Қап-қара көзді бір қыз бар,
Қашпаңдар қара бояудан. Аспанда жарық жұлдыздар,
Қап-қара түндеоянған. (Қап-қара, ғажап сиқыры) немесе:
Жарыңның шашы қап-қара, Көзі де қара шамасы. Сондықтан жүзі аққала,
Сондықтан әсем қарашы.(Ақ қайын әні). Ақын қарасөзін бірнеше рет қайталап, өлеңге айрықша нәр беріп,стильдік бояуын нақтылайды. Бұл шумақтағы қара көз, қара бояу, қара шаш тура мағынада берілген.Алғашқы және соңғы шумақтағы күшейтпелі шыраймен жасалған қара өлеңнің салмағын мығымдай түседі.
Қара бұлт қаралы ару түнереді,
Қарағай қара аспанға тіреледі.
Қаптай кеп қарбаласта қара қарға, Қарайды қара тауға түнегелі . (Ақ қайың әні). «Қара бұлт, қара аспан, қара тау» табиғат құбылысын суреттей отырып, адам өмірімен байланыстырып көңілсіздікті, жабырқаулықты, жайсыздықты суреттейді. Өлең аллитерацияға құрылып, ерекше эмоциялық әсерге ие болып отыр. Өлеңнің бірыңғай дауыссыз қатаң «Қ» дыбысынан басталуы да сондай мәнерлі. Табиғат пен адам арасындағы байланысты тереңдете отырып, ақын адамның басындағы күнделікті өмір ағынында өтіп жатқан көріністі қара сөзімен суреттейді. Қаралы ару- туынды сын есімнен жасалған тіркес. Ақын лирикасынан өте шебер берілген осындай мағыналық байланысты жиі кездестіреміз.
Қара жаумен іргелес, ел едіңдер қарағым,
Ойран болып сендер де бұзылды ма қамалың
не болмаса:
Қаусаттың-ау, іргемді, қара жауым,
Қан боп ақсын басыңа қара жауын. «Қара»- адамның ниетіне байланысты айтылып, пейілінің тарлығын сездіреді, елді қырғынға ұшыратып отырған жаудың әрекеті айқын берілген. Әдетте салмақты сөздер өлеңнің соңында тұрып, ұйқасы жағынан да, дыбыстық жағынан да анық көрінеді.
Ұлылардың ұрпағын да, өзін де,