Түр-түс атаулары есімдердің бейресми түрлерін жасауға белсене қатысады. Адам табиғатының жақсы мен жаманды, дос пен қасты, адал мен арамды ақ пен қараға теңейтіні белгілі. «Ақкөңіл», «ақжүрек», «ақ-адал», «қаражүрек» (тасжүрек), «қаратас» ұғымдары ұлттық тіл мен ділден хабардар әр адамға таныс. Бір-біріне үнемі қарсы тұратын осы ақ пен қара ғана емес, басқа да түр-түс атаулары бейресми кісі есімдерінен орын алып, өздеріне белгілі бір шамада мағыналық, эмоционалдық жүк артып, өз бойларына күшті ұлттық әлеуетті шоғырландырған жоғары ассоциациялық семиотикалық белгілер болып табылады: «Аппақ», «АқӘлима», «Ақкемпір», «Сары», «Қоңыр», «Тасқара», «Шикіл» т.б. Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келгенде, атау, ат қоюдың сөздік қордағы дайын тілдік бірліктерді өз орнымен, белгілі мақсатта қолданысқа түсіретін, бойында талғампаздық пен шеберлікті ұштастыратын күрделі үдеріс екендігін көреміз. Ұқсату, салыстыру арқылы екі нысанның арасындағы ортақ белгіні тани білу есім берушінің жеке таңдауы сияқты көрінгенімен, оның түп-тамырының ұлттық менталитетпен тығыз байланыста жатқанын аңғару қиын емес. Түр-түсті білдіретін символдар жүйесі қандай да болмасын ұлттың дәстүрлі дүниетанымын құрайды да сипаттайды.
Академик Ә. Қайдардың айтуынша, «түр-түс атаулары тамыры алыста жатқан, халықтың ұзақ өмірімен астарласа келіп, эстетикалық талғам-танымымен, ұлттық психологиясымен, салт-сана, әдет-ғұрпымен ұласатын қоғамдық, филологиялық, эинолингвистикалық мәні зор мәселелер қатарына жатады» [1.23].
Сонымен ақ пен қара түстерінің қазақ халқында қолданатын ерекшеліктерінде тоқталдық. Ақ түсінің бейбітшілік мағынасында, тазалықтың, сұлулықтың, үлкендіктің, қасеттіліктің, қуаныштың белгісі ретінде қолдану, қазақ халқының ұлттық танымын көрсетеді. «Жылан кірсе кірсе, ақ құй» дейді халқымыз. Бұл қазақ халқының ақты соншалықты қадірлеп, қолданатынын көрсетеді. Ақ түстің тура және ауыспалы мағынада қолданылатынын жоғарыда айтып өттік. Қара түсінің де салт-дәстүрде алатын орны бар. Бұл аққа қарама-қарсы айтылады. Біздің қазақта бұл түсті жамандықтың белгісі ретінде таниды. Расында да сондай-ақ. Мәселен; адам дүниеден өткенде осы белгі арқылы біледі. Әйткенменде екуінің бірге жүруі заңды. Қорытындылай келгенде, бұл ғылыми жұмыста көрсетілгендей, «ақ» пен «қара» түстері қазақ халқының салт-дәстүрінде, күнделікті өмір тіршілігінде, жиі қолданылады.
Нақтылап айтқанда, бүгінгі таңда халықаралық қарым -қатынастардың жанданып, рухани, мәдени және экономикалық байланыстардың дами түскен кезеңінде жалпы сөз байлығымен қатар түр-түс атаулары әлемін де жан-жақты терең білудің практикалық мәні зор. Өйткені бұл құбылыс қазақ тілінің байырғы, әрі көне лексикалық қорына жатады. Олардың бәрін басқа (орыс, ағылшын, неміс т.б.) тілдеріне бірден оп-оңай аудара салуға келмейді. Жұмыста негізінен сипаттама, семантикалық талдау, тарихи-салыстырмалы әдістер қолданылды. Түр-түс атауларының туынды, ауыспалы, рәміздік, кәделі мағыналарының пайда болу уәждерін айқындау мақсатында бұл атаулар ретроспективті бағытта талданып, этнолингвистикалық ізденістер жүргізілді. Сонымен қатар жұмыста салыстырмалы және статистикалық әдістер де пайдаланылады.
Табиғи ортаның, қоғамдық өмірдің сан түрлі сипатын суреттейтін, өзіндік бояу-нақышын келтіріп бейнелейтін әр қилы түр мен түсті, олардың сан түрлі реңктерін білдіретін атаулар мен тұрақты және жай тіркестер табиғаттың өте күрделі құбылыстарының тілдік көрінісі болып саналады.
Қазақ тілінің сөздік байлығында ерекше топ ретінде орын алатын түр-түс атауларының негізгі тұлғалары аса көп болмаса да, олардың білдіретін мағына –мәндері мен комбинаторлық тұлғалары, қолданыс аясы өте кең. Олар бір тілдің өзінде мыңдап саналады. Сондықтан да болар, бұл сан қырлы өзіндік ерекшеліктері бар лексикалық топ барлық тілдердің де сөздік қорының «түр-түс әлемі» деп аталатын айрықша бір тобына жататын мағынасы бай, қолданыс аясы кең, танымдық мәні зор тілдік құбылыс ретінде қарастырылып келеді.