Кіріспе курстық жұмыстың өзектілігі


Эмоциялық жағдайлар психологиялық шарттардың ерекшеліктері



бет6/16
Дата30.11.2022
өлшемі102,56 Kb.
#53633
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Псих. курс жұмыс С.Е.

1.5 Эмоциялық жағдайлар психологиялық шарттардың ерекшеліктері
Эмоциялар адамның мінез-құлқын ерекше сезім сарынына бөлеп, азды-көпті ұзаққа созылатын өте берік әсерлер туғызады. Кейде сезім кенеттен пайда болып, қарқынды өтеді, бірақ біршама тез басылады. Осы ұзаққа созылатын не қысқа әсерлерді психикалық не эмоциялық жағдайлар деп атайды. Олардың қатарына көңіл-күй аффект, құмарлық, стресстік жағдайлар жатады.
Көңіл-күй деп біршама бәсең, бірақ әдетте, әжептәуір ұзағырақ, психикалық үрдістер мен адамның барлық мінез-құлқында көрінетін жалпы эмоциялық жағдайларды айтады. Кім болмасын көңіл-күйі нашар болса, ешбір негізсіз көңілі жабырқап, не болса соған абыржып қалады. Ал кей кездерде адам ешбір себепсіз-ақ шаттық жағдайда болады. Осы кездерде оған барлығы да тамаша болып көрінеді. Басқа көңіл-күйде болса көңілін бөлмейтін нәрсеге ол қуанады. Былайша алғанда, мұндай жағдайлардың себебін табу қиын секілді көрінеді.
Саяси эмоция - [франц. emotion, лат. emoveo - толқытамын] - адамның сыртқы және ішкі тітіркендірушілердің ықпалына субъективті реакциясы, ол рахат алу немесе қуану, қорқу түрлерінде көрініс табады. Эмоция адамның өмірі мен қызметінде қатар жүретін, психологиялық қызметі мен мінез-құлқын ішкі реттеудің негізгі тетіктерінің бірі. Оң эмоциялар субъектіні өзінің мақсатына жетуге және оны сақтауға итермелейді.
Эмоциялар әлеуметтік-саяси өмірде маңызды рөл атқарады. Тұрақты эмоциялық қатынастар пәніне айналғанда ғана идеалдар, міндеттер, ережелер қызметтің шынайы себептеріне айналып, саяси мінез-құлықты бағыттай бастайды. Эмоциялар саясатта бұқараға күрделі тиімді талдаудың қажеттілігін ауыстырады. Мұндай талдаудың күрделілігіне байланысты саясат негізін эмоциялық сенім немесе эмоциялық сенімсіздік құрайды. Мінеки, сондықтан саясат адамдардың эмоциялық түрде боялған қызметі ретінде өмір сүреді. Эмоциялық көтерілу сатысында бұқара халық сәтті төңкеріс пен ереуілдерді жүзеге асырады. Ал эмоциялық құлдырау сатысында, керісінше, бұқара халық паникаға үшырайды.
Эмоциялық құлазу кезеңінде көшбасшылар сайлауда жеңіліске ұшырайды. Саяси эмоция мағыналы қозғалыстардан көрініс табады. Нақты эмоциялар өзекті қажеттілікпен, оны қанағаттандыру мүмкіндігімен анықталады. Мүмкіндікті бағалау жеке тұлғаның, топтың немесе ұйымның саяси тәжірибесіне негізделеді. Жаңа ақпараттың түсуінің нәтижесінде мүмкіндіктер де өседі. Ал бұл өз кезегінде оң эмоцияларды тудырады.
Адамның көңіл-күйіне өзінің өмір сүріп және жұмыс жасайтын арқылы үлкен ықпал жасайды. Уақытында жақсы ұйымдасқан, демалыспен ауысып келетін сапалы оқумен ұната істейтін еңбек, әдетте, адамның көтеріңкі және шаттық көңіл-күйін тугызады.Эмоциялардың сапалық көрсеткішін анықтау.
«Қарама – қарсы полярлық сапалық» кестесі.


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


Күйгелек












Ұстамды

Екі жүзді












Тілектес

Түңілген












Сеніммен қараушы

Мазасыз








 •



Сабырлы

Шашыранды












Мақсатты

Тұйық












Көпшіл

Жеңілтек












Байсалды

Қозғыш












Салмақты

Көнгіш












Принципшіл

Мансапқұмар












Қарапайым

Жасық












Қайратты

Ақымақ












Ақылды

Агрессивті












Бейбітжан

Көңілге тез алғыш












Өзін билейді 

Дөрекі












Әдепті

Еріншек












Еңбексүйгіш

Қатал












Қайырымды

Ашушаң












Мейірімді

Енжар












Белсенді

Өзімшіл












Өзін-өзі сынайды

Кейде адамдарда психикалық жағдайлардың ерекше түрлері пайда болады, олар тез өтеді, бірақ күшті жэне өте қарқынды өтеді. Бұлар - аспектілер деп аталатындар. Әдетте, олар ашу шақыру не қаһар төгу (ыза, шаттық т.б.) сипатында болып, осындай сезімдер билеген адамдар көбіне өз басына ие бола алмай қалады.
Аффектілік жағдайдың тууы ми қыртысында күшті қозу бөлігінің болуы мен байланысты. Осының салдарынан тежелу үрдісі бәсеңдейді және ми қыртысының төменгі белігіндегі орталықтарынан келіп жататын серпілістер тасқынын бақылап, басып отыру мүмкіншілігінен үлкен ми сыңарлары қыртысы айырылады. Сөйтіп ми қыртысы мен ми қыртысының төменгі бөлімінің аралық қажетті іс-әрекеттерінің тепе-теңдігі бұзылады. Бірақ мұндай эмоциялық қозулармен әрбір адам күресе алады. Мысалы, ашу қысқан сәтті сезе салып, өз ойыңды басқа бір нәрсеге бөліп жіберуге тырысу өте қажет. Брі аффектіні ең басынан жойып, жаңа басталған қозуға жедел, енді тоқтата алмайтындай, қатты сезімге айналып кетпеуіне бөгет салуға көмектеседі.
Аффект жағдайына келген мұғалімнің табанда оқушыларға жаза беруіне болмайды, өйткені дэл сол уақытта педагог жазаны бір жақты, эділетсіз шешуі мүмкін, ал берілген жазаны бұзу қиынға түсетіні мэлім. Мұндай реттерде оқушыға: "Бара бер, саған қандай жаза қолдануды ойланайын", - деген жөн. Біраз уақыт өткен соң мұғалім ағаттық істі толығынан объективтік жағдайда бағалайды, тіпті тентектік істеген оқушыны жазалаудың қажеті жоқ деп те табуы мүмкін. Жазаны күтіп жүрген оқушы да ағаттықты неге істедім деп ойға қалады. Мүмкін осындай жіберілген ағат істі мойындауға жеткізсе - онда жазалаудың да керегі жоқ болады ғой.
Кейде жаман баға алған оқушылар аффектілік жағдайға түседі. Мысалы, ондай бала өксіп жылай бастайды. Баланың өзі-ақ өксігін басар деп, кейбір мұғалімдер оған көңіл бөлмейді. Осындай халдегі оқушыға ізет жасаса, шынында да, оның аффектілігі күшейе түсетін кездері болады. Алайда, көбіне жақсы көретін мұғалімнің көрсеткен жылы шырайы, бағаны түзету үшін келесіде сабақ сұраймын деген уэдесі баланы жұбатады, сөйтіп аффектілік жагдайдан қрылады. Психикалық жағдайдың ерекше түрі - құмарлық болады, яғни қандай да болмасын бір мүддемен, талаппен іс-әрекетпен байланысты мықты да сонымен бірге ұзаққа созылатын, берік сезім. Мысалы, адам ғылымға, музыкаға, спортқа құмар болуы мүмкін. Жеке адамның психикалық және теңдік хал жайына кеселін тигізетін құмарлық та адамдарда болады. Олардың ішінен ішімдікпен, нашақорлықпен, құмартатын ойындармен әуестенуді айтуға болады. Егер адам өзін - өзі билей алатын күш-қуат тауып, осы құмарлықтарын қоймаса, оның денсаулығы нашарлайды, тіпті өлімге жеткізуі мүмкін. Кейбір құмарлық тұрақтылығы, ұзақтығы ерекше болып және адамды еліктіргенмен, біршама жайбарақат өтеді. Бірақ өте-мөте қатты білініп, пайда болған адамын өте терең күйзелуге салатын сезімдер де болады. Осындай эмоциялық қалыпты психологияда стрестік жағдай деп атау қалыптасқан. Стрестер өте ауыр психологиялық жағдайда: қауіп-қатер төнгенде, іс-эрекеттің өте ауыр да жауапты кезеңінде, әл-қуатқа және ақыл-ойға салмақ түскенде пайда болады.
Қорқу эмоциясы кезіндс адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстарды алайық. Қорыққан адамиың қасы тартылып, түсі бозарады, қозғалыстары баяулап не мүлде тоқтайды, денесі дірілдеп қалшылдайды, шашы үрпиіп, көзі шарасынан шығып, даусы қарлығып, үні кібіртіктейді, аузы кебірсіп, тынысы өзгереді, беті шіміркеніп, бүкіл денесі қалтырап, салқын тер шыпшып шығады. Тіпті орнынан қозғала, сөйлей алмай, дауысы шықпай қалатын кездері болады. Қорқыныштың жеңіл түрі тынышсыздану, ауыры - үрейі ұшу т. б. Эмоционалды күйлердің көптігі және күрделілікті, танымдық және аффективті мотивтері бірлескен алғашқы сезгіштіктің бөлінінің нәтижесі болып табылады. Бұл бөлінуде эмоцияланады күйлер дүниедегі заттардан тәуелсіз тіршілік етеді деп ойлауға болмайды. Заттың жағдайларда пайдалы болып, олар осы жағдайларда және обьектілерді белгілейді. Заттың өзіне келмесе жеке адамдарға эмоцияланады белгілі «аффиктивті жинақтар» деп аталатын қарапайым құблысқа көз тастау жеткілікті. Сөз басқа туралы, ал нақтырақ айтқанда оның заттың мазмұнның бейнесінде өзгешіліктің болуы және оның эмоциялды реңі туралы және адаміс-әрекетінің күрделі жанамалау жағдайларында обьектілердің аффектенді өзгеру мүмкіндігі туралы. Ал ең маңыздысы адамда эмоцияналды процестердің және күйлердің зіне тән жағымды дамуы бар.
Адамның эмоцияналдық күйлерінің өзіндік тарихи, дамуы бар.Сонымен қатар олардың функциялары мен жіктелуі өзгереді, сөйтіп олар әр түрлі деңгейлермен салыстыра да қалыптастырады. Бұл кездейсоқ және еріксіз пайда болатын аффектілер, әрі қарай бұл күй эмоцияларға – индеаторлық және жағдайға орай болды, яғни тұрақты затта кристалданған заттық сезімдер. Стендальдің көңіл-күйлер - өзінің тұлғалық функциясы бойынша, өте маңызды субьективті құблыстар.
Эмоциялдық құблыстардың әртүрлілігі, олардың өзара байланыстарынан және нәтижелерінің күрделігі субьективті түде өте жақсы алынады. Бірақ психология феноменкологияны жоғалтқан кезде, оның тек ең дөрекі күйлерді ғана зерттеуге қолы жетеді.Дәл осындай периферриялық идеялар да болды, сондай-ақ қазіргі психологиялық тұжырымдамаларда да кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет