2.4. Көркем шығармадағы айтыс
Айтыс ғасырлар бойы халқымыздың тұрмыс тiршiлiгi мен салт-сана, қдет-ғұрпына байланысты туып бiте қайнасқан, келе-келе қанға сiңiп қалыпты дәстүрге айналған жанр. Сондықтан ол кешегi көшпелi қазақ өмiрiнiң қайталанбас жарқын көрiнiсi, өзiнiң шырқау шегiне жетiп сомдалған поэзиялық көрсеткiшi болып бағаланып келдi. Айтыс ертеден ең негiзгi басты жетекшi поэзия ролiн атқарған. Осынау асыл өнер тұрi ұлттық руханият дәрежесiне дейiн жеткен. өзiмен қатар қапталдаса дамыған өзге жанрларда да айтыс үлгiсi қолданылып, мазмұн берiлуiнде, тақырыптың ашылу шеңберiн кеңейтуге игi қсерiн тигiзiп келген. Жеке ақын шығармашылығындағы қдеби туындыларда айтыс ұлгiсiн пайдалану М.Қашқари заманынан бастап, ұлттық поэзиямыздың реформаторы Абай, оның шәкiрттерi, жалынды ақын С.Торайғыров, С.Мұқанов, С.Сейфуллин шығармашылық жалғастығымен келiп, бүгiндерi ақын Т.Жанғалиев, М.Айтқазыұлы туындыларында көрiнiс тауып отыр. Жалпы дәстүр жалғасуы, ұласуы, дамуы қай ұлт әдебиетiнде болып отыратын заңды құбылыс.
Ақындар айтысы өзiмiздегi өзге жанрларға қсерiн тигiзiп қана қоймай, жазба қдебиетiмiзге де елеулi ықпал жасағанын көремiз. Жазба қдебиетiмiздiң асқар шыңы Ұлы Абай суырыпсалма ақындардың тапқырлық, шеберлiгiне ұлкен мқн бере отырып, айтыс ұлгiсiн өз өлеңдерiнде пайдаланған. Абайдың айтыс тұрiнде жазған өлеңдерi -«Жiгiт сөзi мен «Қыз сөзi». «Бұл өлеңдерде, - деп жазады М.Әуезов, - iшкi сырларын сқлем хатпен, делдал арқылы айтысып отырған жастар көрiнедi... Бұл өлеңдердегi асықтар қазақтың анық Абай тұсындағы ауыл жастары. Солардың iшiнде құда мен құдаша, бозбала мен бикеш сқлемдемесi. Екеуi де жалын жеңiстерiн анық-ақ ынтық-ынтық сезiммен айтпақ болады. Сол көңiл талаптарына арналған нелер шебер теңеулердi ақын табады және тапқанда қазақ халқының өз тiрлiгiндегi, өз табиғатындағы болмыстан, натурадан мысалдар аладың (15.117). Осы орайда айта кететiн жәйт - М.Әуезовтың Бұл өлеңдерде дәстүр белгiсiнi болуын қазақ болмысымен байланысты деп тұсiндiруi. ұалымның Бұл пiкiрi бiздiң ойымызша кеңiрек мағынаға ие. Бiздiң байқағанымыз ақын Абай фольклорлық поэтиканы көп жағдайда қазақтың өз топырағына байланысты жайттарда айтқанда көңiл бөледi, ал жалпы адамзаттық немесе өзге жҰрттардың өмiрiне қатысты мқселенi сөз қылғанда, фольклорлық сюжеттi ғана пайдаланады да, поэтика саласында өзiндiк, соны, тың жолмен жазады. өзара жауаптасу өлеңдерiнде, М.Әуезов айтып кеткендей, өзара ынтық екi жас өз сезiмдерiн бiлдiрiседi. Бұл айтыс қатарындағы тартыса отырып, өз көңiлдерiн , сезiмдерiн танытатын дәстүрлi қыз бен жiгiт айтысына ұқсайды. Қыз жүрегiне көркем өлеңмен жол салмақшы жiгiттiң:
Айттым сәлем. Қаламқас,
Саған құрбан мал мен бас.
Сағыннан сенi ойлап,
Келер көзге ыстық жас.
Көзiм жатқа қарамас,
Жат та маған жарамас.
Тар төсекте төсiңдi
Иiскер ме едiм жалаңаш?
Иығымды сiздiң шаш
Айқаласып тайталас.
Ләззат алсақ болмай ма,
Көз жұмулы, көңiл мас?
Сiз - қырғауыл жез қанат,
Аш бетiңдi, бер қарат,
Жақындай бер жуықтап,
Тамағыңнан аймалат. (87.15)-
деген сезiм сұрағына қыз да өз кезегiнде:
Қиыстырып мақтайсыз,
Ойласаң не таппайсыз?
Бiзде ерiк жоқ, өзiң бiл,
Әлденеге бастайсыз.
Бiз де әркiмдi байқаймыз,
Тап бергеннен тайқаймыз.
Сiздей асыл кез болса,
Қайтiп басты шайқаймыз?
Тiлегiмдi бермесең,
Амалым не жерлесең?
үйiр қылма бойыңам
Шыны жақсы көрмесең, -
деп көңiлiн бiлдiре келе, сөз соңында өз келiсiмiн бередi:
Тал жiбектей оралып,
Гұл шыбықтай бұралып.
Салмағыңнан жаншылып,
Қалсын құмар бiр қанып. (87.16-17). Өлең дәстүрлi қыз бен жiгiт айтысының мазмұнына келедi, басты ерекшелiгi-ой мен тiл көркемдiлiгi болып табылады.
Осы ұрдiс Абайдың ақын шқкiрттерi шығармаларынан да көрiнiс табады. Абай дәстүрiн жалғастырушы, әрi дамытушы Шәкәрiм Құдайбердiұлының айтыс үлгiсiнде жазған «Жайлаубайдың баласымен айтысы» туындысы ғибраттық, нақылдық, сыншылдық мқнге ие. Бұл шығарманы мысал айтыс бөлiмiнде талдап өттiк. Абайдың талантты шқкiрттерiнiң бiрi-Әрiп Тәңiрбергенұлы айтыс дәстүрiн өзiнiң туындыларында жиi қолданған. Бұл сөзiмiзге ауыз қдебиет ұлгiсi-«Бiржан-Сара» айтысын көркем туындыға айналдыра жырлауы, Қ.Мұхамедханов: «Тәуке-Өрқия» айтысы өмiрде шын болған оқиғаны айтыс тұрiнде жазған Әрiп ақынның көркем шығармасың (85.102) - деп дәлелдеген Тәуке-Өрқия айтысын өңдеп жазуы айғақ бола алады. «Тәуке-Өрқия» айтысы ауыз әдебиетi шығармасында саналып, айтыс жинағында жарияланса (8.45), ендi бiрде Тәуке батырдың өз атына телiнiп, Е.Бердин еңбегiнде жарық көрдi (64.141-146). Үшiншi авторлық Әрiп ақынның иелiгiнде (85.163-173). Үш түрлі авторлықпен жарияланған айтыс мқтiнi мазмұны бiрдей дерлiк айтыста басты назарға алынған - Тәуке батырдың абақтыға түсуi, бостандыққа шығуы туралы жағдайы. Ру мен ру арасындағы талас-тартыс, дау-жанжал , қанды жорық барымта мен ұзiлмес жаугершiлiк мқселесi де қашаннан айтыс желiсiн құрап отырған. Соның бiр көрiнiсi «Тәуке-өрқия» айтысы. Айтыстың үш түрiн салыстыра келгенде, осы аталған мқселе әртүрлі көрiнiс тапқанын байқаймыз. Мәселен 1988 жылғы айтыс жинағындағы жарияланған айтысты ру арасындағы тартыс, дау шар мқселесi жырланбаған. Әрiп ақынның ыжрлауындағы айтыспен салыстыра қарағанда айтыс жинағындағы нұсқасы артық тақырыптарды алып, күзеп, ықшамдалып берiлген варианты iспеттi. Үш түрiндегi айтыс мәтiнiн өзара алып қарағанда, сөз ауытқулар кездеседi. Бұл Әрiп жырлауындағы нұсқаның көркемдiлiгiн айшықтай тұседi. Айтыс жинағындағы Тәукенiң Өрқияны жеңеше деп атауының өзi түсiнiксiз. Өрқия сыбан Ақынбет руының белгiлi адамы Шалтай қажыға ерге шығады (85.161). Ал Тәуке айтыста өзi айтқандай:
Бiлмесең Тәуке батыр менiң атым,
Кешпейтiн құрбылықты сiзге хақын.
Саптыаяқ ұлкен қкем Қара мырза
Мәмбетей Тобықтымын Арғыз атым.(88.52)- дейдi.
Бұл жерде әрине, өрқияның Тәукеге жеңеше боулы келессiз туыстық. Айтыстың ауызша таралуы осындай жағдайлардың себебi болса керек. Е. Бердин жариялған Тәуке айтысы мен Әрiп туындысы аралығында көп айырмашылық жоқ. Е.Бердин еңбегiнде айтыста сөз айырмашылықтары кездеседi. Сонымен қоса, көлемi шағын айтыстағы сөз қолданыстарында стильдiк ауытқулар ұшырасады. ең озығы, көркемi Ә.Тәңiрбергенұлының жырлауындағы көркем шығарма тұрiндегi айтысы. Айтысты Әрiп ақын мұрасына жатқызуды ғалымдар Қ.Мұхамедханұлы, Б.Ерденбеков те дәлелдеп кеткен болатын. (85; 86). Ел аузындағы көркем шығармаларды өңдеп, көркемдеп, қайта жырлау немесе белгiлi бiр болған оқиғаны дастанға, поэпаға айналдыру Абай ақын шқкiрттерiнiң ақындық бiр қыры. Оған дқлел Мағауя Абайұлының «Еңлiк-Кебегi», Көпбай Жанатайұлының «Сабалағы», Уәйiс Шондыбайұлының «Тәуке Жiкiбай». Әрiп Тәңiрбергенұлының «Тәуке-Ұрқия» айтысы айтыс үлгiсiн қолданып жазған көркем туынды. Абайдың ақын шәкiрттерiнiң шығармашылығында айтыс үлгiсiн пайдалану У.Шондыбайұлының «Тәуке-Жiкiбай» поэмасына да тән. 1942 жылы айтыс кiтабында Тәуке-Жiкiбай» поэмасы Тәуке мен келiншек деген атпен жарияланды. Басылымдарда сөз айырмашылықтары болмаса, мазмұн ауытқулары жоқ. Айтыс жинағының 1964 жылғы басылымында поэма Тқуке мен келiншек деген атпен басылған. Мұнда қысқартылып, Тәуке мен келiншектiң айтысы ғана берiлген. Айтыс 1965 жылғы жинақта та жарияланды. Бұл басылымда тақырыптың өзгеше жаққа бұрылып, жырлануы көрiнедi. Айырмасы: бiрiшiсiнiң тұсiнiгiнде Бұл жанжалдың шығуын: Тал тұсте Ыбырайды байлағаны, сол ендi қозғау болды ел шабыспақ,- деген жолдармен түсiндiрiлген. Алайда жинақты құрастырушылар осындағы Ыбырайды байлағаны деген тiркестiк мағынасын аңғармай, оны Абай Құнанбаев деп қате байлам жасаған.(2.504). Шынында соңғы қара сөзбер берiлген тұсiнiкте Бұл байланған тобықтының сары доғалақ руының Аппайдың Ыбырайы екенi анықталды. Бұған көз жеткiзу ұшiн соңғы тұсiнiктi оқып көрелiк: 1897 жылы (мешiн жылы) көктемде тобықтының Сары доғалақ руының есерсоқ байы Аппайдың Ыбырайы 24 жiгiттi ертiп, Шұбартау өңiрiндегi Қосай көшебе керейдiң iшiнде отырған он ұйлi Атығай Қарауыл ауылының жесiр отырған Гүлдана есiмдi келiншегiн тартып акетпекшi болады. Ауыл адамдары Бұл бейбастықты Қосай, Көшебе, Керей руының басшысы Демесiн мырзаға хабарлап мұңдарын шағады. Демесiн жiгiттерiн жiберiп Аппайдың Ыбырайын жiгiттерiмен қоса байлаттырып алады. Бұдан соң Сары Доғалақ елi керейлермен барымталасады. Керей Самалақ батыр бастаған топ Сары Доғалақ елiнiң жылқысын тiрерге тұяқ қалдырмай айдап кетедi. Осындан соң Семей қаласында тұратын тобықтының бай көпесi Арап қажы Құнанбай ауылынан қашып жұрген Тоқырауын өзенiнiң бойындағы Мәмбетей тобықты атақты Тәуке қашқын Саптыаяқ немересiн шақырып алады да: Сенi қашқындықтан ақтап алып, қолыңа кешiрiм қағазын қперемiз. Тобықтының бiр баласы едiң, Керейден кек қайтар. Қасыңа 122 жiгiт қосып беремiз,- деп сқугұлiк тұлпарға мiнгiзiп керейге аттандарады. Тәуке керей елiнiң жылқысын айдап кетедi. Соңы атыспен бiтедi. (2.504-505). Осы оқиғаны ақын У.Шондыбайұлы дастанға айналдырады. Шығарма барысында автор айтыс ұлгiсiн пайдаланады. Айтыс бас аяғы жинақталған оқиғалоы сюжетке құрылған көркем туындыға келедi. Яғни шығамаш-ның бастауы байланыс, тартыс, шиеленiс, шарықтау шегi шешiмге құрылған. Айтыс ұлгiсiн көлемдi туындыға айналдырып жазумен қатар Абайдың ақын шәкiрттерiнде өздерi шығарған сөз қағытпалары да ұшырасады. Олар: Турағыл Абайұлының Матай елiнiң қызымен жауаптасуы және Әлмағамбет пен қыздың айтысқаны. Әубәкiр ақынның Қайырбек пен келiнi айтысы (85.299; 89.182). Ауыз әдебиет халықтың өзiмен бiрге туып, бiрге жасайтын ұзақ заманалар бойы ауызша сақталып, ұрпақтан-ұрпақа ауызша жетсе де, жоғалмай, ұмытылмай, ескiрмей, қайта көркемдiк нақыштарын үнемi ұстартып, шыңдала тұсiп отыратын ерекше көркем де бай жанды да жарқын құбылыс. Халықтың ауыз қдебиет мен оның дәстүрлерi қандай да болмасын ұлкен әдебиет ұшiн тұңғыш желi тартар құнарлы топырағы, алғашқы нәр алар жанды өзегi боп келедi. Согдықтан жазба әдебиет қанша дамығанмен, өзiнiң туған топарығынан қол ұзiп кетпейдi. Керiсiнше, көзге кейде көрiнiп, кейде көрiнбейтiн жолдары, тқсiлдер арқылы онымен ұнемi байланысып, тұтасып, туыстасып жатады. Ауыз әдебиетi мен жазбы әдебиетiмiздегi дәстүр ұласуы халықтың мқдени өмiрiнде бар ұлттық сипатта дамуы ел көркем сөзiнiң болашақ тағдырына игi қсерiн тигiзерi сөзсiз. Осы тұста жалында ақынымыз Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ұлкен қлеуметтiк мқселеге орай қала мен даланың ақынын айтыстырып, «Айтыс» атты дастанын жазуы да жазба әдебиетiмiзiң алғашқы ұлтың тың арнада көрiнiп дамуының әуелгi нышан белгiсi iспеттi едi. Сонау 1919 жылғы жарық көрген дастаннан ақынның қазан төңкерiсiнiң халқына не әкелетiнiне көз жеткiзе келе, ата-бабалар дәуiрiн аңсағаны, солардың руын, әруағын медет тұтғаны аңғарылады. «Айтыс» поэмасы бiз өмiр сұрiп отырған бүгiнгi кұннiң көкейтестi мәселелерiн ұрпақпен бiрге көтерiскендей кұй кештiрдi. Халық тағдыры таразыға тұсiп, жан экологиясы тiл қасiретi басты проблемаға ұласып, Аралды арашалау, Семейдегi зiлзала полигонды жою, адамгершiлiк, имандылыққа жұгiну әрбiр саналы азаматтың көкiрегiндегi көксеген арманына тоғысқан беймаза кезеңдi айтысты ой жұгiртiп оқу керекң - деп дастанға баға берiп, идеясын тұсiнуге нұсқау бередi Сұлтанмахмұттанушы, ғалым Арап Еспенбетов (90.169).
С.Торайғыровтың «Айтыс» поэмасының көркемдiк идеялық мазмұны биiк. Дастаннан ақынның таланттылығы, зор бiлiмдарлығы өткен тарихтың ерекшелiгiн ой көзiмен пайымдап бағалаудан көрiнедi. Академик С.Қирабаев өзiнiң ақын тағдыры зерттеу мақаласында: «... Дала ақынының сөзiн басымырақ ұстап, Сұлтанмахмұт соның аузымен қазақтың жерiн, табиғатын, елiн ел басшылары мен батырларын, ақын-жыршыларын, салтїдәстүрiн мақтан тұта жырлайды. Айтыс - қазақтың Ұлттық писхологиясынан туған соны жырлайтын шығарма.ң (91.129) - деп биiк баға бередi. Туындыда ақын халық поэзиясының шырағданы - айтыс дәстүрiн шебер қолданған. Осы тұста профессор А.Еспенбетовтiң: «Әрқашан iзденгiш, жаңалыққа құштар С.Торайғыров «Айтыс» поэмасын жазуда да төтенше суреткерлiк қдiстi пайдаланған. Қазақ фольклорындағы көне де құнарлы жанр айтыс поэтикасына ден қойған.ң (90.168) - деген пiкiрiн еске алуды жөн көрдiк. Ақын өз туындысында айтыс ұлгiсiн қолдану арқылы ақындық қырына жаңаша тұр, өзгеше қдiс енгiзедi. С.Торайғыровтың позмасы бел қатайып, тiрсегiн кұшейтiп келе жатқан қазақ жазба поэзиясына өзiндiк тың леп, жаңа серпiн дамуын қкелдi. Бұл ұрдiк жаңа толқын шығармашылығында бқлендей белең алып кетпесе де, өз даму жалғасын тапты. Көркем шығармада айтыс ұлгiсiн қолдану Кеңес ұкiметi кезiндегi ақындар шығармашылығында да өз арнасына тұстi. Айтыс үлгiлерiн жинап, халық щығармашылығына қызмет еткен С.Сейфуллин, аталмыш өнер саласында маңызды зерттеулер жұргiзген С.Мұқанов та асқар шыңды поэзияны жинақтап, зерделеумен қатар, өз шығармаларында да пайдаланған. С.Сейфуллин «Қызыл ат» поэмасындағы ақын мен қызыл аттың айтысы қазақтың дәстүрлi поэзиясына жанасып тұр. Ақын мен жануардың айтысы, сол арқылы өмiрдiң бiр көрiнiсiн аңдату ауыз қдебиетiнде аз емес. Жалпы поэтикалық айтыс-қазақ поэзиясының Ұлттық ерекшелiгi. Сол айтыс дәстүрiн С.Сейфуллин поэманың композициялық арқауы етiп, шебер ала бiлген. (92.130-153). С.Мұқанов та «Ақ аю» поэмасында (93.185) айтыс поэзиясын ақ аю мен қара аю сөз тартысында ұтымды қолданған. Бұл осы поэманың композициялық-көркемдiк ерекшелiгi де сияқты. Дқл осы көркемдiк қдiстер өзге қазақ ақындарында да осы тұста кездесiп отырады. Ә.Тәжiбаев Айтыс өлеңiнде (94.88-93) ақындар-Ыбырай мен Айнашты айтыстырады. Шығарма таптық көзқарасты. Бай сөзiнiң Бұлбұл жыршысы Ыбырай-бұрын өзi сөз майданында басым тұсетiн кедей Байнаштан жеңiлiс табады. Кешегi кедей, бұгiнгi еңбекшi Байнаш коммунистiк қоғамды жыр етiп, ұстем тұседi.
Көрнектi ақын Д.Әбiлев Айтыс туындысында (95.28-31) Ульба өзенi мен Үшбатыр тауын айтыстырады. Ақын шығармасында айтыс ұлгiсiн қолдану арқылы сол кезеңдегi экологиялық қиындықтарды тiлге тиек етiп, проблеманың маңыздылығын аша бiлген. Сол сияқты қоғамдық жағдайларды өз туындысында айтыс ұлгiсiн пайдалана отырып, кезектi мқселелердiң қатарына қоя бiлген ақын Қ.Аманжоловтың Ақын мен шахтер өлеңiнде (96.234-235) ақын мен шахтердi айтыстырып, өздерiнiң мамандықтарына сәйкес қиындықтарды ортаға салады.
Ақын С.Жанғалиев Тәңiрберген-Молдабай дастанындағы (97.22-46) Алтын қыз бен Молдабайдың айтысы дәстүрлi қыз бен жiгiттiң айтысына ұқсас. Дастандағы айтыс шығарманың идеялық мазмҰнын ашуда айшықта қызмет керсетiп тұр. Атағы маңайдағы елге кеңiнен таралған, сол кезге дейiн бетiне жан қаратпаған Анлтын қыз бен өзi батыр әрi ақын Молдабайдың айтысы бiр жағынан Бiржан мен Сараның айтысын ерiксiз еске салғандай. Айтыстың құрылу, өрiлуi жағынан Әсет пен Ырысжан айтысына да келедi.
Қорбанның сұлу қызы алтын атты
Жан жеңбес сөзге жұйрiк ғаламатты.
Еш ақын жеңе алмаған ақын қызды,
Молдабай тоқтатар деп шамалапты. (97.25) - дей келе, ақын дастаноқиғасын өрбiтуге жол салады. Айтыс барысындағы қыз бен жiгiттiң жұмбақ жасырып, сөз тартысуы, шығармаға өзгеше өң бередi.
Осылайша айтыс өнерiнiң көркем шығармада қолданыс табуы өз жалғасын тауып келе жатты. Халқымыз тқуелзiсдiк алғаннан бергi уақытта да ұлттық поэзия арнасында шығарма - айтыс үрдiсi өз дамуын жалғады. Оған дәлел жергiлiктi ақындарымыз Т.Жанғалиевтiң «Ажал мен адам» айтысы. (98.72-75), Мүсiлiм Қапан Айтқазыұлының дала ақыны мен қала ақынының айтысы.(99.3-20) туындысы. Ақын Т.Жанғалиев өз шығармасында тұсi суық ажал мен адамды айтыстырып, философиялық ой төңiрегiнде сөз өрбiтсе, өмiрден ерте кетiп, өзектi өртеген жалынды талант М. Айтқазыұлы өз рухына бас иген С.Торайғыровтың «Айтысң поэмасын жалғастыра отырып, дала ақыны мен қала ақынын айтыстырып, замана шындығы қоғамдық бетбұрыс хақында сөз қозғайды. Сонымен ақын шығармашылығындаы айтыс ждәстүрi сонау М.Қашһари дәуiрiнен бiздiң заманымызға дейiн жеткенiне кқу болдық. Әлi де айрықша талант иелерiнiң, әдеби мұраларының қатарында жалғаса бермегi ләзiм. Бiр кездерi халық поэзиясының көшбасшысы болған айтыстың бұгiндерi ақындар шығармашылығында жаңа сипат алып түрленуi ұлттық рухани атымыздың өшпей жандануының бiр көрiнiсi болса керек.
Достарыңызбен бөлісу: |