Қорытынды
Айтыс - халық әдебиетiндегi тақырыбының сан қилылығы, көтерген мқселесiнiң шыншылдық қуатының кұштiлiгi жағынан алғанда, халықтық рухани қазынамыздың қымбатты құралы болып табылады. Бұл жанрдың қдепкi нұсқасы - тұрмыс-салт өлеңдерi - жар-жар мен бдiк өлеңдерiнен бастау алған. Айтыстың алғашқы ұлгiлерi көпке ортақ жаттанды өлеңдерден тұрса, кейiнiрек өз жанынан шығарылып айтылатын, суырып салмалық сипаты басым болып отырды. Осыған орай айтыс та белгiлi бiр салт-дәстүрдi орындау талабынан арылып, саяси -қлеуметтiк қоғамдық өмiрдiң бейнелеу дәрежесiне көтерiледi. Осы ұзақ мерзiмде айтысты жанрлық тұрлену процесi оса жұрып отырды. Айтыстың жанрлық ерекшелiгi, яғни синкреттiлiгi даму процесiнде пайда болған өзгешелiктерi шығармашылық еңбек барысында сөз болды. Аты аталға асыл өнердiң халық әдебиетiндегi суырып салма қасиетi арқылы алатын орны, қмдени өмiрiнде алатын қызметi, сипаты көптеген қдебиетшi ғалымдарымыздың зерттеу, еңбектер, мақалаларына өзек болған. Мұның iшiнде айрықша атайтынымыз М.О.Әуезов пен М.Жармұхамедұлы еңбектерi.
Зерттеу нысанасындағы халық поэзиясының жанрлық тұрлену процесiнде туындаған салаларын мазмұны, құрылысына қарай: а) мысал айтыс; қ) әдет-салт айтысы; б) өңделген айтыс; в) көркем шығармадағы айтыс деп бөлiп қарастыруды жөн көрдiк.
Мысал айтыс - өмiрдегi көлеңкелi тұстарды, қоғамдағы бұркеммеленген жағдайларды тұспалдай отыра ашып, бар болмысын, қыр-сырын астарлап жеткiзетiн екi немесе ұшу субъектiнiң арасындағы дау-тартыс. Мысал айтыс М.Кашһари «Қыс пен жаз айтысы», Х.Яссауи «Жұмақ пен тозақ» шығармаларынан бастап, ХIХ ғасырдағы үлгiлерi ХХ ғасырдағы туындыларымен жалғасып, ұстiмiздегi ғасыр ақындар шығармашылығына Ұласты.
Әдет-салт айтысы - халық өмiрiндегi белгiлi бiр дәстүр, ғҰрыпты орындау мақсатымен туған. Әдет-салт айтысы бөлiмiнде халық шығармашылығындағы «Ақбала мен Боздақ», «Аймаңдай мен Бабасң» туындылары қарастырылды. «Ақбала мен Боздақ», «Аймаңдай мен Бабасң» айтыстары бiздiң назарымыздағы бiр автордың көркем шығармасы. Шындық дәуiрде бұгiнгi тыңдаушыны мынау өлi мен тiрiнiң айтысқаны деп сендiре қою мұмкiн емес. Ғалым Х.Досмұхамедұлының аруақпен айтысу жоқтаудың бiр тұрi болады деген пiкiрiнiң жаны бар. Бұл айтыс ұлгiлерi әлi де зерттелiп, халық шығармашылығы әдебиетiнен тиесiлi орнын табады деген сенiмдемiз. Өңделген айтыс - жазба әдебиет туындыларына бiр табан жақын. Өңделген айтыс өмiрде болған, бiрақ халық немесе жеке автордың жырлау нқтижесiнде бас аяғы жинақы, желiлi, сюжеттi оқиғаға құрылған көркем шығарма iспеттi. Оны жырлаушы жеке ақын, халық болсын авторлық құқыққа ие болатындай биiкке көтерiлген. Олардың қатарына айтыс қорындағы: «Бақтыбай мен Тезек», «Түбек, Тезек, Құлманбет», «Әсет, Ырысжан» т.б. үлгiлерiн жатқызамыз.
Тарихи мәнi зор көркем айтыстың бiрi Бiржан мен Сараның айтысы турасында зерттеушiлер пiкiрi сан алуан. Сан алуандылық айтыстың болу, болмауы туралы ойларда жатыр. Қалай десек те, Бiржан-Сара айтысының әдебиетiмiзде елеулi орын алар асыл мұра биiгiне көтерулудегi ақиық ақын Ә.Тәңiрбергенұлы еңбегiн қольтаңбасын мойындауымыз керек. Ақын шығармашылығындағы айтыс дәстүрi мысал айтыс, қдет-салт айтысы, өңделген айтыс сиқяты даму кезеңдерiнен өтiп, көлемдi туындылар жазылу дәрежесiне жеткен. Оған мысал С.Торайғыровтың «Айтыс» дастаны, С.Сейфуллиннiң «Қызыл ат» поэмасы, С.Мұқановтың «Ақ аю» шығармасы т.б.бола алады. Айтыс өзiнiң бұқаралық сипаттарымен халқымызға қызмет етiп, оның рухани талап-тiлектерiне толығымен жауап берiп келедi. Осы ерекшелiктер айтыстың өмiршең, өз мқнiн жоймас қастерлi өнер екенiн ашып дқлелдеп қана қоймай, оның халқымызбен болашақта да бiрге жасап, оған қызмет ете беретiнiне ешбiр күман жоқ.
Сонымен, қорыта келгенде, көркем шығармадағы айтыс дәстүрi - өзге халықтың поэзиясында кедеспейтiн ерекше тұр, ақындық тқсiл. Ақында мұраларындағы айтыс үлгiсiнiң қолданылуы поэзиямыздың ұлттық болмысын, қыр-сырын танытады.
Достарыңызбен бөлісу: |