Кіріспе түркі халықтары әдебиетінің мазмұны мен құрылысы



бет8/54
Дата01.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#88642
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54
Байланысты:
Кіріспе т ркі халы тары дебиетіні мазм ны мен рылысы

Дәріс мақсаты: Студенттерге башкұрт халқы мен башқұрт әдебиетінің негіздеріне байланысты мәліметтер беру.


Дәріс жоспары:
1. Башкұрт халқы туралы қысқаша мәлімет.
2. Башқұрт әдебиет туралы шолу.
3. Башқұрт ауыз әдебиеті. Қобайыр (толғау) жанры.
4. Салауат Юлаев шығармашылығы.
5. Мұхамедсәлім Үмітбаев шығармашылығы.
6. Сайфи Құдаш шығармашылығы.


Дәрістің мазмұны. Башқұртстан Республикасы – Еуропа мен Азияның тоғысында орналасқан Ресей Федерациясының құрамындағы өзіндік мемлекеттік ұлттық субъект. Жер көлемі – 143,6 мың км. Халқының саны – 4089,3 мың адам, олардың 23% - ы башқұрттар. (1 қаңтар 1996 жыл). Башқұртстан Республикасының астанасы – Уфа қаласы.
Ресми тілі – орыс, башқұрт, татар тілдері. Ақша бірлігі – Ресей рублі. Башқұрттар – Башқұртстан Республикасында, сонымен қатар Ресей Федерациясының Челябі, Орынбор, Перым, Свердлов, Қорған, Түмен облыстарында және Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Түрікменстаңда тұрады.
Түркі тілдерінің қыпшақ бұтағына жататын башқұрт халқының (өздерінше айтқанда – башқорт) ауыз әдебиеті түрі жағынан да, мазмұны тұрғысынан да мейлінше дамыған оның алтын қоры болып есептеледі. Башқұрт халқының өзіне ғана тән ауыз әдебиетінің ерекше жетілген түрі – қобайыр деп аталады.
Башқұрт ауыз әдебиетінің қобайыр жанры – қазақ жырауларының толғауларына сарындас жанр. Сонымен қатар башкұрт ауыз әдебиеті тарихи жырларға, бәйіттерге, ертегілерге, мақал-мәтелдерге, аңыздарға бай болып келеді, Башқұрт халқы бағы замандарда көшпелі өмір кешіп, мал шаруашылығымен айналысқан. Өмір сүру салтындағы осы ерекшеліктер башқұрт ауыз әдебиетінде жан-жануарлармен байланысты «Ақсақ құлан», «Қара жорға», «Ақбозат» сияқты әдеби мұралар туғызды. Башкұрт фолыклорының ірі эпикалық шығармаларында халықтың арман-мұңы, азаттық жолындағы ерлік күресі жырланады.
Башқұрт әдебиетінде «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының ең әсем нұсқалары сақталған. Сонымен қатар башқұрт халқының «Шора батыр», «Едіге батыр», «Ер Тарғын», «Алпамыс батыр» сияқты эпикалық жырлары көптеген түркі халықтарна ортақ сюжеттерге құрылған жыр-жауһарлары. Шежірелерден мәлім болып отырғанындай, бұл жырларды башқұрттар домбыраға қосып жырлаған көрінеді.
Башқұрт фолыклоршысы Мұхтар Сағитов өзінің «Башқұрт халық эпосы» деп аталатын еңбегінде Алпамыстың {башқұртша – Алпамыша) он бес түрлі нұсқасы бар екенін атап көрсеткен.
Башқұрт халқының қоғамдық өміріңде шешендердің алатын орны ерекше болған. Бұл туралы М.Сағитовтың жоғарыда аталған кітабында, шешендердің ел ішіндегі дау-дамайды шешу ісінде басты тұлғалар болғандығы жан-жақты сөз етіледі. Сонымен қатар, башқұрт халқының эпикалық мұраларында Сыпыра жыраудың бейнесі жиі көрініс табады. Көрші шығыс елдерінен ауысып келген «Жүсіп-Зылиха», «Тахир-Зухра», «Бозжігіт» сияқты шығыстық қисса-дастандар тобы башқұрт ауыз әдебиетіндегі келесі бір тарихи мұралардың үлгілерін құрайды.
«Күсәкбей» дастаны – башқұрт халқының өзіндік тарихының қилы-қилы кезеңдерін зор шеберлікпен бейнелейтін көлемді туынды болып табылады.
Кейінгі жылдарда башқұрт халқы арасында фолыклорлық қазынаны жинау және жариялау ісі жанданып, соның нәтижесінде башқұрт фолыклорының көп томдығы жарық көрді. Бұл ауқымды шарада фолыклоршы М.Сағитовтың еңбегі айрықша атауды қажет етеді. Ғалым ел арасынан башқұрт халқының жоғалуға жақындаған мұраларын, архаикалық эпостарды, қобайырларды жинастырып, орыс тіліне аударып, оларды ғылыми түсініктемелерімен жариялаған.
Башқұрт халқы ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда өз басынан сан түрлі қоғамдық, әлеуметтік, саяси оқиғаларды өткізді. Халық өміріндегі мұндай арпалысты кезеңдер алуан түрлі тақырыптардағы тарихи өлең-жырларды туғызды. Мысалы, осы кезеңде «Салауат», «Азамат» және «Орал» сияқты көлемді тарихи жырлармен бірге халық арманын, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін бейнелейтін «Зұлхида», «Шаура» секілді аңыз-әңгімелер де өмірге келді.
XVIII ғасырдың II жартысындағы башқұрт әдебиетінде саналы ғұмыры жорық үстінде өткен, башқұрт халқының ұлттық батыры, әрі суырып салма ақыны Салауат Юлаевтың оптимизмге толы шығармаларының орны ерекше.
XIX ғасырдың алғашқы жартысында башқұрт әдебиетінде оқырманын имандылыққа, ізгілікке, мейірімділікке, адамгершілікке үңдейтін Қ.А.Ясауи негізін салған сопылық бағыптағы көркем туындылар көптеп пайда бола бастады. Бұл ағым Т.Ялсығұл (1787-1838), Ә.Қарғалы (1784-1825), Г.Салихов (1794-1867), Ш.Зақи (1825-1865), Ғали Сокрый (1826-1889) сияқты ақындардың шығармаларында көрініс тапты.
XIX ғасырдың II жартысында башқұрт әдебиетінде өнер-білімді насихаттаған ағартушылық бағыт кең өріс алды. Бұл кезеңде ағартушылық бағыттағы көптеген шығармалар өмірге келді. Бұндай шығармалардың қатарына – башқұрт халқынын аса талантты ақыны, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушысы және қоғам қайраткері М.Үмітбаевтың (1841-1907), М.Бекчуриннің және т.б. туындылары жатады.
Осы кезеңдегі көрнекті тұлғаның бірі, мемлекет қайраткері, түркітанушы және ағартушы – Зақи Уалиди Тоган (1890-1970). Кезіңде Қазан университетінің профессоры болып қызмет істеген ол түркі халықтарның тілі, әдебиеті, тарихы, мәдениеті туралы іргелі зерттеулер жүргізген аса білімдар ғалым болған. Сонымен қатар ол Ресейдегі мұсылмандар қозғалысының жетекшісі бола жүріп, Башқұрт Автономиясын құрған. Азамат соғысы кезінде шет елге қоныс аударып, Стамбул университетінің профессоры қызметін атқарған.
1905-1907 жылдардан бастап әдебиетке башқұрттың көрнекті жазушысы Мәжит Ғафури араласа бастаған. Оның шығармалары башқұрт әдебиетінің ғана емес, татар әдебиетінің де алтын қорына енеді. Ақынның 1917 жылы жазылған «Қызыл ту» деп аталатын өлеңі башқұрттың төңкерісшіл лирикасының басы болып есептеледі.
Азамат соғысы жылдарында башқұрт әдебиетшілерінің қатарын Ғариф Гумер, Б.З.Ишемғұлов, Тұкват Янави, Имай Насыри толықтырды.
Башқұрттың XX ғасырдағы әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінін бірі Сайфи Құдаш болып табылады. Ол өзінің «Жастық шақтың ізімен» деп аталатын ғұмырнамалық шығармасында башқұрт жазушыларының туыңдыларымен қатар қазақ ақын-жазушыларының шығармалары туралы да құнды пікірлер айта білген.
Сонымен қатар башқұрт-татар халықтарына ортақ болып келетін көрнекті шайыр Ақмолланың, «Қазақ қызы» романының авторы атақты жазушы Ғалымжаң Ибрагимовтің башқұрт әдебиетінде де өзіндік орны бар.
Түркі халықтарының зиялы қауымын қалыптастыруда Уфа қаласындағы «Медресе-Ғалияның» ерекше маңызы болған. «Медресе-Ғалияда» 1906-1916 жылдар аралығъгнда Орта Азия мен Қазақстаннан 224 шәкірт білім алған. Оның ішінде Б.Майлнн, Ж.Тілепбергенов, М,Жұмабаев сияқты қазақ ақын-жазушылары да болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет