Кіріспе І. Тарау «АҚ» ЖӘне «Қара» ТҮр-түс атауларының мағыналық ЖӘне тұЛҒалық дамуы



бет28/30
Дата12.04.2023
өлшемі167,25 Kb.
#81819
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
ҚОРЫТЫНДЫ
Табиғи ортаның, қоғамдық өмірдің сан түрлі сипатын суреттейтін, өзіндік бояу-нақышын келтіріп бейнелейтін әр қилы түр мен түсті, олардың сан түрлі реңктерін білдіретін атаулар мен тұрақты және жай тіркестер табиғаттың өте күрделі құбылыстарының тілдік көрінісі болып саналады.
Қазақ тілінің сөздік байлығында ерекше топ ретінде орын алатын түр-түс атауларының негізгі тұлғалары аса көп болмаса да, олардың білдіретін мағына –мәндері мен комбинаторлық тұлғалары, қолданыс аясы өте кең. Олар бір тілдің өзінде мыңдап саналады. Сондықтан да болар, бұл сан қырлы өзіндік ерекшеліктері бар лексикалық топ барлық тілдердің де сөздік қорының «түр-түс әлемі» деп аталатын айрықша бір тобына жататын мағынасы бай, қолданыс аясы кең, танымдық мәні зор тілдік құбылыс ретінде қарастырылып келеді.
Түр-түс әлеміне қатысты тілдегі атаулар мен олардан туындаған жай және тұрақты (фразеологизм, салыстырмалы тіркес, жұмбақ, мақал–мәтел) тіркестерінің баршасының табиғатына терең үңіліп, бір зерттеудің ауқымында тәптіштеп қарастырып шығу әрине, мүмкін емес. Сондықтан да біз «түр-түс әлеміне» байланысты зерттеу нысанымызды тек «ақ» және «қара» түстерге ғана бөліп алып, осы екеуін бағыштап, танымдық табиғатын мүмкіндігінше кең де терең, әрі жан-жақты қарастыруды жөн көрдік.
Тақырыпты осылай анықтап, зерттеу мақсатымызды нақты осы мәселеге арнауымыздың себебі мыналар: біріншіден әр түрлі түстері жалпы түр-түс жүйесіндегі, жалпы таным жүйесіндегі (ұлттық ұғым-түсінік бойынша) ең негізгілері, олар қүрылымы тұрғысынан түр-түс гаммасын екіге бөліп тұратын қарама-қарсы (конрастивті) түстер. Екіншіден, осы екі түске қатысты табиғи-қоғамдық ортада түр-түс әлемі атауларының тілдік және тілден тыс атқарылатын қызметін, қолданысын, оларға қатысты нысандардың түрін, ерекшеліктерін түгел аңғаруға болады. Үшіншіден, зерттеу объектісіне байланысты әр түр-түс атаулары атаулары бойынша мол жинақталған материал теориялық ой-пікірімізді кеңірек айтуға мүмкіндік береді. Қазақ тіл біліміндегі «түр-түс әлемі» зерттеуге қатысты , кейін толықтырылып басылған Ә.Қайдар т.б. авторлардың еңбектерінің орны ерекше. Бұл тақырыптың негізгі мәселелері де осы еңбектерде қарастырылған. Алайда, ұлттық болмыс және ұлттық таным тығыз байланысты. Бұл күрделі де кешенді құбылыстың түйінді бір – мәселесі. Осы екі атауды бөліп алып,арнайы зерттеуді қажет етеді. Атап айтқанда, қазақ тіліндегі тур-түс атауларын тек тілдік тұрғындан ғана емес, этнолингвистикалық тұрғыдан да қарастыруға, «ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сәйкес, ана тілі ұлттық болмысымызды тануға байланысты өзекті мәселеге жатады.
Мұқағали өлеңдері – ұлттық поэзияның жаңа бір белеске көтерілгендігін, жаппай евроцентристік ағымға ойысқан заманда қазақтың қара өлеңінің шынайы қасиеттерінің қадірі артып, бұрынғыдан да толысып, кемелдене түскендігінің куәсі. Ол қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын ұстанды, оны түрлендіре байытты, сөйтіп қалың қазақ оқырмандарының жүрегіне жол ашты. Сонымен қатар ақын қазақ лирикасын ХХ ғасыр әдебиетінің озық үлгілерімен құнарландырды. Білікті, парасатты ақын ретінде өз заманының ірі мәселелеріне қалам толғаса да, соның өзінде қазақ өлеңі мен ана тілінің ғасырлар қойнауынан нәр жинаған аталы дәстүрін бұзбай жарасымды табиғи дамытты. Ол бірде қоғамның керенаулығын бетіне басқан қатал сыншы, енді бірде бала мінезді кіршіксіз таза, аңқылдаған аңғал жан. Сөйтіп жыр әлемінде өз ойын, өз шындығын, жүйелі көркем тілде ақындық биік тұрғыдан тұтас шеберлікпен жырлай білген. Мұқағали сыршыл ыстық лирикасымен өз оқушыларының жүрегіне жол тапты, оларды жақсы жырдың ләззатына қандырып, өзінің менімен адамзатқа ортақ ақиқатты жырлап, қалың оқырманның жан жүрегін баурады. Сондықтан да біз «түр-түс әлеміне» байланысты зерттеу нысанымызды М.Мақатаев өлеңдеріндегі «қара» түсінің қолданысын ғана бөліп алып, танымдық табиғатын мүмкіндігінше кең де терең, әрі жан-жақты қарастыруды жөн көрдік.
Мұқағали Мақатаев лирикасының лексикалық қат-қабаттары әр алуан болып келеді. Көп мағыналы сөздер, синоним, антонимдер өте шебер қолданылып, өлеңнің көркемдігін арттырып, стильдік бояуын айқындай түседі.
Мәтін ішінде қара сөзін құбылтып, түрлендіре отырып, бір ойды әр басқа мағынамен беріп, сырлы да сиқырлы сөздер тізбегін тізіп, қазақтың қара өлеңінің құдіретін биіктете түседі. Жоғарыда келтірілген өлең шумақтарында қара сөзін үш-төрт реттен қолданған тұстары да бар. Ойды өрбіту негізінде үстемелеп, одан сайын асырмалатып суреттеу басым. Біздің байқағанымыз: дәуір шындығын, адам өмірін бейнелеуде «қара» сөзінің салмағы өте күшті, әрбір жұмыр басты пенденің басындағы іс-әрекеттерді дәл, нақты үйлестіріп жазған.
Ілгеріде айтқанымыздай «қара» сөзін еркін құбылтып пайдалану нәтижесінде ақынның творчестволық потенциалы да арта түседі. Бұл сөз- тек Мұқағалида ғана емес, классик Абайдан бастап Мағжан, Сәкен,Қасым,Төлеген және бүгінгі ақындарымыздың қолданысында жүрген мағыналы бейнелі сөз. Осылайша, біз суреткер тілінен дәстүр жалғастығын айқын көреміз.
Қазақстанның кез келген аймақтық топонимиялық жүйесіндегі географиялық атауларда ақ, қара, қызыл, көк, сары, ала, қоңыр, боз т.б. түрлерін кездестіруге болады. Қазақ тілінде болса, түр-түс атауларының жалпы саны 70 - тен асып жығылады. Олардың 30-ы негізгілері де, 40-тан астамы туынды түрлеріне жатады. Зерттеушілер А. Әлімхан, Е.Ә. Керімбаев, Б.М. Тілеубердиев, Ұ.Р. Ержанова т.б. еңбектерінде аймақтық топонимдерде кездесетін ақ, қара, көк, сары, қызыл, қоңыр сөздердің семантикасына талдаулар жасалынған. Сол талдаулар нәтижесінде түр-түс компонетті топонимдер қазақ халқының рухани болмысын, жан-дүниесін көрсететін тілдік таңбалар ретінде қолданылатын лексикалық атаулар екені дәлелді түрде анықталып отыр. А.Әлімханның байқауынша, мысалы ақ компонентті топонимдер Қазақстанның кез келген өңірінде сияқты Жамбыл облысындағы, Жуалы ауданының аймағында да жиі кезедеседі: Ақбастау, Ақсай, Ақтасты т.т. диплом жұмысында толығымен талданды.
Көлемді үзінді келтіріп отырған А. Әлімханның, басқа да зерттеушілер (Е.Ә. Керімбаев, Б.М. Тілеубердиев, Ұ.Р. Ержанова т.б.) еңбектерінде аймақтық топонимдерде кездесетін ақ, қара, көк, сары, қызыл, қоңыр сөздердің семантикасына талдаулар жасалынған. Сол талдаулар нәтижесінде түр-түс компонетті топонимдер қазақ халқының рухани болмысын, жан-дүниесін көрсететін тілдік таңбалар ретінде қолданылатын лексикалық атаулар екені дәлелді түрде анықталып отыр.
Шығыс Қазақстан топонимдерін зерттеген А. Әлімхан қара сөзінің қатысуымен жасалған топонимдердің төмендегідей мәндерге қолданылғаны жөнінде былай дейді: “Қарасу, Қарабұлақ, Қарагем атауларындағы қара – “жерден шығатын сулар” ұғымын берсе, Қаракөл, Қаражер, Қараүңгір “үлкен” мәнінде қолданыс тапқан. Ал, Қаратоғай, Қаратал көптікті, молдықты танытса, Қарақия, Қарашоқы, Қаракемер “биік” ұғымын көрсетіп тұр. Сондай-ақ қара сөзі тура мағынада қолданыс тапқан топонимдер ретінде Қарақойтас, Қарақойын, Қарасаздарды атай аламыз. Топонимдер құрамындағы қара сөзі осы аталған мағыналардан басқа “қара орын”, “қара шаңырақ” тіркестеріндегідей “ежелгі”, “ескі” мәнінде де жұмсалады деп ойлаймыз. Мысалы: Қаражайлау, Қарақоныс, Қараөткел т.т. зерттеу нысанымыз болып отырған аймақта Қараертіс қара жерден бастау алатын өзен емес, ол басын таудан, тау мұздықтарынан алады. Екіншіден, халық арасында “Қара Ертіспен” қатар “Ақ Ертіс” тіркесі де қолданылады. Ал тілімізде ақтың – “бай”, “төре” екені белгілі. Ендеше, Қара Ертістің құрамындағы қара “жұпыны”, “кіші” ұғымында қолданылған сияқты. Сонымен, ойымызды түйіндей келе, Шығыс Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі топонимдер құрамында кездесетін қара компонентті атаулар мынандай мәндерге қолданылған деп таптық: 1) түстік мәнде; 2) “үлкен” мағынасында; 3) “қалың”, “ну”, “көп” ұғымында; 4) “ежелгі”, “ескі” мәнінде; 5) “биік” ұғымында; 6) “жер асты суынан бастау алатын өзен” мағынасында; 7) “кіші”, “жұпыны” мәнінде” қолданылған. .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет