Кіріспе курстық жұмыстың өзектілігі



бет7/16
Дата30.11.2022
өлшемі102,56 Kb.
#53633
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Псих. курс жұмыс С.Е.

ІІ – тарау. СЕЗІМ
2 Сезім туралы түсінік
Қоршаған ортада кезіккендердің бәрі адамда оларға деген қандай да бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардың бірі ұнап – қуантса, екіншісі – қапаландырып, жеккөрушілік тудырады. Сезім түрі сан – алуан. Төңіректегі нысандардың жеке қасиеттерімен сапаларының өзі де адамның белгілі сезіміне себепші болады, мысалы, түсі ұнамайды, дауысы жағымсыз, дәмі татымсыз т. б. Өмір жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары күрделірек сезімдерге себепші келеді. Сезім ауқымы өте кең: өкініш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш, таңдану мен жиіркену – мұндай сезім түрлерін шексіз келтіруге болады. Сезім- бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатыннас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін тоғаныс, күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін керекті де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмір - өшкен өмір. Ұлы ғұлама Ә. Науаи «Сезімсіз адам – кесек, махаббатсыз адам - есек», - деген екен. Көп сезімдерге адамның өзі құштар. Егер сол сезімдер қандайда себептермен болмай қалса, адам «эмоциялық ашырқауға » келіп оның орнын толтыру үшін ән-күй тыңдайды, әсерлі фильмдер көріп не қым – қиғаш оқиғалы кітаптар оқиды.
Психологтар көп заманнан бері осы сезім мәселесінің төркінін ашумен айналысуда. 18-19 ғасырларда бұл сұрақ төңірегінде ортақ көзқарас пайымдалды, дегенмен интеллектуалистік теория бағыты кең өріс алды. Бұл бағыт мәні – адамдағы барша органикалық көріністердің негізі психикалық құбылыстардан деген тұжырымнан шығарылды. Неміс психологі Гербарттың ұйғарымы бойынша барша сезімдік дүниенің ірге тасы елестер деп саналды. Бұл теорияға орай сезім – елестер арасындағы байланыстарға сай қарама-қайшылықтарға жауап ретінде жүзеге келеді. Мысалы, дүниеден өткен адамның бейнесін тітілермен салыстырудан қайғы пайда болады. Өз негізінде бұл кейіп ырықсыз көп жасын төгуге не жалпы қасіретті күй білдіруші әрекет – қылыққа себепші болады.
Неміс ғалымы В. Вундт та осы бағытты қолдады, бірақ оның тұжырымдары эклективті, яғни әртүрлі психологиялық қарама- қарсы көзқарастарды қалай болса, солай қоса салуға негізделген еді. Оның пікірінше эмоция- бұл алдымен сезімнің елес жүрісіне тікелей ықпал етуімен сипатталатын адамның ішкі өзгерістері, ал кей жағдайда ішкі өзгерістердің сезімге әсері, ал органикалық процестер – эмоцияның салдары ғана.
Эмоцияның қазіргі тарихы У.Джемстің 1884 ж. жарияланған «Эмоция деген не?» атты мақаласынан бастаоды. У. Джемс және бұған байланыссыз Г. Ланге пайымдаған теория бойынша: сезімнің туындау себебі – сыртқы ырықты қозғалыстар, сонымен қатар, ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатын адамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туындайтын адамәсерлернің бәрі – эмоциялық күйді танытады. «Біздің қайғыруымыз – жылағанымыздан, қорқуымыз – қалтырауымыздан, қуанышымыз күлгенімізден» (У. Джемс). Сонымен эмоция салдары болған дене шетіндегі органикалық өзгерістер, ғалымдар ойынша, сезімдер себебіне ауысады. Осыдан эмоциялардың ырықты реттелуінің қарадүрсін түсініктемесі беріледі: мысалы, ұнамды эмоцияға тән әрекеттерді әдейі жасаумен қажетболмаған қасірет сезімін басуға болады – мыс.
Джеймс – Ланге тұжырымы бірнеше қарсы көзқарастар пайда етті. Негізгі сын айтқан У. Кеннон: әртүрлі сезімдерге байланысты жауап әрекеттер бір-біріне өте ұқсас, сондықтан олар адамның сан алуан эмоциялық қасиеттеріне сай келе бермейді. Мысалы, қазақ келісу сезіміне қарай басын изейді, ал болгар шайқайды, африканың бір тайпа өкілдері сүйген адамының бетіне түкіретін көрінеді, ал қазаққа бүйтіп көр... Сонымен бірге адамның әдейі істеген жасанды әрекеттері қажетті көңіл күйді бере алмайды. Кейде мысалы, жағдайға орай «молдамыз» шығып, сіресе бағып, соңына шыдай алмай, күліп жіберетініміз осыдан.
Психологтардың үлкен тобы сезімді жай-күйлік қалып аймағынан шығарып, дененің әсер еткен жағдайға, оқиғаға болған жауап әрекеті деп танығанды жөн көрді. Мұндай түсінік Ч. Дарвин еңбектерінде де берілген. Эмоциялық әрекеттердің көбі өздерінің пайдалы болуымен қажет, мысалы, жануар қаһары жауын қорқыту үшін керек, немесе олардың кейбірі өткен эволюциялық дамудың бір кезеңінде қажет болған әрекеттердің нәсілден нәсілге ауысып келе жатқан қалдығы. Мысалы, алақанның қорқыныштан дымқылдануы бір уақыттары біздің маймыл тектес бабаларымызға қауіптер төнгенде ағаш бұтақшаларын берік ұстауға жәрдемін тигізген.Кейін бұл теорияны Э. Клапаред жалғастырды. Ол «қандай да бір сезімнің туындауы – адамның кезіккен жағдайға икемделе алмауынан. Егер адам қашып, құтыла алатын болса, ешқандай қорқыныш сезіміне түспейді», - деп жазады.
Ендігі бір оқшауланған теориялар тобы сезім табиғатын адамның ақыл-ой мүмкіндіктерімен байланыстырады. Олар ішінде Л. Фестингердің сана үйлесімсіздігі теориясы өз алдына. Бұл көзқарастың мәні: адам бір нысан жөнінде біріне бірі психологиялық қарсы екі пайым ортасында таңдау ете алмай күйзеліс эмоциясына түседі, яғни санадағы «білімдер» үйлесімсіздігінен жағымсыз сезім пайда болады. Ал іс-әрекеттің нақты нәтижесі мен көзделген өзара сәйкес келсе, адамда жағымды сезім туады. Ақыл-ой үйлесімсіздігінен құтылудың екі жолы бар:

  1. өз ниетіңді шындыққа сәйкес өзгерту;

  2. ниетке сай болатындай әрекеттің жаңа жолдарын іздестіру.

Сонымен, когнитивтік теория адамның сезімдік кейпін оның әрекет, қылықтарының негізгі себепшісі ретінде қарастырады
Сезімдер — өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілікқажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қогамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет. Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мәнін бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады. Сезімдердің екінші ерекшелігі — олардың актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық, ал бұлардың баяу, солғын түрлерін астеникалық деп атайды. Біріншісіне: жауапкершілік, жолдастық, достық, айбаттылық, т.б. жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік т.6. сезімдер жатады. Бұл жерде мынадай бір жағдай есте болсын. Түрлі нақтылы жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде қуатты, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мәселен, қорқыныш сезімі кейде бір адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, енді бірде қауіп-қатерге қарсы тұрғызатын айбаттылыққа (күшті сезім) ауысуы мүмкін.Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі — жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Бұл да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін жұмылдырада. Осы кезең өткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді.
Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді. Организмнің күшті тітіркендіргіштермен айқасқа түсуін күш салу, немесе зорлану кезеңі деп атайды. Адам сырттан келетін әсерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер жүйке жүйесінің жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен, адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажет.Сезімнің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінің барлығы да нақтылы әрекет үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады. Сезім адамның бүкіл өмірімен, оның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеті мен қызығу ерекшеліктсрінс, дүниеге көзқарасы мен мінез-құлқы мен білім көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет