1.3 Эмоция және тұлға мәселелерін теориялық тұрғыдан қарау Психологтар, эмоциялар өндірісте, отбасында, өнерде, педагогика мен клиникада, шығармашылықта және адамның рухани дағдарыстарында, яғни адамның барлық іс-әрекетіне қатысады деп есептейді. Адамдардың эмоцияларының негізінің зерттелуі психологиялық-педагогикалық тұрғыда маңызды, өйткені өсіп келе жатқанұрпақтың тәрбиесі балаларға тек білімдердің, іскерліктер мен дағдылардың нақты жүйесін оқытуды ғана емес, сонымен қатар, олардың айналасындағы ақиқатқа және адамдарға нақты эмоционалды қатынасты қалыптастыруды болжайды.
В.К.Вилюнас эмоцияларды жеке үрдістер ретінде емес, тұлғаның бүтіндей қызмет етуінің көрінуі ретінде қарастырды. Автордың ойынша эмоционалды құбылыстың құрылымы бір жағынан – қандай да бір бейнелеуші мазмұннан, екінші жағынан – эмоционалды күйзелістердің өзінен тұрады деп есептеген.
Эмоцияларды теориялық мәселелеріне Л.С.Выгодский көп көңіл бөлген. Ол эмоцияларды ойлаудың субъектінің сезімдік-заттық іс-әрекетімен байланысының ішкі, психологиялық механизмі ретінде қарастырды. Олар ағзаның енжар күйі емес оны белсендікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен өзара қатынасын оятады және реттейді. П.Я.Якобсон өз уақытында сезімдер, көңіл-күй, аффектілер мен эмоциялар сияқты эмоционалды үрдістерді эмоционалды өмірмен байланыстырды. Адамда нақты заттардың немесе құбылыстардың шеңберіне арналған эмоционалды қатынас сезімі ең негізгі сыңары болып табылады.
А.Г.Ковалев сезімдерге жеке тұлғаның нақты заттық бағдарға ие тұрақты қатынастарын, яғни махаббат және жек көруді, сыйластықты қарастырды. Сезім – тұрақты құрылым немесе тұлға қасиеті, ал эмоция – сезімнің көрінетін үрдісі. Сонымен, сезімдер – нақты жағдайлардың жалпылану нәтижесі ретінде онтогенезде қалыптасатын эмоциялардың дамуының жоғары нәтижесі.
Өмір сүру барысында адамның эмоциялары мен сезімдері күрделеніп және жіктеліп дамудың ұзақ жолынан өтеді. Адамның эмоционалды аймағында төмендегідей негізгі жағымды өзгерістер болады:
1.Жақсы мен жаманға барабар эмоционалды реакциялардың пайда болуы;
2.Жаманға мойынсынбауы;
3.Қоршаған өмірдің құбылыстарының кең шеңберіне дауыс беру іскерлігі сияқты эмоционалды қабілеттіліктің өсуі.
Эмоциялардың дамуы субъектінің іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы, оның қоршаған адамдармен өзара қатынастарының сипатына, оның нақты қоғамдық құндылықтар мен талаптарды меңгеруіне, мінез-құлықтың ережелерін меңгеруіне байланысты.
А.Н.Леонтьев, Л.И.Божович эмоциялардың дамуы мінез-құлық мотивтерінің дамуымен, баланың жаңа қажеттіліктерімен қызығушылықтарың пайда болуымен тығыз байланысты екендігін көрсетеді. Сонымен авторлар өздерінің зерттеулерінде мінез-құлықтың жаңа мотивтерінің қалыптасуы барысында баланың эмоционалды көріністерінің сипаты біршама өзгереді деген қорытындыға келді.
Я.Рейковский эмоциялар адамның әрекеттерін реттейді деп есептейді, яғни, эмоционалды үрдістердің дұрыс жүрмеуі – психикалық ауытқулардың бастамасы болып табылады.
Эмоциялар психикалық үрдістермен, атап айтқанда, ойлаумен, еспен, қабылдаумен, қиялмен т.б. тығыз байланысты. Адамның ойлауы эмоционалды компоненттерді қамтиды. Алайда, психологтар интеллектуалды және эмоционалды аймақты бөліп қарастыруда.
О.К.Тихомирова ойлау іс-әрекетін дәл эмоциялар реттейді деп есептеген. Ол лабораториялық үлгілерде ойлау тапсырмаларын шешу барысында пайда болатын эмоциялардың пайда болу жағдайларын және қызметтерін шешуді ұсынған.
Соңғы жылдарда эмоциялардың саласына қатысты білімдер ұдайы өсуде. Бұл білімдер әр түрлі мамандықтардан алынуда, өйткені эмоция пәнаралық мәселелердің бірі болып табылады. Әлеуметтік психологияныңұдайы өсуде. Бұл білімдер әр түрлі мамандықтардан алынуда, өйткені эмоция пәнаралық мәселелердің бірі болып табылады. Әлеуметтік психологияның өкілдері эмоцияларды вербальды емес қарым-қатынас ретінде зерттеді. Тұлға психологиясы эмоциялардың басқа мотивациялы құрылымдармен байланыса алатын жолдарын көрсетіп, аффектілі күйлердің тұлғаның қызмет етуімен байланысы жайлы біздің білімдерімізді толықтыра түсті. Сонымен бұл мәселе психологияда бүгінгі таңда кеңінен жан-жақты қаралып жатыр деуге болады, бірақ қазіргі кезеңдегі біздің қоғамымызды әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен байланысты эмоция мәселесін кең тұрғыда зерттелудің қажеттілігі талап етілуде.
Әлеуметтік психологтар бәрінен де маңыздысы сезімді өз басьшан өткізеді. Мен - тұжырымдамасын адам әлеуметтік матрица ішінде жасайды, ол өзін өзіне басқалардың (яғни айналадағы жақьш адамдар) қалай қарағанына қарай бағалайды.
Өз құндылығын сезіну адамның өзіне тең санайтын адамының махаббаты мен құрметіне байланысты.Педагогикалық және психологиялық практиканың көрсеткеніндей, кейбір ата-аналар өз балалары "жақсы" және олардың талаптарына жауап бергенде ғана оларды сүйкімді.Кейбір ата-аналар балаларьш өздері қол жеткізеалмаған ұмтылыстарын жүзеге асырушы деп таниды да, бала кезден бастап баласы ешқандай қызықпаса да, мансапқа жетуге дайындай бастайды.Мұндай балалар көптеген артықшылықтарға ие болады, бірақ олар сәтсіздікке де ұшырап, ұжданы алдында азап шегіп өзін ешнәрсеге қажетсіз деп санайды.
Адам өте жас болып және алда күтіп тұрған табыстар мен сәтсіздіктерге байланысты өзгермесе, оның өзіндік адамгершілік сезімі қалыптасады. Өзін сүйкімсіз деп санайтындардың басқаларды сүюі де қиын. Өзіндік адамгершілігі төмен деңгейдегі адам құрметтеу мен махаббатқа мұқтаж, бірақ ол өзін-өзі қорғау үшін пайда әкелетін нысаннан басқа біреуді сүюге қабілетсіздігін ойлайды.