Кіріспе түркі халықтары әдебиетінің мазмұны мен құрылысы



бет5/54
Дата01.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#88642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
Кіріспе т ркі халы тары дебиетіні мазм ны мен рылысы

ВАГИФ (1717-1797)


Вагиф – Молла Панахтың әдеби лақап аты – ХVІІІ ғасырдағы әзірбайжанның аса көрнекті ақыны және ірі мемлекет қайраткері. Вагиф Әзірбайжанның Қазақ ауданында 1717 жылы дүниеге келген. Ақын бала күнінен халық жыршылары –ашугтардың айтқан өлең-жырларын сүйсіне тыңдап, кейін өзі де саз – музыкалық аспабында еркін ойнап, өлең шығаратын ақын болған. Вагиф өзінің ана тілімен қатар араб және парсы тілдерін жетік меңгеріп, жан-жақты білім алған. XVІII ғасырдың 50 жылдарына дейін Ганже қаласында тұрып, кейін Қарабахқа қоныс аударады. Кейінірек Қарабах хандығының астанасы Шуш қаласында ағартушылық істермен айналысады. Жас шағында да, есейген кезінде де тұрмыс тауқыметі мен қайғы-қасіретті көп шегеді. Вагифтің терең білімі мен тамаша өлеңдері Қарабах ханы Ибрагим Халилге ақын егде тартқан шағында мәлім болып, ол ақынды өз айналасына тартады. Көп ұзамай Вагиф хандықтың бас уәзірі атанады. Шуш қаласы 1797 жылы аға Мұхамед шахтың шапқыншылығына ұшырап, Вагиф тұтқынға түсіп, зынданға тасталады. Вагифке өлім жазасының үкімі орындалатын күні Аға Мұхамед шах өлтіріліп, Вагиф түрмеден шығады. Дегенмен ақынның өмірі ұзаққа созылмайды. Жаңадан хан болған Мұхамед Бек Жеванширдің жарлығымен Вагиф және оның баласы Али өлтіріледі.
Вагифтің поэтикалық туындылары ақынның басынан өткізген ауыр тағдырына қарамастан, терең оптимизм мен айшықты үлгілерге толы. Вагиф шығармалары халықтық бастаулардан нәр алған гошмалармен (үш және бес шумақтан тұратын әзірбайжан ашугтарының өлеңдері) сарындас болып келеді.
Әзірбайжанның әдебиет зерттеушісі профессор А.А.Шараф Вагиф шығармаларын терең зерттей келіп, оның шығармаларының арасында жас грузин қызына арналған мухаммас ерекше орын алады деп көрсетеді.
Вагиф «Мантик-ат-таир» (Құстар әңгімесі) деп аталатын дастанында сопылық түсініктерді астарлап сөз етеді. Вагиф «Сен менің Кааба, Кербале, Мекке-Мединемсің» деп аталатын өлеңінде өзі сүйген қызының әсемдігі мен сұлулығын мұсылман әлемінің қасиетті орындарына теңейді. Вагифтің өз заманында ерекше сыйласқан, хат жазысқан досының бірі лирик ақын Молла-Вели-Видади (1709-1809) болған. Өз дәуірінде Видади мен Вагиф арасында әдеби жыр сайысы – мүшайралар өткізілген.
Вагиф шығармашылығы әзірбайжанның кейінгі поэзиясына ерекше әсерін тигізіп, өзіндік мектебін қалыптастырған. Әзірбайжан халқы вагиф бейнесін ерекше қастерлеген. Вагиф шығармашылығы мен өмірі туралы әзірбайжанның белгілі жазушысы Юсуп Везир Чемензиминли (1887-1944) «Екі оттың арасында» атты тарихи роман жазса, әзірбайжанның көрнекті ақыны Самед Бургун «Вагиф» атты пьесасында оның бейнесін жан-жақты сомдаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет