес мұрынға теңегендіктен туындаған атау. „Қарамұрын“ атауы қаратұмсықпен бір мағыналас, „ мұрынға ұқсаған қара жота“ деген ұғымды беретін ороним. Ал Қарасаз елді мекеніндегі „Қара“сөзі „жер“ деген мағынаны береді. Бұл атаудың өзіндік сипаты сол - жер асты суы жер бетіне тым таяу жатады. Сондықтан да бұл атау көнедегі „жер-су“ немесе „саз-су“ұғымындағы сөз тіркесін толық дәлелдеп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет